"Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын бегілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 8 ақпанда № 14777 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 47 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 23.01.2018 № 47 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім алушы тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормаларын бегілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10878 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспесі мынандай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 133-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 156-бабы 1-тармағының 24), 42) және 43) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес салық төлеушіге салық салынатын табысты азайту кезінде қолданылатын, салық төлеушімен еңбек қатынастарында тұрмайтын Қазақстан Республикасының шегінде оқитын жеке тұлғаның тұруына және оған ақша сомасын төлеуге арналған шығыстар нормалары;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде қолданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасынан тысқары жерде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауга бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшаға сәйкес салық салынбайтын жеке тұлғаның табысын айқындау кезінде колданылатын, жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысты мамандық бойынша Қазақстан Республикасының шегінде қызметкерді оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға бағытталған қызметкердің тұруына арналған жұмыс берушінің шығыстар нормалары;

      5) осы бұйрықтың 5-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары;

      6) осы бұйрықтың 6-қосымшаға сәйкес Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрмаған, алайда осындай шығыстарды жүзеге асыратын дербес білім беру ұйымының шешімімен айқындалған мамандық бойынша Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында айқындалған басқа дербес білім беру ұйымымен еңбек қатынастарында тұрған жеке тұлғаны Қазақстан Республикасының шегінде оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберген кезде білім алушы тұлғаның тұруына жұмсалатын, жеке тұлғаның салық салуға жатпайтын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын осы дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары;

      7) осы бұйрықтың 7-қосымшаға сәйкес салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары;

      8) осы бұйрықтың 8-қосымшаға сәйкес салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары белгіленсін.

      Осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
Р. Дәленов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 9 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 233 бұйрығына
7-қосымша

Салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары

р/с

Ел

Тұруға арналған күндік шығыстар нормалары (АҚШ долларымен)

тұруға

1

Америка Құрама Штаттары, Канада, Жапония, Қытай Халық Республикасы, Батыс және Шығыс Еуропа

30-ға дейін

2

Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Израиль, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар, Бахрейн, Бруней, Оман, Кипр, Австралия, Египет, Тайланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Африка Республикасы және Филиппин

25-ке дейін

3

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері

10-ға дейін

4

Басқа да елдер

15-ке дейін

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 9 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 наурыздағы
№ 233 бұйрығына
8-қосымша

Салық салуға жатпайтын жеке тұлғанын табыстарын айқындау кезінде қолданылатын сабақтан тыс қызмет іс-шараларына қатысу, кәсіби тәжірибеден өту және (немесе) оқу үшін Қазақстан Республикасының шегінде жеке тұлғаға бағытталған кезде осындай дербес білім беру ұйымында оқитын жеке тұлғалардың тұруына Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында айқындалған дербес білім беру ұйымының шығыстар нормалары

р/с

Оқу орны

Күндік шығыстар нормалары (айлық есептік көрсеткіш)

тұруға

1

Облыс, аудан орталықтары

4 АЕК-ке дейін

2

Астана, Алматы, Атырау қалалары

5 АЕК-ке дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады