"Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 9 тамыздағы № 434 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 86 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 наурызда № 14880 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 970 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 23.01.2018 № 46 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдары мобильдік топтарының жеке тұлғалардың декларацияларын қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылы 9 тамыздағы № 434 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14222 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 4 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      Д. Абаев ______________

      2017 жылғы "____" ________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады