"Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 264 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 30 наурызда № 14962 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 264 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10923 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электрондық түрде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      Д. Абаев ___________________

      2017 жылғы 15 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады