"Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 наурызда № 14937 болып тіркелді

      "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына 117-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12613 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының алименттерді және жалақыны өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауға байланысты қызметіне ақы төлеу қағидаларында:

      Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) борышкердің тұрақты кірісі, жұмыс орны және өндіріп алуға болатын мүлкі болмаған кезде алиментті өндіріп алу туралы атқарушылық құжат бойынша:

      атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

      атқарушылық іс жүргізудің қозғалғаны туралы тараптарға хабарлау;

      зейнетақы аударымдарының жоқтығы туралы мәліметтер;

      жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы мәліметтер (тіркеу органдарының сұрау салулары мен жауаптары);

      міндетті тұлғаның алименттік міндеттемелерін үш айдан астам уақыт орындамағанын растайтын берешегін айқындау туралы қаулы;

      борышкер болып табылатын жеке тұлғаның Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеу қою;

      жеке сот орындаушысының әділет органдарында тіркелген борышкерге қатысты "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 669-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық фактісінің болуы туралы ұсынысы;

      өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы болған жақдайда, жеке сот орындаушысының Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген ішкі істер органдарына борышкердің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабында көзделген қылмысты жасау фактісінің бар екендігі туралы ұсынысы.

      Борышкерді әкімшілік не қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қағидалардың 5-тармағының 2) тармақшасының сегізінші және тоғызыншы абзацтарында көрсетілген ұсыныстарды жіберген кезде, ұсыныстармен қоса мынадай құжаттар берілуі тиіс:

      атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы;

      атқарушылық құжатты орындамағаны үшін борышкердің әкімшілік жауаптылығы туралы ескертілгендігін растайтын құжаттар;

      сот актісін орындау туралы хабарламалар немесе талаптар;

      өндіріп алушының борышкерді қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы арызы;

      борышкердің үш және одан да көп айларға берешегін айқындау туралы қаулы;

      борышкердің атында өндіріп алуға болатын жылжымалы және жылжымайтын мүліктің жоқтығын растайтын мәліметтер және өзге де құжаттар;".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады