РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидалары бекітілсін.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін мерзімді баспа басылымдарына және "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты жұмыста пайдалану үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" дирекциясына, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберуді;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
___________ Д. Абаев
2017 жылғы 16 наурыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Бас прокуроры
___________ Ж. Асанов
2017 жылғы 28 наурыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 7 наурыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
___________ С. Жасұзақов
2017 жылғы 17 наурыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік күзет қызметінің
бастығы
__________ А. Күреңбеков
2017 жылғы 15 наурыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
"Сырбар" Сыртқы барлау
қызметінің директоры
____________ Ғ. Байжанов
2017 жылғы 15 наурыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
___________ К. Мәсімов
2017 жылғы 31 наурыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы 10 наурыз
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
___________ Қ. Қасымов
2017 жылғы 13 наурыз
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 3 наурыздағы № 17 бұйрығымен бекітілген |
2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 73-бабының 14-тармағына сәйкес әзірленді және 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу тәртібін көздейді.
2. Қайта есептеуге 2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері жатады.
3. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты қайта есептеледі.
2-тарау. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін есептеу тәртібі
4. Әрбір мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін алушы үшін зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі айқындалады.
5. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне:
1) Заңның 13-бабына сәйкес есептелген 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі;
2) міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең;
3) жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін жалпы жиынтығы 12 жыл шегiнен аспайтын уақыты;
4) бірінші топтағы мүгедекті, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекті және бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, сондай-ақ сексен жасқа толған қарттарды, он алты жасқа дейінгі мүгедек баланы күту уақыты;
5) әскери қызметтің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметтің, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің кезеңдері;
6) Қазақстан Республикасының және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық қызмет қызметкерлері жұбайының (зайыбының) шетелде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңі;
7) әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің жұбайларымен мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрған, бірақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын кезеңдері;
8) "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек қызметінің кезеңдері;
9) Заңның 24-бабы 2-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген адамдардың еңбек қызметінің кезеңдері есепке алынады. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген кезеңдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылған шарттарда есепке алынады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2018 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңге жинақталған еңбек өтілі қосымша құжаттарды талап етусіз алушының зейнетақы ісіндегі құжаттар бойынша есепке алынады және жасына байланысты зейнетақы төлемдері тағайындалған еңбек өтіліне сәйкес келеді.
7. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы мәліметтер бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары түскен айлардың жалпы саны ретінде есепке алынады.
Міндетті зейнетақы жарналары толық және уақытылы аударылмаған жағдайларда міндетті зейнетақы жарналарын (олардың зейнетақы ісінде болуына қарай) жүзеге асыру кезеңдері мынадай құжаттармен расталады:
есептелген, ұстап қалған және аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын көрсете отырып жеке тұлғаға төленген және міндетті зейнетақы жарналары табысынан жүзеге асырылған табыс сомалары туралы;
мемлекеттік кірістер органдары берген өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, жекеше нотариустардың, кәсіби медиаторлардың, сондай-ақ дара кәсiпкерлердің, шаруа немесе фермер қожалығының басшысының және мүшелерiнiң (қатысушыларының) табыстары туралы анықтама;
міндетті зейнетақы жарналарын аудару туралы жұмыс берушінің растау-анықтамасы;
міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезеңдерін растайтын сот шешімі.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеген кезде өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асырған адвокаттардың, жеке сот орындаушылардың, жекеше нотариустардың, кәсіби медиаторлардың, сондай-ақ дара кәсiпкерледің, шаруа немесе фермер қожалықтары мүшелерінің (қатысушыларының) және басшыларының міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезеңі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған шарттарда тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының кем дегенде жылдық сомасы бір жылға тең болады.
Егер аталған тұлғалар енгізген міндетті зейнетақы жарналарының сомасы тиісті салық кезеңiне төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналарының жылдық сомасынан аз болса, онда міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының сомасына пропорционалды түрде айқындалады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.04.2018 № 158 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңінде міндетті зейнетақы жарналары 2006 жылғы 1 шілдеге дейін, бірақ 1998 жылғы 1 қаңтардан ерте емес аударылған кезде міндетті зейнетақы жарналарының аударымы жүзеге асырылған айдың алдындағы ай есепке алынады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда –ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.04.2018 № 158 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Егер жинақтаушы зейнетақы қорларына және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын бір айда бірнеше рет аудару жүзеге асырылса, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңі бір айды құрайды.
9-1. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу кезінде осы Қағидалардың 5-тармағының 3) - 9) тармақшаларында көрсетілген кезеңдер, Заңның 24-бабы 2-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген адамдардың еңбек қызметі кезеңдерін қоспағанда, егер олар туралы мәліметтер алушының зейнетақы ісінде болса, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне есептеледі.
Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.04.2018 № 158 (01.07.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2018 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.10. Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу кезінде зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне еңбек өтілі және еңбек сіңірген жылдары қосымша құжаттарды талап етусіз зейнетақы ісіндегі деректер бойынша есепке алынады.
11. Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындаған күнге есепке алынады.
Заңның 11-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес тағайындалған зейнетақы төлемдерін алушылар болып табылатын адамдардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 63 жасқа (ерлер) және 58 жас 6 айға (әйелдер) толғанға дейін есепке алынады.
3-тарау. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу
12. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу Заңның 4-бабының 2-тармағына сәйкес жүргізіледі.
4-тарау. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру
13. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу жөніндегі жұмысы алушының мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу туралы өтінішін талап етпестен жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу туралы шешім 2018 жылғы 1 шілдеден бастап осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ресімделеді.
15. Еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1500 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерiн тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес 1-BС-арттыру нысаны бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалына бір данада әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қатарындағы зейнеткердің зейнетақы ісінен үзінді көшірме береді.
2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.08.2018 № 800 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Коды ______________
Облысы ____________
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта
есептеу туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің ____________ облысы бойынша
департаментінің 20__ жылғы "__" _______ № ___ шешімі
Азамат(ша) ______________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Іс № __________
Жынысы ______________ Туған күні 19__ жылғы "_____" ________________
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ___ жыл ___ ай ________ күн оның ішінде:
1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ___ жыл ___ ай ___ күн
МЗЖ жүзеге асырылған кезең ___ жыл ___ ай
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті _____________________________________
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері "Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018
жылғы 1 шілдеден бастап ___________________________________________________ теңгені
___________________________________________________ теңгені құрайды.
(сомасы жазбаша)
Департамент басшысы ____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Басқарма (бөлім) басшысы _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Маман __________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Шешімнің жобасын дайындаған:
Мемлекеттік корпорация филиалының директоры
_________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мемлекеттік корпорация филиалының маманы
___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің бастығы
______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы
______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)2018 жылғы 1 шілдеге дейін тағайындалған мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін қайта есептеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін 2018 жылғы 1 шілдеден бастап қайта есептеу туралы шешім (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алушылар үшін)
____________________________________________________________________
(әскери, арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Зейнетақы ісінің № __________
Туған күні 19___ жылғы "___"__________
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі:
күнтізбелік есептегенде __ жыл __ ай __ күн,
жеңілдікпен есептегенде __ жыл __ ай __ күн,
оның ішінде:
1) еңбек сіңірген жылдары:
күнтізбелік есептегенде __ жыл __ ай __ күн,
жеңілдікпен есептегенде __ жыл __ ай __ күн,
2) еңбек өтілі:
күнтізбелік есептегенде __ жыл __ ай __ күн,
жеңілдікпен есептегенде __ жыл __ ай __ күн.
Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің коэффициенті __________________________
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері "Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018
жылғы 1 шілдеден бастап _______________________________________________ теңгені
______________________________________________________________ теңгені құрайды
(сомасы жазбаша)
М.О.
Бөлімше басшысы _______________ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Бөлімше маманы ________________ _______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)