1. "Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 11602 болып тіркелген, 2015 жылғы 31 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларына:
12, 13, 14, 15 және 16-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Теміржол көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын сақтамау салдарларына қарай қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың мынадай түрлеріне (топтарына) бөлінеді:
күйреу;
авария;
оқиға;
инцидент.
13. Нәтижесінде адамдар қаза болған немесе теміржол жылжымалы құрамы, арнайы жылжымалы құрамы мүкәммалдан шығарылу дәрежесіне дейін зақымдалған магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жеке әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол жылжымалы құрамның, арнайы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары поездардың күйреуіне жатады.
14. Нәтижесінде адамдар ауыр дене жарақаттарын алған немесе теміржол жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамының күрделі жөндеу көлемінде бүлінген, магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жеке серіктестік шарттар бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржол жылжымалы құрамның, арнайы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары аварияға жатады.
15. Магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жеке серіктестік шарттар бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша, бірақ осы Қағидалардың 13 немесе 14-тармақтарында көрсетілген салдар болмаған теміржол жылжымалы құрамының, арнайы жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығу жағдайлары оқиғаларға жатады.
16. Инцидентке мынадай жағдайлар жатады:
1) поезды бос емес жолға қабылдау келе жатқан поезд бағдаршамның рұқсат беру кірме (бағыттық) сигналында немесе шақыру белгісінде өтіп кеткен (локомотивтің бір бөлігімен болса да) немесе поезд машинисі басқа поезд немесе жылжымалы құрам тұрған жолға дайындалған бағыт кезінде станцияға жүріп өтуге рұқсат алған жағдай;
2) поезды бос емес аралыққа (блок-учаскеге) жөнелту бағдаршамның ашық шығу сигналы немесе шақыру сигналы кезінде немесе машинистке аралыққа орналасуға берілген рұқсат бойынша және ол қажетті жағдайларда поездың жүруі туралы қосымша нұсқау немесе сигнал алғаннан кейін алда тұрған аралыққа (блок-учаске), онда басқа поездың (кез келген бағыттағы) немесе жылжымалы құрамның тұрғанына қарамастан, поездың жөнелтілуі (немесе тоқтамай өтуі) және осы жолдың шығу сигналынан (сигнал болмағанда - шектік бағанадан) локомотивтің бір бөлігімен болса да өтіп кету жағдайы;
3) поезды дайындалмаған бағыт бойынша қабылдау (жөнелту) дұрыс дайындалмаған немесе дайын емес, соның ішінде жылжымалы құрам тұрмаған жолға әкелетін бағытқа бағдаршамның тыйым салатын кірме (шығу) сигналы кезінде келе жатқан (жөнелтілетін) поезд бағдаршамның ашық кірме (шығу) сигналынан өтіп кеткен (локомотивтің бір бөлігімен болса да) немесе станцияға (станциядан) жүруге машинист рұқсат алған, сондай-ақ электр тартымы бар поезға электрлендірілмеген жолға немесе токтың басқа түрімен электрлендірілген жолға немесе түйіспе сымында кернеуі алынған жолға қабылдау бағыты әзірленген жағдай;
4) бағдаршамның тыйым салу сигналынан немесе шектік бағанадан рұқсатсыз өту;
5) Арнайы жылжымалы құрам және/немесе жылжымалы құрама асты немесе алды маневрлік бағыттамаға немесе поездға кіретін бағыттаманы ауыстыру немесе жылжымалы өзекшесі үшкірін ауыстыру;
6) жылжымалы құрамның станциялардағы, кірме жолдардағы, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдардағы шектік бағанадан асып іргелес аралыққа поезды қабылдау-жөнелту бағытына, станциядан аралыққа немесе аралықтан станцияға кетуі, бірақ осы Қағидалардың 13, 14 және 15-тармақтарында көрсетілген салдардың болмауы;
7) жылжымалы құрам осінің, доңғалақ осі мойнағының, доңғалақ жұбының сынуы;
8) жылжымалы құрам арбашасының бүйір жағының немесе рессоры үстіндегі арқалығының сынуы (жарылу);
9) жылжымалы құрам арқалығының сынуы (жарылу);
10) техникалық ақауларға байланысты, жолда жолаушылар поездарынан вагонның ағытылуы (жолаушылар поездарын құрастыру станцияларынан басқа, барлық станцияларда есепке алынады);
11) поезды жабылған шеткі крандармен жөнелту;
12) станцияларда бағдаршам белгісінің тыйым салу көрсеткішінде жылжымалы құрамның жүріп өтуіне әкеп соқтырған бағдаршамның рұқсат сигналының тыйым салу сигналына ауысуы - станцияда белгі беру құрылғыларының, рельстік тізбегінің ақаулығынан, электр энергиясының ажыратылуынан немесе персоналдың қатесінен бағдаршамның рұқсат беру көрсеткішінің тыйым салу көрсеткішіне ауысып, жылжымалы құрамның тыйым салу сигналынан өтіп кетуіне әкеп соқтырған жағдай (сыртқы электрмен жабдықтау бойынша құрылғыларды ажырату жағдайларында оның жүруімен тыйым салу сигналын қоспағанда);
13) нәтижесінде ауыстыру талап етілген, жолаушылар поезындағы локомотивтің ақауы (локомотив бригадаларын ауыстыру пункттерінен, сондай-ақ негізгі немесе айналымды локомотив депосы бар пункттерден басқа, барлық станцияларда есепке алынады);
14) жолда келе жатқанда жүктің құлауы - жүктің немесе оның бөлігінің темір жолға түсу жағдайы, сондай-ақ жүктің жылжымалы құрамға жүкті тиеудің белгіленген өлшемдерінен шығуын туғызған жүк бекітпесінің ығысуы, бұрылуы, бұзылуы және басқа да ақаулар;
15) аралықтар мен станцияларда жол жұмыстарын жүргізу орындарының сигналдық белгілермен қоршалмауы;
16) пайда болу:
бағдаршамда тыйым салу орнына жалған рұқсат беруді көрсетудің;
автоматты локомотив сигнализациясы аралықта сигнализация және байланыс дербес құралы ретінде қолданғанда, локомотив бағдаршамында тыйым салу орнына жалған рұқсат беруді көрсетудің пайда болуы;
17) поездағы жылжымалы құрамның автотіркегіштерінің немесе басқа тіркеу құрылғыларының өздігінен ағытылуы;
18) поездағы жылжымалы құрам автотіркегішінің немесе басқа тіркеу құрылғыларының үзілуі;
19) жылжымалы құрам бөліктерінің темір жолға құлауы;
20) аралықта немесе станцияларда жүк тиеудің техникалық шарттарының бұзылуынан және/немесе қауіпті жүктің төгілуі себебінен вагонның поездан ағытылуы (коммерциялық бақылау пункты бар станциядан басқа, барлық станциялар есепке алынады);
21) нәтижесінде поездардың аралықта немесе станцияда бір сағат уақыт кідіруіне жол берілген, жолдың, жылжымалы құрамның, оның ішінде "PatentesTalgo S.L." компаниясы өндірісі вагонының сигнал беру, орталықтандыру, бұғаттау және байланыс, түйіспелі желі, электрмен жабдықтау құрылғыларының және басқа да техникалық құралдардың ақаулығы;
22) магистральдық, станциялық, кірме жолдарда немесе мемлекеттік-жеке әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша адамды басып кету жағдайы;
23) магистральдық, станциялық, кірме жолдарда және мемлекеттік-жеке әріптестік шарттары бойынша теміржол жолдарында, оның ішінде концессия шарттары бойынша малды басып кету салдарынан поездан ағытылуы талап етілетін жылжымалы құрамның бүлінуі;
24) Жүк поезының жүру жолында техникалық ақаулықтарынан жүк вагонын ағыту (техникалық қызмет көрсетудің негізгі пунктерінен басқа, барлық жағдайларда есепке алынады);
25) жолдың жоғарғы құрылысын күтіп ұстаудың бұзылуынан локомотив машинисінің жолдағы "соққыны" мәлімдеуі;
26) сигнал берудің, орталықтандырудың және бұғаттау мен байланыстың, электрмен жабдықтаудың қалыпты жұмысының бұзылуына алып келген сыртқы ауа температурасы минус 350С-тан төмен, жел екпіні 20 м/сек-тан астам, найзағай құбылыстары, электрлендірілген учаскелерде түйіспе сымды мұз басқанда кезіндегі ауа-райы жағдайы;
27) сигнал беру құрылғыларының техникалық жарамды кезінде автокөлік құралдарымен темір жол өтпелеріндегі жол-көлік оқиғасы;
28) техникалық күтіп ұстауды бұзу салдары болып табылған жылжымалы құрамның, жолдың жоғарғы құрылысының, өртену жағдайы;
29) табиғи факторлардың (жолды су шайып кету және қар басып қалу) немесе бөгде адамдардың іс-әрекетінің салдарынан болған осы учаске бойынша поезды өткізудің кідіруін туғызған жолдың жоғарғы құрылысының бұзылуы;
30) поезды шұғыл тежеуді қолдану қажеттілігін және оның тоқтауын туындатқан бөгде адамдардың темір жолға заттар қоюы;
31) қозғалыс қауіпсіздігін өзге де бұзушылықтар, жоғарыда көрсетілген тізбеге енбейтін бөгде себептердің салдары болып табылатын жағдайлар жатады.";
17 және 18-тармақтары алып тасталсын;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Инциденттерді қоспағанда теміржол көлігінде жол берілген қауіпсіздік бұзушылықтарды есепке алуды облыстар, астана және республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері жүргізеді.
Инциденттер тасымалдау процесіне қатысушымен, теміржол көлігінің қосалқы қызметімен есепке алынады.";
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Осы Қағидалардың 48-тармағында белгіленген тәртіпте жылжымалы құрамның, жолдың, энергиямен жабдықтаудың, сигнал беру мен байланыстың техникалық ақаулығы бойынша жол жіберілген қауіпсіздік бұзушылықтары есепке алынады.";
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Магистральдық, станциялық және кірме жолдарда және мемлекеттік-жеке серіктестік шарт бойынша теміржолдарда, оның ішінде концессия шарты бойынша жүк вагоны арбашығының құйма бөлшектерінің омырылуы себебінен жол берілген қауіпсіздікті бұзу жағдайында, Ұлттық инфрақұрылым операторы:
1) омырылу болған аумақтағы теміржол әкімшілігінен және/немесе омырылған бөлшекті дайындаушы зауыттан арбашықтың құйма бөлшектері омырылуынан (жарылу) болған ақау жағдайы туралы ақпаратты алады;
2) дайындаушы зауыттан және дайындаушы зауыт орналасқан аумақтағы теміржол әкімшілігінен, қажет болған жағдайда Достастыққа қатысушы мемлекеттердің Теміржол кеңесі дирекциясынан омырылған бөлшекпен бір балқымада болған құйма бөлшектер туралы ақпаратты алады;
3) "вагондар паркінің автоматтандырылған дерекқоры" бойынша омырылған бөлшекпен бір балқымадағы бөлшектермен жабдықталған вагон нөмірлерін айқындайды;
4) осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларын орындағаннан кейін омырылған бөлшекпен бір балқымадағы бөлшектермен жабдықталған вагон нөмірлерін уәкілетті органға жібереді;
5) уәкілетті органының өкімі бойынша, бұдан Қазақстан Республикасы аумағында балқытылған арбаша бөлшектерімен құрастырылған, бір балқымадағы омырылған бөлшекпен дайындалған барлық нысан иелігіндегі жылжымалы құрамды жібермеуге шешім қабылдайды.
Уәкілетті органның қабылдаған шешімін Қазақстан Республикасы резидент вагон иелері, сондай-ақ 1500 мм. кеңістік барлық теміржол әкімшілігі хабарлайды.";
Мынадай мазмұндағы 55-1-тармақпен толықтырылсын:
"55-1. Мүдделі адаммен тәуелсіз сараптаманы ұсынған жағдайда омырылған бөлшекпен бір балқымада болған бөлшекті қауіпсіз деп растау мақсатында уәкілетті органының өкімі бойынша, бұдан Қазақстан Республикасы аумағында балқытылған арбаша бөлшектерімен құрастырылған, бір балқымадағы омырылған бөлшекпен дайындалған барлық нысан иелігіндегі жылжымалы құрамды жібермеуге шешім қабылдайды.".
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚазақстанРеспубликасының Инвестициялар және даму Министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 3 наурыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
____________ Қ. Қасымов
2017 жылғы 27 ақпан