Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы қолдаухаттарды ұсыну және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 шілдедегі № 216-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 тамызда № 8653 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 78 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2017 № 78 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 2) тармақшасына және 18-1-бабына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы қолдаухаттарды ұсыну және оларды қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Бақылау және талап қою жұмысы департаменті (А.Т. Аламан):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Алпысбаевқа жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Статистика агенттігі төрағасының

      міндетін атқарушы

      ____________ Ж. Жарқынбаев

      2013 жылғы 29 шілде

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрінің міндетін атқарушы

      ____________ М. Құсайынов

      2013 жылғы 2 тамыз

  Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы 19 шілдедегі
№ 216-НҚ бұйрығымен
бекітілген

Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге
қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы
қолдаухаттарды ұсыну және оны қарау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім беру туралы қолдаухаттарды ұсыну және оны қарау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидалардың мақсаты құжаттар мен ақпарат тізбесін, табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі - Субъект) өзге қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу кезінде оларды ұсыну мен қарау тәртібін айқындау болып табылады.

      3. Уәкілетті орган Субъектінің өзге қызметті жүзеге асыруына:

      реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты;

      табиғи монополия саласына жатқызылған, реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алынған кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде нарық субъектісінің барлық қызметінен алынған кірістердің бір пайызынан аспаған жағдайда;

      өзге қызметтен алынған кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінен алынған кірістердің бес пайызынан аспаған жағдайда;

      табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайда, келісім береді.

      4. Осы Қағиданың күші, әуежайлар қызметтерін көрсететін Субъектілерді қоспағанда, Субъектілерге қолданылады.

      5. Осы Қағидада қолданылатын ұғымдар мен терминдер:

      1) географиялық шекаралар - Субъект қызметтер ұсынатын (тауарлар, жұмыстар өндіретін) шектердегі аумақ;

      2) өзге қызмет – табиғи монополия саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын табиғи монополия субъектісінің қызметі;

      3) табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) байланысты өзге қызметі - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) жүзеге асыруы онсыз техникалық мүмкін емес, не Субъект қызметінің технологиялық процесінің құрамдас бөлігі болып табылатын қызмет;

      4) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) қолдаухат - өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы Субъектінің жазбаша арызы.

      6. Субъект уәкілетті органға қолдаухатты оны Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген орны бойынша береді.

      Егер Субъект бір мезгілде Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық және жергілікті бөлімдеріне енгізілген жағдайда, онда қолдаухат Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген орны бойынша беріледі.

2. Субъектінің өзге қызметті жүзеге асыруына қолдаухаттар
беру тәртібі

      7. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру үшін:

      реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты;

      өзге қызметтен алынған табыстар күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінен алынған кірістердің бес пайызынан аспаған жағдайда;

      табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсететін құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулануы мүмкін болмаған жағдайда, өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект уәкілетті органға өтінішпен бірге мынадай құжаттар мен ақпарат (мәліметтер) ұсынады:

      1) анықтама - қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиісті қолдаухатқа берілген негіздеме;

      2) бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес өткен жыл ішіндегі қаржылық есептілік, ағымдағы жыл ішіндегі Субъектінің қаржылық ахуалы туралы мәліметтер, оның ішінде Субъектінің қызмет түрлері бөлінісіндегі кірістер мен шығыстары туралы мәліметтер, жоспарланып отырған өзге қызметтен болжанып отырған кірістер мен шығыстар және Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері (егер өзге қызмет алғаш рет жүзеге асырылған жағдайда) туралы мәліметтер;

      3) Субъект көрсетілетін қызметтерден (өндірілетін тауарлардан, жұмыстардан), оның ішінде өзге қызметтен алатын кірістердің көрсетілетін қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) түрлері бойынша алдыңғы және ағымдағы күнтізбелік жылдардағы есебі;

      4) қолдаухатта көрсетілген өзге қызметті жүзеге асыруға арналған негізгі құралдардың болуы туралы;

      5) өзінің қызметін кемінде бір жыл жүзеге асыратын, сондай-ақ "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағында көрсетілген Субъектілерді қоспағанда, соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның көшірмесі.

      8. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін кірістері күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін кірістерінің бір пайызынан аспағанда, уәкілетті органға мынадай құжаттар мен ақпаратты (мәліметті):

      1) қызметтің осы түрін жүзеге асыру себептері көрсетілуге тиісті қолдаухатқа берілген анықтама-негіздеме;

      2) жоспарланып отырған өзге қызметтен алынатын болжамды кірістер мен шығыстар туралы мәліметтер;

      3) табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетін кірістер күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде оның барлық қызметінен түсетін кірістерінің бір пайызынан аспайтынын растайтын бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес өткен жыл ішіндегі қаржылық есептілік;

      4) өзінің қызметін кемінде бір жылда жүзеге асыратын, сондай-ақ "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-тармағында көрсетілген Субъектілерді қоспағанда, Субъектінің соңғы аудиторлық тексеру есебінің және оған қосымшаның көшірмесін ұсынады.

      9. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект қосымша мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді:

      1) Субъектінің өзге қызметтен алған кірістері оны жүзеге асыруға қажетті шығындарды жабуға тиіс;

      2) өзге қызметті жүзеге асыру тиісті нарықтағы қызмет көрсетуге (тауарларға, жұмыстарға) бәсекелестікті шектеуге алып келмеуге тиіс;

      Бұл ретте реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түрі бойынша және тұтастай жүзеге асыруға ол қолдаухатты берген өзге қызмет бойынша кірістерді, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді бөлектеп есепке алуды жүргізеді.

      10. Шешім қабылдау үшін маңызы бар қолдаухатта, құжаттар мен ақпаратта қамтылған фактілердің өзгерісін Субъект уәкілетті органның назарына жазбаша түрде дереу жеткізеді.

      11. Субъект осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тоқсан сайын осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшаcында көзделген шарттарды орындау туралы есеп береді, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағының 2) тармақшаcында көзделген шарттарды орындау туралы мәліметтерді (есепті) жазбаша нысанда береді.

3. Қолдаухаттардың мазмұны, оларды қараудың тәртібі мен
мерзімдері

      12. Өзге қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.

      13. Уәкілетті органға қолдаухатпен бірге ұсынылған құжаттар мен ақпарат тігілуге, нөмірленуге және өтініш беруші Субъектінің мөрімен, сондай-ақ оның бірінші басшысының не тиісті растауы болған кезде оны алмастыратын тұлғаның қолымен және бас бухгалтердің қолымен (қаржылық құжаттар болған жағдайда) расталуға тиіс.

      Ұсынылып отырған құжаттар түпнұсқада немесе олардың көшірмелері болуға тиіс, соңғы жағдайда қолдаухатқа қол қойған басшы олардың дұрыстығы мен толықтығын жазбаша растауға тиіс.

      14. Уәкілетті орган Субъектіге өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беруден, егер:

      1) оның келісімі Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға;

      2) оның келісімі тиісті тауар нарығының табиғи монополия жағдайынан бәсекелес нарық жағдайына экономикалық жағынан ақталған өтуді тежеуге алып келуі мүмкін жағдайларда;

      3) Субъект барлық құжаттарды ұсынбаса не ұсынылған құжаттардағы ақпарат дұрыс болмаса;

      4) өзге қызмет реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметпен технологиялық байланысты болмаған;

      5) табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алынған кірістер күнтізбелік бір күн ішіндегі нарық субъектісінің барлық қызметінен алынған кірістерден бір пайыз артқан;

      6) өзге қызметтен алынған кіріс күнтізбелік бір жыл ішіндегі табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінен алынған кірістен бес пайыз артқан;

      7) табиғи монополия саласында қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көрсетуші құрылымдық бөлімшенің ұйымдық және аумақтық оқшаулану мүмкіндігі болған жағдайларда бас тартады;

      8) осы Қағиданың 10 және 11-тармақтарында көзделген талаптарды Субъект сақтамаған жағдайда бас тартады.

      15. Уәкілетті органның қажетті құжаттар мен ақпарат қоса берілген осы қолдаухатты алған және (немесе) Субъектінің бұрын ұсынылған материалдарында қамтылған фактілердің өзгеруі туралы жазбаша хабарламасын не Субъектінің пікірі бойынша өтінішті қарау үшін маңызды болып табылатын ақпаратты алған күн қолдаухат берілген күн деп есептеледі.

      16. Уәкiлеттi орган қолдаухатты алған күнінен бастап оны отыз күннен кешiктiрмей қарайды және Субъектіге қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      17. Егер уәкілетті органға қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, соңғысы оны Субъектіден сұратады және қолдаухатты қарау мерзімін осындай сұрату қолдаухатты қарау мерзімін ұзарту туралы хабарламамен бірге қолдаухатты алған күнінен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш берушіге жолдаған кезде күнтізбелік отыз күнге ұзартады.

      18. Қолдаухатты қанағаттандырудан бас тартылса, Субъекті сотқа немесе жоғары тұрған органға шағымдануы мүмкін.

      19. Субъект қолдаухат берген кезде ұсынылған құжаттар мен ақпаратқа (мәліметтерге) өздігінен қосымша ретінде, уәкілетті органға Субъектінің пікірі бойынша маңызды болып табылатын кез келген ақпаратты жібереді.

      20. Субъекті коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен ақпаратты "коммерциялық құпия" деген міндетті белгісі бар жеке мұқабада ұсынады. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат Субъектінің уәкілетті органға қарауға ұсынған құжаттары мен ақпаратының тізбесіне енгізіледі.

      21. Құжаттар мен ақпаратта коммерциялық құпияның болуы уәкілетті органға оларды ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды. Сонымен бірге, Субъект және өзге де мүдделі тараптар уәкілетті органға құжаттар мен ақпаратты ұсыну кезінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесін айқындайтын ішкі актінің көшірмесін қоса, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің толық тізбесін көрсетеді.

      22. Құжаттардың және (немесе) ақпараттың Қазақстан Республикасының аумағынан тыс болуы оны уәкілетті органға ұсынудан бас тарту үшін негіз болып табылмайды.

  Табиғи монополия
субъектілерінің өзге қызметті
жүзеге асыруына келісім беру
туралы қолдаухаттарды ұсыну
және оларды қарау
қағидаларына
1-қосымша

      __________________________________________________________________

       (қызметтің атауы)

      __________________________________ жүзеге асыруға келісім беру туралы

Қолдаухат

       Негіздеме _____________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (Субъект жүзеге асыруға қолдаухат беретін қызметтің экономикалық

      тиімділігінің есебі көрсетілген сипаты және негізгі сипаттамалары).

      Өзге қызметті жүзеге асыру мүмкіндігінің бар екендігін растайтын

      негізгі құралдардың, жабдықтардың тізбесі: __________________________

      _____________________________________________________________________

      Субъекті негізгі құралдарының құрамы және мақсаты: __________________

      _____________________________________________________________________

      Өзге қызметті жүзеге асыру Субъектінің қызметтері үшін тарифтің

      (бағаның, алым мөлшерлемесінің) көтерілуіне әкелмейтіндігін және оның

      қаржы-шаруашылық қызметінің нашарлауына әкелмейтіндігін растайтын есеп

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Субъектінің реттелетін қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан)

      түсетін жалпы кіріс _________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Өзге қызметтен түсетін жалпы кіріс

      _____________________________________________________________________

      Субъектінің өзге қызметті жүзеге асыру кезіндегі болжанып отырған

      жағрафиялық шекараларының өзгеруі туралы ақпарат

      _____________________________________________________________________

  Табиғи монополия
субъектілерінің өзге қызметті
жүзеге асыруына келісім беру
туралы қолдаухаттарды ұсыну
және оларды қарау
қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысан
Өзге қызметті жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды жабатын
табиғи монополия субъектісі одан алатын кірістер бойынша,
сондай-ақ тиісті қызметтер көрсету (тауарлар, қызметтер)
нарығында бәсекелестікті шектуге алып келмейтін өзге қызметті
жүзеге асыру бойынша есеп туралы мәліметтер
20 ___ жылғы есепті кезең

      Индекс: ОИД-2 (өзге қызмет бойынша есеп)

      Кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ұсынады: табиғи монополия субъектілері

      Нысан кімге ұсынылады: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне

      Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей

      ___________________________________________________________________

      реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) атауы

№ р/с

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Алдыңғы тоқсан

Есепті тоқсан

Жыл басынан бастап өспелі

1.

Реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатудан түскен кіріс





2.

Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзіндік құны





3.

Қызметтің реттеліп көрсетілетін түрі бойынша кезең шығыстары, оның ішінде:





4.

Қызметтердің реттеліп көрсетілетін түрі бойынша жалпы және әкімшілік шығыстар





5.

Сатылып отырған реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар





6.

Қызметтің реттеліп көрсетілетін түрінен түскен кіріс (залал)





7.

Өзге қызмет бойынша қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатудан түскен кіріс





8.

Өзге қызмет бойынша сатылатын қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзіндік құны





9.

Өзге қызмет бойынша кезең шығыстары, оның ішінде: өзге қызмет бойынша жалпы және әкімшілік шығыстар





10.

Өзге қызмет бойынша сатылып отырған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар





11.

Өзге қызметтен түскен кіріс (залал)






      Лауазымы ________ Бірінші басшының тегі және аты-жөні

       қолы

      Лауазымы ________ Бас бухгалтердің тегі және аты-жөні

       қолы

      М.О.

Әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысандарды
толтыру бойынша түсіндірме
Өзге қызметті жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды жабатын
табиғи монополия субъектісі одан алатын кірістер бойынша,
сондай-ақ тиісті қызметтер көрсету (тауарлар, қызметтер)
нарығында бәсекелестікті шектуге алып келмейтін өзге қызметті
жүзеге асыру бойынша есеп туралы мәліметтер
1. Жалпы нұсқаулар

      Осы түсіндірме табиғи монополия субъектісінің өзге қызметті жүзеге асыру үшін қажетті шығындарды жабатын табиғи монополия субъектісі (бұдан әрі - Субъект) одан алатын кірістер бойынша, сондай-ақ тиісті қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) нарығында шектеуге алып келетін өзге қызметті жүзеге асыру бойынша есепті дайындауға арналған.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектiсiне:

      қызметтер көрсетуге және реттелiп көрсетiлетiн қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты;

      Қазақстан Республикасының почта туралы заңдарында белгiленген;

      табиғи монополия аясына жатқызылған реттелiп көрсетiлетiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) түскен кiрiстер рынок субъектiсiнiң барлық қызметiнен күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде түскен кiрiстердiң бiр процентiнен аспаған жағдайдағы;

      күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде өзге қызметтiң кiрiстерi табиғи монополия субъектiсiнiң барлық қызметiнiң бес процентiнен аспаған жағдайдағы;

      табиғи монополия аясында қызметтер көрсететiн (тауарлар, жұмыстар) құрылымдық бөлiмшенiң ұйымдастырушылық және аумақтық оқшаулануы мүмкiн болмаған жағдайдағы қызметтердi қоспағанда, табиғи монополиялар аясына жатпайтын өзге қызметтi жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Бұл ретте Заңның 18-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, 2-тармағына сәйкес Субъекті осы Заңда рұқсат етілген өзге де қызметті жүзеге асыруына уәкілетті органның келісімі талап етіледі.

      Заңның 18-1-бабының 3-тармағының күшінде осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызметтi жүзеге асыруға келiсiм алу үшiн Субъекті мынадай шарттардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге мiндеттi:

      1) осы қызметтен табиғи монополия субъектiсi алатын кірістер оның жүзеге асырылуына қажеттi шығындарды жабуға тиiс;

      2) қызметтi жүзеге асыру тиiстi қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) рыногында бәсекелестiктi шектеуге әкеп соқпайды.

      Өз кезегінде қолдаухатты беру үшін құжаттар тізбесі, оларды ұсыну және қарау тәртібі осы Қағидамен анықталған.

      Уәкілетті орган Субъектінің қолдаухатын қарап, ол Қағидаларға сәйкес Заңда көрсетілген талаптарды орындаған жағдайда, Субъектінің өзге қызметті жүзеге асыруына келісім береді.

      Қағиданың 9-тармағына сәйкес Субъект осы Қағиданың 2-қосымшаға сәйкес жазбаша нысанда тоқсан сайын осы Қағиданың 7-тармағының 1) және 2) тармақшасында көзделген талаптарды орындау туралы есеп береді, сондай-ақ осы Қағиданың 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген талаптарды орындау туралы есеп береді.

      Субъект өзге қызметті жүзеге асыру кезінде Заңның және Қағиданың жоғарыда көрсетілген талаптарын орындау Субъектінің тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз етуге және Субъекті өзге қызметті жүзеге асырғаннан реттеліп көрсетілетін қызметтерге зардап тигізу мүмкіндігін алып тастауға бағытталған.

      Бұдан басқа қызметті жүзеге асыру Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында негізделген тиісті қызметтер көрсету (тауарлар, жұмыстар) нарығында бәсекелестікті шектеуге алып келмеуге тиіс.

      Сондай-ақ, Субъекті Заңның 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шектеулердің сақталуын бақылау мақсатында табиғи монополия саласына жатқызылған реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден алынған кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде нарық субъектісінің барлық кызметінен алынған кірістердің бір пайызынан аспаған жағдайда, сондай-ақ өзге кызметтен алынған кірістер күнтізбелік бір жыл ішінде табиғи монополия субъектісінің барлық қызметінен алынған кірістердің бес пайызынан аспаған жағдайда, Субъектінің осы есепті уәкілетті органға ұсынуын талап етеді.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер

      1-баған - өткен және есепті тоқсандар бойынша жыл басынан бері өспелі өлшем бірлігінде реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) өткізуден түскен кіріс, яғни уәкілетті орган бекіткен тарифке көбейтілген реттеліп көрсетілетін қызметтерді өткізу көлемі көрсетілді;

      2-баған - өткен және есепті тоқсандар бойынша жыл басынан бері өлшем бірлігінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзіндік құны, яғни реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде Субъектінің шығындары көрсетіледі;

      3-баған – қызметтің реттеліп көрсетілетін түрі бойынша кезең шығыстары көрсетіледі;

      4-баған – Субъектінің тарифтік сметасында көзделген қызметтердің реттеліп көрсетілетін түрі бойынша жалпы және әкімшілік шығыстар көрсетіледі;

      5-баған – өткізілетін реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар көрсетіледі;

      6-баған –қызметтің реттеліп көрсетілетін түрінен түскен кіріс (залал) көрсетіледі;

      7-баған – өзге қызмет бойынша қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) сатудан түскен кірістер көрсетіледі;

      8-баған – өзге қызмет бойынша өткізілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) өзіндік құны көрсетіледі;

      9-баған – өзге қызмет бойынша кезең шығыстары, оның ішінде: өзге қызмет бойынша жалпы және әкімшілік шығыстар көрсетіледі;

      10-баған – өзге қызмет бойынша сатылып отырған қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша шығыстар көрсетіледі;

      11-баған – өзге қызметтен түскен кіріс (залал) көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі төрағасының
2013 жылғы 19 шілдедегі
216-НҚ бұйрығына қосымша

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 70-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3516 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 30 сәуірдегі № 18 (227) нөмірінде жарияланған);

      2. "Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттiгi төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 70-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 30 наурыздағы № 89-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4184 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2006 жылғы 12 мамырдағы № 84-85(891) нөмірінде жарияланған);

      3. "Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 5 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығына қосымшаның 11-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5557 нөмірмен тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің, 2009 жылғы № 3 нөмірінде жарияланған);

      4. "Табиғи монополиялар субъектілерінің өзге қызметті жүзеге асыруға келісім беру туралы өтініштерін ұсыну және оны қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 4 наурыздағы № 70-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 392-НҚ бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7369 нөмірмен тіркелген, "Заң газеті" газетінің 2006 жылғы 12 мамырдағы № 84-85 (891) нөмірінде жарияланған нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4184 нөмірмен тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2012 жылғы 5 мамырдағы № 128-129 (26947-26948) нөмірінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады