"Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 26 қаңтарда № 14734 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 464-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10120 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялауын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 11 қаңтардағы
№ 12 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 250 бұйрығына
қосымша

Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері

      1. Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер:

      1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

      ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

      ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;

      планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

      портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

      зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

      велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

      бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

      2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.

      2. Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

      3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады