"Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 109 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 наурызда 14911 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 16.02.2018 № 208 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 болып тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда "Заң газеті" газетiнде жарияланған № 42 (1465) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:


"




193.


"Миника 1105 ФКZ online KZ нұсқасы ПО 785-00 нұсқасы"



194.


"ПОРТ DPG-25ФКZ" валюта айырбастау пунктерінің нұсқасы"



195.


"ПОРТ DPG-25ФКZ" ломбардтарға және шыны ыдыстарды қабылдау пунктеріне арналған"



196.


"ПОРТ DPG-35ФКZ" валюта айырбастау орындары нұсқасы"




".


      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік- құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады