Қазақстан Республикасы Бас прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 8 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 мамырда № 15098 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабы 2-тармағы 4)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

       2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, Комитеттің аумақтық органдарына мәлімет үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________ Б. Сұлтанов

      10 сәуір 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      _______________ С. Жасұзақов

      27 наурыз 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігінің Төрағасы

      ____________ Қ. Қожамжаров

      3 сәуір 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      _______________ Қ. Қасымов

      17 ақпан 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      Төрағасы

      ______________ К. Мәсімов

      14 сәуір 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 6 ақпандағы
№ 8 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бойынша комиссия жөніндегі Типтік ережені бекіту туралы" 2006 жылғы 6 ақпандағы № 8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4090 санымен тіркелген);

      2. "Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бойынша ішкі ведомстволық қызметі туралы" № 6 нысан мәліметтерін және оларды құру бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 6 ақпандағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4091 санымен тіркелген);

      3. "Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 85 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7287 санымен тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2011 жылғы 23 қарашада № 172 (2162) санымен жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады