"Есеп саясатын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 16 ақпанда № 14809 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есеп саясатын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 444 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6505 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген есеп саясатында:

      мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:

      "23-1. Салық түсімдері бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешек сомалары салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) басқа да мемлекеттік мекемелерді, заңды және жеке тұлғаларды қоса алғанда басқа тұлғалардан тиесілі, шаруашылық операциялар мен бюджетке түсетін салық түсімдері операцияларын есепке алу салдарынан пайда болған сома ретінде уәкілетті органның есебінде танылады.

      Салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер және Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешек сомалары бюджетке түсетiн түсiмдердiң алынуына, артық (қате) төленген салықтық емес түсiмдер, негiзгi капиталды сатудан түсетiн, мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер сомаларының бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке алынуына жауапты уәкiлеттi орган ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҚМ) басқа да мемлекеттік мекемелерді, заңды және жеке тұлғаларды қоса алғанда басқа тұлғалардан тиесілі, шаруашылық операциялар мен салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер мен Ұлттық қордан республиқалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері операцияларын есепке алу салдарынан пайда болған сома ретінде ҚР ҚМ есебінде танылады.";

      мынадай мазмұндағы 71-1-тармақпен толықтырылсын:

      "71-1. Салық түсімдері бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек сомалары уәкілетті орган заңды және жеке тұлғаларға төлеуі тиіс, бюджетке салық түсімдері бойынша операциялардың салдарынан пайда болған сома ретінде уәкілетті органның есебінде танылады.

      Салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан түсетін трансферттер түсімдері бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек сомалары ҚР ҚМ заңды және жеке тұлғаларға төлеуі тиіс, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республиқалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері бойынша операциялардың салдарынан пайда болған сома ретінде ҚР ҚМ есебінде танылады.";

      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "84. Сыртқы қарыздар мен байланысты гранттар есебінен күрделі салымдарды қаржыландыру мемлекеттік мекемеге сыртқы қарыздар мен күрделі сипаттағы байланысты гранттар есебінен жобалар бойынша міндеттемелер қабылдауға жоспарлы тағайындауларды бөлген кезде танылады.";

      87-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "87. Мемлекеттік мекеме айырбасталмайтын және айырбасталатын операциялардан кірістер алады.

      Айырбасталмайтын операциялардан түсетін кірістерге мыналар:

      ағымдағы қызметті қаржыландыру;

      күрделі салымдарды қаржыландыру;

      сыртқы қарыздар есебінен қаржыландыру;

      трансферттер мен субсидиялар;

      гранттар;

      салықтық және салықтық емес түсімдер;

      демеушілік және қайырымдылық көмек;

      өзге де айырбасталмайтын операциялар жатады.

      Айырбасталатын операциялардан түсетін кірістерге мыналар:

      активтерді басқару операциялары;

      тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) сатудан түсетін түсімдер;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;

      мемлекеттің активтерін сатудан түсетін түсімдер жатады.

      Кірістерді тану сәті салық операциясының нәтижесінде туындайды және өткен оқиға активке бақылау бойынша негіз болатын сәт болып табылады.

      Корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) бойынша кірістер сомасын бағалау үшін уәкілетті орган кірістерді жеке шоттардан алынатын тиісті мәліметтердің есепті күнге КТС бойынша негізінде таниды.

      Қосылған құн салығы (бұдан әрі – ҚҚС) бойынша кірістер сомасын бағалау үшін есепке алуға есепті кезеңдегі салық төлеушілердің декларациялары бойынша ҚҚС-тен түсетін кірістерді есептеу фактісін тіркейтін жеке шоттардағы жазбалар болып табылады.

      Дәл осындай тәсіл салық кезеңі күнтізбелік ай немесе күнтізбелік тоқсан болып белгіленген салық түсімдерінің басқа да түрлеріне қолданылады (мысалы, акциздер, пайдалы қазбаларды өндіру салығы, ойын бизнесі салығы).

      Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мемлекеттік баж, алым, төлемақы) бойынша кірістер ақша қаражатының бюджетке түсу сәтінде танылады.

      Салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер бойынша кірісті уәкілетті орган ақша қаражатының республиқалық бюджетке түсу сәтінде таниды.";

      мынадай мазмұндағы 89-1-тармақпен толықтырылсын:

      "89-1. Мемлекеттік мекеме операциялық шығыстарды, бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды, активтерді басқару бойынша шығыстарды және өзге де шығыстарды жүргізеді.

      Қарыздар бойынша шығындар олар жүргізілген кезеңдегі шығыстардың құрамында танылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есебі мен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады