Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алуға қатысу үшін құжаттар нысандарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 21 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 қаңтарда № 14716 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № ҚР ДСМ -113 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 12.11.2021 № ҚР ДСМ -113 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысымен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларының 30, 32, 39, 85, 89 және 90-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттар тізімінің нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім берушінің міндеттемелердің барлық түрлері бойынша уақыты өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мамандардың біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілін көрсете отырып, бар болуын және саны туралы мәліметтің нысаны;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес фармацевтикалық нарықтағы жұмыс тәжірибесін растайтын біліктілік туралы мәліметтің нысаны;

      6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес бағалық ұсыныстардың нысаны;

      7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес конкурстық өтінімді қамтамасыз ету үшін банктік кепілдік нысаны (конкурстық өтінімді қамтамасыз ету түрі);

      8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес ұзақ мерзімді шарттың нысаны;

      9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес қосымша келісімнің нысаны;

      10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес банктік кепілдіктің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А. В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
Т. Дүйсенова

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
1-қосымша
  Нысан

      (Кімге)___________________________

      (бірыңғай дистрибьютордың атауы)

      (Кімнен)__________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

Конкурсқа қатысуға өтінім

      Конкурсын өткізу жөніндегі шарттарды қарап,

      __________________________________________________________________

      (конкурстың атауы)

      __________________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ "____"_______ №_______ қаулысымен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мына лоттар бойынша жүзеге асыруды ұсынады:

      __________________________________________________________________

      (қызметтердің толық сипаттамасы)______________________________

      Осы конкурстық өтінім мыналардан тұрады:

      1._________________________________________________________________

      2._________________________________________________________________

      Біздің конкурстық өтініміміз ұтты деп танылған жағдайда, біз шарттағы жалпы соманың үш пайызын құрайтын __________________________________________________

      (толық жазу керек)

      сомада сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгіземіз.

      Осы конкурстық өтінім конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан күннен бастап __________ ішінде қолданылады.

      Сатып алу шартын жасасқан кезге дейін осы конкурстық өтінім оны ұтып алды деп тану туралы Сіздің хабарламаңызбен бірге арамыздағы міндетті шарттың қызметін орындайтын болады. _________________________________________________________________

      Қолы, күні лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Мөрі (бар болса)

      Сенім хат бойынша әрекет етеді

      ______________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
2-қосымша
  Нысан

Әлеуетті өнім берушінің өтініміне қоса берілетін құжаттардың тізімі

Құжаттың атауы

Күні мен нөмірі

Қысқаша мазмұны

Құжатқа кім қол қойды

Түпнұсқа, Көшірме, Нотариалды расталған көшірме

Бет








      _________________________

      ______________ __________________________________

      Қолы, күні лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
3-қосымша
  Нысан

Әлеуетті өнім берушінің міндеттемелердің барлық түрлері бойынша уақыты өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтама

      Банк (банк филиалы) (атауы) _______________________жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның Даму Банкі"акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есепке алу шоттарының үлгілік жоспарына сәйкес осы банкте/банк филиалында қызмет көрсетілетін берілген күннің алдындағы үш айдан артық уақытқа созылған міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банктің немесе банк филиалының алдында мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, БСН/ЖСН*, БСК** және т. б. көрсету).

      Күні

      Қолы

      Mөрі (бар болса)

      _________________________

      *БСН/ЖСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі;

      **БСК - банктік сәйкестендіру коды.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
4-қосымша
  Нысан

Мамандардың біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілін көрсете отырып, бар болуын және саны туралы мәліметтің нысаны

Р/с

Қызметкердің тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болса) (жеке куәліктің электрондық көшірмесін коса беріледі)

Осы конкурста сатып алынатын қызметтерді көрсету саласындағы жұмыс өтілі

Диплом бойынша біліктілігі (мамандығы, білім туралы куәлік және басқа да құжаттар (білім туралы электрондық көшірмесін қоса беріледі)

Мамандығы бойынша санаты, разряды, сыныбы

1

2

3

4

5






      * Біліктілігі туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      ____________ ____________ ____________

      Қолы, күні лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
5-қосымша
  Нысан

Фармацевтикалық нарықтағы жұмыс тәжірибесін растайтын біліктілік туралы мәліметтің нысаны

      Сатып алудың атауы ______________________________________

      1.Әлеуетті өнім беруші туралы жалпы мәлімет:

      2. Атауы _________________________________________________

      3. БСН/ЖСН/ЖСН/УНП ____________________________________

      4. Әлеуетті өнім беруші растайтын құжаттардың көшірмелерін сала отырып,соңғы жыл ішінде, конкурста сатып алынатын ұқсас (үйлес) көрсететін қызметтердің көлемдері* туралы мәліметтерді ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығындағы жұмыс тәжірибесін растау (бар болған жағдайда толтырылады)

Көрсетілген қызметтер атауы

Көрсетілген қызметтердің орны

Тапсырыс берушілердің атауы

Көрсетілген қызметтердің жылы және айы

Расталатын құжаттардың атауы, күні және нөмірі

Шарттың құны, теңге

1

2

3

4

5

6







      ____________ ____________ ____________

      Қолы, күні лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)

      * БСН/ЖСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі/ жеке сәйкестендіру нөмірі;

      **СТТН - салық төлеушінің тіркеу нөмірі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
6-қосымша
  Нысан

Бағалық ұсыныстар

      Конкурстың атауы: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек көрсету шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу.

      №______ лот

Лоттың атауы

Сома (ҚҚС есебісіз), теңге

1



      Әлеуетті өнім беруші:__________________ ҚҚС төлеуші болып табылады/ болып табылмайды (көрсету).

      Қолы ____________Мөрі (бар болса) _____________________________

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты

      бар болса)

      Ескертпе: әлеуетті өнім беруші жалпы бағаның құраушы бөліктерін көрсетпеуі де мүмкін, бұл ретте осы жолда көрсетілген бағаны әлеуетті өнім берушінің барлық шығындарын ескере отырып, айқындалған ретінде комиссия қарайды.

      *ҚҚС- қосылған құн салығы

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
7-қосымша
  Нысан

Банктік кепілдік (конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысаны)

      Банктің атауы______________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (банктің атауы мен деректемелері)

      Кімге_____________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (бірыңғай дистрибьютордың атауы мен деректемелері)

      № _______ кепілді міндеттеме

      ___________________________________________________ ___ ж. "___"

      (орналасқан жері)

      Біз________________________________________________________________

      (әлеуетті өнім берушінің атауы)

      __________________________________________________________________

      бұдан әрі "Өнім беруші" бірыңғай дистрибьютор ұйымдастырған конкурсқа қатысатыны туралы хабардармыз және жалпы сомасы ____________________________________________________________теңгеге

      (толық жазу керек)

      __________________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметтердің атауы мен көлемі)

      қызмет көрсетуге дайынбыз.

      Көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартына сәйкес әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдеме түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.

      Осыған байланысты біз

      __________________________________________________________________

      (банктің атауы)

      осы арқылы егер әлеуетті өнім беруші мына жағдайлардың бірінде:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысымен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес конкурстық өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе (конкурстық өтінімге өзгерістер осы Қағидаларға сәйкес комиссияның ескертпелері негізінде енгізілетін жағдайларды қоспағанда);

      2) конкурстың жеңімпазы болып танылса, бірақ уақтылы шарт жасаспаса;

      3) тиісті қаржы жылына қосымша келісімді кепілдендірілген қамтамасыз етуді енгізбесе немесе уақытылы енгізбесе;

      4) осы лот бойынша сатып алуға бөлінген сомадан асатын бағалық ұсыныс берсе;

      5) Қағидалармен белгіленген тәртіппен бастапқы бағалық ұсынысты ұсынбаса;

      6) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса;

      7) екінші орын алған әлеуетті өнім беруші шарт жасасып, мерзімінде тиісті қаржы жылына қосымша келісімді кепілдендірілген қамтамасыз етуді енгізбесе, Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды алғаннан кейін Сіздің талабыңыз бойынша __________________________________________________________________

      (сомасы цифрмен және жазумен)

      тең соманы Сізге төлеуге бұлтартпас міндеттеме аламыз.

      Осы кепілдік конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Осы кепілдік Өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімінің соңғы мерзіміне дейін қолданылады Осы кепілдік Өнім берушінің тендерге қатысуға тендер өтінімінің соңғы мерзіміне дейін қолданылады. Егер тендер өтінімінің қолданылу мерзімі ұзартылса, онда осы кепілдік міндеттеме осындай мерзімге ұзартылады.

      Кепілдік берушінің қолы мен мөрі Күні және банктің заңды мекенжайы

      (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
8-қосымша
  Нысан

Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен тасымалдау бойынша ұзақ мерзімді шарт

      Астана қаласы 20__ жылғы

      Бұдан әрі ______________________ "Бірыңғай дистрибьютор" деп аталатын, ___________________ ____________________________атынан ____________негізінде әрекет ететін, "_____" ______________ бір тараптан, және бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын _______________________________ атынан, ________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп аталып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысымен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес _____ жылдарға арналған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу бойынша екі кезеңді рәсімдерді пайдалану арқылы конкурсы қорытындыларының 20__ жылғы __хаттамасының негізінде төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі-Шарт) жасасты:

1. Шартта қолданылатын терминдер мен қысқартулар

      1. Осы Шартта төменде көрсетілген ұғымдар мен қысқартулардың мынадай түсініктері болады:

      1) Дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен тасымалдау бойынша ұзақ мерзімді шарт - тиісті дистрибьюторлық практика талаптарына сәйкес (GDP) үш жылға дейінгі мерзімге бірыңғай дистрибьютор Қазақстан Республикасының резиденті - Орындаушымен жасасатын қызмет көрсету азаматтық-құқықтық шарт;

      2) қосымша келісім - Шарттың қолданылу мерзімі ішінде әрбір қаржы жылына Тараптар жыл сайын жасалатын дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау мен тасымалдау бойынша қосымша келісім;

      3) қызметтер - Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға шарт бойынша дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтер;

      4) қаржы жылы - Тараптар қосымша келісімді жасау үшін 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жылының уақыт кезеңі;

      5) дәрілік заттар (бұдан әрі - ДЗ) - аурулардың профилактикасына, диагностикасына және оларды емдеуге, сондай-ақ ағзаның жай-күйі мен функцияларын өзгертуге арналған адам ағзасымен байланысқа түсетін немесе оның ағзалары мен тіндеріне енетін фармакологиялық белсенді заттарды білдіретін немесе оларды қамтитын заттар: дәрілік заттардың дәрілік субстанциясы, дәрілік шикізаты, балк-өнімдері, дәрілік препараттары;

      6) медициналық мақсаттағы бұйымдар (бұдан әрі - ММБ) - профилактикалық, диагностикалық және емдеу іс-шараларын жүргізу үшін пайдаланылатын бұйымдар мен материалдар: медициналық құрал-саймандар, стоматологиялық, шығыc, таңу және тігу материалдары, бекітетін таңғыштар мен құрылғылар, медициналық оптика бұйымдары;

      7) иммундық-биологиялық препараттар (бұдан әрі - ИБП) - инфекциялық және иммундық аурулардың (аллергиялықты қоса алғанда) өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған заттар, қан препараттар (алу тәсіліне қарамастан), сондай-ақ иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін препараттар;

      8) тауар - Шарт бойынша Орындаушы көрсетілетін қызметтер шеңберінде сақтау мен тасымалдауға тиіс қосымша келісімдерде аталған дәрілік заттар, иммунобиологиялық препараттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар;

      9) сақтау - Орындаушының қоймаларында тауарды сақтау бойынша Орындаушының қызмет көрсетуі, оның ішінде Шарт және қосымша келісімдер бойынша Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға немесе өзге үшінші тұлғаларға тауарды тапсыру немесе Орындаушыға тауарды тапсыру сәтінен бастап не иеліктен алу кезге дейін ДЗ, ИБП және ММБ-ны болдырмауға, контаминациялау, қиылысты контаминациялау сұрыптау мен бұрмалауды сақтау жағдайларына Қазақстан Республикасының заңнамасымен қойылатын талаптарды, қажетті температуралық режимін сақталуын, тұтастығын, қауіпсіздігін, тиімділігін, сапасын сақталуын, қоршаған ортаның зиянды факторларының әсерінен қорғауды қамтамасыз етілетін тауарларды транзиттік қоймаларында оның орнын ауыстыру және тасымалдау жағдайларында сақтау;

      10) GDP стандарты- сапаны қамтамасыз ету жүйесінің бөлігі болып табылатын және дәрілік заттарды сақтауға, тасымалдауға және дистрибьюциясына қатысты қағидаларды белгілейтін және дәрілік заттар оны тағайындауға сәйкес келетін сапаның көрсеткіштері бойынша тұрақты бақыланатынын кепілдендіретін сәйкес дистрибьюторлық практика стандарты;

      11) қойма - тауарды сақтау мақсаттарына арналған қоймаларға қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасының біліктілік талаптарына сәйкес Орындаушының иелігінде болатын тауарды сақтау үй-жайы;

      12) тасымалдау - Шартқа және қосымша келісімдерге сәйкес олардың сақталуы мен бүтіндігін, қоршаған ортаны факторлардың әсерінен қорғауды, қажетті температуралық режимін (сақтау шарттары) сақталуын, сондай-ақ бұрмалауды болдырмауды қамтамасыз ететін жағдайларында көлік құралдары арқылы тауарды Орындаушы тасымалдау, орнын ауыстыру және жеткізу;

      13) № 515 Қағидалар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысымен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларының;

      14) № 1729 Қағидалар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары;

      15) тапсырыс берушілер - № 1729 Қағидаларға сәйкес жасалған тапсырыс берушілер – денсаулық сақтаудың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері, мемлекеттік мекемелер, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор), сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, елу және одан да көп дауыс беру акциялары (үлестері) мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар;

      16) Өнім берушілер – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, осы Қағидаларға сәйкес шарт жасасқан немесе № 1729 Қағидаларға сәйкес жасалған Қаржылық лизинг туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қаржылық лизинг шартын жасасқан жеткізу шарттары бойынша Бірыңғай дистрибьюторға тауарды жеткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер Қазақстан республикасының заңдарымен олар үшін өзгеше белгіленбесе);

      17) тікелей шарт - № 1729 Қағидалардың 248-тармағының 6) тармақшасымен көзделген Бірыңғай дистрибьютор мен шетелдік өндірушінің ДЗ мен ИБП арасында жасасқан ДЗ және (немесе) ИБП жеткізу туралы азаматтық-құқықтық шарт;

      18) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - БДАЖ) – бірыңғай дистрибьютордың қызметін жандандыратын және дистрибуция процесінің барлық мүдделі тараптарымен электрондық құжаттар алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін бірыңғай дистрибьютор айқындайтын ақпараттық жүйе;

      19) бастапқы құжаттар - тауарға берілетін салық шот-фактуралар, тауарлық (шығын) жүкқұжаты, тауарды қабылдау-тапсыру актілері, тауардың сапасын растайтын құжаттардың көшірмелері, сертификаттардың көшірмелері (белгіленген үлгідегі)/ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен берілген өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытынды;

      20) межелі орны - Алматы қаласының халықаралық әуежайы (Қазақстан Республикасы);

      21) FEFO – бірінші кезектегі тәртіппен ең төменгі қалдық мерзімімен тауарды босату.

2. Шарттың мәні

      2. Орындаушы Шартпен белгіленген талаптарды Бірыңғай дистрибьюторға Шартқа қосымша келісімде аталған тауарды сақтау және тасымалдау бойынша қызметтерін көрсетуге ал, Бірыңғай дистрибьютор Орындаушының қызметтерін қабылдауға және оларды Шартта көзделген тәртіппен төлеуге міндеттенеді.

      3. Қызметтердің техникалық ерекшелігі Шарттың № 1 қосымшасында көзделген және тараптар Шарт жасасу нәтижесінде № 515 Қағидаға сәйкес Бірыңғай дистрибьютор ұйымдастырған конкурсты өткізу кезінде ДЗ мен ММБ сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерін сатып алу техникалық ерекшеліктеріне ұқсас.

      4. Төменде көрсетілген құжаттар осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады, атап айтқанда:

      Шартқа № 1 қосымша - Техникалық ерекшелік;

      1) Шартқа № 2 қосымша - Орындаушының қоймалардың тізбесі;

      2) Шартқа № 3 қосымша - Жергілікті қамту үлесі бойынша есептілік;

      3) Шартқа № 4 қосымша - Жеткізу бағыттарының жоспары;

      4) Шартқа қосымша келісімдер қосымшаларымен.

3. Тараптардың міндеттері мен құқықтары

      5. Өнім беруші:

      1) № 515 Қағидаларға және Шарттың барлық қолданылу мерзімі ішінде Шартқа техникалық ерекшелігіне сәйкес әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарға жауап беруге;

      2) Шартпен және қосымша келісімдермен белгіленген мерзімде тиісті қызметтерді көрсетуге қамтамасыз етуге;

      3) алдағы қаржы жылына қызметтерді көрсетуге қосымша келісімді Бірыңғай дистрибьютормен жыл сайын жасасуға;

      4) Бірыңғай дистрибьютордан алған сондай-ақ, қызметтерді орындау барысында жасалған құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайлардан басқа, олардың мазмұнын Бірыңғай дистрибьютордың келісімінсіз жарияламауға;

      5) қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға және GDP талаптарға сәйкес қызмет көрсетуге;

      6) Бірыңғай дистрибьюторға 24 сағаттың ішінде уақтылы қызметтерді көрсетуге кедергі жасайтын жағдайлар сондай-ақ, оларды жою үшін Орындаушы қолданатын шаралар туралы жазбаша хабарлауға;

      7) Бірыңғай дистрибьюторға осы шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көрсетілген қызметтердің актілерін тиісінше ресімдей отырып, қызмет көрсетуге;

      8) қызметтерді көрсетуге байланысты Тараптар ескерілмеген барлық шығыстарды көтеруге;

      9) сапасыз немесе уақтылы қызмет көрсету салдарынан туындаған қызметтердің кемшіліктерін өз есебінен жоюға;

      10) Бірыңғай дистрибьюторға қызметтерді көрсету кезінде өз кінәсі бойынша келтірілген зиянды өтеуге;

      11) тікелей шарттар бойынша жеткізілетін тауарды қабылдау, тапсырыс берушілерге тауарды жеткізумен толық кедендік тазартуға дейін оны тиісті түрде сақтауды қамтамасыз етуге;

      12) тікелей шарттар бойынша жеткізілетін тауарды, оны межелі орнына жеткізгеннен кейін және Орындаушының қоймаларында тауарды тікелей орналастырғанға дейін жоғалтудың барлық тәуекелдерін көтеруге;

      13) Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен берілген ДЗ, ИБП және ММБ қауіпсіздігін және сапасы туралы қорытындыларының қолдану мерзімдерін бақылауды жүзеге асыруға және 45 күнтізбелік күн ішінде өнім берушілерге және Бірыңғай дистрибьюторға сәйкестендіру сертификаттарының қолдану мерзімі өткені туралы ақпаратты ұсынуға;

      14) құпиялылық талаптарды сақтай отырып, Бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс берушілердің арасындағы жасасқан Сатып алу шарттың түпнұсқасының көшірмесін қағаз нұсқасында сақтауға;

      15) Шартты тиісті орындалуына бақылауды жүзеге асыру үшін Бірыңғай дистрибьютордың өкіліне жұмыс орнымен және басқа да шарттарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, Орындаушының сақталуында болған қызмет көрсету жөніндегі құжаттардың түпнұсқаларына кедергісіз қол жеткізуін ұсынуға;

      16) Бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс берушілер арасындағы жасасқан ДЗ және(немесе) ММБ сатып алу шарттарының талаптарына сәйкес тапсырыс берушілерге тауарды уақытында жеткізуді қамтамасыз етуге;

      17) Бірыңғай дистрибьютордың талабы бойынша қызмет көрсетудің кез келген кезеңінде Шарттың талаптарын тексеруді жүзеге асыру үшін Орындаушының белгіленген ішкі актілерімен жұмыс уақыты ішінде Орындаушының қоймаларына оның өкілдері кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      18) Бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс берушілер арасындағы жасасқан ДЗ, ИБП және ММБ жеткізу шарттарының талаптарына сәйкес тауардың өнім берушілерден тауарды уақытылы қабылдауға қамтамасыз етуге;

      19) тауардың өнім берушілері мен тапсырыс берушілерден Шарттың әрекет ету шеңберінде алынған құжаттардың қағаз және электрондық тізілімін жүргізуге және одан әрі Бірыңғай дистрибьюторға толық көлемінде тапсыруға: Бірыңғай дистрибьюторға кейіннен берілетін тапсырыс берушілермен жасасқан шарттар мен қосымша келісімдер, өнім берушілермен жасасқан шарттар мен қосымша келісімдер, шот-фактуралар, қабылдау-тапсыру актілер, жүкқұжат шығындары, кіріс жүкқұжаттар, сенімхаттар. Көрсетілген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, ал, егер нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізген жағдайда құжаттаманы жасаған кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс;

      20) Бірыңғай дистрибьюторға ай сайын қабылдау-тапсыру актісі бойынша мынадай мерзімдерде тауардың кірісі, шығысы және қайтару бойынша бастапқы есепке алу құжаттарын: келесі есеп беру айының 20 - нан (жиырмасынан) кешіктірілмей, әр тоқсанның бірінші және екінші айларында, ал, келесі есеп беру айының 10 -күнінен (онынан) кешіктірілмей, тоқсанның үшінші айында ұсынуға. ДЗ мен ММБ сатып алу және жеткізу шарттардың негізінде Орындаушылар, тапсырыс берушілер және өнім берушілер арасындағы тауардың кірісі, шығысы және қайтаруы бойынша нақты жағдайларға сәйкес келуі және қателердің болмауы, Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға толық көлемінде есептілік күнінде тапсырылуы тиіс;

      21) тауарды қабылдау және оны сақтау, сондай-ақ оны жеткізу кезінде тиеу-түсіру жұмыстарын орындауын өз күшімен қамтамасыз етуге;

      22) тапсырыс берушіге тауармен уақытылы және үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында Бірыңғай дистрибьютордың жазбаша талабы бойынша қосымша келісімдермен көзделмеген тауарды сақтауды қабылдауға;

      23) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 5 (бес) күнтізбелік күн ішінде Шарт бойынша Орындаушыға соңғы берілген Бірыңғай дистрибьюторға баспаны қайтаруға;

      24) № 1 Қосымшаға сәйкес БФАЖ тауардың электрондық есебін жүргізу, осыған байланысты, Орындаушы:

      Шартқа қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде Бірыңғай дистрибьютордың Республикалық IP VPN бөлінген каналы бойынша (бұдан әрі - бөлінген канал) БФАЖ серверге қосылуға;

      Шартқа қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күн ішінде БФАЖ жұмыс істеу бойынша нұсқама жүргізу үшін Бірыңғай дистрибьютордың жауапты қызметкерлерін қатыстыра отырып, Орындаушының қызметкерлеріне оқытуды ұйымдастыруға;

      БФАЖ-ге пайдаланушы әрбір авторизациялау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы берілген заңды тұлғаның қолданыстағы тіркеу куәлігін пайдалануға;

      БФАЖ көзделмеген бизнес-үдерістерді автоматтандыруға қажет болған жағдайда №1 Қосымшаның 7-тарауында сипатталған бағдарламалық құралы арқылы өзіндік ақпараттық жүйесінде тауарларды қайталанатын электрондық есебін жүргізуге міндетті;

      25) Шарт жасасқан күнінен бастап (конкурсқа кепілдеме хат ұсынған жағдайда) 3 айдың ішінде бейнебақылау жүйесін орнатуға міндетті.

      6. Орындаушы:

      1) Шарт шеңберіндегі өз бетінше қызмет көрсету тәсілдерін анықтауға;

      2) Шарттың талаптарын орындау үшін қажетті ақпаратты алуға;

      3) Шарттың және қосымша келісімдердің талаптарына сәйкес Бірыңғай дистрибьютордан көрсетілген қызметке ақы төлеуді талап етуге құқылы.

      7. Бірыңғай дистрибьютор:

      1) Орындаушыға қызметтер көрсету үшін қажетті барлық ақпаратты беруге;

      2) Шарт бойынша Орындаушының құқықтарын іске асыруда көмек көрсетуге;

      3) Шарттың мен қосымша келісімдердің талаптарына сәйкес қызметтерге уақтылы төлем жүргізуге;

      4) Орындаушыға әлеуетті өнім берушілермен тауардың жеткізу шарттарына қол қойылған күнінен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей орындаушының _______________ мынадай электрондық мекенжайына шарттың сканерленген мәтіндерін ұсынуға;

      5) Орындаушыға № _______ шот-фактуралар, актілер және жүкқұжаттар үшін 20___ жылғы _____ ____ Ұзақ мерзімді шарт бойынша "_______ АҚ /ЖШС үшін" деген ___ (___) бірлігінің мөр баспа-таңбасы бар қабылдау-тапсыру актісі бойынша тапсыруға;

      6) қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннің ішінде Орындаушыға 3 қаржылық жылға мерзімімен қайта сенім білдіру құқығымен тиісті түрде ресімделген сенімхатты ұсынуға;

      7) Орындаушыға тексеру басталғанға дейін кемінде 8 жұмыс сағат мерзімінде Бірыңғай дистрибьютордың бақылауды және тексеруді жүзеге асыру туралы хабарламаны ұсынуға міндетті.

      8. Бірыңғай дистрибьютор:

      1) Орындаушыдан Шарт бойынша Орындаушы көрсететін қызметтер туралы толық ақпаратты алуға;

      2) Шартты іске асыру барысында Орындаушыға берілген Бірыңғай дистрибьютордың меншігі болып табылатын барлық құжаттар, мөрлер, сенімхаттар, хаттар және өзге де құжаттар мен заттарды қайтаруды талап етуге;

      3) Орындаушыдан кез келген уақытта қызмет көрсету барысы туралы аралық есептерді сұратуға;

      4) қызмет көрсетуде Орындаушы жіберілген кемшіліктерді анықтауға және оларды белгіленген мерзімде жоюды талап етуге құқылы.

4. Шарттың бағасы және есеп айырысу тәртібі

      9. Шарттың жалпы бағасы барлық қосымша келісімдерінің бағалары негізінде айқындалады. Жеке қаржы жылына қызметтердің бағасы жыл сайынғы шартқа қосымша келісімде айқындалады.

      10. Тапсырыс беруші Орындаушыға нақты қызмет көрсету нәтижелері бойынша ай сайын ақы төлейді. Шартқа жыл сайынғы қосымша келісімге сәйкес тауардың жалпы саны. Бұл ретте, Бірыңғай дистрибьютордың атына тапсырыс берушілерден ұсынылған өтінімдерде жеткізілетін тауардың көлемі өзгерген жағдайда, ағымдағы қаржы жылына арналған шартқа қосымша келісімге өзгерістер енгізіледі және мұндай қосымша келісімнің жалпы бағасы тауар санының айырмашылығын негізге ала отырып, үйлесімді өзгеруіне жатады.

      11. Тараптар Қызметтерді қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірілмей және Орындаушы шот-фактураларды ұсынған жағдайда Қызметтерге ақы төлеу жүргізіледі. Алдағы төлейтін құжаттар болып табылады: тапсырыс берушілердің шот-фактуралары, шығын жүкқұжаттары, сенімхаттар, қабылдау-тапсыру актілерінің түпнұсқалары.

      12. Қызметіне ақы төлеу Бірыңғай дистрибьюторға Орындаушының ақы төлеуге берілген шоттары негізінде Орындаушының банктік есеп шотына теңгемен ақша аудару арқылы жүргізіледі.

      13. Орындаушы төлеуге құжаттарды және/немесе бастапқы құжаттарды уақтылы ұсынбаған немесе оларды дұрыс емес мәліметтермен бермеген жағдайда Шарт бойынша Бірыңғай дистрибьюторды уақтылы төлемегені үшін жауапкершіліктен босатады.

5. Тауарды қабылдау

      14. Орындаушы Өнім берушілерден Бірыңғай дистрибьютордың атынан тауарды қабылдауды жүзеге асырады:

      1) Бірыңғай дистрибьютор мен тауар өнім берушілер арасында жасасқан жеткізу шарттарға;

      2) ДЗ және ММБ көтерме сауданы өткізу саласы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.

      15. Орындаушы Бірыңғай дистрибьютор мен өнім берушілердің арасындағы жасасқан жеткізу шарттардың талаптарына сәйкес тауарды сақтау үшін өнім берушілерден қабылдап алуға және тауарға ілеспе құжаттардың толық пакеті өнім берушілерде болған жағдайда жеткізу сәтінен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде тауарды жеткізуді жүзеге асыруға міндеттенеді. Тауарды жеткізу кезінде тиісті сапасы, саны немесе тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес келмесе сондай-ақ, өнім беруші толық емес/тиісінше ресімделген құжаттардың пакетін ұсынған жағдайда, Орындаушы өзіне қандай да бір салдарынан тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Орындаушы тауарды қабылдаудан бас тарту себептері туралы өнім беруші мен Бірыңғай дистрибьюторды қабылдаудан бас тарту сәтінен бастап 24 (жиырма төрт) сағаттың ішінде жазбаша хабарлайды.

      16. Орындаушы тауардың әрбір партиясын қабылдаған кезде өнім берушілер мен Бірыңғай дистрибьютордың арасындағы жасасқан жеткізу шарттарында көрсетілген құжаттарды өнім берушілерден талап етуге міндетті.

      17. Орындаушы тауарды қабылдаған кезде стандарттар, техникалық талаптар, технологиялық нұсқаулықтар, нұсқаулықтар, тауардың жеке түрлерін сақтау ережелерінде, өзге де міндетті арнаулы нормативтік құжаттарында, сондай-ақ, іскерлік айналым дәстүріне сәйкес келетін және сақтау жөніндегі міндеттемелердің мәнінде, оның ішінде тауарды сақтауға берілген қасиеттерінде белгіленген барлық шаралар қолдануға міндетті.

      18. Орындаушы өнім беруші өкілінің қатысуымен тауарды қабылдаған кезде өз есебінен тауарды тексеруді жүргізеді, оның санын, сыртқы жай-күйін анықтайды, уақтылы жеткізуді, тауардың санын, тауардың ілеспе құжаттарға, жеткізу шартқа сәйкестігін, оның ішінде өнім берушілердің температуралық режимі бойынша талаптарын сақтау мәнін тексереді. Тауарды жеткізу талаптарының бұзылуын, уақытылы жеткізілмеуін анықтаған кезде Орындаушы бұзушылықтарды толық сипаттай отырып, Бірыңғай дистрибьютор мен өнім берушіні тез арада хабардар етуге міндетті.

      19. Тауардың зауыттық қаптамасында жасырын ақауларды (шағылу, жарамсыз, жетіспеу) және басқа да кемшіліктерді анықтаған жағдайда Орындаушы 24 сағаттың ішінде жазбаша түрде Бірыңғай дистрибьютор өнім берушілерге шағымдарды ұсыну үшін тауардың зауыттық қаптамасында жасырын ақауларды (шағылу, жарамсыз, жетіспеу) және басқа да кемшіліктерді анықтауын растайтын барлық құжаттардың қосымшаларымен Бірыңғай дистрибьюторға хабардар етуге міндетті.

      20. Орындаушы мынадай талаптарды сақтаған жағдайда ғана жарамдылықтың қалған мерзімі бойынша тауарды қабылдауға міндетті: кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар тауарлар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде алпыс пайызын құрауы тиіс;кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар тауарлар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі кемінде он төрт айды құрауы тиіс.

      21. Тауарларды қабылдау Бірыңғай дистрибьютор Орындаушыға электрондық пошта арқылы ұсынылатын жеткізуге арналған Бірыңғай дистрибьютордың рұқсат қағазында көрсетілген санға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.

      22. Тауарды жеткізу күні жеткізу немесе жеткізу орнында сатып алудың тиісті шарты бойынша тараптар арасындағы қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күні болып есептеледі.

      23. Орындаушы тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей БФАЖ кіріс құжаттары бойынша мәліметтерді енгізуге міндетті. БФАЖ енгізілген құжаттың кіріс күні қабылдау-тапсыру актісінің күніне сәйкес келуі тиіс.

      24. Қол қойылған құжаттар өнім берушіге қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс.

6. Тауарды сақтау

      25. Орындаушы тұтынушылар үшін ДЗ мен ММБ қолдану жөніндегі нұсқаулықта және/немесе орамында көрсетілген және/немесе олардың физикалық-химиялық қасиеттерін ескеріп (аңдатпа-қосымша беті), өндіруші-зауытының ДЗ мен ММБ нормативтік техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкес температуралық режимін сақтай отырып, олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын сақталуын қамтамасыз ететін ДЗ және ММБ, оның ішінде, профилактикалық, иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық препараттарды сақтау жағдайларына қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес тауарларды сақтауды қамтамасыз етуге міндетті.

      26. Орындаушы тауардың сериялық есебін ұйымдастыруға және күн сайынғы қорлардың қалдықтарын бақылауға міндетті. Шарттың 32-тармағымен көзделген жарамдылықтың қалдық мерзімі басталғанға дейін күнтізбелік 45 күнде Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға тауардың мерзімі өткені, сондай-ақ, тапсырыс берушілерге бірінші кезекте жөнелту үшін қажетті шаралар қолданғаны туралы ақпарат ұсынуға міндеттенеді.

      27. Орындаушы мүлікті түгендеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауар қорларын түгендеуін жүзеге асыруға міндетті.

      28. Орындаушы әрбір күнтізбелік тоқсанның соңында және есепті кезеңінен кейінгі 10 күнтізбелік күн ішінде тауар қорларын түгендеуді жүзеге асыруға және Бірыңғай дистрибьюторға жазбаша есеп ұсынуға міндетті. Бірыңғай дистрибьюторға берілетін Орындаушының түгендеу жөніндегі есебіне мыналар кіреді: түгендеу тізімдемесі, салыстырмалы ведомосы, есептен шығару актісі (жетіспеушілік болған жағдайда), кіріске алу актісі (артық болған жағдайда), Орындаушының ілеспе хаты.

      29. Орындаушы тауар жоғалған (бүлінген) жағдайда мұндай жоғалту (бүліну) анықталған сәтінен бастап 24 сағаттан кешіктірмей Бірыңғай дистрибьюторды жоғалған (бүлінген) тауардың саны және бағасын көрсете отырып, сондай-ақ, жоғалған (бүлінген) анықталған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннің ішінде оны жоғалған (бүлінген) тауарға жол бермейтін, жарамдылық мерзімімен, ұқсас сауда атауы бар, ұқсас тауарға ауыстыруды жүзеге асыру туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Бірыңғай дистрибьюторға ұқсас тауарды ауыстыру мүмкіндігі болмаған жағдайда, Бірыңғай дистрибьютордың келісімі бойынша Орындаушы жоғалған (бүлінген) тауардың бағасын, тапсырыс берушілер тауардың жеткізу мерзімдері бұзылуымен көзделген тұрақсыздық айыбының сомасын қоса алғанда, төлеуге құқылы. Бірыңғай дистрибьюторға тікелей шарттар бойынша жеткізілген тауар жоғалған (бүлінген) жағдайда, Қазақстан Республикасына осындай тәріздес тауарды әкелуге байланысты шығыстарды, тікелей шарттарда тауардың бағасымен көзделмеген кедендік өкілдерінің қызметтерін, кедендік баждар және салықтарды қоса алғанда, өтеуге міндетті.

7. Тапсырыс берушілерге тауарды тасымалдау

      30. Тауарды тасымалдауды Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тауарды тасымалдауға қойылатын тиісті талаптарымен, тәртіппен және жағдайларында Шартқа сәйкес Орындаушы жүзеге асырады.

      31. Орындаушы тапсырыс берушілерге Бірыңғай дистрибьютордың атынан тауарды тасымалдауды жүзеге асырады:

      1) Бірыңғай дистрибьютор мен тапсырыс берушілер арасындағы ДЗ мен ММБ сатып алу шарттарға;

      2) ДЗ және ММБ, оның ішінде профилактикалық, иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық препараттарды тасымалдау кезінде олардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын сақтау талаптарына қойылатын Қазақстан Республикасының заңнамасына;

      3) ДЗ және ММБ көтерме сауданы өткізу саласы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес.

      32. Орындаушы тапсырыс берушілерге тауарды жарамдылықтың қалдық мерзімі бойынша мынадай шарттар сақталған кезде ғанажүктеуге міндетті: кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар тауарлар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде отыз пайызын құрауы тиіс;кемінде екі жыл жарамдылық мерзімі бар тауарлар үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі кемінде сегіз айды құрауы тиіс.

      33. Орындаушы тауарды FEFO ережесі бойынша ең төменгі жарамдылықтың қалдық мерзімімен бірінші кезектегі тәртіппен жүктеуге міндетті.

      34. Тауарды жөнелтуге қажетті ілеспе құжаттар болып табылады: шот-фактура, жүкқұжат, қабылдау-тапсыру актісі. Тапсырыс берушіге тауарды берген кезде Орындаушы тауарды қабылдауды жүзеге асыратын тапсырыс берушінің уәкілетті тұлғаға белгіленген үлгідегі сенімхат алуы тиіс.

      35. Орындаушы тапсырыс берушімен қол қойылған ДЗ мен ММБ сатып алу шарттар болған кезде оған қосымша келісімдерді ескере отырып, тапсырыс берушілерге ДЗ және ММБ сатып алу шарттарымен көзделген жеткізу кестелерге сәйкес мұндай шарттарды Орындаушы алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде тауарды жүктеуге міндетті.

      36. Орындаушы ДЗ және ММБ сатып алу шарттың жеткізу кестесінде көрсетілген мерзімдері мен санына сәйкес өнім берушіден тауарды алғаннан кейін 7 жұмыс күн ішінде тапсырыс берушілерге тауардың жеткізілуін қамтамасыз етуге міндетті.

      37. Жеткізу күні Орындаушы мен тапсырыс беруші қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылған күні болып саналады.

      38. Орындаушы шығыс құжаттар бойынша мәліметтерді БФАЖ енгізуі Тараптар қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған күннен бастап 3(үш) жұмыс күннен кешіктірмей жүзеге асырылуға тиіс. БФАЖ бағдарламасындағы шығыс операциялар күні тапсырыс берушімен қабылдау-беру актісіне қол қойылған күнге сәйкес келуі тиіс.

8. Қоймалар арасындағы тауарды тасымалдау процесі

      39. Орындаушы оған бекітілген өңірлердің қажеттіліктеріне сәйкес әрбір қоймада тауарлық қорының болуын тауарды қабылдағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күн ішінде қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      40. ДЗ мен ММБ сақтау және тасымалдау қызметтері бойынша әртүрлі өнім берушілердің қоймалар арасында ДЗ мен ММБ ауыстыруды Орындаушы, жеке меншік көлік құралдары мен төменде көрсетілген регламентке сәйкес ыстыққа төзімсіз препараттарды сақтау үшін өздерінің контейнерлерімен өзі тасымалдауды жүзеге асырады:

Ауыстыру кезеңдері

Орындалуы

1

Бірыңғай дистрибьютор ауыстыруға құжаттарды жасау

Келесі айға тауарлардың қажеттілігін талдау - денсаулық сақтау ұйымында жөнелту айы басталғанға дейін екі апта.
Жіберушіге және алушыға электрондық почта бойынша 3 жұмыс күн ішінде Бірыңғай дистрибьютор хабарламаны жіберу.

2

Тауарды жөнелтушіге және ДЗ, ММБ тапсыру дайындығы туралы алушының хабарламасын дайындау

Бірыңғай дистрибьютордан электрондық пошта арқылы хабарламаны алған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде тауарды жөнелтушіге жинау және кейіннен көлемдерін көрсете отырып, электрондық пошта арқылы тауарды тасымалдау бойынша дайындығын алушыға хабарлама жолдау ("суықтық тізбегі" тасымалдаудың шарттарын сақтауды талап ететін орындар, палеттердің саны, ДЗ, ММБ болуы).

3

Тауарды беру

Тауарды тасымалдауға дайын екені туралы хабарламаны алғаннан кейін жөнелтушінің қоймасында 2 жұмыс күні ішінде жөнелтуші тауарды береді, алушы тауарды қабылдайды. Алушы сенімхатты ұсына отырып, жөнелтушінің қоймасында қабылдау-тапсыру актісіне қол қою.

4

Жөнелтушінің қоймасынан алушының қоймасына дейін тауардытасымалдау мерзімі (өзітасымалдау)

Жөнелтушінің қоймасынан алушының қоймасына дейін 5 жұмыс күн ішінде алушы тауарды тасымалдау.

5

Алушының қоймасында тауарды қабылдау

Тауарды кіріске алу 2 жұмыс күні ішінде.
Қабылдау-тапсыру актісінің күні тауарды жөнелтушінің қоймасында алушының өкілі тауарды қабылдаған күні болып есептеледі.

6

Өнім берушілердің қоймалары арасындағы тауардың орнын ауыстыру жиілігі

айына 1(бір) реттен артық емес.
("өте шұғыл" позицияны және Бірыңғай дистрибьютордың шетелдік өндірушілермен тікелей шарттар бойынша тауарларды қоспағанда)

7

Ауыстыру үшін талап етілетін құжаттар:

ішкі жүкқұжаты;
ішкі жүкқұжатқа тапсыру-қабылдау актісі;
ішкі жүкқұжатқа қаптау парағы;
сенімхат.

      41. Алушы ілеспе құжаттармен тауардың сәйкестігін салыстыруға міндетті болатын өз өкілінің тауарын қабылдауында қатысуын қамтамасыз етуге міндетті. Жөнелтушінің қоймасында алушының өкілі тауарды қабылдау кезінде санын, жинақтылығын, ыдыстың бүтіндігін, қаптаманың сәйкестігін, нормативтік құжаттардың таңбалауын, мемлекеттік және орыс тілдерінде ДЗ мен ММБ қолдану жөнінде медициналық нұсқаулықтың болу сәйкестігін тексереді.

      42. Тауарды қабылдау кезінде алушының өкілі тауарларды алу үшін сенімхатты ұсынуға міндетті.

9. Қызметтердің орындалуын қамтамасыз ету

      43. Орындаушы Тараптар қосымша келісімге қол қойылған күннен бастап Бірыңғай дистрибьюторға 10 (он) жұмыс күн ішінде Бірыңғай дистрибьютордың банк шотына енгізілетін кепілдік ақшалай жарна түрінде тиісті қаржы жылына қызметтердің бағасынан 3 (үш) % мөлшерінде қосымша келісімнің орындалуын қамтамасыз етуді енгізу немесе қосымша келісімнің қолданылу мерзімінен кем емес қолданылу мерзімімен банктік кепілдікті ұсынуға міндетті.

      44. Егер Бірыңғай дистрибьютор банктік кепілдік бойынша қосымша келісімнің орындалуын қамтамасыз етуін алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, Орындаушы Бірыңғай дистрибьютордың жазбаша хабарламаны алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күн ішінде Бірыңғай дистрибьюторға жаңа банктік кепілдікті ұсынуға міндетті.

      45. Шарттың 48-тармағын орындамаған жағдайда, Бірыңғай дистрибьютор қосымша келісім бойынша Орындаушыға төлеуге тиесілі сомадан қосымша келісімді қамтамасыз ету сомасынан акцептісіз тәртіппен ұстап қалуға құқылы.

      46. Орындаушы қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін толық және тиісінше орындаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьютор орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

10. Тараптардың жауапкершілігі

      47. Тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдың) және (немесе) айыппұлдардың жауапкершілік негіздері, мөлшері және өндіріп алу тәртібі қосымша келісімдермен айқындалады.

      48. Қосымша келісімнің, оның ажырамас бөлігі болып табылатын талаптарын бұзу Шарттың 51-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Шартты бұзу үшін негіз болып табылады.

11. Дауларды шешу тәртібі

      49. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде шартты және (немесе) қосымша келісімдерді орындау шеңберінде туындайтын дауларды шешуге бар күш-жігерін жұмсауға тиіс. Осындай келіссөздерді талқылау мен нәтижелерін Тараптар 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей екі данада, Тараптардың әрқайсысына бір-бірден қол қоятын жазбаша хаттамамен ресімделеді.

      50. Егер осындай келіссөздер басталғаннан кейін 21 (жиырма бір) күн ішінде Тараптар Шарт бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені осы мәселені Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап ете алады.

12. Шарттың бұзылу негіздемесі

      51. Шартты бұзуға негіз болып табылады:

      1) Тарап шартта немесе қосымша келісімде көзделген міндеттемелерді бұзуы;

      2) Тараптардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген лицензияланатын қызметті орындауға лицензияны кері қайтарып алуды;

      3) Орындаушы қызмет көрсетуден бас тарту (себептер мен жағдайларға қарамастан) немесе Орындаушы мұндай қызметтерді көрсете алмау мүмкін.

      52. Бірыңғай дистрибьютор біржақты тәртіппен Шартты мынадай жағдайларда бұзуға:

      1) егер Орындаушы банкрот немесе төлеуге қабілетсіз болса. Бұл жағдайда бұзу тез арада жүзеге асырылады және Бірыңғай дистрибьютор Орындаушыға қатысты ешқандай жауапкершілік көтермейді;

      2) Орындаушы шартта және (немесе) қосымша келісімде белгіленген қызметтердің көрсету мерзімдерін 60 (алпыс) күнтізбелік күннен артық бұзса;

      3) Бірыңғай дистрибьютордың тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алуды өткізуде бұзушылықтар анықталса;

      4) Орындаушы Шарт бойынша қызмет көрсетуді одан әрі қажет болмаған жағдайда құқылы.

      53. Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, оны бұзуға бастамашылық ететін Тарап Шартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны басқа Тарапқа жібереді. Екінші Тараптың жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін Шарт бұзылған болып есептеледі.Бұл жағдайда, Бірыңғай дистрибьютор Шарт бұзылған күнінде Орындаушыға нақты көрсетілген және Бірыңғай дистрибьютор қабылдаған қызметтердің бағасын төлейді.

      54. Орындаушының кінәсі бойынша Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда Бірыңғай дистрибьютор Орындаушыға Шарт және қосымша келісім бойынша міндеттемелерін тиісті орындамауда Бірыңғай дистрибьюторға келтірген залалдар және қосымша келісіммен белгіленген тұрақсыздық айыбын шегергенде қызметтердің шарты бұзылған күнінде Бірыңғай дистрибьютор қабылдаған және нақты көрсетілген бағаны төлейді.Егер Бірыңғай дистрибьютордың тұрақсыздық айыбы мен келтірілген шығындардың жалпы сомасы Орындаушыға Шартты мерзімінен бұрын бұзылуына байланысты нақты көрсетілген қызметтер үшін төленуге тиіс сомадан артық болса, онда Шарт бұзылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде Бірыңғай дистрибьюторға төлеуге жататын Орындаушының айырма борышын құрайды.

      55. Егер Бірыңғай дистрибьютор Шартты мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Орындаушы Шарт мерзімінен бұрын бұзылуына байланысты туындаған залалдар және/немесе тұрақсыздық айыбына талап қоймауға міндеттенеді.

13. Шарттың қолдану мерзімі

      56. Шарт Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және Тараптар оларды толық орындағанға дейін өзара есептесу бөлігіндегі 20_ жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін әрекет етеді.

14. Еңсерілмейтін күш жағдайлары

      57. Тараптар Шартта көзделген жауапкершілікті көтермейді, егер олар Шарттың талаптарын орындауға мүмкін болмаса, демек, еңсерілмейтін күш жағдайларының әрекеттер күші басталса, яғни олар шарттың талаптарын орындау мүмкіндігіне тікелей ықпал ететін (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т. б.) осы жағдайлар кезіндегі төтенше және шарасыздық жағдайлар болған кезде. Мұндай жайларға жатпайды, атап айтқанда, нарықта орындау үшін қажетті тауарлардың, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің болмауы.

      58. Шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі уақытқа сәйкес жылжытылады, бұл еңсерілмейтін күш жағдайлары, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдарлары болған уақыт.

      59. Еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде кез-келген Тарап, оның туындаған күнінен бастап күнтізбелік 5 (бес) күннің ішінде екінші Тарапты осы жағдайлардың туындағаны туралы жазбаша түрде ақпараттандыруы керек. Осы жағдайларды тиісті уәкілетті мемлекеттік орган растауы керек.

      60. Хабарламау немесе уақтылы хабарламау, Шарт бойынша міндеттемені орындамағаны үшін оны жауапкершіліктен босатудың негізі ретінде жоғарыда көрсетілген жағдайдың кез келгеніне сілтеме беру құқығынан айырады.

      61. Егер Тараптар жартылай немесе толық міндеттерін орындамау мүмкіндігі болмаса, 2 (екі) айдан артық қолданыста болады, Тараптардың Шартты бұзуға құқығы бар және өзара есеп айырысуларды жүргізеді.

15. Ақпараттың құпиялығы

      62. Тараптар Шарттың қолданылу кезеңінде және 3 (үш) жыл ішінде оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Шарт бойынша ақпараттың құпиялығын сақтауға міндеттенеді.

      63. Құпия ақпаратты ашу Шарттың талаптарын бұзу болып табылады және осыған байланысты келтірілген нақты зиянды толық көлемінде екінші Тарапқа өтеу мен Шартты бұзуға әкеп соғуы мүмкін.

16. Хат-хабар

      64. Шарт бойынша барлық коммуникативтік құжаттарда Шарттың нөмірі көрсетілген Тараптардың деректемелері болуы тиіс.

      65. Шарт бойынша Тараптардан талап етілетін кез келген хабарлама немесе мәлімдеме Тараптар бір-біріне жазбаша түрде беріледі және тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберіледі. Жедел болған жағдайда көрсетілген хат-хабар кейіннен оны міндетті түрде тапсырыс хат немесе курьер қызметінің көмегімен жіберу арқылы, оның жеткізілгенін тіркеуді қарастыратын электрондық почта немесе басқа да телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы берілуі мүмкін.

      66. Шарт бойынша хат-хабар Тараптарға Шартта көрсетілген деректемелер бойынша жіберілуі тиіс.

      67. Тапсырыс хатпен немесе курьер қызметінің көмегімен жіберілген хат-хабар екінші Тарапта пошта бөлімшесінің немесе курьер қызметінің оны жеткізгенін растайтын мөртабаны бар хабарламасы болса, хат-хабар жіберілген Тарап оны алған күні (сағатта) жеткізілген болып саналады. Хат-хабардың жеткізілуін тіркеуді қарастыратын факс, электрондық почта немесе өзге де телекоммуникациялық байланыс құралдары арқылы жіберілген хат-хабар Шарттың 65-тармағының талаптары сақталған жағдайда, Тарапқа оның берілген күнінде (сағатта) жеткізілген болып саналады.

17. Қорытынды және өтпелі ережелер

      68. Шартқа өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың уәкілетті өкілдерінің қолы қойылған және екі Тараптардың мөрлерімен бекітілген жағдайда ғана жарамды болады.

      69. Шартқа өзгерістер енгізу Қағидаларда көзделген жағдайлармен рұқсат етіледі.

      70. Орындаушының таңдау үшін негіз болған Қағидалармен көзделмеген негіздемелер бойынша өткізілетін (өткізілген) сатып алулар және/немесе ұсыныстар шарттарының мазмұнын өзгертетін өзгерістер Шартқа енгізуге жол берілмейді.

      71. Үшінші тұлғаға Шарт бойынша Тараптардың бірі құқықтарын және міндеттерін беруге тек екінші Тараптың жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.

      72. Шартқа барлық қосымшалар мен қосымша келісімдер Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      73. Шартпен байланысты реттелмеген құқықтық қатынастарды Тараптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

      74. Тараптардың бірі қайта ұйымдастырылған жағдайда, Шарт өзінің заңды күшін жоймайды және Тараптардың мирасқорлары үшін іс жүзінде күші болады.

      75. Заңды (нақты) мекенжайлары немесе банк деректемелері өзгерген жағдайда, Тараптар осындай өзгерістер болған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші Тарапты бұл туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.

      76. Шарт тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір-бірден) мемлекеттік және орыс тілдерінде, заңды күші бірдей 2 (екі) данада жасалады.

18. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері, қолдары және мөрлері:

Бірыңғай дистрибьютор:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы,тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)________________
мөрі
(бар болса)

Орындаушы:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы,тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)________________
мөрі
(бар болса)

  Ұзақ мерзімді шартқа
1-қосымша

      ___________облыстарында 20__-20__ жылдарға арналған

      дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды

      сақтау және тасымалдау бойынша қызметтердің

ТЕХНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Бірыңғай дистрибьютор:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы,тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)________________
мөрі
(бар болса)

Орындаушы:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы,тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)________________
мөрі
(бар болса)

  Ұзақ мерзімді шартқа
2-қосымша

Орындаушының қоймалардың тізбесі

Р.с.

Қоймалардың мекенжайы

Қойманың түрі

1.



      ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Бірыңғай дистрибьютор:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы,тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)________________
мөрі
(бар болса)

Орындаушы:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы,тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)________________
мөрі
(бар болса)

  Ұзақ мерзімді шартқа
3-қосымша

Жеткізу бағыттарының жоспары

      ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Бірыңғай дистрибьютор:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы,тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)________________
мөрі
(бар болса)

Орындаушы:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы,тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)________________
мөрі
(бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
9-қосымша
  Нысан

Қосымша келісім

      Астана қаласы 20__жылғы ___ ____

      Бұдан әрі ______________________ "Бірыңғай дистрибьютор" деп аталатын, ___________________ атынан, ____________________________ ____________негізінде әрекет ететін, "_____" ______________ бір тараптан, және бұдан әрі "Орындаушы" деп аталатын _______________________________ атынан, ________ негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп аталып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысымен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес 20____ - 20 ____ жылдарға арналған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек көрсету шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді 20__жылғы _______№_____шарттың (бұдан әрі - шарт) (лот) 1.1-тармағының 2) тармақшасының негізінде төмендегілер туралы осы қосымша келісімді (бұдан әрі- Келісім) жасасты:

1. Келісімнің мәні және құрылымы

      1. Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға Шартпен және Келісіммен белгіленген талаптардың негізінде Келісімге № 1 қосымшада көрсетілген тауарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді, Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілерге қоса берілген Келісімге № 2 қосымшамен бекітілген тізімін көрсетуге, ал, Бірыңғай дистрибьютор Орындаушының қызметтерін қабылдауға және оларды Келісімде көзделген тәртіппен төлеуге міндеттенеді.

      2. Келісімде пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар шартпен айқындалған. Төменде санамаланған құжаттар осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады:

      1) № 1 қосымша - Орындаушының тасымалдауына және сақтауына тиісті тауардың атаулары мен көлемінің тізбесі;

      2) № 2 қосымша - Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілері мен олардың мекенжайларының тізбесі.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3. Келісімі бойынша Тараптардың құқықтары мен міндеттері Шартпен белгіленген. Шартпен реттелмеген Тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бөлігінде Тараптар Келісімнің ережелерін басшылыққа алады.

3. Келісімнің бағасы

      4. Келісімнің бағасы қосылған құн салығын ескере отырып, __________________ () теңге ____тиынды құрайды.

      5. Келісім бойынша ақы төлеу Шартпен көзделген тәртіппен жүргізіледі.

4. Келісімді қамтамасыз ету

      6. Орындаушы Келісімге қол қойылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде Шарт және Келісім бойынша өз міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету шарасы ретінде қаржы жылында Келісімнің бағасынан 3 (үш) пайыз мөлшерінде кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.

      7. Кепілдікті қамтамасыз ету мынадай түрде ұсынылуы мүмкін:

      1) Бірыңғай дистрибьютордың банктік шотына енгізілетін ақшалай кепілдік;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген банктік кепілдік нысаны бойынша.

      8. Кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі Келісімнің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс.

      9. Бірыңғай дистрибьютор Орындаушы енгізген Келісімнің кепілдікті қамтамасыз етуін қайтармайды, егер Орындаушы:

      1) Шарт және (немесе) осы келісім бойынша міндеттемелерін орындамаса және(немесе), Шартта және (немесе) Келісімде көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе;

      2) Шарт және (немесе) Келісім бойынша міндеттемелерін тиісті түрде орындамаса және (немесе) мұндай тиісінше орындамағаны үшін айыппұл санкцияларын төлемесе.

      10. Орындаушының жазбаша өтініші бойынша Бірыңғай дистрибьютор қаржы жылында Орындаушы Шарт және Келісім бойынша барлық міндеттемелерін тиісінше орындаған кезде Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кепілдікті қамтамасыз етуді қайтарады.

5. Тараптардың жауапкершілігі

      11. Орындаушы Шарт және(немесе) Келісімнің талаптарын сақтамаған жағдайда, оның ішінде Шарттың техникалық ерекшеліктерін немесе басқа да Шарттың және(немесе) Келісімнің талаптарын бірнеше рет (2 реттен артық) бұзылса, Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға Келісімнің бағасынан 3% мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

      12. Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға тауарды жоғалту немесе бүлдіру арқылы келтірілген тұрақсыздық айыбы сомасынан (өсімақы) өтелмеген тікелей шығындарды, көрсетілген қызметтер үшін төлем ақы және өсімақыларды төлеу бойынша қарама-қарсы біртекті талаптарды есепке алуды жүргізу мақсатында өзара есеп айырысулардың салыстыру актісіне енгізілетін Бірыңғай дистрибьютор тиісті актіні жасаған және есепшот ұсынған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей мерзімінде өтеуге міндетті.

      13. Орындаушы Келісіммен белгіленген тауардың жеткізу мерзімдерін бұзған жағдайда, Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға жеткізудің кешіктірілген әрбір күн үшін тауардың жеткізілмеген немесе толық жеткізілмеген құнының 0,2% -ы мөлшерінде, бірақ жеткізілмеген тауар құнының 5% -нан асырмай өсімақы төлеуге міндеттенеді. Өсімақыны төлеу Орындаушы Бірыңғай дистрибьютордың тиісті шотты алған сәтінен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі. Орындаушы көрсетілген шотты төлемеген немесе уақтылы төлемеген жағдайда, Бірыңғай дистрибьютор нақты көрсетілген қызметтер үшін Орындаушыға төлеуге берілетін тиісті сомадан есептелген тұрақсыздық айыбы (өсімақы, айыппұл) сомасын акцептісіз тәртіппен ұстап қалуға құқылы.

      14. Тауарды негізсіз қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға қабылданбаған тауардың бағасынан 10% мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Сақтау үшін тауарды қабылдау мерзімдері бұзылған жағдайда, Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға қабылдау мерзімдері бұзылған әрбір күн үшін қабылдау мерзімдерінің бұзылуымен қабылдаған тауардың бағасынан 0,2% мөлшерінде бірақ, қабылдау мерзімдерді бұза отырып, Орындаушы қабылдаған тауар бағасынан 5%-дан артық емес өсімақы төлейді.

      15. Орындаушы тауарды уақтылы қабылдамау, жеткізбеу үшін, тапсырыс берушілерге тауарды уақтылы жеткізілмегеніне жауапкершіліктен босатылады, егер тауар өнім берушілермен тауарды уақытылы жеткізбеу, олар сапасыз тауарды жеткізу, өнім берушінің кінәсі бойынша тауардың кем шығуы немесе жоғалуынан туындаған мұндай кешігу болса немесе Шарттың 7-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарды Бірыңғай дистрибьютор уақтылы ұсынбаған жағдайда. Бұл ретте, Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға көрсетілген құжаттың түпнұсқасын жолдай отырып, факсимильді хабарламаны жіберу арқылы осы тармақта көзделген жағдайлардың басталғаны туралы бір тәулік ішінде хабардар етуге тиіс.

      16. Шарттың техникалық ерекшеліктерінде көрсетілген мәліметтерді Орындаушы дұрыс емес немесе уақтылы көрсетпеген жағдайда, Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға әрбір осындай жағдайға Келісімнің бағасынан 0,001% -ы мөлшерінде, бірақ Келісімнің бағасынан 3% артық емес өсімақы төлеуге міндетті.

      17. Бірыңғай дистрибьютор Келісім бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Орындаушы Келісім бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде тапсырыс берушілерге оны кейіннен жеткізу үшін сақтауға берілген тауарды ұстап қалуды пайдалануға құқығы жоқ.

      18. Келісім шарттарда көзделген төлемдердің мерзімдерін бұзғаны үшін Бірыңғай дистрибьютор Орындаушыға әрбір кешіктірілген күн үшін уақтылы төленбеген сомасынан 0,001%-ы мөлшерінде, бірақ Келісім бойынша уақтылы төленбеген сомадан 1% артық емес өсімақы төлейді.

      19. Орындаушы жіберілген Шарт талаптарының бұзылуы салдарынан Шартты және (немесе) Келісімді мерзімінен бұрын бұзған жағдайда, Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға шартты тоқтатуына байланысты келтірілген шығындарды өтейді сондай-ақ, Бірыңғай дистрибьюторға Келісімнің бағасынан 10% мөлшерінде айыппұл төлейді.

      20. Шарттың 39 және 40-тармақтарында көзделген тапсырыс берушінің қажеттілігі үшін қажетті тауарды өткізуді қамтамасыз етудің болмағанына Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға әрбір кешіктірілген күні үшін тауардың қамтамасыз етілмеген объектінің бағасынан 0,2% мөлшерінде, бірақ тауардың қамтамасыз етілмеген объектінің бағасынан 5%-нан артық емес өсімпұл төлеуге міндетті.

      21. Бірыңғай дистрибьюторға есепті кезеңінен кейінгі 10 күнтізбелік күн ішінде жазбаша есепті уақтылы ұсынбаған немесе әрбір күнтізбелік тоқсанның соңындағы тауар қорларын түгендеу жөнінде міндеттемелерін уақтылы орындамаған жағдайда, Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға әрбір кешіктірілген күн үшін Келісімнің бағасынан 0,001% мөлшерінде, бірақ Келісімнің бағасынан 3% -дан артық емес өсімпұл төлеуге міндетті.

      22. Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға Шартта көзделген хабарламаларды уақытылы ұсынбағаны үшін Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға хабарламаны ұсынбаған әрбір күні үшін Келісімнің бағасынан0,001% мөлшерінде, бірақ Келісімнің бағасынан 3%-нан артық емес өсімпұл төлеуге міндетті.

      23. Есепті ай үшін бастапқы есеп құжаттамаларды уақтылы ұсынбаған немесе анық емес бастапқы есеп құжаттамаларды ұсынған жағдайда Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға Келісімнің бағасынан әрбір кешіктірілген күні үшін 0,001% мөлшерінде, бірақ Келісімнің бағасынан 3% артық емес өсімпұлды төлейді. Осы жауапкершіліктің шегі әрбір есепті ай үшін бастапқы есеп құжаттамаларының мерзімдерін және дұрыстығын бұзғаны үшін өсім есептеу кезінде қолданылады. Бірыңғай дистрибьютор Орындаушыға бастапқы есеп құжаттамаларының қабылдау - тапсыру актісіне Тараптар қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік 25 (жиырма бес) күннен кешіктірмей талаптарды ұсынады. Тұрақсыздық айыбы тиісті есепті айға Орындаушы бастапқы құжаттамаларды толық және дұрыс ұсынуға дейін есептеледі.

      24. Тауардың өнім берушіге және Бірыңғай дистрибьюторға сәйкестендіру сертификаттарының қолданылу мерзімдері туралы ақпаратты уақтылы ұсынбағаны үшін Орындаушы Бірыңғай дистрибьюторға әрбір кешіктірілген күні үшін Келісімнің бағасынан 0,001% мөлшерінде, бірақ, Келісімнің бағасынан 3% артық емес өсімпұл төлеуге міндетті.

6. Осы Келісімнің қолданылу мерзімі

      25. Келісім 20__жылғы __ __ бастап күшіне енеді және Тараптар оны толық орындағанға дейінгі өзара есептесулер бөлігіндегі 20__жылғы__ ____ қоса алғанда әрекет етеді.

7. Қорытынды және өтпелі ережелер

      26. Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша нысанда жасалған және Тараптардың қолы қойылған және екі Тараптардың мөрлерімен бекітілген жағдайда жарамды болады.

      27. Осы Келісімге өзгерістер енгізу Қағидалармен көзделген жағдайларда рұқсат етіледі.

      28. Тараптардың бірі қайта ұйымдастырылған жағдайда, осы Келісім өзінің заңды күшін жоймайды және Тараптардың мирасқорлары үшін іс жүзінде күші болады.

      29. Осы Келісім тараптардың әрқайсысы үшін 1 (бір-бірден) мемлекеттік және орыс тілдерінде, заңды күші бірдей 2 (екі) данада жасалды.

8. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері, қолдары және мөрлері:

Бірыңғай дистрибьютор:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________
мөрі
(бар болса)

Орындаушы:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________
мөрі
(бар болса)

  Қосымша келісімге
1-қосымша

Орындаушының тасымалдауға және сақтауға жататын тауарлардың атаулары мен көлемінің тізбесі

Р.с.№

Халықаралық патенттелмеген атауы немесе құрамы
 

Дәрілік нысаны (дозасы, концентрациясы)

Өлшем бірлігі

Облыстардың атаулары











      *- Тауардың тізбесі мен көлеміне өзгерістер мен толықтырулар Тапсырыс берушінің өтінімдеріне және Бірыңғай дистрибьютордың ДЗ және ММБ тізімінің өзгеруіне сәйкес енгізілуі мүмкін.

      ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Бірыңғай дистрибьютор:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________
мөрі
(бар болса)

Орындаушы:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________
мөрі
(бар болса)

      20 ____ - 20 ____ жылдарға арналған (№__ лот)

  Қосымша келісімге
2-қосымша

Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілерінің тізбесі мен олардың мекенжайлары:

Өңір

Тапсырыс беруші

Мекенжайы

1




      *- Бірыңғай дистрибьютордың тапсырыс берушілерінің тізбесі мен олардың мекенжайларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Бірыңғай дистрибьютор:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________
мөрі
(бар болса)

Орындаушы:
Заңды мекенжайы:
Лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________
мөрі
(бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№ 21 бұйрығына
10-қосымша
  Нысан

Банктік кепілдіктің үлгілі нысаны

      Банктің атауы: ________________________________________________

      Банк деректемелері: ___________________________________________

      Кімге: _______________________________________________________

      (бірыңғай дистрибьютордың атауы)

      Деректемелер_________________________________________________

      (бірыңғай дистрибьютордың деректемелері)

№ _________кепілдік міндеттеме

      ________ қ. 20___ж.__ ________

      Назарға ала отырып, ________________ "Орындаушы" 20__-20__ жылдарға арналған дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге 201____ж__________№ ҚШ -____ ұзақ мерзімді шартқа 20__ж. __________№ ҚШ -______ Қосымша келісім (бұдан әрі - № ҚШ-________ Қосымша келісім) жасасқанын және Сіз № ҚШ -_______ Қосымша келісімде Орындаушы банктік кепілдік түрінде оның орындалуын қамтамасыз етуді ______________________ теңге (_______________теңге __ тиын) жалпы соманы енгізуді көздегенсіз,

      Осы __________________________________________________________________

      (банктің атауы)

      жоғарыда көрсетілген № ҚШ -_______ Қосымша келісім бойынша кепілдік беруші болып табылатынымызды растаймыз.

      Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды және № ҚШ-________Қосымша шарт бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағанын жазбаша растауды алғаннан кейін __________________________________________________________________

      (сомасы цифрмен және жазумен)

      тең соманы төлеуге қайтарымсыз міндеттемені өзімізге аламыз.

      Осы кепілдік оған қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және № ҚШ-________, 20 __жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда Қосымша келісім бойынша өз міндеттемелерін Орындаушы толық орындаған сәтке дейін қолданылады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады