"Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2017 жылғы 15 наурыздағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 17 сәуірде № 15019 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 5 маусымдағы № 47 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 05.06.2020 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11019 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "8) "осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Табиғи монополия субъектiсiнiң акциялар (қатысу үлестерін) сатып алуына, сондай-ақ оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға өзге де нысандармен қатысуына келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бекітілсін.";

      9) тармақша алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында (бұдан әрі – Стандарт):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).";

      7-тармақтың жетінші бөлігі мындай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметін жүзеге асыруға лицензия алуға, қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқасын беруге арналған электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, ақы төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.";

      стандартқа 1, 2, 4, 5 және 6-қосымшалардың жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша";

      "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша";

      "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымша";

      "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша";

      "Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметіне лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 6-қосымша";

      стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау мен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығы бар "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялауға мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) и 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _______________ Д. Абаев

      15 наурыз 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 15 наурыздағы
№ 117 бұйрығына
қосымша
  "Энергиямен жабдықтау
мақсатында электр энергиясын
сатып алу қызметіне лицензия
беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу қызметі түрін
жүзеге асыруға лицензия алуға арналған мәліметтер нысаны

      Тұтынушылармен жұмысты қамтамасыз ететін қызметті - абоненттiк қызметтерді,

      учаскелерді құруы туралы бұйрықтың болуы туралы ақпарат:

      1) қызметті құру туралы бұйрықтың нөмірі _____________________________________;

      2) бұйрыққа қол қойылған күн _______________________________________________;

      3) жауапты адамның Т.А.Ә. __________________________________________________.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады