"Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 ақпандағы № 135 және "Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 135 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1108 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 15049 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының келесі бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын:

      1) "Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 18 ақпандағы № 135 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10351 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2) "Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 18 ақпандағы № 135 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1108 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12819 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті (Ж. Жахметова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
Д.Абаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады