"Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну нысанын, мерзімдерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 451 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 8 ақпандағы № 90 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 сәуірде № 15015 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 539 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 29.05.2020 № 539 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алуды қамтамасыз ететін заңды тұлғаның жеке тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну нысанын, мерзімдерін және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 22 тамыздағы № 451 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14290 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы бұйрық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жiберілуін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникация министрі

      ________________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 15 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрі

      __________________ Т. Дүйсенова

      2017 жылғы 2 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады