"Cот - медициналық, сот - психиатриялық және сот - наркологиялық сараптама саласындағы сот - сараптама қызметін қоспағанда, сот - сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 14848 болып тіркелді

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Cот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10309 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 наурызда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың атауы келесі редакцияда жазылсын:

      "Сот-сараптама қызметі, соның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар саласындағы сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесiн бекіту туралы";

      бұйрықтың 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған сот-сараптама қызметі, соның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар саласындағы сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесi бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптама саласындағы сот-сараптама қызметін қоспағанда, сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сайкес редакцияда жазылсын;

      бiлiктiлiк талаптарының қосымшасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сайкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      Министрi

      ______________ Д. Абаев

      15 ақпан 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрi

      ___________ Т. Сүлейменов

      "___" _______ 2017 жыл

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017ж. 14 ақпандағы
№ 149 бұйрығына
1 қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 26 қаңтардағы
№ 48 бұйрығымен бекітілген

Сот-сараптама қызметі, соның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар саласындағы сот-сараптамалық қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тiзбесi

р/с

Біліктілік талаптар

Құжаттар

Ескерту

1.

2.

3.

4.

1.

Қазақстан Республикасының азаматтығының бар болуы


Мәліметтер жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер базасында тексеріледі

2.

Жоғары білімінің болуы

Жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі дипломның қосымшасымен; шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" Заңына сәйкес нострификациялау немесе танылу рәсімінен өткенін растайтын құжат;


3.

Сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына біліктілік куәлігінің болуы

Мәліметтер нысаны қосымшаға сәйкес


4.

Жоғары білім туралы дипломда көрсетілген мамандығы бойынша немесе сот сараптамасы органдарында (сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық) сараптама қызметінің мәлімделген түрі бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (мамандық сертификатының көшірмесі)

Сот - медициналық, сот - психиатриялық және сот - наркологиялық сараптамалар саласындағы сарапшы дәрігер үшін тиісті мамандық бойынша маман сертификатының болуы

5.

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұратыны туралы мәліметтердің болмауы

Наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден анықтамалар

Оларды көрсетiлетiн қызметтi берушiге ұсынғанға дейін бір айдан аспайтын мерзімде тұрғылықты жерi бойынша берiлген анықтамалар

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2017ж. 14 ақпандағы
№ 149 бұйрығына
2 қосымша
  Сот-сараптама қызметі, соның ішінде
сот-медициналық, сот-психиатриялық және
сот-наркологиялық сараптамалар саласында
сот-сараптамалық қызметiн жүзеге асыру үшiн
қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға
сәйкестiктi растайтын құжаттардың
тiзбесiне қосымша

Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптары туралы
ақпаратты қамтитын мәліметтер түрі

      ЖСН _________________________________________________________

      Т.А.Ә. (бар болса) ______________________________________________

      ___________________________________________________________________

      Мынадай нормативтік құқықтық актілер бойынша біліктілік емтихандарын тапсырғанын растайтын біліктілік куәлігінің болуы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы:

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігіне қосымшаның нөмірі

Біліктілік куәлігінің/ біліктілік куәлігінің қосымшасының берілген күні

Сот сараптамасы бойынша мамандығы (біліктілік куәлігі)

1

2

3

4

5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады