Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 сәуірде № 10923 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 160 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 13.03.2017 № 160 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 645-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған, Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет–ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 9 сәуір


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 8 сәуірдегі
№ 264 бұйрығымен
бекітілген

Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері
туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына
орналастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 645-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және интернет-ресурсында ақпараттың орналасу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларының мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      ақпарат – олардың ұсынылуы салық төлеушілердің бақылау-кассалық машиналарын міндетті түрде қолдана отырып, ақшалай есеп айырысуын жүргізу үшін қажетті аумақтарында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктер туралы мәліметтердің жиынтығы;

      байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті;

      уәкілетті органның интернет-ресурсы - "www.kgd.gov.kz" мекен-жайы бойынша Интернет желісінде орналасқан электрондық ақпараттық ресурс;

      уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті;

       фискалды деректердің операторы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша салық органдарына жедел режимде ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтердің берілуін қамтамасыз ететін заңды тұлға.

2. Уәкілетті органның интернет-ресурсына ақпараттарды
орналастыру тәртібі

      3. Фискалды деректердің операторы жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) аумақтарында ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) осы Қағидаға қосымшаға сәйкес және электрондық түрде ұсынады.

      4. Уәкілетті орган байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен Тізбені келіскен күннен бастап 5 жұмыс күннен кешіктірмей оның интернет-ресурсында орналастыруын жүзеге асырады.

      5. Тізбеге енгізілген Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылған жағдайда фискалды деректердің операторы мұндай қосылу күнінен бастап 15 жұмыс күннен кешіктірмей ол туралы уәкілетті органға хабардар етеді.

      6. Уәкілетті орган байланыс және ақпарат саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігінің ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосылуы туралы мәліметті келіскен күннен бастап 5 жұмыс күннен кешіктірмей оларды Тізбеден алып тастайды.

      7. Тізбедегі ақпарат:

      уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылады;

      орналастыру (жаңару) күні және уақыты туралы мәліметтер бар. Бұл ретте уәкілетті органның интернет-ресурсында жаңартылуға дейін орналастырылған ақпарат сақталады;

      уәкілетті органның интернет-ресурсында Excel форматында және басқа жалпыға ортақ форматтарда орналастырылады.

  Аумағында ортақ пайдаланылатын
телекоммуникация желісі жоқ
Қазақстан Республикасының әкімшілік-
аумақтық бірліктері туралы ақпаратты
уәкілетті органның интернет-ресурсына
орналастыру қағидаларына қосымша

      нысан

Аумақтарда ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ
Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің
тізбесі

р/с

Аумақтарда ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің атауы

Тізбеге қосылған күні

Тізбеден алынған күні

1

2

3

4










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады