Қазақстан Республикасы Қорғаныс аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2017 жылғы 12 сәуірдегі № 62 нқ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 мамырда № 15095 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 331/НҚ бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 10.09.2020 № 331/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Адами ресурстарды басқару департаменті (А. Жұмабек):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
Б. Атамқұлов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2017 жылғы 12 сәуірдегі
№ 62 нқ бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметтік куәлігін беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметтік куәліктерін беру тәртібін белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі - қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымын және лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

      3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік:

      1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің қолымен - комитеттер төрағаларына;

      2) Министрліктің жауапты хатшысының қолымен - комитеттер төрағаларының орынбасарларына, департаменттер директорларына және олардың орынбасарларына, басқарма басшыларына, бас сарапшыларына және сарапшыларына;

      3) комитеттер төрағаларының қолымен - комитеттердің қызметкерлеріне беріледі.

      5. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан және бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған немесе бүлінген жағдайда беріледі.

      6. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен босатылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті бұйрықтың шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті Адами ресурстарды басқару департаментіне (бұдан әрі - Департамент) тапсырады.

      7. Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін есепке алу және қайтарылуы туралы мемлекеттік қызметкерлер қызметтік куәліктер Министрлігінің журналына (бұдан әрі - Есепке алу журналы) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қол қояды.

      8. Куәліктерді беру журналы нөмірленеді, тігіледі және Департаменттің мөрімен бекітілуге жатады. Есепке алу журналы Департаментінің сейфінде сақталады.

      9. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті тапсырған кезде пайдалану және оны сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі. Қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлікті Департаментінің қызметтік куәлікті беруге жауапты қызметкерлері қайтарып алады.

      10. Департаментінің қызметтері жыл сайын, 10 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      11. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды Департаментінің директоры жүзеге асырады.

      12. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер үш жұмыс күні ішінде жазбаша түрде Департаментке хабарлайды.

      13. Куәлікті жоғалтқан адам жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.

      14. Жоғалғанның немесе жарамсыздың орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру жүргізілгеннен кейін Департамент береді.

      15. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті Департаменткке тапсырады. Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      16. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, Департамент жүргізеді.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің қызметтік куәлігін беру
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлікті берілуін және қайтарылуын есепке алу журналы

№ қызметтік куәлігінің нөмірі

Берілген күні

Кімге берілді қызметкердің А.Т.Ә. (болған жағдайда)

Жұмыс орны және лауазымы

Қызметкердің қызметтік куәлікті алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметкердің қызметтік куәлікті ауыстырғаны және тапсырғаны жөнінде жеке қолы

Жою туралы белгі (актінің нөмірі мен күні)









      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін берілуін және қайтарылуын есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және Адами ресурстарды басқару департаментінің қолымен және мөрімен расталады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 19,5 см х 6,5 см (ашып көрсетілген түрінде), көк түсті жасанды былғарыдан болуы.

      2. Қызметтік куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Қызметтік куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында көгілдір түсті қорғаныштық тангир орналасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ", "МИНИСТЕРСТВО ОБОРОННОЙ И АЭРОКОСМИЧЕСКОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН" деген жазулар бар.

      Ескертпе: Қазақстан Республикасы қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомстволар қызметкерінің қызметтік куәлігінде тиісті ведомствоның ішкі жағында толық атауы орналасады.

      4. Төменгі бөлігінде қызыл түсті үздіксіз жолақтың үстінде үздіксіз жол түзетін "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ" деген қызыл түсті үздіксіз микро мәтін орналасқан.

      5. Қара түсті баспа әріптерімен қызметтік куәліктің нөмірі "№" көрсетілген, және "КУӘЛІК" жазуы жазылған.

      6. Куәліктің нөмірі қызметтік куәліктердің есепке алу журналына сәйкес беріледі.

      Куәлікте қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы және басшының қолы қара шрифтпен орындалған.

      7. Оң жағында: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі (үш жыл мерзімге беріледі) көрсетіледі.

      8. Сол жағында: көлемі 3,5 х 4,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), тиісінше Министрдің, Жауапты хатшының, ведомствоға бағынысты ұйымдардың басшыларының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.

      9. Қызметшінің қызметтік куәлігіне қол қойғаннан кейін фотосурет карточкасының төменгі оң жақтағы бұрышына елтаңбалы мөрдің бедері қойылады, содан кейін алдыңғы беті ламинатталады және артқы бетімен куәлік мұқабасының ішкі бөлігіне жабыстырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігінің
қызметтік куәлігін беру
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Ұйымның атауы
АКТІ

      __________________ __________________ № ________________

      жасалу орны             күні

      Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса),

      атқаратын лауазымын көрсету керек), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

      қызметтік куәлігін беру қағидаларының 11-тармағының негізінде қызметкерлерді есептен

      шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп:

      жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты ___________ тізімге сәйкес:

      Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасады:

      Лауазымның атауы                   Қолы

      Лауазымның атауы                   Қолы

      Лауазымныңатауы                   Қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады