"Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы № 70 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 120 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15043 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:
      "1. "Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 748 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 824 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13031 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізiлсiн:
      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Газ және газбен жабдықтау саласындағы тексеру парағында:
      "Газ желісі ұйымдары" деген бөлімде:
      реттік нөмірі 13-жол алып тасталсын,
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 29-1, 29-2 және 29-3-жолдармен толықтырылсын:
      "

29-1

Тек газ толтыру пункттерiнiң және (немесе) автогаз құю станциялары иелерiнің сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу жөніндегі талапты сақтауы
 
 
 
 

29-2

Сұйытылған мұнай газын Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге өткізуге жол бермеу жөніндегі талапты сақтауы
 
 
 
 

29-3

Сұйытылған мұнай газын газ желiсi ұйымдары арасында көтерме саудада өткiзуге жол бермеу жөніндегі талапты сақтауы
 
 
 
 

      ".
      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
      5) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ______________ Б. Мусин
      2017 жылғы 27 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады