Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 30 қарашадағы № 26-VІ ҚРЗ.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 6-баптан қараңыз.

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат):

      1) 21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры, материалдық емес активтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын қаржы активтері, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес айқындалатын мөлшерде пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын, роялтиді және Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу бойынша үлесiн төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар немесе оларды өткізуден түскен ақша түріндегі, сондай-ақ өзге де мүлік түріндегі мемлекет активтері болып табылады.":

      2) 216-баптың 3) тармақшасының бірінші бөлігі "ұлттық" деген сөзден кейін "басқарушы" деген сөзбен толықтырылсын.

      2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 7, 10-құжаттар; № 3, 15-құжат; № 4, 21-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 21-22, 114, 115-құжаттар; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44, 49-құжаттар; № 10, 52-құжат; № 11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 11, 52-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 99, 100, 101-құжаттар; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115, 119-құжаттар; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 136, 137-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55, 57-құжаттар; № 8-I, 62-құжат; № 8-II, 66, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат):

      1) мазмұнында:

      мынадай мазмұндағы 308-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "308-2-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салық міндеттемесін заттай нысанда орындау тәртібі";

      346, 538 және 544-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi";

      "538-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан кездегi мемлекеттiк баж мөлшерлемелері";

      "544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату";

      мынадай мазмұндағы 544-1, 583-1, 605-1 және 636-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:

      "544-1-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттік баж төлеуден босату";

      "583-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері";

      "605-1-бап. Соттың шешімімен электрондық аукциондар қорытындысының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың төленген сомасын қайтару";

      "636-1-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актiсi";

      666, 670, 673 және 674-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "666-бап. Жалпы ережелер";

      "670-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі";

      "673-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны";

      "674-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары";

      94-тараудың және 676 – 685-баптардың тақырыптары алып тасталсын;

      2) 12-баптың 1-тармағында:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы – теңгенің шетел валютасына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы қызметті реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп белгілеген тәртіппен айқындалған бағамы;";

      мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-2) кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы – мынадай формула бойынша айқындалған бағам:

      R= R1 + R2 + … + Rn

      n, мұнда:

      R – кезең үшін валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;

      R1, R2…, Rn – кезең ішінде кезеңнің әрбір күні алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған, тиісті валютаны айырбастаудың күн сайынғы нарықтық бағамы;

      n – кезеңдегі күнтізбелік күндердің саны;";

      19-1) тармақшаның үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Монетаның құрамындағы алтынның құны алтын монетаны өткізу күні алтынның Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы белгілеген алтынның таңертеңгі фиксингін (баға белгіленімін) көрсетілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамына көбейту арқылы айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 25-1) және 27-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "25-1) қыздырылатын темекісі бар өнімдер – темекінің жану процесінсіз электрондық немесе өзге де тәсілмен темекіні қыздыру нәтижесінде түзілген аэрозольді ішке тартуға арналған темекісі бар өнімдер;";

      "27-1) мемлекет атынан алушы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, Қазақстан Республикасының салық заңнамасында және (немесе) осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта көзделген салық міндеттемесін орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды алушы ретінде мемлекет атынан әрекет ететін заңды тұлға;";

      30) және 41-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) роялти – мыналар үшін:

      пайдалы қазбаларды өндіру және техногендік түзілімдерді қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;

      авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтылымды, патенттерді, сызбаларды немесе модельдерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; өнеркәсіп жабдықтарын, оның ішінде бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңіз кемелерін және димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын әуе кемелерін, сондай-ақ сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшін; кинофильмдерді, бейнефильмдерді, дыбыс жазуды немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін төленетін төлем;";

      "41-1) уәкілетті заңды тұлға – салық төлеушінің (салық агентінің) және (немесе) үшінші тұлғаның осы Кодекске сәйкес билік етілуі шектелген және (немесе) кепілге салынған мүлкін өткізу саласындағы уәкілетті орган айқындаған заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 45-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "45-2) электрондық сигареттер – электрондық технологиялардың көмегімен картридждердегі, резервуарлардағы және электрондық сигареттерде пайдалануға арналған басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтықты қыздыратын және ішке тартуға арналған аэрозольді түзетін темекісіз өнімдер;";

      3) 13-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) салықтық тексерудің алдын ала актiсіне жазбаша қарсылығын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен ұсынуға;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;";

      4) 14-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы алып тасталсын;

      5) 19-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) Қазақстан Республикасының халықаралық шартының негізінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен ақпарат, оның ішінде коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат алмасуға;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардан, бірыңғай тіркеушіден, брокерлерден және (немесе) дилерлерден, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарынан осы Кодекстің 581-бабының 1), 1-1), 1-2), 4) тармақшаларында және 583-1-бабында табыс етілуі көзделген мәліметтерді алуға;";

      6) 20-баптың 1-тармағында:

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымын қарауға;";

      мынадай мазмұндағы 26-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-2) салық төлеушінің (салық агентінің, оператордың) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын қарауға;";

      7) 35-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қосылған құн салығынан және мүлік салығын осы Кодекстің 409-бабына сәйкес салық органдары есептейтін, жеке тұлғалардың тұрғын үйі мен басқа да объектілері бойынша мүлік салығынан басқа, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша – осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай құрылтайшы немесе пайда алушы мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актінің негізінде сенімгерлік басқарушыға жүктеуі мүмкін;";

      8) 37-2-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) таратылатын заңды тұлғаның және қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің осы Кодекстiң 46-бабында белгiленген талап қоюдың ескіру мерзiмi кезеңіндегі түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің 120000 еселенген мөлшерінен аспайтын;";

      9) 46-бапта:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмдерi салық төлеушінің (салық агентінің) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, сондай-ақ салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау кезеңінде өткен жағдайда, талап қоюдың ескіру мерзiмi арызды (шағымды) қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім орындалғанға дейін шағым жасалатын бөлігінде ұзартылады.";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қоюдың ескіру мерзiмдерi салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне қарсылық берген кезеңде, сондай-ақ оны салық органы қараған кезеңде өткен жағдайда, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жазу немесе олардың есептелген, есепке жазылған сомасын қайта қарау бөлігінде талап қоюдың ескіру мерзiмi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актiсiне жазбаша қарсылық берген кезеңге, сондай-ақ салық төлеушiнің (салық агентінің) салықтық тексерудің алдын ала актiсіне жазбаша қарсылығын салық органы қараған кезеңге тоқтатыла тұрады.";

      10) 53-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге салған мүлікті өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу арқылы жүргізеді.

      Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге салған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік етілуі шектелген мүлкін өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      11) 57-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салық салу мақсатында бағамдық айырманы есепке алу халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      12) 60-баптың 6-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салық кезеңінің салықтық есепке алу саясатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.";

      13) 60-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дара кәсіпкерлер шетел валютасымен жасалған операцияларды операция жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып теңгемен қайта есептейді. Бағамдық айырма салық салу мақсатында ескерілмейді.";

      14) 67-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мыналар:

      салық агенттері;

      Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ басқа да жарналарды төлеу жөніндегі агенттер;

      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік аударымдарды төлеушілер;

      Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер болып табылатын салық төлеушілердің санаттары үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;";

      2) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың есептелген сомалары туралы ақпаратты көрсетуге арналған.

      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсаты үшін пайдаланатын, салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.

      Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға қосымшалардың нысандарында:

      1) жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, міндетті зейнетақы жарналары, оның ішінде өз пайдасына, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдар және (немесе) жарналар есептелетін, ұсталатын және аударылатын салық салу (есептеу) объектілері;

      2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірісінен жеке табыс салығын есептеу туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.

      Бұл ретте шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кірістерінен жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшада кіріс алушылар бөлігінде мынадай:

      салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;

      салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;

      салық мөлшерлемелері туралы;

      халықаралық шарттарды қолдану туралы;

      Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;

      салық шегерiмдерi туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін;

      3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері бойынша жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдардың және (немесе) жарналардың сомаларын есептеу;

      4) жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық төлеушілердің әлеуметтік салықты есептеуі туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.

      Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктер мен азаматтағы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      15) 68-баптың 7-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына (темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар өнімдерді, электрондық сигареттерді пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтықты көтерме саудада өткізуді қоспағанда), 9) тармақшасына сәйкес салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.";

      16) 69-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнiң табыс етілген салық есептілігiн керi қайтарып алуына жол берiлмейдi.";

      17) 70-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында көрсетілген, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да аударымдар және (немесе) жарналар бойынша шағым берудің қалпына келтірілген мерзімін ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзімі кезеңінде – шағым жасалатын салық кезеңінің;";

      18) 84-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1), 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы;";

      "11) мемлекет атынан алушы үшін – жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың құны және (немесе) ақшалай мәні;

      12) есепке жазылған, бірақ төленбеген және осы Кодекстің 111-бабына сәйкес амортизацияланатын активтердің жекелеген тобын құру мақсаты үшін есепке алуға жататын сыйақы мөлшерінде – жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша сыйақы жөніндегі мiндеттемесiн стратегиялық әріптесінің барлау кезеңінде есептен шығарудан коммерциялық табуға дейінгі кіріс.";

      19) 89-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сатып алынған тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер), сондай-ақ жұмыскерлердің осы Кодекстiң 163-бабының 1-тармағына сәйкес айқындалатын есепке жазылған табыстары бойынша туындаған және осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалатын үш жылдық кезең iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер күмәндi деп танылады.

      Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмәнді міндеттемелер бойынша табысқа алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы қосылмайды.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жұмыскерлердің есепке жазылған табыстары бойынша туындаған күмәнді міндеттемелер бойынша – осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыскерлердің табыстарын есепке жазған күннен бастап;";

      20) 90-баптың 2-тармағында:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) банктің бастапқы құжаттарына сәйкес кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығын басқаға берген күні банк басқаға беруді жүргізген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны мен банк борышкерден алуға жататын кредит (қарыз) бойынша талап ету құны арасындағы терiс айырма бөлiгiнде банк кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын мынадай ұйымдарға:

      екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретін акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйымға;

      күмәнді және үмітсіз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердің талап ету құқығын сатып алатын банктің еншілес ұйымына;

      егер 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған кредит (қарыз) бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі мәмілеге қатысатын банктердің бірі өзіне қатысты сот шешімімен қайта құрылымдау жүргізілген, дауыс беретін акцияларының тоқсан пайыздан астамы 2013 жылғы 31 желтоқсанда ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк болып табылған және егер басқаға беру жүргізілген кредит (қарыз) бойынша талап ету құқығының құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы немесе шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүргізілген бағалау туралы есепте айқындалған талап ету құқығының нарықтық құнынан төмен болмаған жағдайда, басқа банкке берген;";

      мынадай мазмұндағы 9) және 10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "9) осы Кодекстің 106-бабының 1-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеуші кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең;

      10) осы Кодекстiң 106-бабының 1-3-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) құру бойынша шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешекті және ол бойынша сыйақыны кешіруге байланысты кредиттер (қарыздар) бойынша үмiтсiз берешектің және олар бойынша сыйақының салық кезеңінде кешірілген жалпы сомасының салық кезеңінің басындағы кредиттер (қарыздар) бойынша негізгі борыш сомасына және олар бойынша сыйақыларға арақатынасының ең жоғары мөлшері шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайларда, борышкерге қойылатын талаптар мөлшерi азайтылған кезде бұрын шегерiмдерге жатқызылған провизиялар (резервтер) сомасы осы Кодекстiң 106-бабының 1, 1-1, 1-3, 3 және 4-тармақтарына сәйкес провизияларды (резервтердi) құру жөнiндегi шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн кiрiс деп танылмайды. Бұл ретте мұндай арақатынастың ең жоғары мөлшері 0,1 коэффициентке тең.";

      21) 99-баптың 1-тармағының 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерв активтерін орналастыру нәтижесінде алынған, сондай-ақ қосылу шарты бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын тұрақсыздық айыбы түрінде алған кірістері алып тастауға жатады.

      Осы тармақшаның ережелері көрсетілген кірістер арнайы резервті ұлғайтуға бағытталған жағдайда қолданылады;";

      22) 102-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын;

      "4. Өкілдік шығыстар жұмыскерлердің салық салуға жататын, осы Кодекстің 163-бабының 1-тармағында көрсетілген табыстары бойынша жұмыс берушінің салық кезеңіндегі шығыстары сомасының 1 пайызынан аспайтын мөлшерде шегерімге жатады.";

      23) 106-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша банктердiң талап ету құқықтарын сатып алуға банктiң еншiлес ұйымына берiлген күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктердiң шегеруге құқығы бар.

      Бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын еншiлес ұйымды құруға немесе сатып алуға берiлген рұқсаттар тiзбесi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалады.

      Бұл ретте халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын бас банктен сатып алуға бас банктің еншiлес ұйымға берген күмәндi немесе үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі талаптарына сәйкес шығыстар сомасы шегерiмге жатады.

      Банктердiң еншiлес ұйымдарға күмәндi және үмiтсiз активтер деп танылған кредиттер (қарыздар) бойынша талап ету құқықтарын сатып алуға берген активтерiн күмәндi және үмiтсiз активтер санатына жатқызу тәртiбiн, сондай-ақ бас банктердiң еншiлес ұйымдарға берген активтерiне қарсы провизияларды (резервтерді) қалыптастыру тәртiбiн уәкiлеттi органмен келiсу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi.

      Екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданған, дауыс беретiн акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне тиесiлi ұйымнан сатып алынған күмәндi және үмiтсiз активтерге қарсы провизиялар (резервтер) құру жөніндегі шығыстар сомасын банктер шегерiмге жатқызуға құқылы емес.";

      24) 108-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"108-1-бап. Жер қойнауын пайдаланушының дербес кластерлік қорға ақша аудару жөніндегі шығыстарын шегеру

      Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластеріне қатысушылардың жобаларын қаржыландыру үшін дербес кластерлік қорға ақша аударуға іс жүзінде шеккен шығыстарының сомасын төмендегідей тәртіппен айқындалған, бірақ оң айырма мөлшерінен аспайтын шегерімге жатқызуға құқылы:

      есепті салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің қорытындысы бойынша келісімшарттық қызмет бойынша жылдық жиынтық кірістің бір пайызына тең сома,

      алу

      осы Кодекстің 108-бабына сәйкес есепті салық кезеңінде шегерімге жатқызылған шығыстар.";

      25) 111-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген шығыстар ("Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру бойынша есепке жазылған, бірақ төленбеген сыйақыдан басқа) жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арнап жасалған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша:";

      26) 112-баптың 3-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қазақстандық кадрларды оқытуға:

      Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған сомалар;

      Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға арнап мемлекеттік бюджетке аударылған қаражат;

      тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумағында жер қойнауын пайдалану саласымен тікелей байланысты мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынған және құзыретті органмен келісілген тізбе бойынша сатып алу түрінде Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау мен қайта даярлауды қаржыландыру бөлігінде "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушының міндеттерін орындау мақсатында салық төлеуші іс жүзінде шеккен шығыстар танылады;";

      27) 115-баптың бірінші бөлігінің 14) тармақшасындағы "қосылатын шығындары шегерімге жатпайды." деген сөздер "қосылатын шығындары;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізумен байланысты шығыстар шегерімге жатпайды.";

      28) 133-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "табыстарға азайтуға құқығы бар." деген сөздер "кірістерге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      8) мемлекет атынан алушының:

      мемлекет атынан алушы жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алған пайдалы қазбаларды өткізуден түскен;

      жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеу түріндегі кірістеріне;

      9) мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеу түріндегі кірісіне азайтуға құқығы бар.";

      29) 134-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "түрiндегі табысы" деген сөздер "түріндегі, сондай-ақ депозитте орналастырылған ақшалай қаражат бойынша, оның ішінде соларға байланысты сыйақылар бойынша туындаған оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кету түріндегі кірісі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 143-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) орналастырылған зейнетақы активтері бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін сыйақы, дивидендтер, сондай-ақ орналастырылған зейнетақы активтері бойынша ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, өмірді сақтандыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарына, пайлық инвестициялық және акционерлік инвестициялық қорларға және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін сыйақы;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) жеке тұлғалардың депозиттеріне мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға төленетін сыйақы;";

      31) 150-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйымдар;";

      32) 155-баптың 3-тармағында:

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары және қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқаруымен байланысты оның өміріне және (немесе) денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бөлігінде жұмыс берушімен жасалған аннуитетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру төлемдері;";

      29) тармақшаның бірінші бөлігінің алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "ипотекалық шарт жасалған күні негізгі міндеттемені толық қамтамасыз еткен кепілге салынған мүлік соттан тыс тәртіппен негізгі міндеттеме сомасынан төмен бағамен сауда-саттықта сатылған немесе мұндай мүлік кепілге салынған мүлік сатылғаннан кейін өтелмеген кредиттің (микрокредиттің) сомасына "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепіл ұстаушының меншігіне өткен жағдайларда, кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, оның ішінде негізгі қарыз, сыйақы, комиссия және тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша міндеттемелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тоқтатылған кездегі кіріс.";

      мынадай мазмұндағы 29-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын, 2004 жылғы 1 қаңтар – 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша жинақталған:

      бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

      шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеуі түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;";

      33) 156-баптың 1-тармағы 24) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қызметтік іссапарды ресімдемей:";

      134) 162-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 67-бабының 2-тармағында көзделген жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация салық төленетін жердегі салық органдарына есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей табыс етіледі.";

      1-1-тармақ алып тасталсын;

      35) 180-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жеке тұлғаның шетел валютасымен алған (алуына жататын) мүліктік кірісі мүлікті өткізу бойынша мәміле жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледі.";

      36) 193-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы бөлімнің мақсатында салық салу объектілерін осы Кодекске және Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасына сәйкес түзету кезінде пайда болатын дивидендтерге салық салу кезінде кірісті төлеу деп осы Кодекстің 12-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес кірісті айқындау түсініледі. Бұл ретте корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін осы Кодекстің 149-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім кірісті төлеу күні болып табылады.";

      37) 195-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бейрезидент заңды тұлғаның кірістерінен ұсталатын төлем көзінен корпоративтік табыс салығын салық агенті бюджетке:

      1) осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген жағдайдан басқа кезде, кірістің есепке жазылған және төленген сомалары бойынша – кірісті төлеу жүргізілген ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша;

      2) кірістің есепке жазылған, бірақ шегерімге жатқызу кезінде төленбеген сомалары бойынша – корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, бейрезиденттің кірістері шегерімге жатқызылған корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияда осы Кодекстің 148-бабында белгіленген салық кезеңіндегі соңғы күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс.

      Осы тармақшаның ережесі өтеу мерзімдері корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң басталатын борыштық бағалы қағаздар мен депозиттер бойынша сыйақыларға қолданылмайды. Мұндай жағдайда осы баптың 1-тармағы 1) тармақшасының ережелері қолданылады;

      3) алдын ала төлем төленген жағдайда – төленген алдын ала төлем сомасы шегінде бейрезиденттің кірісі есепке жазылған ай аяқталғаннан кейін күнтізбелік жиырма бес күннен кешіктірмей, кіріс есепке жазылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша аударуға тиіс.";

      38) 201-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кіріс шетел валютасымен төленген кезде төлем көзінен салық салынатын кіріс мөлшері кіріс төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып теңгемен қайта есептеледі.";

      39) 208-бапта:

      4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін бейрезидент заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжат;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көрсетілген резиденттікті растайтын құжатты бейрезидент заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны беру кезінде белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына табыс етеді.";

      40) 212-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бейрезидент осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжатты салық агентіне табыс еткен кезде халықаралық шарт қолданылады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда, мұндай бейрезидент салық агентіне бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған шет мемлекет құжатын (актісін) табыс етеді.";

      41) 212-1-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте түпкілікті (нақты) кіріс алушы (иеленуші) бейрезидент салық агентіне:

      1) делдалмен жасасқан, мұндай тұлғаның деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның атауын, болған кезде инкорпорация еліндегі салықтық тіркеу нөмірін (немесе оған ұқсасты), инкорпорация еліндегі мемлекеттік тіркеу нөмірін (немесе оған ұқсасты) көрсете отырып, мұндай бейрезиденттің сыйақы сомасы көрсетілген шарттың (келісімшарттың) нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, мұндай бейрезидентке кіріс сыйақы түрінде есепке жазылған кезеңдегі оның резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.";

      42) 212-2-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте бейрезидент салық агентіне:

      1) базалық активі эмитент резиденттің акциялары болып табылатын депозитарлық қолхаттарға меншік құқығын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) осы Кодекстің 219-бабының 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, мұндай бейрезидентке кіріс дивидендтер түрінде есепке жазылған кезеңдегі оның резиденттігін растайтын құжатты табыс етуге міндетті.";

      43) 213-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық төлеуші резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.";

      44) 214-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бейрезидент резиденттікті растайтын құжатты корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде тұрақты мекеме орналасқан жердегі салық органына табыс етеді.";

      45) 215-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бейрезидент салық төлеуші резиденттікті растайтын құжатты жеке табыс салығы бойынша декларацияны берген кезде өзі болатын (тұрғылықты) жердегі салық органына табыс етеді.";

      46) 216-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шартты банк салымы ұлттық немесе шетел валютасында ашылады. Шартты банк салымы шетел валютасында ашылған жағдайда, бюджетке табыс салығының және банктік сыйақылардың сомалары бюджетке салық аударылған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтың бағамы бойынша қайта есептелген ұлттық валютада аударылады.";

      47) 219-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бейрезиденттің шет мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес құрылтай құжаттары немесе сауда тiзiлiмiнде (акционерлердiң тiзiлiмiнде немесе бейрезидент тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген өзге де ұқсас құжатта) тiркеу бойынша мiндеттемесі болмаған жағдайда, мұндай бейрезидент бейрезидентті құруға негiз болған, құқықтық (заңдық) күшін мұндай бейрезидент тіркелген шет мемлекеттiң тиiстi органы растаған шет мемлекет құжатын (актісін) қоса береді;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы баптың 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резиденттікті растайтын құжат;";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы бөлімнің ережелерін қолдану мақсатында бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжат кіріс алушы бейрезиденттің Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылатынын растайтын ресми құжатты білдіреді, бұл:

      осындай құжаттың түпнұсқасы;

      осындай құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесі;

      шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылған, резиденттікті растайтын электрондық құжаттың қағаз көшiрмесi түрінде табыс етілуі мүмкін.

      Бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішінде бейрезидент Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.

      Егер резиденттікті растайтын құжатта бейрезиденттің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, бейрезидент осындай құжат берілген (ресімделген) күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті деп танылады.

      Шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылғанды қоспағанда, бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты кіріс алушы бейрезидент резиденті болып табылатын осындай құзыретті орган куәландырады.

      5. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға:

      1) бейрезиденттің резиденттігін растайтын құжатты куәландырған лауазымды адамның қолтаңбасы және органның мөрі;

      2) резиденттікті растайтын құжаттың көшірмелерін нотариат куәландыратын жағдайда, шетелдік нотариустың қолтаңбасы мен мөрі жатады.

      Егер:

      1) резиденттікті растайтын құжат шет мемлекеттің құзыретті органының интернет-ресурсында орналастырылса;

      2) резиденттікті растайтын құжаттарды өзара танудың өзгеше тәртібі:

      Қазақстан Республикасының халықаралық шартында;

      осы Кодекстің 226-бабына сәйкес жүргізілетін өзара келісу рәсімі шеңберінде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің құзыретті органы арасында;

      Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен белгіленсе, осы тармақтың ережелері қолданылмайды.";

      48) 227-1-баптың 4-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының резиденттігін растайтын құжаттың;";

      49) 231-баптың 3-тармағының 25) тармақшасындағы "алуы – өткізу бойынша айналым болып табылмайды." деген сөздер "алуы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 26), 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26) жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға беруі;

      27) салық төлеуші салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның өткізуі;

      28) салық төлеуші салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушының немесе мемлекет атынан алушы осындай өткізуге уәкілеттік берген тұлғаның мұндай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеуді білдіретін комиссиялық сыйақы үшін өткізу бойынша қызметтерді көрсетуі – өткізу бойынша айналым болып табылмайды.";

      50) 237-бапта:

      2-3 және 8-тармақтар алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Электрондық нысанда жазып берілген түзетілген шот-фактурада осы Кодекске сәйкес айқындалатын айналым жасау күні көрсетіледі.";

      12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Электрондық нысанда жазып берілген қосымша шот-фактурада айналым жасау күні көрсетіледі, онда:";

      51) 238-баптың 19-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Шетел валютасымен операция осы бөлімнің мақсатында айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қайта есептеледi.";

      52) 239-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) салық салынатын айналым және қосылған құн салығы бойынша теріс (оң) мәні қамтылған қосымша шот-фактура немесе осы Кодекстің 263-бабы 15-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда бақылау-кассалық машинаның чегi болған кезде жүргізіледі.";

      53) 241-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бапқа сәйкес төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерлемені салық салынатын айналым мөлшеріне қолдану арқылы айқындалады. Алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеу шетел валютасымен жүргізілген жағдайда, салық салынатын айналым осындай айналым жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.";

      54) 244-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "халықаралық теміржол қатынасында, оның ішінде тікелей халықаралық теміржол-паром қатынасында – бірыңғай үлгідегі жүкқұжаты;";

      55) 244-1-баптың 3-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) әуе кемесіне жанар-жағармай материалдары құйылғанын растайтын кеден органының белгісі бар, шетелдік әуе кемесіне май құюға арналған шығыс ордері немесе қойылатын талап, онда мынадай мәліметтер көрсетілуге тиіс:

      авиакомпанияның атауы;

      құйылған жанар-жағармай материалдарының мөлшері;

      әуе кемесіне май құйылған күн;

      әуе кемесі командирінің немесе шетелдік авиакомпания өкілінің және май құюды жүзеге асырған әуежайдың тиісті қызметі қызметкерінің қолтаңбалары.

      Осы тармақшаның ережелері Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік ресімдеу және кедендік бақылау көзделмеген халықаралық ұшуды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпаниялардың әуе кемелеріне май құю кезінде қолданылмайды;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      56) 248-баптың 10) және 20) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) осы Кодекстің 244, 276-12-баптарына сәйкес халықаралық болып табылатын тасымалдауларға байланысты жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді, атап айтқанда: тиеу, түсiру, қайта тиеу (ағызу, құю, өнімді басқа магистральдық құбыржолдарға беру, басқа көлік түріне ауыстыру), Кеден одағының кедендік шекарасын кесіп өту кезінде вагондарды арбаларға немесе жолтабанының ені басқа дөңгелек жұптарға ауыстыру, Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішінде поштаны, сондай-ақ транзиттiк жүктердi жөнелту жөнiндегi жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді; вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін; техникалық және аэронавигациялық қызмет көрсетудің, әуежай қызметінің көрсетілетін қызметтерін; халықаралық рейстерге қызмет көрсету жөнінде теңіз порттарындағы көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

      Жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мақсатында кешенді түрде көрсететін және тасымалдау құжатында тасымалдау процесіне қатысушы ретінде көрсетілген вагондар (контейнерлер) операторы ұсынатын мынадай көрсетілетін қызметтер:

      1) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру жоспарын қалыптастыру және оны тасымалдау процесіне қатысушылар арасында келісу;

      2) вагондарды (контейнерлерді) пайдалануға беру;

      3) жүк тиелген және бос вагондардың (контейнерлердің) іс жүзіндегі қозғалысын орталықтан жедел бақылау және қашықтан басқару арқылы диспетчерлік ету осы бөлімнің мақсатында вагондар (контейнерлер) операторының көрсететін қызметтері болып табылады;";

      "20) төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен берілген ақшалай нысандағы қарыз операциялары;";

      мынадай мазмұндағы 26) және 27) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26) мемлекет атынан алушы үшін:

      жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан өткізушінің өткізуі;

      жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты шығыстарды өтеу;

      27) жер қойнауын пайдаланушыдан салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлғаның шығыстарын өтеу қосылған құн салығынан босатылады.";

      57) 255-баптың 1-тармағы 11) тармақшасы бірінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "өткізілген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамына";

      58) 256-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығы мынадай күндердің:

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алу күнінің;

      шот-фактураны жазып беру күнінің неғұрлым соңғысы тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.";

      3-4-тармақ және 4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-4. Осы Кодекстің 237-бабының 2-тармағында көзделген жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша (осы Кодекске сәйкес шот-фактураны жазып беру талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда) қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.

      4. Егер шот-фактураны жазып беру осы Кодекстiң 263-бабының 7-1-тармағында көзделген жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейiн жүзеге асырылса, қосылған құн салығы шот-фактураны жазып беру күнi тұспа-тұс келетiн салық кезеңiнде есепке жатқызылады.";

      59) 258-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындаған;";

      4 және 4-1-тармақтардағы "1) – 3) және 7)" деген сөздер "1) – 3), 7) және 7-1)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      60) 263-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, шот-фактураны электрондық нысанда:

      1) Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар, кеден өкілдері, кедендік тасымалдаушылар, уақытша сақтау қоймалардың иелері, кеден қоймаларының иелері болып табылатын салық төлеушілер;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды іске асыру үшін қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайлардағы салық төлеушілер;

      3) мониторингке жататын ірі салық төлеушілер;

      4) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қосылған құн салығын төлеушілер жазып беруге міндетті.";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген салық төлеушілер:

      1) ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері болмаған жағдайда шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып береді.

      Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға тиіс;

      2) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде уәкілетті орган растаған техникалық қателіктер туындаған жағдайда шот-фактураны қағаз жеткізгіште жазып береді.

      Техникалық қателіктер жойылғаннан кейін қағаз жеткізгіште жазылып берілген шот-фактура техникалық қателіктер жойылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде электрондық нысанда жазылып берілуге тиіс.";

      14-2-тармақ алып тасталсын;

      15-тармақтың 6) тармақшасындағы "көрсетілген жағдайларда талап етілмейді." деген сөздер "көрсетілген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жағдайларын қоспағанда, төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану арқылы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу жүзеге асырылған жағдайларда талап етілмейді.";

      16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Осы баптың 15-тармағының 1), 2) 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушiге шот-фактура жазып беру талабымен жүгінуге құқылы, ал өнім берушi бұл талапты осы баптың ережелерiн ескере отырып, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы туралы мәліметтерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды сенім білдірілген адамы арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаның немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын дара кәсіпкердің деректемелерін көрсету бөлігінде орындауға мiндеттi.";

      16-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 15-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткiзу орны бойынша айналым жасалған күні немесе одан кешірек, бірақ осы Кодекстің 46-бабының 2-тармағында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.";

      61) 272-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақшада көрсетілген қосылған құн салығы сомасының асып кетуін айқындау кезінде есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасында:

      агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйым жазып берген шот-фактуралар;

      салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалар бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (оның ішінде мұндай пайдалы қазбаларды өткізуге байланысты тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алынбайды.";

      62) 276-1-баптың 1-тармағының сегізінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тараудың мақсаты үшін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шетел валютасындағы құны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналым, салық салынатын импорт жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледі.";

      63) 276-22-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) салық төлеушінің шағымында көрсетілген қосылған құн салығы және акциздер бойынша шағым берудiң қалпына келтiрiлген мерзiмiн ескере отырып, тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және оны қарау мерзiмi кезеңiнде – шағым жасалатын салық кезеңiнде өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.";

      64) 279-баптың бірінші бөлігінің 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) қыздырылатын темекісі бар өнімдер, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотин бар сұйықтық;";

      65) 280-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Кодекстің 279-бабының 1) – 4), 4-1), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:

Р/с №

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)

1

2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдiк пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100% спирт 750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

0 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100% спирт 75 теңге/литр

6.

3003, 3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт 500 теңге/литр

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан, сырадан және сыра сусынынан басқа)

100 % спирт 2550 теңге/литр

8.

2208

Коньяк, бренди

100 % спирт 250 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

57 теңге/литр

13.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

8700 теңге/1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

8700 теңге/1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллалар

6225 теңге/1000 дана

17.

2402-ден

Сигаралар

750 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7345 теңге/килограмм

19.

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702-ден

микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адам тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары

100 теңге/текше см

8703-тен

қозғалтқышының көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

8704-тен

қозғалтқышының көлемi 3000 текше см-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиіндегі моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

0 теңге/1 кг

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

0 теңге/сұйықтық миллилитрі


      ";

      66) 301-баптың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жер қойнауын пайдаланушылық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбалардың экспортқа өткізілетін және мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуге мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға өткізетін көлемдерді қоспағанда, экспортқа өткізілетін шикі мұнайдың және шикі мұнай өнімдерінің, көмірдің көлемі экспортқа рента салығын салу объектісі болып табылады. Осы бөлімнің мақсаты үшін экспорт деп:";

      67) мынадай мазмұндағы 308-2-баппен толықтырылсын:

"308-2-бап. Роялти және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесі жөніндегі салық міндеттемесін заттай нысанда орындау тәртібі

      1. Роялтиді және Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін ақшалай нысанда орындау мынадай шарттар бір мезгілде сақталған кезде:

      1) осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта роялтиді және (немесе) Қазақстан Республикасының өнімді бөлу бойынша үлесін төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда пайдалы қазбаларды жер қойнауын пайдаланушының беруі көзделген;

      2) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған кезде уақытша, толық немесе ішінара заттай нысанға ауыстырылуы мүмкін.

      2. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау үшін:

      1) жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 308-1-бабында көрсетілген, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) және (немесе) Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта не осындай келісімде және (немесе) келісімшартта көзделген өзге де құжатта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыға береді;

      2) мемлекет атынан алушы Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуын ескере отырып, пайдалы қазбаларды дербес немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға арқылы өткізеді;

      3) мемлекет атынан алушы немесе осындай өткізуді жүзеге асыруға мемлекет атынан алушы уәкілеттік берген тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелген мөлшерде ағымдағы төлемдерді айқындайды және бюджетке аударады;

      4) жер қойнауын пайдаланушы, мемлекет атынан алушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша декларацияны (ағымдағы төлемдердің есебін) орналасқан жеріндегі салық органдарына осы Кодексте көзделген тәртіппен және уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша табыс етеді.

      3. Күнтізбелік тоқсан салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушының салық міндеттемесін заттай нысанда орындауы үшін салық кезеңі болып табылады.

      Салықтар бойынша жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда беретін пайдалы қазбаларды іс жүзінде өткізуден алынған ақшаны төлеу бөлігінде күнтізбелік жыл мемлекет атынан алушы үшін салық кезеңі болып табылады.

      4. Салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.

      5. Жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны орналасқан жеріндегі салық органына салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді.

      6. Мемлекет атынан алушы орналасқан жеріндегі салық органына:

      1) салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей табыс етеді.

      Осы Кодекстің 69-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық міндеттемесін заттай нысанда орындау бойынша ағымдағы төлемдердің есебін табыс етуге, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін оны кері қайтарып алуға жол берілмейді;

      2) күнтізбелік жыл үшін салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны есепті күнтізбелік жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

      7. Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ағымдағы төлемдерді қоспағанда, салық кезеңі ішінде мемлекет атынан алушы тоқсан сайын салықтарды заттай нысанда төлеу есебіне ағымдағы төлемдерді айқындайды және салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей оларды бюджетке аударады.

      Алдыңғы салық кезеңдері үшін алынған, бірінші тоқсанда өткізілген пайдалы қазбалар бойынша ағымдағы төлемдер алдыңғы күнтізбелік жылдың төртінші тоқсаны үшін заттай нысандағы ағымдағы төлемдердің қосымша есебінде көрсетілуге жатады және осы баптың 8-тармағында белгіленген мерзімде бюджетке аударылады.

      Ағымдағы төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес өтелуге жататын, осындай өткізу бойынша шығыстар азайтыла отырып, тиісті салық кезеңінде пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақша мөлшерінде бюджетке аударылады.

      8. Салық міндеттемесін заттай нысанда орындау туралы декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірілмейтін мерзімде жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін орындау есебіне алдыңғы күнтізбелік жыл ішінде заттай нысанда берген пайдалы қазбаларды өткізуден алынған ақшаны төлеуді мемлекет атынан алушы жүзеге асырады.

      Заттай нысандағы салық міндеттемесінің күнтізбелік жыл үшін мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.

      9. Төлеу (аудару) кезінде төлем құжаттарында мемлекет атынан алушының атауы мен сәйкестендіру нөмірі де көрсетіледі.

      10. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемінің ақшалай мәнге аударылғандағы мөлшерінде айқындалады.

      11. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі жер қойнауын пайдаланушы үшін салық кезеңінде берілуге жататын пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мен салық кезеңінде нақты берілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Пайдалы қазбалардың физикалық көлемі осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерге (келісімшарттарға), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес айқындалған шартты бағалар қолданыла отырып, ақшалай мәнге аударылады.

      Осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген, өнімді бөлу туралы келісімдерде (келісімшарттарда), Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта шартты бағаларды айқындау тәртібі болмаған жағдайда, мұндай шартты бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес айқындалады.

      12. Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібіне сәйкес есептелетін салық міндеттемесін орындау есебіне заттай нысанда алынған пайдалы қазбалардың есепті күнтізбелік жылда өткізуге жататын физикалық көлемі мен есепті күнтізбелік жылда нақты өткізілген пайдалы қазбалардың физикалық көлемі арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Күнтізбелік жыл бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі бойынша пайдалы қазбалардың физикалық көлемі мемлекет атынан алушы үшін есепті күнтізбелік жылдағы орташа өлшемді нақты баға қолданыла отырып, бірақ осы баптың 11-тармағында көзделген орташа өлшемді шартты бағадан кем болмайтындай ақшалай мәнге аударылады.";

      68) 310-бапта:

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай жер қойнауын пайдалану жөніндегі ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық қаржыландыру (оның ішінде сыйақы жөніндегі) бойынша мiндеттемесiн стратегиялық әріптестің есептен шығаруынан болатын кіріс те келісімшарттық қызмет бойынша кіріс болып табылады.";

      10-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жекелеген келісімшарт бойынша келісімшарттық қызмет бойынша корпоративтік табыс салығын есептеген кезде бөлек салықтық есепке алуды жүргізу мақсатында, өндірілген мұнайды және (немесе), бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) ғана өткен минералды шикізатты өткізуден түскен кіріс, егер осы тармақтың екінші бөлігінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасының сақталуы ескеріле отырып, оларды өткізу бағасының негізінде, бірақ өндірілген мұнайдың, минералды шикізаттың және (немесе) бастапқы қайта өңдеу (байыту) нәтижесінде алынған тауар өнімінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын өзіндік құнынан төмендетілмей айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес ұлттық оператор газды осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген орган бекіткен баға бойынша мемлекеттің басым құқығы шеңберінде сатып алса, онда мұндай газды өткізуден түскен кіріс осы Кодекстің 86-бабына сәйкес айқындалады.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Өндірілген мұнайды және (немесе) бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты кейіннен қайта өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (меншік құқығын ауыстырмай) және (немесе) бір заңды тұлға шеңберінде құрылымдық немесе өзге технологиялық бөлімшеге берген немесе өзінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы осындай операция бойынша кірісті өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, 20 пайызға ұлғайтылған нақты өндірістік өзіндік құны бойынша айқындайды.";

      69) 314-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы және 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы тармақтың 1-1) тармақшасында көрсетілген табиғи газды қоспағанда, шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн – қол қойылатын бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының Қазақстан Республикасының осы мақсаттарға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы бекiткен қорларының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;";

      "2) осы Кодекстiң 338-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – қол қойылатын бонус төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, конкурс шарттары жарияланған немесе Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тiкелей келiссөздер хаттамасына қол қойылған күннiң алдындағы күнi осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.";

      70) 317-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табу бонусын пайдалы қазбаларды өндiруге арналған және (немесе) келісімшарт аумағындағы пайдалы қазбаларды әрбір коммерциялық табу үшін, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргiзу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысындағы табу үшiн бірлескен барлау мен өндiруге арналған келісімшарттар шеңберiнде төлейдi.";

      71) 318-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің мақсаты үшін коммерциялық табу туралы хабарлау тиісті келісімшарт аумағында осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның пайдалы қазба қорларын бекітуін білдіреді.";

      72) 319-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.";

      3-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осындай келісімшарт жасасу кезінде мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптама қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде;

      2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.";

      4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік баланста болған және осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік органның сараптама қорытындысымен расталған пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде;

      2) кен орнына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен осы Кодекске сәйкес коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.";

      5-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттар бойынша салық салу объектісі келісімшарт аумағында жер қойнауын пайдаланушы хабарлаған әрбір коммерциялық табу кезінде, оның ішінде кен орындарына қосымша барлау жүргізу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында табу үшін, бекітілетін пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі мен коммерциялық табу бонусы төленген, алдыңғы бекітілген пайдалы қазба қорларының физикалық көлемі арасындағы оң айырма ретінде айқындалады.";

      73) 320-баптың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шикi мұнай, газ конденсаты және табиғи газ үшiн – коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы күні осы Кодекстiң 334-бабына сәйкес шикi мұнайдың, газ конденсатының және табиғи газдың шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады. Бұл ретте шикi мұнай мен газ конденсатының құнын айқындау үшiн мәнi көрсетiлген күнi ең жоғары болып табылатын, осы Кодекстiң 334-бабының 3-тармағында көрсетiлген шикi мұнайдың стандартты сортының баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi пайдаланылады;

      2) осы Кодекстiң 338-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген пайдалы қазбалар үшiн – коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып, коммерциялық табу бонусы төленген күннің алдындағы күні осы Кодекстiң 338-бабына сәйкес пайдалы қазбаның шетел валютасындағы баға белгіленімінің орташа арифметикалық мәнi негiзiнде айқындалады.";

      74) 323-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кен орындарына қосымша барлау жүргiзу және (немесе) пайдалы қазба қорларын қайта есептеу барысында пайдалы қазбалар табылған кезде – осы мақсаттар үшін уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы кен орнындағы пайдалы қазба қорларының қосымша көлемдерiн бекiткен күннен бастап күнтізбелік 90 күннен кешiктiрiлмей;";

      75) 327-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындар сомасын осы мақсаттар үшін уәкілеттік берілген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептейді және бюджетке:

      1) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу төлемдерін қоспағанда, құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлем түрінде;

      2) мемлекет меншігіндегі геологиялық ақпаратты сатып алу үшін құпиялылық туралы келісімде белгіленген мөлшерде төлем түрінде төлеуге жатады.";

      76) 328-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) егер келісімшарт аумағын геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға мемлекет шеккен тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемнің жалпы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен асатын соманы құраса, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшеріндегі сомаға баламалы сомадан кем болуы мүмкін соңғы үлестің сомасын қоспағанда, тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемді жер қойнауын пайдаланушы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және құпиялылық туралы келісім жасасу күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 2500 еселенген мөлшерінен кем емес сомаға баламалы сомада, ұзақтығы келісімшарттың қолданылу мерзімінен аспайтын, бірақ он жылдан аспайтын кезең ішінде тең үлеспен төлейді.";

      2-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы бапқа сәйкес төлем төлеу тәртібін белгiлеу үшiн төлемнің теңгемен жалпы мөлшерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының осы мақсаттар үшiн уәкiлеттiк берiлген мемлекеттік органы есептеген тарихи шығындар сомасы жер қойнауын пайдаланушы коммерциялық табудан кейiн өндiрудi бастаған есептi тоқсанның бірiншi күнiнің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi, ал 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған, жер қойнауын пайдаланушы 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн пайдалы қазбаларды өндiруге кiрiскен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюджетке өтелмеген сома 2009 жылғы 1 қаңтардың алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеледi;

      2) тарихи шығындардың бюджетке өтелмеген шетел валютасындағы сомасын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес төлеуге жататын тоқсан сайынғы төлемдердiң сомасына тең бөлу мақсатында тарихи шығындардың көрсетiлген сомасы мұндай күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарының алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша әрбір күнтiзбелiк жылдың басында теңгемен қайта есептеледi.";

      77) 334-бапта:

      3-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шикi мұнай мен газ конденсатының әлемдiк бағасы салық кезеңіндегі бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.":

      бесінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Е – тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;";

      4-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Табиғи газға әлемдiк баға халықаралық өлшем бірлiктерiн бекітілген коэффициентке сәйкес текше метрге ауыстыруды ескере отырып, салық кезеңiндегі бағалардың шетел валютасындағы күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде төменде келтірілген формула бойынша айқындалады.";

      төртінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Е – тиiстi салық кезеңiндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;";

      78) 338-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиісті салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтіндісі ретiнде төменде келтiрiлген формула бойынша айқындалады.";

      төртінші бөліктің бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Е – тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;";

      алтыншы бөліктің бірінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алтынға, платинаға, палладийге орташа биржалық баға салық кезеңiндегі бағалардың күн сайынғы орташаландырылған белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:";

      "Е – тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;";

      сегізінші бөліктің бірінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Күмiске орташа биржалық баға салық кезеңiндегі күмiске бағалардың күн сайынғы белгіленімдерінің орташа арифметикалық мәнi мен тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамының көбейтiндiсi ретiнде мынадай формула бойынша айқындалады:";

      "Е – тиiстi салық кезеңіндегі валюта айырбастаудың орташа арифметикалық нарықтық бағамы;";

      79) 342-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "342-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері

      1. Кең таралған пайдалы қазбаларға және емдік балшықтарға пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері мынадай мөлшерлерде белгіленеді:

Р/с №

Пайдалы қазбалардың атауы

Мөлшерлемелер, %-бен

1

2

3

1.

Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикiзат, қалыптық құм, құрамында глиноземі бар жыныстар (далалық шпат, пегматит), әктастар, доломит, әктасты-доломит жыныстары, тамақ өнеркәсiбi үшін әктас

2,5

2.

Кенге жатпайтын өзге шикiзат, отқа төзімді саз, каолин, вермикулит, ас тұзы

4,7

3.

Жергілікті құрылыс материалдары, вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар), құрамында су бар вулкандық шыны және шыны тектес жыныстар (перлит, обсидиан), ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы, гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа, саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар), бор, мергель, мергельдi-бор жыныстары, кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит), кварцты-далалық шпат жыныстары, шойтас, шөгiндi, атқылаудан кейiнгi және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр), қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-далалық шпат), құм тас, табиғи пигменттер, ұлутас

5,6

4.

Емдік балшықтар

10,6


      2. Жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелері өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын бір айлық есептік көрсеткіштің мынадай мөлшерінде белгіленеді:

Р/с №

Пайдалы қазбалардың атауы

Мөлшерлемелер, АЕК-пен

1

2

3

1.

Осы кестенің 2-12-жолдарында көрсетілген жерасты суларын қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушы өндірген жерасты суы

1,000

2.

Табиғи монополия субъектісі болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес су тұтынушыларға және сумен жабдықтау жөніндегі ұйымдарға сумен жабдықтау қызметтерін көрсету үшін пайдаланған жерасты суы

0,001

3.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасына сәйкес сумен жабдықтау қызметтерін көрсететін табиғи монополия субъектісіне өткізген жерасты суы

0,001

4.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол:



4.1.

пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде және (немесе) ол басқа жер қойнауын пайдаланушыға пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру (оның ішінде бастапқы қайта өңдеу) және қайта өңдеу кезінде соңғысы пайдалану үшін көлемі есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен келісілген құжатта көрсетілген, сумен жабдықтау жүйелері бойынша іс жүзінде берілген су шегінде пайдаланған жерасты суы

0,003

4.2.

жұмыс беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыскерлерге санитариялық-гигиеналық еңбек жағдайларын жасау жөніндегі міндеттерді орындау үшін, оның ішінде санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды (кір жуатын, әжетхана, жуынатын, шомылатын орындарды) қамтамасыз ету үшін пайдаланған жерасты суы

0,003

5.

Өндірістік-техникалық жерасты сулары

0,003

6.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ол медициналық қызметті, жұмыскерлердің, олардың отбасы мүшелерінің, өзара байланысты тараптардың жұмыскерлері мен олардың отбасы мүшелерінің демалысын ұйымдастыру жөніндегі қызметті, сондай-ақ жұмыскерлердің қоғамдық тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін осы Кодекстің 97-бабында айқындалған әлеуметтік сала объектілерін іске қосу кезінде ол пайдаланған жерасты суы

0,003

7.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өңірдің әлеуметтік саласын дамыту жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерді орындау шеңберінде жүзеге асырылатын әлеуметтік сала объектілерін күтіп-ұстау үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

8.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмыскерлердің жұмыс өндірісі объектісінде болу кезеңінде тамақтануын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындау үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

9.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) оны қайта өңдеу үшін пайдаланған жерасты суы

0,003

10.

Санаторий-курорттық ұйым (санаторий, профилакторий) болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасына сәйкес санаторий-курорттық емдеу жөніндегі қызметтер көрсету үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

11.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес балаларға арналған сауықтыру лагері болып табылатын жер қойнауын пайдаланушы өндірген және балаларға арналған сауықтыру лагерінің жұмыс істеу мақсаттары үшін ол пайдаланған жерасты суы

0,003

12.

Жер қойнауын пайдаланушы өндірген және алкоголь өнімін, тамақ өнімін және (немесе) алкогольсіз сусындар өндіру үшін ол пайдаланған минералды жерасты суы, шаруашылық-ауыз су жерасты суы (4.2., 6, 7, 8, 9, 10, 11-жолдарда көрсетілген мақсаттарға пайдаланылған жерасты суын қоспағанда)

0,250


      3. Өндірілген жерасты суын бөлек есепке алу болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгіленген жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемелерін қолдану мақсатында мөлшерлеменің ең үлкен мөлшері қолданылады.";

      80) 346-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"346-бап. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеу тәртiбi

      1. Осы Кодекстің 302-бабының 2-тармағында және 330-бабының 3-тармағында белгіленген жағдайларда, салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығын, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне пайдалы қазбаларды заттай нысанда Қазақстан Республикасына беруге міндетті.

      2. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеудің ақшалай нысанын ауыстыру уақытша, толық немесе iшiнара жүргізілуі мүмкін.

      3. Заттай нысанда төленетін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшері осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мөлшерлерде ақшалай мәнде есептелген осы салықтар мен төлемдердің сомасына баламалы болуға тиіс.

      Міндеттемені орындау есебіне жер қойнауын пайдаланушы заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау, оны ақшалай мәнде есептеу, сондай-ақ оларды өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген міндеттемені заттай нысанда орындау тәртібімен жүзеге асырылады.

      4. Салық төлеушінің осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын заттай нысанда төлеуі көзделетін қосымша келісім жасалған кезде онда:

      1) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін мемлекет атынан алушы;

      2) салық төлеуші пайдалы қазбаларды өндіру салығы, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығы түрінде Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазба көлемдерін жеткізу пункті, шарттары және мерзімдері міндетті түрде көрсетіледі.

      5. Осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығын және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығын төлеу есебіне заттай нысанда берілетін пайдалы қазбаларды салық төлеушінің беру мерзімдері осы Кодексте белгіленген осы салықтар мен төлемдерді ақшалай нысанда төлеу мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.

      6. Мемлекет атынан алушы пайдалы қазбаларды өндіру салығының, шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының тиесілі сомасын осы Кодексте белгіленген осы төлемдерді төлеу мерзімдерінде ақшалай нысанда бюджетке аударады.

      7. Мемлекет атынан алушы салық төлеушінің пайдалы қазбалардың тиiстi көлемін өзіне уақтылы әрі толық беруiне бақылауды дербес жүзеге асырады.

      Салық төлеуші Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының бюджетке толық әрі уақтылы аударылуына салық төлеуші пайдалы қазбалардың тиісті көлемдерін нақты тиеп жөнелткен күннен бастап мемлекет атынан алушы жауапты болады.

      8. Салық төлеуші және мемлекет атынан алушы осы Кодексте белгіленген пайдалы қазбаларды өндіру салығының және шикі мұнай, газ конденсаты бойынша экспортқа рента салығының мөлшерлері және оларды заттай нысанда төлеу (беру) мерзімдері туралы есептілікті орналасқан жеріндегі салық органдарына осы Кодексте белгіленген мерзімдерде және уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша табыс етеді.";

      81) 357-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шағын бизнес субъектілеріне және ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимдерін қолданатын дара кәсіпкерлерді, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында көрсетілген салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында аталған төлеушілер үшін төлеушілердің өздерін қоса алғанда, жұмыскерлер саны әлеуметтік салық салу объектісі болып табылады.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында және 2-тармағында аталған төлеушілер, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілерге және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында аталған салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлер үшін жұмыс берушінің осы Кодекстің 163-бабының 2-тармағында айқындалған табыстар түрінде резидент жұмыскерлерге, осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 19), 20) және 21) тармақшаларында айқындалған кірістер түрінде бейрезидент жұмыскерлерге төлейтін шығыстары, сондай-ақ егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 191-бабының 7-тармағында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері салық салу объектісі болып табылады.";

      82) 358-бапта:

      2-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасындағы "кәсіпкерлерге қолданылмайды." деген сөздер "кәсіпкерлерге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) осы баптың 3-1-тармағында аталған салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.";

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Тек қана осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында көзделген қызметті жүзеге асыратын, жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті қолданатын ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер әлеуметтік салықты 6,5 пайыз мөлшерлеме бойынша есептейді.";

      83) 359-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"359-бап. Әлеуметтік салықты есептеу тәртібі

      1. Осы Кодекстің 358-бабының 3 және 3-1-тармақтарында аталған тұлғаларды қоспағанда, осы Кодекстің 355-бабы 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында аталған төлеушілер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер салық кезеңі үшін әлеуметтік салықты есептеуді осы Кодекстің 358-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 357-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.

      2. Осы Кодекстің 358-бабының 3-тармағында аталған төлеушілер салық кезеңі үшін әлеуметтік салықты есептеуді осы тармақта белгіленген мөлшерлемені осы Кодекстің 357-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.

      3. Осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында аталған төлеушілер салық кезеңі үшін әлеуметтік салықты есептеуді осы тармақта белгіленген мөлшерлемелерді осы Кодекстің 357-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.

      4. Арнаулы салық режимдерiн қолданатындарды, сондай-ақ осы Кодекстің 358-бабының 3-1-тармағында аталған салық төлеушілерге жататын дара кәсіпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар әлеуметтiк салықты есептеуді осы Кодекстiң 358-бабының 2-тармағында белгiленген мөлшерлемелерді осы Кодекстің 357-бабының 1-тармағында айқындалған әлеуметтік салық салу объектісіне қолдану арқылы жүргізеді.

      5. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтiк салық сомасы есептелген әлеуметтік салық пен "Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтiк аударымдар сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

      Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы есептелген әлеуметтік салық сомасынан асып кеткен кезде бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасы нөлге тең деп есептеледі.

      6. "Инновациялық технологиялар паркi" арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйымдар әлеуметтiк салықты осы Кодекстiң 151-4-бабының 5-тармағында белгiленген ережелердi ескере отырып есептейдi.";

      84) 364-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төлеушiлер жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны орналасқан жеріндегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын табыс етеді.";

      1-1-тармақ алып тасталсын;

      85) 366-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "кемелері салық салу объектілері болып табылмайды." деген сөздер "кемелері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнайы автомобильдер салық салу объектiлерi болып табылмайды.";

      86) 367-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің кестесіндегі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2.

Мүлік салығын салу объектілері болып табылатындарды қоспағанда, жүк көтергiштiгi мынадай жүк, арнайы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):



1 тоннаға дейiн қоса алғанда

3

1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаға дейін қоса алғанда

5

1,5 тоннадан жоғары 5 тоннаға дейін қоса алғанда

7

5 тоннадан жоғары

9


      ";

      87) 396-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "объектілері салық салу объектілері болып табылмайды." деген сөздер "объектілері;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) концессия объектiлерінің құны 50 000 000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен асып кеткен жағдайда, иелік ету, пайдалану құқықтары тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ерекше маңызды концессиялық жобалар бойынша қолжетімділік үшін төлемақы қолданыла отырып, концессия шарты бойынша берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектілері болып табылмайды.";

      88) 397-баптың 4-тармағының бесінші бөлігі алып тасталсын;

      89) 427-баптың 7-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацындағы "шығыстары қаралмайды." деген сөздер "шығыстары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасы қарастырылмайды.";

      90) 439-баптың 1-1-тармағының 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет түрлерін ғана, сондай-ақ көрсетілген қызметте шаруа немесе фермер қожалықтары бұрын пайдаланған активтерін өткізуді жүзеге асырса;

      3) осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмаса, шаруа немесе фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимін қолданады.";

      91) 448-баптың 1-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың талабы ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және омарта шаруашылығы өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімін қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.";

      92) 450-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте:

      1) жаңадан ашылған (пайда болған, құрылған) салық төлеушілер үшін – әділет органдарында заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу немесе салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу күні;

      2) жаңадан ашылғандарды (пайда болғандарды, құрылғандарды) қоспағанда, салық төлеушілер үшiн – қолданылатын салық салу режимi туралы хабарлама табыс етілген жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың бірінші күні арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні болып табылады.";

      93) 465-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "кеден органдары ұстаған тауарларды өткізу;";

      94) 472-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мынадай:

      1) алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

      Бұл ретте төленген алым сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды аталған тұлғаның лицензия алуға құжаттарды табыс етпегенін растайтын, лицензиар берген құжатты табыс еткеннен кейін алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша олар төленген жердегі салық органы осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.

      2) алым осы Кодекстің 471-бабы кестесінің 1.88 және 1.88-1-жолдарында көрсетілген қызметпен айналысу құқығы үшiн қате немесе артық төленген жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.

      Бұл ретте қате немесе артық төленген алым сомасын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төленген жердегі салық органы осы Кодекстің 599, 601 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізеді.";

      95) 534-баптың 1-тармағында:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдегені үшін;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдағаны және келіскені үшін;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан кету және Қазақстан Республикасына келу құқығына виза бергені, оны қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;";

      96) 538 және 544-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"538-бап. Қазақстан Республикасының визаларын берген, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеген, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеген және келіскен, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiрген немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатқан кездегiмемлекеттiк баж мөлшерлемелері

      Қазақстан Республикасының визаларын беруге, Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдеуге, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеуге және келісуге, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiруге немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға байланысты әрекеттер жасағаны үшiн мынадай мөлшерде мемлекеттік баж алынады:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға мынадай құқыққа виза бергенi, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшiн:

      Қазақстан Республикасынан кетуге – 50 пайыз;

      Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 700 пайыз;

      көп рет Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге – 3000 пайыз;

      2) Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуге құжаттарды ресімдегені үшін – 100 пайыз;

      3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдегені, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскені үшін – әрбір шақырылатын адам үшін 50 пайыз;

      4) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу, Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру, Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату туралы құжаттарды ресiмдегенi үшiн – 100 пайыз.";

"544-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдеген кезде мемлекеттiк баж төлеуден босату

      1. Мемлекеттік баж төлеуден:

      1) жаппай қуғын-сүргiн, күштеп ұжымдастыру кезеңдерiнде, адамгершілікке жат өзге де саяси акциялар салдарынан Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар және олардың ұрпақтары – Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін;

      2) оралмандар Қазақстан Республикасының азаматтығын алу туралы құжаттарды ресімдегені үшін босатылады.

      2. Аталған мемлекеттiк баж төлеуден босату бiр рет берiледi.";

      97) мынадай мазмұндағы 544-1-баппен толықтырылсын:

"544-1-бап. Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының визаларын берген, қалпына келтірген немесе ұзартқан кезде мемлекеттік баж төлеуден босату

      Мемлекеттік баж төлеуден:

      1) Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын келіскен кезде:

      Қазақстан Республикасымен консулдық алымдарды алудан өзара бас тарту туралы келiсiм бар елдердiң жеке және заңды тұлғалары;

      мыналарға:

      Қазақстан Республикасына баратын шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;

      шетелдік инвесторларға;

      этникалық қазақтарға;

      өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша шақыруларды келісу туралы өтінішхат беруші қабылдаушы тұлғалар;

      2) мыналарға:

      Қазақстан Республикасына келетін шетелдік ресми делегациялардың мүшелеріне және олармен бірге жүретін адамдарға;

      Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетіндерге;

      Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген гуманитарлық көмекпен Қазақстан Республикасына жіберілген шетелдіктерге;

      этникалық қазақтарға;

      өзара түсіністік қағидаты негізінде 16 жасқа дейінгі балаларға;

      шетелде тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасына жақын туыстарының жерлеуіне баратын, бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болған адамдарға;

      шетелдік инвесторларға Қазақстан Республикасының аумағында шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визаларды бергені, қалпына келтіргені немесе ұзартқаны үшін;

      3) Қазақстан Республикасы консулдық мекемелерінің, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері жіберген қателері бар бастапқы визалардың орнына қайтадан визалар бергені үшін босатылады.";

      98) 549-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"549-бап. Жалпы ережелер

      Консулдық алым – Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі консулдық әрекеттер жасағаны және заңдық маңызы бар құжаттарды бергені үшін шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан, бейрезидент шетелдік заңды тұлғалардан, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан алатын төлем.";

      99) 551-баптың 1-1) тармақшасы алып тасталсын;

      100) 553-бапта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары мен дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің шақыруын қабылдағаны және келіскені үшін;";

      6) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының коммерциялық емес ұйымдары мен мемлекеттік кәсіпорындары ұйымдастыратын республикалық және халықаралық маңызы бар іс-шараларға (симпозиумдарға, конференцияларға және өзге де саяси, мәдени, ғылыми және спорттық іс-шараларға) қатысу үшін Қазақстан Республикасына баратын шетелдіктерге;";

      101) 557-бапта:

      3-тармақта:

      11) тармақшаның екінші бөлігі алып тасталсын;

      18) тармақшадағы "Ұлттық Банкіне береді." деген сөздер "Ұлттық Банкіне;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау кезінде уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Апелляциялық комиссияның мүшелеріне береді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салық құпиясын:

      осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық органдарының лауазымды адамдары;

      Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес мәліметтерді үшінші тұлғаларға беруге Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарды қоспағанда, осы бапта белгіленген тәртіппен салық органдарынан салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметті алған Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары, Апелляциялық комиссияның мүшелері жария етпеуге тиіс.";

      102) 558-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салықтық зерттеп-тексеруді жүргізуге қатысу үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен куәгерлер тартылады.";

      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "қажеттілік салықтық зерттеу үшін негіз болып табылады." деген сөздер "қажеттілік;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген хабарламаны орындамаған салық төлеушінің, сондай-ақ осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттілігі салықтық зерттеп-тексеруді жүргізу үшін негіз болып табылады.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Салықтық зерттеп-тексеру кезінде болмау себептері туралы жазбаша түсіндірмеге осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері міндетті түрде қоса беріледі.";

      103) 566-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу деректерін өзгерту

      1. Тіркеу деректерін өзгертуді салық органы:

      1) дара кәсіпкер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс еткен хабарлама;

      2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу есебі туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.

      2. Дара кәсіпкер осы баптың 1-тармағында көрсетілген хабарламаны тұрған жеріндегі салық органына өзінің тіркеу деректері және (немесе) бірлескен кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етуге міндетті.

      3. Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда табыс етуге міндетті.

      4. Тіркеу деректерін өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген хабарламаны алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      5. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін табыс етілген салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

      Салық органдары осы Кодекстің 565-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.";

      104) 568-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 15000 еселенген мөлшерін құрайды.";

      105) 569-бапта:

      1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген салықтық өтінішке осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген құжаттарды қоса береді.";

      3-тармақтың 3) және 3-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген құжаттар табыс етілмесе;

      3-1) салық төлеуші әрекетсіз не осы Кодекстің 73-74-баптарында белгіленген тәртіппен салықтық есептілікті табыс етуді тоқтата тұрған салық төлеуші болып табылса;";

      106) 571-бапта:

      4-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде заңды тұлғаны қайта тіркеу жарамсыз деп танылған;";

      6) тармақша алып тасталсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады." деген сөздер "бастап;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) салық органы соттың заңды тұлғаны қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген шешімін алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.";

      6-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 4-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған тұлғалар үшін – осы шешім шығарылған күннен бастап;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) осы баптың 4-тармағының 5-1) тармақшасында аталған тұлға үшін – заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді, заңды тұлғалардың қызметін тоқтатуды мемлекеттік тіркеуді, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді, есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органында қайта тіркелген күннен бастап;";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда – осы Кодекстің 37, 37-2, 41 және 42-баптарында көрсетілген құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш не қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;";

      107) 573-баптың 5-тармағының 3) тармақшасындағы "6)," деген цифр алып тасталсын;

      108) 574-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 1-тармағының 1), 2), 5) (темекі өнімдерін өндіруді қоспағанда), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей табыс етілетін, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын тәртіппен жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде жүргізіледі.";

      5-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 4-тармағында көрсетiлген хабарлама салық органына мынадай:";

      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) хабарлама берілген күннен бастап;";

      109) 581-бапта:

      1) тармақшаның бірінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін сақтауға арналған банктік шоттардан, бейрезидент заңды тұлғалардың, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарынан, шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарынан, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға арналған банктік шоттардан, нотариус депозиті шарттарында ақшаны есепке жатқызуға арналған ағымдағы шоттардан, эскроу-шоттардан басқа, бейрезидентті қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ретінде тіркеу есебінде тұрған жеке тұлғаға, шетелдік пен азаматтығы жоқ адамға банктік шоттар ашқан кезде не банктің қайта ұйымдастырылуына байланысты банктік шоттағы жеке сәйкестендіру коды өзгерген кезде уәкілетті органды көрсетілген шоттардың ашылғаны не өзгергені туралы олар ашылған не өзгерген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, хабарлардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін телекоммуникациялар желісі бойынша беру арқылы хабардар етуге міндетті.";

      "Көрсетілген шоттардың ашылғаны не өзгергені туралы мұндай электрондық байланыс арналары арқылы хабардар ету техникалық проблемалар салдарынан мүмкін болмаған кезде хабарлама салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жеріндегі салық органына үш жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жіберіледі;";

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға банктік шоттардың бар екендігі, нөмірлері туралы және бұл шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент жеке тұлғалардың, бейрезидент заңды тұлғалардың, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;

      1-2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша банктік шоттардың бар екендігі, нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе шет мемлекеттiң уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғалардың басқаруындағы өзге мүліктің бар екендігі, түрі және құны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға;"

      110) 81-тараудың 8-параграфы мынадай мазмұндағы 583-1-баппен толықтырылсын:

"583-1-бап. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие, инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері

      1. Бағалы қағаздарды номиналды ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандар, бірыңғай тіркеуші, брокерлер және (немесе) дилерлер:

      1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға, бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар екендігі, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуға;

      2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға ашылған, бағалы қағаздарды есепке алуға арналған шоттардың бар екендігі, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздардың қалдықтары және қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

      2. Инвестициялық портфельді басқаратын кастодиандар:

      1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға, бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бейрезиденттер бенефициарлық меншік иелері болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі бағалы қағаздарды қоспағанда, өзге активтердің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсынуға;

      2) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша, шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың 1-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, өзге активтердің бар екендігі туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

      3. "Өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары:

      1) телекоммуникациялар желiсі арқылы уәкілетті органға бейрезидент жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді ұсынуға;

      2) уәкілетті органның сауалы бойынша шет мемлекеттің уәкілетті органы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберген сұрау салуында көрсетілген жеке тұлғалар пайда алушылар болып табылатын, жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттары туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.

      4. Осы баптың 1, 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылады.

      111) 586-баптың 1-тармағында:

      бірінші бөліктің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) салық төлеушінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      112) 588-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Міндеттемелерді ұлғайтуды немесе азайтуды қамтитын:

      тексеру нәтижелері бойынша;

      тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары бойынша есепке жазылған сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомасы болып табылады.";

      113) 589-баптың 6-тармағында:

      бірінші бөліктің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) салық есептілігін ұсыну күнінің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып есептелген, азайтылған сомалар;

      2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттарының негізінде төленген сомалар ұлттық валютада жүргізіледі.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын;

      "Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотындағы есептелген немесе азайтылған соманы салық есептілігін ұсынған және салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді төлеген күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруінен жеке шотта туындаған айырма сомасына түзетуді жүргізеді. Түзету мөлшері төлеу жасалған күннің алдындағы соңғы жұмыс күні айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданыла отырып айқындалады.";

      114) 591-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салық төлеушінің (салық агентінің) жеке шотында салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы", "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес аударымдардың және (немесе) жарналардың есепке жазылған сомаларын есепке алу:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қарау қорытындылары жөніндегі хабарламалардың негізінде жүргізіледі.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламалар бойынша есепке жазылған соманы (бұдан әрі осы баптың мақсатында – есепке жазылған сома) есепке алу салықтық тексеру аяқталған күн көрсетіле отырып және осы Кодекстің 93-тарауында белгіленген тәртіппен шағым беру мерзімдері ескеріле отырып жеке шотта жүргізіледі.";

      115) мынадай мазмұндағы 605-1-баппен толықтырылсын:

"605-1-бап. Соттың шешімімен электрондық аукциондар қорытындысының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару

      1. Уәкілетті заңды тұлға өткізген электрондық аукцион қорытындысының соттың заңды күшіне енген шешімімен күші жойылған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару уәкілетті заңды тұлғаның уәкілетті орган бекіткен нысандағы салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсатында – қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі.

      Қайтаруға арналған өтінішке:

      1) заңды күшіне енген сот актісінің көшірмесі;

      2) уәкілетті заңды тұлғаның салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленгені туралы төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі.

      2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, өсімпұлдың, айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды төленген жердегі салық органы қайтаруға өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде уәкілетті заңды тұлғаның банктік шотына ұлттық валютада жүргізеді.";

      116) 607-баптың 2-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындысы жөніндегі – шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;";

      117) 608-баптың 6-тармағы "салық органы" деген сөздерден кейін "электрондық тәсілмен не" деген сөздермен толықтырылсын;

      118) 609-бапта:

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері мынадай:

      1) банкрот деп танылған жағдайда – салық төлеушіні банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;

      2) оңалту рәсімі қолданылған жағдайда – оңалту жоспарын бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;

      3) төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді сот бекіткен жағдайда – осындай келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап;

      4) банктер, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда – мәжбүрлеп тарату туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) және 3) тармақшаларында айқындалған жағдайларда, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесінің сомасы бойынша және (немесе) төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылғаннан кейін туындаған салық төлеушінің салық міндеттемелері бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы тараудың ережелеріне сәйкес қолданылады.";

      3-2-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.";

      119) 610-бапта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Салықтарды (төлем көзінен ұсталатын салықтардан және акциздерден басқа) төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады. Салық төлеушіге қатысты "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімі қолданылған жағдайда, салықтарды төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімі өзгерген кезде өсімпұл есепке жазылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 15-тармақпен толықтырылсын:

      "15. Өсімпұл:

      1) сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау жөнінде ұйғарым шығарған;

      2) оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген;

      3) сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім қабылдаған күннен бастап бересі сомасына есепке жазылмайды.

      Бұл ретте:

      1) салық төлеушіні банкрот деп танудан бас тарту туралы соттың шешімі заңды күшіне енген жағдайда – сот банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау жөнінде ұйғарым шығарған күннен бастап;

      2) оңалту жоспарын бекітуден бас тарту туралы соттың ұйғарымы заңды күшіне енген жағдайда – оңалту рәсімін қолдану туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;

      3) салық төлеуші "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде төлем қабілетсіздігін реттеу туралы келісімді жасаспаған не сот осындай келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда – сот төлем қабілетсіздігін реттеу рәсімін қолдану туралы шешім шығарған күннен бастап өсімпұлды есепке жазу қайта басталады.";

      120) 613-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеушi (салық агентi) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасағанда жүргiзедi. Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда салық органы шектеуді осы Кодекстiң 607-бабы 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген салық берешегiн өтеу туралы хабарламаны жiбермей:

      осы Кодекстің 93-тарауында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағым берген күннен бастап;

      салық төлеушіні (салық агентін) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесінен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүргізеді;";

      3-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген жағдайда – осы Кодекстiң 93-тарауында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) шағымданатын салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мен өсімпұлдардың;";

      10-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) уәкілетті органның шешім шығару немесе тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінің күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда – осындай шешім шыққан немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей;

      3) салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға өз шағымын қайтарып алған жағдайда – осындай шағым қайтарып алынған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлiкке билiк етуді шектеу туралы шешiм мен уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.";

      121) 614-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау жағдайларынан басқа, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндiрiп алу шараларын қолдануды бастағанға дейiн салық төлеушiге (салық агентіне) осы Кодекстiң 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жiберiледi.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) салық төлеушіге қатысты оңалту рәсімін қолдану – оңалту туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарым шығарған күннен бастап қолданылмайды;";

      122) 617-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер салық төлеушінің бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын, мүлік тізімдемесі актісінде көрсетілген, билік ету шектелген мүліктің жалпы теңгерімдік құны, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аз болатын жағдайларды қоспағанда, осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоттарында және оның дебиторларының банктік шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және (немесе) оның дебиторларының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.";

      123) 618-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"618-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі

      Салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізуді уәкілетті заңды тұлға сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырады.

      Салық төлеуші және (немесе) үшінші тұлға кепілге қойған мүлікті, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) билік ету шектелген мүлкін өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      124) 623-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық табысы неғұрлым көп, бір мезгілде мынадай талаптарға сай келетін коммерциялық ұйымдар болып табылатын:

      1) барлық активтерінің теңгерімдік құнының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 325000 еселенген мөлшерін құрайтын;

      2) жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын ірі салық төлеушілер мониторингтеуге жатады.

      Осы баптың мақсаттары үшін:

      1) осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, жылдық жиынтық табыс мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады;

      2) активтердің теңгерімдік құны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың алдындағы жыл үшін жылдық қаржылық есептілік деректері негізінде айқындалады;

      3) жұмыскерлерінің саны мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі бекітілуге жататын жылдың бірінші тоқсанының соңғы айы үшін жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның деректері негізінде айқындалады.

      Осы тармақта белгіленген шарттардың сақталуына қарамастан:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орган мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта) көрсетілген, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық табысқа ие және (немесе) көрсетілген келісімдерге (келісімшарттарға) сәйкес мұнай-газ конденсаты кен орнында қызметін жүзеге асыратын сенім білдірілген тұлға (оператор) және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы (жер қойнауын пайдаланушылар);

      2) ірі салық төлеушілер тізбесі қолданысқа енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 қазанында мониторингке жататын жер қойнауын пайдаланушы мынадай:

      кең таралған пайдалы қазбаларды және жерасты суларын барлауға, өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда, жер қойнауын пайдаланушымен пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт жасалған;

      жер қойнауын пайдаланушы өңірлік даму жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес қала құраушы заңды тұлғалар санатына жатқызылған, шарттарға сәйкес келетін жер қойнауын пайдаланушы ірі салық төлеушілер мониторингіне жатады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесіне:

      1) осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген шарттарға сәйкес келетін ірі салық төлеушілердің ішінен, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетуді есепке алмағанда, неғұрлым көп жиынтық жылдық табысқа ие алғашқы үш жүз ірі салық төлеуші;

      2) осы баптың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салық төлеушілер кіреді.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесі, көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде қалыптастырылады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.";

      125) 627-бапта:

      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген салық төлеушіден (салық агентінен) қосымша мәліметтер алу үшін жүзеге асыратын тексеру.";

      5-тармақтың 2) тармақшасының он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) шағымында жазылуы;";

      9-тармақтың 2) тармақшасында:

      бірінші бөліктің жиырма екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты – осы шағымда жазылған мәселелер бойынша;";

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте, бұрын тексерілген кезеңдегі жоспардан тыс тексерулер салық төлеушінің (салық агентінің) өз өтініші бойынша, қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кетуін қайтару туралы талап бойынша, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында көзделген негіздер бойынша немесе салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасауына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.";

      126) 629-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Салықтық тексеруді жүргізу мерзімінің өту барысы салық төлеушіге (салық агентіне) салық органының мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну туралы талаптарын табыс ету күні мен салық төлеушінің (салық агентінің) салықтық тексеру жүргізу кезінде сұрау салынған мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну күні арасындағы, сондай-ақ басқа аумақтық салық органдарына, мемлекеттік органдарға, банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға салық органының сұрау салуы жіберілген күн мен аталған сұрау салу бойынша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды алған күн арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      Салықтық тексеру мерзімінің өту барысы шетел мемлекеттеріне ақпарат беру туралы сұрау салу жіберілген күн мен ол бойынша салық органдарының халықаралық келісімдерге сәйкес мәліметтер алған күн арасындағы уақыт кезеңіне де тоқтатыла тұрады.

      Салықтық тексеру мерзiмiнің өту барысы салық төлеушiге (салық агентiне) салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету күні мен салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексерудің алдын ала актісіне қарсылық берген күннің, сондай-ақ салық органы салық төлеушiнің (салық агентiнің) салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын алған күн мен осындай қарсылыққа шешім шығарылған күннің арасындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      Бұл ретте салықтық тексеруді жүзеге асыратын салық органы құқықтық статистика органына хабарлай отырып, салық төлеушіге (салық агентіне) тоқтата тұру немесе қайта бастау күнінен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, салықтық тексеруді тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы хабарламаны қолын қойғызып табыс етуге немесе оған хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберуге міндетті.";

      5-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      4-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-2) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымында жазылған мәселелер бойынша тақырыптық тексерулер;";

      6) тармақшадағы "жағдайда салықтық тексеру мерзіміне кірмейді." деген сөздер "жағдайда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) салық төлеушiге (салық агентіне) салықтық тексерудің алдын ала актісі ұсынылған, сондай-ақ салық органы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салықтық тексерудің алдын ала актiсіне салық төлеушiнің (салық агентінің) жазбаша қарсылығын қараған жағдайларда салықтық тексеру мерзiмiне кiрмейдi.";

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген салықтық тексерулер үшін тоқтата тұру мерзімі салықтық тексеру мерзіміне қосылады.";

      127) мынадай мазмұндағы 636-1-баппен толықтырылсын:

"636-1-бап. Салықтық тексерудің алдын ала актісі

      Осы Кодекстің 637-бабында көзделген салықтық тексеру актісі жасалғанға дейін салық органының лауазымды адамы салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етеді.

      Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн салықтық тексерудің алдын ала актiсі деп Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес тексеруші жасаған салықтық тексерудiң алдын ала нәтижелерi туралы құжат түсініледі.

      Бұл ретте салық төлеушi салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беруге құқылы.

      Осы баптың ережелері қолданылатын салық төлеушiлердiң санаттарын, сондай-ақ салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс етудің, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық берудің, сондай-ақ осындай қарсылықты қараудың тәртiбі мен мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді.";

      128) 644-баптың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) салық төлеушінің жауапты адамы – салық төлеуші не салық төлеушімен еңбек қатынасында тұрған немесе сенімхат, шарт негізінде немесе өзге де заңды негізде оның атынан әрекет ететін, бақылау-касса машинасын қолдана отырып, сатып алушымен (клиентпен) ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыратын және оның жұмыс істеуіне жауап беретін адам;";

      129) 645-баптың 1-тармағында:

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі қызмет түрлерінің тізбесін белгілейді, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар оларды жүзеге асыруы кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануды қамтамасыз етуге міндетті.";

      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қызмет түрлерінің тізбесі, сондай-ақ оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.";

      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыруға жатады.";

      130) 653-бапта:

      5-1, 5-2, 5-3, 5-4, 5-6, 5-7 және 5-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімінің импортын жүзеге асыратын тұлға Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалануы туралы міндеттемесін ұсынады.

      5-2. Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде импорттаушының есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесіне ұсынылады.

      5-3. Импорттаушы Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін ұсынбаған жағдайда импорттаушыға есепке алу-бақылау маркалары берілмейді.

      5-4. Импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесі уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесінің уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу жолымен, сондай-ақ импорттаушының таңдауы бойынша мынадай тәсілдердің кез келгені:

      а) банк кепілдігі;

      б) кепілгерлік;

      в) мүлік кепілі арқылы қамтамасыз етіледі.";

      "5-6. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шоты Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттауды жүзеге асыратын тұлғаның ақша салуына арналған.

      Уақытша ақша орналастыру шотына ақша салу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

      5-7. Импорттаушы Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде ақшамен қамтамасыз етілген есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындамаған жағдайда уәкілетті органның облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша аумақтық бөлімшесі бес жұмыс күні өткеннен кейін уақытша ақша орналастыру шотынан ақшаны бюджет кірісіне аударады.

      5-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның уақытша ақша орналастыру шотына салынған ақшаны қайтару (есепке жатқызу) импорттаушының Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін орындағаны туралы есебі ұсынылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) акциздiк және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнiмiн импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн уәкілетті орган бекiтедi;";

      131) 666-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"666-бап. Жалпы ережелер

      1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым беру және қарау осы Кодекстің 667 – 675-баптарында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

      2. Салық төлеуші (салық агенті) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға сотқа шағым жасауға құқылы.";

      132) 667-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салық төлеушiнің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымы салық төлеушiге (салық агентіне) хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкілетті органға берiледi.

      Бұл ретте салық төлеушi (салық агентi) салықтық тексеруді жүргiзген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылықтарын қараған салық органдарына шағымның көшiрмесiн жiберуге тиiс.

      Уәкілетті органға шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:

      1) өзi келіп ұсыну тәртібімен – уәкілетті органның шағымды алған күні;

      2) поштамен – поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.";

      2-тармақ және 3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхаты бойынша шағымды қараушы уәкілетті орган бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.

      3. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында оған қатысты салықтық тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол бар болған жағдайда) еңбекке уақытша жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы салық төлеушінің (салық агентінің) өтінішхатын салық төлеуші (салық агенті) шағым мен өтінішхатты осы баптың 3-тармағында көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырады.

      5. Уәкілетті органға шағым берген салық төлеуші (салық агенті) осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымды кері қайтарып алуы осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзім сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.";

      133) 668-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шағым берілетін уәкілетті органның атауы;";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) актінің және шағым жасалған хабарламаның көшірмелері;";

      134) 669-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті орган:";

      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті орган шағым келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi (салық агентiн) шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық төлеушіні (салық агентін) шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етеді.

      3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы, егер салық төлеушi (салық агентi) жол берiлген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстiң 667-бабының 1-тармағында белгiленген мерзiм шегiнде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.";

      135) 670-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"670-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау тәртібі

      1. Салық төлеушiнiң (салық агентінің) шағымы бойынша – шағым тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша, осы Кодекстің 672-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым тiркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде уәжді шешiм шығарылады.

      2. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде тақырыптық тексеру, сондай-ақ осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен қайта тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.

      3. Шағым салық төлеуші (салық агенті) шағымданатын мәселелер шегінде қаралады.

      4. Салық төлеуші (салық агенті) шағымды қарауға салықтық тексеру барысында көрсетілмеген құжаттарды ұсынған жағдайда салық органы мұндай құжаттардың дұрыстығын тақырыптық тексеру барысында анықтауға құқылы.

      5. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда:

      1) салық төлеушіге (салық агентіне) және (немесе) салықтық тексеру жүргізген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылығын қараған салық органдарына шағымда жазылған мәселелер бойынша жазбаша нысанда қосымша ақпарат не түсініктеме беру туралы сұрау салулар жіберуге;

      2) мемлекеттік органдарға, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға осындай органдар мен ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;

      3) шағымда жазылған мәселелер бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) кездесулер өткізуге;

      4) салықтық тексеру жүргізуге қатысқан және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушiнің (салық агентiнің) қарсылығын қараған салық органдарының қызметкерлерінен туындаған мәселелер бойынша қосымша ақпарат және (немесе) түсініктеме сұратуға құқылы.

      6. Уәкілетті органның шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын адамдарға қандай да бір ықпал етуіне тыйым салынады.";

      136) 671-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

      1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымдарды қарау үшін уәкілетті орган Апелляциялық комиссия құрады.

      Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.

      Шағымды қарау аяқталған соң уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, уәждi шешiм шығарады.

      2. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары бойынша уәкілетті орган мынадай шешімдердің бірін шығарады:

      1) шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарлама – өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

      2) тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған хабарламаның толық немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.

      3. Шағым бойынша шешім жазбаша нысанда салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiберіледi немесе қолын қойғызып табыс етіледі, ал көшiрмесi салықтық тексеру жүргізген және салықтық тексерудің алдын ала актісіне салық төлеушінің (салық агентінің) қарсылығын қараған салық органдарына жіберіледi.

      4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда салықтық тексеру жүргізген салық органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны осы Кодекстің 607-бабында белгіленген мерзімде салық төлеушіге (салық агентіне) жібереді.

      5. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.";

      137) 672-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе) ұзарту

      1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

      1) тақырыптық және қайта тақырыптық тексеру жүргізілгенде – уәкілетті орган аяқталған тексеру актісін алған күннен бастап он бес жұмыс күніне;

      2) мемлекеттік органдардың, шетел мемлекеттерінің тиісті органдарының және өзге де ұйымдардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мұндай органдарға және ұйымдарға сұрау салу жіберілгенде – жіберілген әрбір сұрау салу бойынша жауап алынған күннен бастап он бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.

      2. Уәкілетті орган тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің тоқтатыла тұратыны туралы салық төлеушіні (салық агентін) тексеру тағайындалған және (немесе) сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда хабардар етеді.

      3. Осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

      1) салық төлеуші (салық агенті) шағымға толықтыруларды ұсынғанда – он бес жұмыс күніне ұзартылады.

      Бұл ретте, осы Кодекстің 670-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтырулар берудің әрбір жағдайында осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;

      2) уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда – тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.

      Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда уәкілетті орган салық төлеушіге (салық агентіне) шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарлама жібереді.";

      138) 673-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"673-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

      Уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелері бойынша шешімінде:

      1) шешім қабылданған күн;

      2) салық төлеушінің (салық агентінің) шағымы жіберілген уәкілетті органның атауы;

      3) шағым берген салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы;

      4) салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі;

      5) тексеру нәтижелері туралы шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;

      6) шағымның мәні;

      7) шағым бойынша шешім шығару кезінде уәкілетті орган басшылыққа алған, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасалған негіздеме көрсетілуге тиіс.";

      139) 674-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"674-бап. Уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз)берудің салдарлары

      Уәкілетті органға немесе сотқа салық төлеушінің (салық агентінің) шағым (арыз) беруі тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуын тоқтата тұрады.

      Уәкілетті органға шағым берген кезде тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуы шағым бойынша шешім шығарылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Салық төлеуші (салық агенті) сотқа арыз берілген жағдайда тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігіндегі орындалуы сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.";

      140) 675-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"675-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

      1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде қажет болған жағдайда тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.

      2. Тақырыптық тексеру тағайындау туралы құжат тексерілуге жататын мәселелер көрсетіле отырып, жазбаша нысанда ресімделеді.

      Бұл ретте тақырыптық тексеруді жүргізу, шағым жасалған салықтық тексеруді жоғары тұрған салық органы жүргізген жағдайды қоспағанда, нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына тапсырылмайды.

      3. Тақырыптық тексеру осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізіледі. Бұл ретте тақырыптық тексеру салық органы осындай тексеру жүргізу туралы құжатты алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс.

      4. Деректер жеткілікті айқын болмаған немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын тексерілген мән-жайлар мен құжаттарға қатысты тақырыптық тексерудің барысында жаңа мәселелер туындаған кезде уәкілетті орган қайта тексеруді тағайындауға құқылы.

      5. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім тақырыптық тексерудің және (немесе) қайта тақырыптық тексерудің нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган мұндай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік уәжді болуға тиіс.";

      141) 94-тарау алып тасталсын.

      3. 2010 жылғы 30 маусымдағы "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 11, 102-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122, 123-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 52-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат):

      1) мазмұнында:

      19-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-тарау. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі";

      174-баптың тақырыбы алып тасталсын;

      181 және 182-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:

      "181-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

      182-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдарлары";

      2) 8-баптың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда радиациялық бақылау жүргізуді;";

      3) 16-баптың 3-тармағы 5) тармақшасындағы "импорттаушылар бойынша ақпарат береді." деген сөздер "импорттаушылар бойынша;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымды қарау кезінде Апелляциялық комиссия мүшелеріне ақпарат береді.";

      4) 40-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "тексеріп қарау орны периметрі бойынша сары түсті бояумен белгіленген (сызылған) болуы және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;";

      5) 44-баптың бірінші бөлігі 8) тармақшасындағы "хабардар етуге міндетті." деген сөздер "хабардар етуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) уақытша сақтау қоймасына орналастыру үшін тауарларды көлік құралдарынан түсіру қажет болған кезде қоймаға орналастыру мақсаты үшін тасымалдаушы түсіру жұмыстарының басталуын тауарға ілеспе құжаттарды табыс еткен кезден бастап төрт сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде қамтамасыз етуге міндетті.";

      6) 47-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "тексеріп қарау орындары периметрі бойынша сары түсті бояумен белгіленген (сызылған) болуға және бейнебақылау құралдары үшін көрінбей қалатын аймақтар (учаскелер) болмауға тиіс;";

      7) 62-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушіде бір жыл ішінде 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 534, 548, 549, 550, 551, 552, 558-баптары бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енген қаулының болмауы;";

      8) 63-бапта:

      2-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне заңды тұлғаның сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған, бірақ уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы өтініш тіркелген күнге дейінгі бес жылдан аспайтын кезең үшін осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан, сондай-ақ өтініш берушінің осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігіне осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Егер бұрын көшпелі кедендік тексеру жүргізілген және осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптардың сақталуы тексерілген жағдайда уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге өтінішке сәйкес мұндай талаптардың сақталуын тексеру алдыңғы көшпелі кедендік тексеру аяқталған күннен бастап уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізуге өтініш тіркелген күнге дейін қамтитын уақыт кезеңіне ғана жүргізілетін көшпелі кедендік тексеру шеңберінде жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) уәкiлеттi экономикалық операторында 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 527, 534, 543, 548, 549, 550, 551, 552, 558-баптары бойынша бір жыл ішінде екіден көп әкімшілік жаза қолдану туралы заңды күшіне енген қаулы болған;";

      9) 65-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Уәкілетті экономикалық оператордың халықаралық тасымалдайтын көлік құралын белгілеу мақсатында, мұндай көлік құралында кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітетін танымдық белгі пайдаланылады.";

      10) 132-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптар бойынша талап қоюдың өту мерзімі кедендік бақылау жүргізу, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан кейінгі кезеңде төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедендік тексеру нәтижелеріне, сондай-ақ кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану кезеңінде өтіп кеткен жағдайда, талап қоюдың өту мерзімі кеден органының кедендік бақылау нәтижелері бойынша шығарған шешімі орындалғанға дейін, оның ішінде тауарлар шығарылғаннан, шағым (арыз) қаралғаннан кейін ұзартылады.";

      11) 141-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың сомасын ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:

      кедендік бақылау нәтижелері бойынша;

      кеден органының және (немесе) кеден органы лауазымды адамының шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) және кеден ісі саласындағы уәкілетті органның тексеру нәтижелері туралы хабарламасына және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламасына төлеушінің шағымын (арызын) жоғары тұрған кеден органының не соттың қарау қорытындылары бойынша;

      бақылаушы органдардың тексеру нәтижелері бойынша;

      алдын ала шешім қабылдау кезінде;

      тауарлар мен көлік құралдарын кедендік алып жүру туралы шешім қабылдау кезінде кеден органы алған сома кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың есептелген сомасы болып табылады.";

      12) 164-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген жағдайда кеден органы тексеру нәтижелері туралы хабарламаны төлеушіге табыс еткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей шектеу қояды.";

      8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) төлеушінің шағымын қараған кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешім шығарған немесе шағым жасалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоятын сот актісі заңды күшіне енген жағдайда – осындай шешім шығарылған немесе осындай сот актісі күшіне енген күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, мүлiкке билiк етудi шектеу туралы шешiм мен осындай шешімнің негізінде жасалған мүлік тізімдемесі актісінің күшін жояды.";

      13) 167-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Егер төлеушінің мүлік тізімдемесі актісінде көрсетілген бухгалтерлік есеп деректерінің негізінде айқындалатын билік етілуі шектелген мүлкінің жалпы теңгерімдік құны республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аз болған жағдайларды қоспағанда, төлеушінің банктік шоттарында ақшасы, қолма-қол ақшасы және оның дебиторларының банктік шоттарында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда кеден органдары төлеушінің келісімінсіз оның билік етілуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.";

      14) 173-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға (осы тараудың мақсатында бұдан әрі – хабарлама) шағым жасау осы бөлімде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес хабарламаға сот тәртібімен шағым жасауға құқылы.";

      15) 174-бап алып тасталсын;

      16) 175-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "175-бап. Шағым беру тәртібі мен мерзімдері

      1. Шағым кеден ісі саласындағы уәкілетті органға хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде берiледi.

      Бұл ретте шағымның көшiрмесi хабарламаны шығарған кеден органына жiберілуге тиiс.

      Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым беру күнi оны беру тәсiлiне қарай:

      1) өзi келіп ұсыну тәртібімен – кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды алған күні;

      2) поштамен – поштаның немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдау туралы белгiсi қойылған күн болып табылады.

      2. Осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді дәлелді себеппен өткізіп алған жағдайда шағым беруші тұлғаның өтінішхаты бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бұл мерзімді қалпына келтіруі мүмкін.

      3. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру мақсатында өзіне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаның, сондай-ақ шағым берген тұлға басшысының және (немесе) бас бухгалтерінің (ол болған жағдайда) еңбекке уақытша жарамсыздығын дәлелді себеп ретінде таниды.

      Осы тармақтың ережелері өздеріне қатысты кедендік тексеру жүргізілген жеке тұлғаларға, сондай-ақ ұйымдық құрылымында жоғарыда көрсетілген тұлғалар болмаған кезде оларды ауыстыратын тұлғалардың болуы көзделмейтін, осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға қолданылады.

      Бұл ретте шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхатқа осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңін растайтын құжат және шағым берген тұлғаның ұйымдық құрылымын белгілейтін құжат қоса берілуге тиіс.

      4. Шағым берудің өткізіп алған мерзімін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның қалпына келтіруі туралы өтінішхаты осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға шағым мен өтінішхатты осы баптың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың еңбекке уақытша жарамсыздық кезеңі аяқталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей берген жағдайда ғана қанағаттандырылады.

      5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым берген тұлға осы шағым бойынша шешім қабылданғанға дейін оны өзінің жазбаша өтініші негізінде кері қайтарып ала алады.

      Шағымды қайтарып алу осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімдер сақталған жағдайда оны қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.

      Осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар көшпелі кедендік тексеру жүргізу тағайындалған күннен бастап шағым бойынша шешім шығарылған күнге дейінгі кезеңде шағымды кері қайтарып алуды жүргізуге құқылы емес.";

      17) 176-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шағым берілетін кеден ісі саласындағы уәкілетті органның атауы;";

      5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) актінің және шағым жасалған хабарламаның көшірмесі;";

      18) 177, 178, 179, 180, 181 және 182-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

"177-бап. Шағымды қараудан бас тарту

      1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган:

      1) шағым осы Кодекстің 175-бабында белгіленген шағым жасау мерзімі бұзыла отырып берілген;

      2) шағымның нысаны мен мазмұны осы Кодекстің 176-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) шағымды осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында аталмаған тұлға берген;

      4) осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берген жағдайларда шағымды қараудан бас тартады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды берген тұлғаға шағым тiркелген күннен бастап он жұмыс күнi ішінде шағымды қараудан бас тарту туралы жазбаша нысанда хабарлайды.

      Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган тұлғаның сотқа жүгіну фактісі анықталған күннен бастап он жұмыс күнi ішінде шағымды берген тұлғаға шағымды қараудан бас тарту туралы мұндай бас тартудың себебiн көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.

      3. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды қараудан бас тартуы тұлғаны осы Кодекстiң 175-бабында белгiленген мерзiм шегiнде шағымды қайта беру құқығынан айырмайды.

178-бап. Шағымды қарау тәртібі

      1. Осы Кодекстің 180-бабына сәйкес шағымды қарау мерзімдерін ұзарту және тоқтата тұру жағдайларын қоспағанда, шағым бойынша шағым тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдары бойынша – шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәжді шешім шығарылады.

      2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау кезінде осы Кодекстің 221-бабында белгіленген тәртіппен жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру тағайындауға құқылы.

      Шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 180-бабында айқындалған тәртіппен ұзартылуы және (немесе) тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Шағым жасалған мәселелер шегінде қаралады.

      Осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар шағымды қарауға өздері тексеру барысында ұсынбаған құжаттарды ұсынған жағдайда кеден органы мұндай құжаттарды қарау кезінде тағайындалған көшпелі кедендік тексеру барысында олардың анықтығын айқындауға құқылы.

      Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау кезiнде:

      1) шағым берген тұлғаға және (немесе) кеден органына шағымда жазылған мәселелер бойынша қосымша ақпаратты не түсіндірмелерді жазбаша нысанда беру туралы сұрау салулар жіберуге;

      2) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына мұндай органдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша сұрау салулар жіберуге;

      3) шағымда жазылған мәселелер бойынша шағым берген тұлғамен кездесулер өткізуге;

      4) кеден органдарының тексеруді жүргізуге қатысқан лауазымды адамдарынан туындаған мәселелер бойынша түсіндірмелер сұратуға құқылы.

      Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды қарау бойынша өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде оның қызметiне араласуға және шағымды қарауға қатысы бар адамдарға қандай да бiр ықпал етуге тыйым салынады.

179-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

      1. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау үшін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Апелляциялық комиссияны құрады.

      Апелляциялық комиссияның құрамын және ол туралы ережені уәкілетті орган айқындайды.

      Шағымды қарау аяқталғаннан кейін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган Апелляциялық комиссияның шешімін ескере отырып, жазбаша нысанда уәжді шешім шығарады.

      2. Шағымды қарау қорытындылары бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мына шешiмдердiң бiрiн шығарады:

      шағым жасалған хабарлама – өзгерiссiз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;

      шағым жасалған хабарламаның толықтай немесе оның бір бөлігінің күші жойылсын.

      3. Шағым бойынша шешім шағым берген тұлғаға жазбаша нысанда жіберіледі немесе табыс етіледі, ал көшірмесі хабарлама шығарған кеден органына жіберіледі.

      4. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда, хабарлама шығарған кеден органы хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және оны шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды берген тұлғаға жібереді. Хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарламаның нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

      Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шешімі кеден органдарының орындауы үшін міндетті.

180-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру және (немесе)ұзарту

      1. Шағымды қарау мерзімі мынадай жағдайларда:

      1) шағымды қарау барысында тағайындалған жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру жүргізілген жағдайда – кеден ісі саласындағы уәкілетті орган аяқталған тексеру актісін алған күннен бастап он бес жұмыс күніне;

      2) мемлекеттік органдарға, сондай-ақ осындай органдардың және ұйымдардың құзыретіндегі мәселелер бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарға сұрау салулар жіберілген жағдайда – жіберілген әрбір сұрау салу бойынша жауаптар алынған күннен бастап он бес жұмыс күніне тоқтатыла тұрады.

      2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау мерзiмiн тоқтата тұру туралы көрсетілген мерзімді тоқтата тұру себептерiн көрсете отырып, сұрау салу жіберілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағымды берген тұлғаға жазбаша нысанда хабарлайды.

      3. Осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген шағымды қарау мерзiмi мынадай жағдайларда:

      1) осы Кодекстің 173-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлға шағымға толықтыруларды ұсынғанда – он бес жұмыс күніне ұзартылады.

      Бұл ретте осы Кодекстің 178-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шағымға кейіннен толықтыруларды берудің әрбір жағдайында осы тармақшада көрсетілген мерзімге ұзартылады;

      2) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым жасалған мәселені қосымша зерделеу қажет болған жағдайда – тоқсан жұмыс күніне дейін ұзартады.

      Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағымды қарау мерзімін ұзартқан жағдайда, шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген тұлғаға хабарлама жіберіледі.

181-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

      Кеден ісі саласындағы уәкілетті органның шағымды қарау нәтижелерi бойынша шешiмiнде:

      1) шешім қабылданған күн;

      2) шағым жіберілген кеден ісі саласындағы уәкілетті органның атауы;

      3) шағымды берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не оның толық атауы;

      4) сәйкестендіру нөмірі;

      5) шағым жасалған хабарламаның қысқаша мазмұны;

      6) шағымның мәні;

      7) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган шағым бойынша шешiм шығару кезiнде басшылыққа алған Кеден одағы кеден заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме көрсетiлуге тиiс.

182-бап. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) берудің салдары

      1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға немесе сотқа шағым (арыз) беру хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуын тоқтата тұрады.

      2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті органға шағым берген кезде хабарламаның шағым жасалған бөлiгiнде орындалуы шағым бойынша жазбаша шешiм шыққанға дейiн тоқтатыла тұрады.

      Сотқа арыз берілген жағдайда хабарламаның шағым жасалған бөлігінде орындалуы сот арызды іс жүргізуге қабылдаған күннен бастап сот актісі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.";

      19) 192-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Радиациялық бақылауды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тауарлар мен көлік құралдары өткізілетін өзге де орындарда орналасқан кеден органдары радиациялық бақылаудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, автоматты түрде не қолмен тексеру режимінде жүргізеді.";

      20) 204-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Кедендік тексеріп қарау жүргізу жөніндегі нұсқаулықты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      21) 205-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Кедендік тексеріп қарау жөніндегі нұсқаулықты кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.";

      22) 252-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, тауарларды келу орнынан кеден органы белгілеген орынға жеткізу, егер мұндай тауарлар келген орнында өзге кедендік рәсіммен орналастырылмаса немесе оларға қатысты Кеден одағының кеден заңнамасында көзделген өзге де кедендік операциялар жасалмаса, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.";

      23) 284-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"284-бап. Декларант

      1. Мыналар:

      1) Кеден одағына мүше мемлекеттің:

      сыртқы экономикалық мәміле жасасқан тұлғасы не оның атынан (тапсырмасы бойынша) осы мәміле жасалған;

      сыртқы экономикалық мәміле болмаған кезде тауарларды иемдену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығы бар тұлғасы;

      2) шетелдік тұлғалар:

      жеке пайдалануға арналған тауарларды алып өтетін жеке тұлға;

      осы Кодекстің 52-тарауына сәйкес кедендік жеңілдіктерді пайдаланатын тұлға;

      Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағында белгіленген тәртіппен құрылған өкілдігі бар ұйым, – уақытша әкелу, кері экспорт кедендік рәсімдерін, сондай-ақ осындай өкілдіктердің жеке мұқтаждықтары үшін әкелінетін тауарларға ғана қатысты ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімін мәлімдеген кезде;

      Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы мәміле тараптарының бірі болып әрекет ететін, мәміле шеңберінен тыс тауарларға билік ету құқығы бар тұлға;

      3) кедендік транзит кедендік рәсімін мәлімдеу үшін – осы баптың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар, сондай-ақ:

      тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;

      экспедитор, егер ол Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы болып табылса, декларанттар бола алады.

      2. Осы баптың мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәміле деп Кеден одағына мүше мемлекеттің тұлғасы мен шетелдік тұлға арасында жасалған мәміле, сондай-ақ Кеден одағына мүше түрлі мемлекеттердің тұлғалары арасында жасалған, оның негізінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізілетін мәміле түсініледі.";

      24) 319-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Егер әуе кемесі халықаралық рейс жасау уақытында келген жерінде тауарларды ішінара тиемей (түсірмей) аралық немесе мәжбүрлі түрде (техникалық жағдаймен) қонса, кедендік транзит әуе көлігімен тасымалданатын тауарларға қатысты қолданылмайды.

      Егер осындай қолданудың қажеттілігі тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде айқындалған жағдайларды қоспағанда, бір елді мекеннің әкімшілік-аумақтық шекарасы шегінде орналасқан келу орнынан уақытша сақтау орнына дейін тасымалданатын шетел тауарларына қатысты кедендік транзит қолданылмайды.

      Халықаралық пошта жөнелтілімдерімен, құбыржол көлігімен және электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит осы Кодексте белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.

      Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарларға қатысты кедендік транзит ерекшеліктері Кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартында айқындалады.

      Теңiз көлiгiмен өткiзiлетiн тауарларға қатысты, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Кеден одағына мүше бiр ғана мемлекеттiң аумағы арқылы өткiзiлетiн тауарларды тасымалдау кезiнде кедендiк транзиттiң ерекшеліктерін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";

      25) 321-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) орналасқан тауарлар келу орнынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеткізу орнына әуе көлігімен өткізілсе;";

      26) 439-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Үшінші тұлғаларға және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға сұрау салу жіберілген жағдайда кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті қарау мерзімін ұзартуға, бірақ үш айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. Бұл ретте мерзімді осындай ұзарту туралы ақпарат өтініш берушіге үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.".

      4. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 285-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы";

      2) 194-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді және (немесе) аударымдарды қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның төлем карточкаларын пайдалана отырып, оларды қабылдаудан бас тартуы –

      ескерту жасауға алып келеді.";

      3) 285-баптың үшінші бөлігі 8) тармақшасындағы "орындамауы –" деген сөздер "орындамауы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) банк шоттарының бар-жоғы (ашылуы), нөмірлері және осы шоттардағы ақша қалдықтары туралы, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе бейрезидент жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ бенефициарлық меншік иесі бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғалардың басқаруындағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді, сол сияқты мемлекеттік кірістер органдарының сұрау салуы бойынша да мәліметтерді телекоммуникациялар желісі арқылы ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –";

      4) 16-тарау мынадай мазмұндағы 285-1-баппен толықтырылсын:

"285-1-бап. Бағалы қағаздардың номиналдық ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, сақтандыру ұйымдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы

      1. Бағалы қағаздардың номиналды ұстаушысы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығына ие кастодиандардың, бірыңғай тіркеушінің, брокерлердің және (немесе) дилерлердің бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға ашылған бағалы қағаздарды есепке алу үшін шоттарының бар-жоғы туралы, сондай-ақ осы шоттардағы бағалы қағаздар қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      2. Бейрезидент жеке тұлғаларға, бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезидент болып табылатын заңды тұлғаларға тиесілі, осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілгендерді қоспағанда, кастодиандардың, инвестициялық портфельді басқарушылардың активтерінің бар-жоғы туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.

      3. "Өмірді сақтандыру" саласында қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдарының жасалған жинақтаушы сақтандыру шарттар бойынша пайда алушылары бейрезидент жеке тұлғалар болып табылатын шарттар туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы, дұрыс немесе толық ұсынбауы –

      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.";

      5) 720-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік кірістер органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1 (осы бұзушылықтар салық бойынша аудит жүргізілген кезде жасалған болса), 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 280-1, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 285-1, 286, 287, 288, 460-1 (бірінші бөлігінде), 460-2, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 473, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557, 558 және 571-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.".

      5. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18, 21-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 65-құжат; № 12, 87-құжат):

      50-бапта:

      4-тармақтың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-3) банктің мемлекеттік кірістер органдарына шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын және (немесе) ірі қатысушылары шет мемлекеттің резиденттері (салық төлеушілері) болып табылатын банк депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнің банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), иелерi мен нөмiрлерi туралы, сондай-ақ осы шоттар мен банктің өз шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысы, банк операциялары туралы мәліметтерді және мемлекеттік кірістер органдарының Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген міндеттерді жүзеге асыруы үшін қажетті өзге де ақпаратты ұсынуы;";

      мынадай мазмұндағы 6-5-тармақпен толықтырылсын:

      "6-5. Банктік шоттарының бар-жоғы (ашылғаны), нөмірлері туралы және осы шоттардағы ақша қалдықтары, сондай-ақ өзге де мүліктің, оның ішінде металл шоттарда орналастырылған немесе басқарудағы мүліктің бар-жоғы, түрі және құны туралы мәліметтерді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:

      1) бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;

      2) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынады.

      Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысанын уәкілетті органмен келісім бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.".

      6. "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат):

      18-баптың 1-тармағы 9) тармақшасындағы "ұсынуға міндетті." деген сөздер "ұсынуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) жеке тұлғалардың мәмілелері мен шарттары жөніндегі мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті. Бұл ретте көрсетілген мәліметтерді ұсыну нотариаттық әрекеттер құпиясын жария ету болып табылмайды.".

      7. "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 20, 720-құжат; 2004 ж., № 5, 27-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; 2010 ж., № 15, 71-құжат; № 22, 128-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 65-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 19-I, 101-құжат; № 23-I, 169-құжат):

      1) 7-баптың 10-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Лицензия алынған (жаңартылған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, этил спиртін (коньяк спиртін қоспағанда), арақтар мен айрықша арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.";

      2) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.".

      8. "Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2003 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 88-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 23-I, 169-құжат):

      1) 1-бапта:

      1-1)1-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды (бұдан әрі – ДСН-коды) – өндірілетін және импортталатын темекі өнімдеріне берілетін сәйкестендіру нөмірі;

      1-2) есепке алу-бақылау маркасы – темекi өнiмдерiн есепке алу және олардың айналымын бақылауды жүзеге асыру мақсатында темекi өнiмдерiн сәйкестендiруге арналған қажеттi қорғау дәрежелерi бар арнаулы бiржолғы жапсырма қағаз;

      1-3) қорап – картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi өнiмiнiң белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi;

      1-4) орам – белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi;

      1-5) сәйкестендiру – белгiлi бiр өнiмдi өндiру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзiне ұқсас өнiмнiң арасында айырым белгілерi бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм;";

      мынадай мазмұндағы 1-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-6) таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) темекi өнiмдерi – шегу, сору, шайнау немесе иіскеу үшін пайдаланылатындай етіп жасалған шикізат материалы ретінде толығымен немесе ішінара темекі жапырағынан дайындалған өнімдер;";

      2) 3-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеуді қамтиды.";

      3) 4-баптың 4-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-2) фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;";

      4) 5-бап мынадай мазмұндағы 5-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-5) темекі өнімдеріне арналған ДСН-кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      5) 11-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Темекі өнімдерінің өндірісін және (немесе) импортын жүзеге асыратын тұлғалар темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) импорттауды жүзеге асыруды бастағанға дейін темекі өнімдеріне ДСН-кодтарын беру қағидаларында айқындалған тәртіппен өтінімді жіберуге міндетті.".

      9. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат):

      43-бапта:

      1-тармақтағы "Осы баптың 2 және 3-тармақтарында" деген сөздер "Осы бапта" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Бейрезидент жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:

      1) бейрезидент жеке тұлғаларға және бейрезидент заңды тұлғаларға, сондай-ақ бенефициарлық меншік иелері бейрезиденттер болып табылатын заңды тұлғаларға;

      2) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес жолданған шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген жеке және заңды тұлғаларға қатысты ұсынылады.

      Осы тармақта көрсетілген мәліметтерді ұсынудың тәртібін, мерзімін және нысанын, уәкілетті органмен келісу бойынша салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.".

      10. "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 17-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 14, 117-құжат; 2013 ж., № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 172-құжат):

      1) 3-бап мынадай мазмұндағы 2-4-тармақпен толықтырылсын:

      "2-4. Салық салу және кедендік реттеу мәселелері бойынша шағымдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      2) 14-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өтінішті қарауды тоқтату туралы өтініш білдіруге құқығы бар.".

      11. "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар):

      9-баптың 4-тармағының 1) тармақшасы алып тасталсын.

      12. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 23, 113-құжат; 2009 ж., № 13-14, 63-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 101-құжат; № 22, 132-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 94-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 11, 63-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат):

      1) 49-баптың 1) тармақшасында:

      жетпіс бірінші абзацтағы "бөлшектерден басқа, одан әрі өткізуге арналған тауарларға қатысты қолданылмайды." деген сөздер "бөлшектерге қатысты қолданылады." деген сөздермен ауыстырылып, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы және жетпісінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың ережелері қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігінде мынадай:

      1) одан әрі өткізуге арналмаған;

      2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатында қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға;";

      жетпіс алтыншы абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жетпіс сегізінші, жетпіс тоғызыншы, сексенінші, сексен бірінші және сексен екінші абзацтармен толықтырылсын:

      "Бұл ретте:

      1) осы баптың 1-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу, немесе

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормаларының шегінде

      осындай малдардың кемуі (өлуі);

      2) бұрын импортталған тауарларды кері экспорт режимінде әкету осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.";

      2) 49-1-бапта:

      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың ережелері қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісімен төлеу бөлігінде мынадай:

      1) одан әрі өткізуге арналмаған;

      2) халықаралық қаржы лизингіне беруді қоспағанда, қаржы лизингіне беру мақсатында қосылған құн салығын төлеуші әкелетін тауарларға;

      3) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын, осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көрсетілген қосалқы бөлшектерге қатысты қолданылады.";

      жиырма бірінші абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші және жиырма алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "Бұл ретте:

      осы баптың бірінші бөлігінің 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген малды мәжбүрлі жағдайда сою нәтижесінде алынған ет және ет өнімдерін өткізу, немесе

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекіткен табиғи кему нормаларының шегінде

      осындай малдардың кемуі (өлуі) осы бапта белгіленген талаптарды бұзушылық болып табылмайды.";

      3) 57-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"57-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 2-тармағы және 151-4-бабының 2-тармағы 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.";

      4) 62, 64, 65, 66, 67, 68, 69 және 70-баптардағы "2018" деген цифрлар "2027" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      13. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 12, 60-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 4, 30-құжат; № 6, 46-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 11, 52, 57-құжаттар; № 19-II, 102-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 71, 72-құжаттар):

      1) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "35-1) инвестициялық қаржыландыру – ұлттық компания немесе акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде жер қойнауын пайдалану жөніндегі осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға және стратегиялық әріптес осы Заңда белгіленген тәртіппен және шарттарда барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жасасқан бірлескен қызмет туралы шарт (келісім) және (немесе) қаржыландыру туралы келісім бойынша барлауды қаржыландыру;";

      54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) коммерциялық табу – жер қойнауының мемлекеттік сараптамасы растаған бір немесе бірнеше кен орындарын келісімшарттық аумағында барлаудың (соның ішінде қосымша барлаудың) нәтижесіндегі табу, сондай-ақ коммерциялық мүддені білдіретін пайдалы қазбалар қорларының өсімі;";

      2) 31-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ұлттық компания немесе акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлға жер қойнауын пайдаланушы болатын келісімшарттар бойынша барлауды қаржыландыруды, егер бірлескен қызмет туралы шартта өзгеше көзделмесе, оның стратегиялық әріптесі жүргізеді.

      Инвестициялық қаржыландыру жолымен барлауды қаржыландыру бір мезгілде мынадай шарттардың орындалуын көздейді:

      1) ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның үлесіне келетін барлауға арналған шығындар мен шығыстарды қаржыландыруды барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жасалған бірлескен қызмет туралы шартта (келісімде) және (немесе) қаржыландыру туралы келісімде белгіленген тәртіппен стратегиялық әріптес жүргізеді;

      2) барлауды қаржыландыру сомасы ұлттық компанияның немесе акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаның барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты шығындар мен шығыстарды жүзеге асыру үшін пайдаланылады;

      3) қаржыландыру, сондай-ақ ол бойынша сыйақы сомасын қайтару жөніндегі міндеттеме ұлттық компанияда немесе барлауға арналған келісімшарт, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт шеңберінде жасалған бірлескен қызмет туралы шартта (келісімде) және (немесе) қаржыландыру туралы келісімде айқындалған талаптарды орындаған кезде акциялары (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде осындай ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғада туындайды.".

      14. "Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы" 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 13, 113-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 11, 80-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 8-II, 66-құжат):

      1) 1-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) есепке алатын бақылау аспаптары – мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерінде және автожанармай құю станцияларында (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) орнатылған, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген, мұнай өнімдерін өндірудің және (немесе) оның айналымының көлемдері туралы ақпараттың автоматтандырылған жүйесінің көмегімен мұнай өнімдерін өндіру және айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін оператор арқылы мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы уәкілетті органға нақты уақыт режимінде кейіннен беру мақсатында есепке алуды жүргізу үшін мұнай өнімдерінің сандық және сапалық сипаттамаларын өлшейтін техникалық құрылғылар;";

      2) 21-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілер мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілерге немесе түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.";

      3) 22-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мұнай өнімдерін өндірушілерден, мұнай берушілерден, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілерден және (немесе) импорттаушылардан, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшелерінен (мемлекеттік материалдық резервтен мұнай өнімдерін шығару кезінде) мұнай өнімдерін сатып алатын мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілер түпкі тұтынушыларға ғана мұнай өнімдерін өткізуді жүзеге асыруға міндетті.".

      15. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 12, 57-құжат; № 21-22, 115-құжат):

      1) 1-баптың 4-тармағы 38) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы "2017" деген цифрлар "2026" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      2) 9-бапта:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 38) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 4-тармағы 49) тармақшасының он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын;".

      16. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2013 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат):

      9-баптың 2-тармағындағы "2018" деген цифрлар "2027" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      17. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 22, 131-құжат):

      4-баптағы "2017" деген цифрлар "2018" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      18. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат):

      2-баптың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 1) тармақшасын, 6) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын;

      5) 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін және 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 1-баптың 5-тармағының 7) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      19. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 23-I, 169-құжат):

      1-баптың 3-тармағы 31) тармақшасының он жетінші – жиырма төртінші абзацтары алып тасталсын.

      20. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 119-құжат):

      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      21. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-I, 140-құжат):

      2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Осы Заң, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 3-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.".

      22. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-II, 147-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; № 7-I, 50-құжат):

      27-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 11-бапты қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.";

      2) тармақша алып тасталсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін 11-бап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:".

      23. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-III, 149-құжат):

      1) 1-бапта:

      1-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-3) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға:

      тексерілетін жеке тұлғалар жасаған сақтандыру шарттарына;

      пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жіберілген, шет мемлекеттің уәкілетті органының сұрау салуында көрсетілген, пайда алушылары бейрезидент-жеке тұлғалар болып табылатын жинақтаушы сақтандыру шарттарына қатысты Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес;";

      2-тармақта:

      2) тармақшада:

      алтыншы және жетінші абзацтардағы "67-1" деген цифрлар "67-2" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      18) тармақшада:

      бірінші және екінші абзацтардағы "67-1" деген цифрлар "67-2" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      64) тармақшада:

      бүкіл мәтін бойынша "40 еселенген", "160 еселенген" деген сөздер тиісінше "160 еселенген", "500 еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;

      қырық бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілмеген өзге де мүлік Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша жүргізілген баға туралы есепте айқындалған құнды қоса алғанда, осындай мүліктің құнын растайтын және (немесе) осындай мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттар болған кезде көрсетіледі.";

      5-тармақтың 2) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. Осы баптың 2-1-бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

      үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.";

      2) 2, 3 және 4-баптар алып тасталсын;

      3) 5-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"5-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 185-бабының 2-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:";

      4) 6-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"6-бап. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 186-бабының 1-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:";

      5) 7-бап алып тасталсын;

      6) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

"8-бап. Салық органдары активтер мен міндеттемелер туралы және кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсынған жеке тұлғаларға қатысты 2020 – 2022 жылдар бойына іріктеп салықтық тексерулер жүргізуді жүзеге асыруға құқылы емес деп белгіленсін.";

      7) 10-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

"10-бап. 2019 жылғы 31 желтоқсанда тіркелген салықты, ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылатын салық төлеушілер 2020 жылғы 1 қаңтарда тіркелген активтердің бастапқы құнын амортизацияның есеп айырысу сомасына азайтылған активтерді сатып алу құны ретінде айқындайды деп белгіленсін.";

      8) 11-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзацтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 1-тармағын, 2-тармағының 79) тармақшасын;";

      4) тармақша алып тасталсын;

      5) тармақшадағы "2017" деген цифрлар "2021" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      24. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 153-құжат; 2016 ж., № 7-I, 50-құжат):

      1) 16-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны мемлекеттік кіріс органдарына тапсырады.

      Мемлекеттік қызметке кірген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жеке тұлғалардың декларацияларын мемлекеттік кіріс органдарына тапсыруға міндетті.";

      2) 27-баптың 8-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту және активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсыру туралы талаптар қолданылмайды.";

      3) 68-баптың 2-тармағы алып тасталсын.

      25. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-I, 169-құжат):

      1) 1-баптың 1-тармағында:

      2) тармақшада:

      он төртінші абзацтағы ", 451 және 568" деген сөздер "және 451" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он тоғызыншы және жиырмасыншы абзацтар алып тасталсын;

      5) тармақшаның оныншы абзацындағы ", сондай-ақ оларды көшіру" деген сөздер алып тасталсын;

      47) тармақша алып тасталсын;

      56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "56) 256-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар импортталған жағдайда төленген салық қосылған құн салығын төлеу бойынша салық міндеттемесі орындалған сол салық кезеңінде есепке жатқызылады.";";

      59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "59) 263-бапта:

      1-1 және 1-2-тармақтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Егер уәкілетті орган растаған, бағдарламалық қамтылымда техникалық қателердің туындау себебінен шот-фактураны электрондық нысанда жазып беру мүмкін болмаған жағдайда, шот-фактураны жазып беру қағаз жеткізгіште жүргізіледі.

      2-2. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактураларды қабылдау, өңдеу, беру және сақтау электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібін белгілейді, онда:

      шот-фактураның нысаны;

      шот-фактураларды жазып беру, жөнелту, қабылдау, тіркеу, өңдеу, беру және алу тәртібі;

      шот-фактураларды куәландыру тәртібі;

      түзетілген және (немесе) қосымша шот-фактуралардың алынғанын растау ерекшеліктері;

      шот-фактураларды сақтау тәртібі көрсетіледі.

      Уәкілетті орган:

      электрондық нысанда жазып берілген шот-фактуралардың уақтылы қабылдануы, тіркелуі, өңделуі және берілуі, сондай-ақ олардың сақталуы;

      электрондық нысанда жазып берілген шот-фактураларда көрсетілген, берілетін мәліметтердің анықтығы;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, шот-фактураларда көрсетілген мәліметтердің үшінші тұлғаларға жария етілмеуі үшін жауаптылықта болады.

      2-3. Электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактурадан басқа шот-фактураның нысанын салық төлеуші осы баптың ережелерін ескере отырып, өзі дербес айқындайды.";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Салық төлеушілер шот-фактурада немесе осы Кодекстің 256-бабының 2-тармағында көзделген өзге құжатта:";

      4-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қағаз жеткізгіште жазып берілетін шот-фактурада:";

      3) және 3-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушылар болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты – тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын дара кәсіпкерлерге қатысты – салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер бұл жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте көрсетілген атауы;

      тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушілер немесе алушылар болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамада көрсетілген атауы көрсетілуге тиіс. Бұл ретте ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету бөлігінде қалыптасуына, оның ішінде іскерлік айналымдағы қалыптасуына сәйкес аббревиатура пайдаланылуы мүмкін;

      3-1) осы Кодекстің 264-1-бабында көзделген жағдайларда өнім берушінің комитент немесе комиссионер мәртебесі;";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Акцизделетін тауарларды өткізген жағдайда шот-фактурада акциздің сомасы қосымша көрсетіледі.

      Осы Кодекстің 78-бабында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда лизинг беруші "Салық кодексінің 78-бабы сақталмаған" деген белгісі бар шот-фактура немесе қосымша шот-фактура жазып береді.

      7. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, шот-фактура:

      қағаз жеткiзгiште – айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк жеті күннен кешiктiрiлмей;

      электрондық нысанда – айналым жасалған күннен ерте емес және өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.";

      мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "7-1. Қосылған құн салығын төлеушi шот-фактураларды жазып беру кезінде:

      электр энергиясын, суды, газды, жүйелік оператор көрсететін жүйелік көрсетілетін қызметтерді, көрсетілетін байланыс қызметтерiн, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, темір жол тасымалдарын, көлiк-экспедициялық көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, жүктерді магистральдық құбыржолдар жүйесі бойынша тасымалдаудың көрсетілетін қызметтерін, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша;

      есепке жазылған сыйақы сомасы бөлiгiнде мүлiктi қаржы лизингiне беру кезiнде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн тоқсаннан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк тоқсанның қорытындылары бойынша;

      осы Кодекстің 276-бабының 1-тармағында аталған тұлғаларға бір жыл немесе бір жылдан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берiлетiн айдан кейiнгi айдың 20-күнінен кешiктiрмей күнтiзбелiк айдың қорытындылары бойынша шот-фактура жазып беруге құқылы.

      7-2. Тауарлар экспорттың кедендік рәсімінде әкетілген жағдайда шот-фактура:

      қағаз жеткiзгiште – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жеті күннен кешіктірілмей;

      электрондық нысанда – өткiзу бойынша айналым жасалған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрiлмей жазып берiледi.";

      14-3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Электрондық нысанда жазып берілген, түзетілген шот-фактура бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы осындай түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде электрондық нысанда жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айналымы тәртібіне сәйкес осындай шот-фактураның жазып берілуімен келіспейтіндігін көрсетуге құқылы.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Талаптары комиссия шартының талаптарына сәйкес келетін шарттар шеңберінде шот-фактуралар жазып берудің ерекшеліктері осы Кодекстің 264-1-бабында белгіленген.";

      136) тармақшада:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:";

      үшінші абзац алып тасталсын;

      жетінші абзацтағы "қоюға" деген сөз "міндетті түрде қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он жетінші абзацтағы "5 және 6-тармақтар" деген сөздер "6-тармақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он сегізінші абзац алып тасталсын;

      137) тармақша алып тасталсын;

      2) 2-бапта:

      1) тармақшаның қырық бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан:

      бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

      шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеу түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;";

      2) тармақшаның қырық сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-1) 2004 жылғы 1 қаңтар мен 2009 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде алынған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша қалыптасқан:

      бұрын капиталдандырылған сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) сомасы бөлігінде негізгі борышты кешіру;

      сыйақы, комиссия, тұрақсыздық айыбы (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру;

      шетел валютасымен алынған ипотекалық тұрғын үй қарызының (ипотекалық қарыздың) негізгі борыш сомасы бойынша осындай соманы 2015 жылғы 18 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағамы қолданыла отырып қайта есептеу нәтижесінде қарыз алушыға қойылатын талаптың мөлшерін азайту;

      Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын қарыз алушы үшін банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның, сондай-ақ банк операцияларын жүргізуге уәкілетті органның лицензиясын ерікті түрде қайтарған ұйымның сотқа берілетін талап арыздан алынатын мемлекеттік бажды төлеу түрінде мұндай адам алған кіріс түріндегі кіріс;";

      3) 10-баптағы "2017" деген цифрлар "2018" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      4) 15-баптың 1-тармағында:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші – он үшінші, он бесінші, он алтыншы, он сегізінші, жиырма үшінші – жиырма алтыншы, жиырма тоғызыншы – отыз бірінші абзацтарын, 6) тармақшасының екінші – төртінші абзацтарын, 9), 16)18) тармақшаларын, 20) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 21) және 22) тармақшаларын, 25) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 27)31) тармақшаларын, 33) тармақшасының екінші – он алтыншы, он тоғызыншы – жиырма үшінші абзацтарын, 35), 39)41) тармақшаларын, 42) тармақшасының үшінші, төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 43), 44), 46), 48)58) тармақшаларын, 59) тармақшасының төртінші, он жетінші – он тоғызыншы, жиырма үшінші – жиырма жетінші, жиырма тоғызыншы – отызыншы, қырық төртінші және қырық бесінші абзацтарын, 60) және 62) тармақшаларын, 63) тармақшасының екінші, үшінші, тоғызыншы абзацтарын, 64)70) тармақшаларын, 71) тармақшасының екінші, алтыншы – тоғызыншы абзацтарын, 72)77) тармақшаларын, 78) тармақшасының үшінші – он сегізінші абзацтарын, 79)88) тармақшаларын, 89) тармақшасының жетінші абзацын, 90)92) тармақшаларын, 93) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 94) тармақшасын, 95) тармақшасының алтыншы – он бірінші абзацтарын, 96) және 97) тармақшаларын, 98) тармақшасының екінші – төртінші, жетінші – он үшінші абзацтарын, 99) тармақшасының алтыншы – он жетінші абзацтарын, 100)102) тармақшаларын, 103) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 108) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және он бірінші абзацтарын, 110), 111), 113)120), 124)126) тармақшаларын, 127) тармақшасының үшінші – сегізінші абзацтарын, 128)132), 134) және 135) тармақшаларын, 136) тармақшасының сегізінші – он бесінші абзацтарын, 146), 149)165) тармақшаларын, 168) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 169)173) тармақшаларын, 2-тармағы 1) тармақшасының үшінші, бесінші – жиырма жетінші абзацтарын, 2), 3), 6), 8), 10), 13) және 14) тармақшаларын, 15) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын, 16)24), 26)47) тармақшаларын, 48) тармақшасының екінші – жиырмасыншы абзацтарын, 49), 51)56) тармақшаларын, 57) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 59)64) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының бесінші абзацын, 4), 6)11), 13)18), 20) және 21) тармақшаларын, 5-тармағы 1) тармақшасының екінші – жетінші абзацтарын, 3)5) тармақшаларын, 7 және 10-тармақтарын, 13-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) және 6) тармақшаларын, 14-тармағының үшінші және төртінші абзацтарын, 16 және 17-тармақтарын;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасының он жетінші, жиырма жетінші және жиырма сегізінші абзацтарын, 4) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 37) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 38) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 59) тармақшасының екінші, бесінші – он алтыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, отыз бірінші – қырық үшінші абзацтарын, 61) тармақшасын, 71) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 89) тармақшасының екінші – алтыншы, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 95) тармақшасының екінші – бесінші абзацтарын, 103) тармақшасының екінші – бесінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 104)107) тармақшаларын, 108) тармақшасының екінші – алтыншы, оныншы, он екінші – он төртінші абзацтарын, 109) тармақшасының екінші абзацын, 121) тармақшасын, 136) тармақшасының төртінші – жетінші абзацтарын, 141), 142), 147), 148), 166) және 167) тармақшаларын, 3-тармағының 12) және 19) тармақшаларын, 8, 15 және 18-тармақтарын;";

      12) тармақша алып тасталсын;

      13) тармақшадағы "4-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi." деген сөздер "4-тармағын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 3-тармағының 112) тармақшасын;

      15) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағы 5) тармақшасының сегізінші – оныншы абзацтарын, 7) тармақшасын, 99) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2-тармағы 57) тармақшасының төртінші – жетінші абзацтарын, 58) тармақшасын;";

      "16) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 5) тармақшасының екінші – жетінші абзацтарын, 34) және 36) тармақшаларын, 3-тармағы 1) тармақшасының алтыншы абзацын және 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      26. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және рұқсат беру рәсімдерін оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 29 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 6, 45-құжат):

      1) 1-бапта:

      5-тармақта:

      9) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органына хабарлама жібереді.";

      10) тармақша алып тасталсын;

      9-тармақтың 2) тармақшасының үшінші, жетінші, тоғызыншы және оныншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дара кәсіпкер (бірлескен дара кәсіпкерлік) ретінде мемлекеттік тіркеу үшін жеке тұлға (бірлескен дара кәсіпкерліктің уәкілетті адамы) тікелей мемлекеттік кірістер органына немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша хабарлама жібереді.";

      "2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесіне енгізілген адамдар хабарлама беруге құқылы емес.";

      "4. Хабарламада көрсетілген деректер өзгерген кезде дара кәсiпкер (бiрлескен дара кәсiпкерлiктiң уәкiлеттi адамы) мұндай өзгерiстер туралы мемлекеттік кірістер органына осы орган белгiлеген нысан бойынша хабарлауға мiндеттi.

      5. Хабарлама "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда не өзі келіп ұсыну тәртібімен қағаз жеткізгіште ұсынылады.";

      46-тармақта:

      7) тармақшаның он тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "141, 142, 143, 148, 149, 152, 153, 155, 156, 160, 161, 162, 167, 169, 171, 172, 174, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 185, 190, 194, 203, 204, 211, 218, 219, 220, 222, 224, 225, 226, 237, 238, 240 және 241-жолдар алып тасталсын;";

      8) тармақшаның бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) 3-қосымша мынадай мазмұндағы 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54 және 55-тармақтармен толықтырылсын:

      "39. Дара кәсіпкер ретінде қызметті бастағаны туралы хабарлама;";

      төртінші абзац алып тасталсын;

      2) 2-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 5-тармағының 9), 11) және 12) тармақшаларын, 6-тармағының 1) тармақшасын; 2) тармақшасының екінші абзацын, 6), 7), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларын, 8-тармағының 3) және 4) тармақшаларын, 9-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) және 3) тармақшаларын, 46-тармағының 2) тармақшасын, 7) тармақшасының үшінші, бесінші және отыз бесінші абзацтарын және 8) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын;".

      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.05.2017 № 63-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 359-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 280-бабы 4-тармағының 1) тармақшасындағы кестенің 7, 12, 14 және 15-жолдарының қолданылуы 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде:

      1) 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады деп белгіленсін:

      "

Р/с №

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)


2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100 % спирт 750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

0 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100 % спирт 75 теңге/литр

6.

3003, 3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт 500 теңге/литр

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан және сыра сусынынан басқа)

100 % спирт 2000 теңге/литр

8.

2208

Коньяк, бренди

100 % спирт 250 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

39 теңге/литр

13.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

6200 теңге/ 1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

6200 теңге/ 1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллалар

6225 теңге/ 1000 дана

17.

2402-ден

Сигаралар

750 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7345 теңге/килограмм

19.

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702-ден

микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары

100 теңге/текше см

8703-тен

қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

8704-тен

қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

0 теңге/1 кг

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

0 теңге/ сұйықтық миллилитрі


      ";

      2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін акциздердің мынадай мөлшерлемелері қолданылады деп белгіленсін:

      "

Р/с №

КО СЭҚ ТН коды

Акцизделетін тауарлардың түрлері

Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)


2

3

4

1.

2207-ден

80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) басқа (түссiз емес, боялған)

600 теңге/литр

2.

2207-ден

Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)

1,0 теңге/литр

3.

2208-ден

80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)

100 % спирт 750 теңге/литр

4.

2207-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті

0 теңге/литр

5.

2208-ден

Алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын, 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер

100 % спирт 75 теңге/литр

6.

3003, 3004-тен

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім

100 % спирт 500 теңге/литр

7.

2208

Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан және сыра сусынынан басқа)

100 % спирт 2275 теңге/литр

8.

2208

Коньяк, бренди

100 % спирт 250 теңге/литр

9.

2204, 2205, 2206 00

Шараптар

35 теңге/литр

10.

2204, 2205, 2206 00-ден

Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетіннен немесе пайдаланылатыннан басқа)

170 теңге/литр

11.

2204, 2205, 2206 00-ден

Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін өткізілетін немесе пайдаланылатын шарап материалы

0 теңге/литр

12.

2203 00

Сыра және сыра сусыны

48 теңге/литр

13.

2202 90 100 1

Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра

0 теңге/литр

14.

2402-ден

Фильтрлі сигареттер

7500 теңге/ 1000 дана

15.

2402-ден

Фильтрсіз сигареттер, папиростар

7500 теңге/ 1000 дана

16.

2402-ден

Сигариллалар

6225 теңге/ 1000 дана

17.

2402-ден

Сигаралар

750 теңге/дана

18.

2403-тен

Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі

7345 теңге/килограмм

19.

2709 00-ден

Шикі мұнай, газ конденсаты

0 теңге/тонна

20.

8702-ден

микроавтобустарды, автобустар мен троллейбустарды қоспағанда, 10 және одан көп адамды тасымалдауға арналған, қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын моторлы көлік құралдары

100 теңге/текше см

8703-тен

қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, ең бастысы адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

8704-тен

қозғалтқышының көлемі 3000 текше см.-ден асатын, жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптері бар автомобильдерден басқа)

21.

2403

Қыздырылатын темекісі бар өнімдер (қыздырылатын темекі таяқшасы, темекісі бар қыздырылатын капсула және тағы басқалар)

0 теңге/1 кг

22.

3824

Электрондық сигареттерде пайдалануға арналған картридждердегі, резервуарлардағы және басқа да контейнерлердегі құрамында никотин бар сұйықтық

0 теңге/ сұйықтық миллилитрі


      ".

3-бап. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің (Салық кодексі) 568-бабының 5-тармағы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде:

      1) 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады деп белгіленсін:

      "5. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30000 еселенген мөлшерін құрайды.";

      2) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады деп белгіленсін:

      "5. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 25000 еселенген мөлшерін құрайды.";

      3) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін мынадай редакция қолданылады деп белгіленсін:

      "5. Ең төмен айналым республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 20000 еселенген мөлшерін құрайды.".

      4-бап. Егер тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларға шағымдар 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілген жағдайда, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының он екінші – он сегізінші абзацтары, 3), 6), 9), 12), 16), 17), 63) тармақшалары, 101) тармақшасының төртінші – тоғызыншы абзацтары, 112), 114), 116) тармақшалары, 118) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтары, 120) тармақшасы, 121) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары, 125), 126), 127), 131), 132), 133), 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140) және 141) тармақшалары, 3-тармағының 1), 3), 10), 11) тармақшалары, 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтары, 14), 15), 16), 17), 18) тармақшалары және 10-тармағықолданылмайды деп белгіленсін.

      Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға, сондай-ақ тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері жөніндегі шешімді қайта қарауға 2017 жылғы 1 шілдеге дейін берілген шағымдарды қарау "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 93 және 94-тарауларының және (немесе) "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 19-тарауының ережелеріне сәйкес 2017 жылғы 1 шілдеге дейін қолданыста болатын редакцияда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 20.06.2017 № 76-VI Заңымен (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

5-бап. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің тізіліміне және кеден қоймалары иелерінің тізіліміне енгізілген заңды тұлғалар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде өз қызметін осы Заңның 1-бабы 3-тармағы 4) және 6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келтіруге тиіс деп белгіленсін.

6-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 36) тармақшасын;

      2) 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 18) тармақшасының екінші абзацын, 89) тармақшасын, 105) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 12-тармағының 3) тармақшасын, 25-тармағы 2) тармақшасының екінші – жетінші абзацтарын;

      3) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 1-тармағының 1) тармақшасын, 2-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының он төртінші абзацын, 18) тармақшасының үшінші абзацын, 20) тармақшасының жетінші – тоғызыншы абзацтарын, 27), 28), 49) тармақшаларын, 50) тармақшасының үшінші – алтыншы абзацтарын, 56) тармақшасының екінші – алтыншы, сегізінші – он екінші абзацтарын, 59), 61), 66), 67), 79), 80), 81), 82), 83), 88), 92) және 124) тармақшаларын, 25-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының сегізінші – он үшінші абзацтарын, 3) және 4) тармақшаларын;

      4) 2016 жылғы 22 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 26-тармағы 1) тармақшасының он екінші – он бесінші және он жетінші абзацтарын;

      5) 2017 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 65) тармақшасын;

      6) 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 1) тармақшасының он екінші – он сегізінші абзацтарын, 3), 6), 9), 12), 16), 17), 63) тармақшаларын, 101) тармақшасының төртінші – тоғызыншы абзацтарын, 112), 114), 116) тармақшаларын, 118) тармақшасының оныншы және он бірінші абзацтарын, 120) тармақшасын, 121) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 125), 126), 127), 131), 132), 133), 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140) және 141) тармақшаларын, 3-тармағының 1), 3), 10), 11) тармақшаларын, 12) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 14), 15), 16), 17), 18) тармақшаларын және 10-тармағын;

      7) 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 60) тармақшасының жетінші абзацын;

      8) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 19) және 22) тармақшаларын;

      9) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабының 6-тармағын, 24-тармағының 1) және 2) тармақшаларын қоспағанда, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 20) тармақшасының екінші – алтыншы абзацтары және 23) тармақшасы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Осы Заңның 1-бабы 2-тармағының 29) тармақшасы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап 2017 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.

      Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 32) тармақшасының алтыншы – он бірінші абзацтары 2016 жылғы 1 шілдеден бастап 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 60) тармақшасының алтыншы абзацы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады