Шыңғырлау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 175 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 желтоқсанда № 4607 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Шыңғырлау ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) және мемлекеттік–құқықтық жұмыстар бөлімі басшысы (А.М. Нурушев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Е.Каюповқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Есалиев

  2016 жылғы 24 қарашадағы
№ 175 Шыңғырлау ауданы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізімі

      1. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 16 наурыздағы № 53 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-151 болып тіркелген, 2012 жылғы 16 маусымда "Серпін" газетінде жарияланған) қаулысы.
      2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 3 "2016 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4249 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.
      3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 4 "Шыңғырлау ауданы бойынша 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4250 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады