"Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бойынша комиссия жөніндегі Типтік Ережені бекіту туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2006 жылғы 6 ақпандағы N 8 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 13 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 4090. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 6 ақпандағы № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Бас прокурорының 06.02.2017 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Қылмыстық қудалау органдарында қылмыстар және оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, сондай-ақ басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру тәртібіне толық және жан-жақты бақылауды жүзеге асыру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қылмыстық қудалау органдарының есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бойынша комиссия жөніндегі қоса берілген Типтік Ереже бекітілсін.

      2. Қылмыстық қудалау органдарының басшылары бір ай мерзімде есепке-алу тіркеу тәртібін бақылау бойынша комиссия туралы қолданыстағы ережелерді осы бұйрықпен сәйкестендірсін.

      3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті(Г.В.Ким) осы бұйрықты орындалуы үшін барлық қылмыстық қудалау органдарына жолдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуындағы бақылау Бас Прокурордың орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Төрағасына (Г.В.Ким) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген сәтінен қолданысқа енеді.

Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры


      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қазақстан Республикасы

      экономикалық және сыбайлас

      жемқорлық қылмыспен күрес

      жөніндегі агенттігінің Төрағасы

      (қаржы полициясы)

      2005 жыл 12 желтоқсан

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      Төрағасы

      2006 жыл 25 қаңтар

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      2006 жыл 16 қаңтар

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      2005 жыл 1 желтоқсан

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қазақстан Республикасы Төтенше

      жағдайлар министрі

      2005 жыл 30 қараша

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қазақстан Республикасының

      Әділет Министрі

      2005 жыл 20 желтоқсан

      КЕЛІСІЛГЕН:

      Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігі Кедендік бақылау

      комитетінің Төрағасы - Вице-министр

      2005 жыл 29 қараша



  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2005 жылғы 6 ақпандағы
8 бұйрығымен бекітілген

Қылмыстық қудалау органдарындағы есепке алу-тіркеу
тәртібін бақылау бойынша комиссия туралы
Типтік ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Типтік ереже қылмыстық қудалау органдарындағы есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бойынша комиссиялардың (бұдан әрі - комиссия) мәртебесі мен өкілеттіктерін, мақсаты мен қызметтерін айқындайды, олардың қызметін регламенттейді, сондай-ақ қылмыстық қудалау органдарының (бұдан әрі - Органдар) комиссиясы туралы ұқсас ережеге арналған типтік құжат ретінде қызмет атқарады.

      2. Комиссия қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау тәртібін толық және жан-жақты бақылау мақсатында құрылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

       3. Қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу Кодекстері, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрықтары, қылмыстық қудалау органдарының ведомстволық бұйрықтары, сондай-ақ осы Типтік ереже құрастырады.

      4. Комиссия алқалық орган болып табылады, өзінің жұмысын ашық, жариялы және алқалы негізде құрып, мыналарға бақылауды жүзеге асырады:

      1) Органға келіп түскен қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру кезіндегі заңдылықтың сақталуына;

      2) тіркелген қылмыстар мен құқық бұзушылықтар және солар бойынша қабылданған шешімдер туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне (бұдан әрі - ҚСжАЕК) және оның аумақтық органдарына айқын, жеткілікті және толық ақпаратты уақытылы ұсынуға.

      5. Органның бірінші басшысы комиссия төрағасы болып табылады. Мемлекеттік органдардың орталық аппараттарында бірінші орынбасар немесе қызметтің осы бағытына жетекшілік ететін орынбасар төраға болуы мүмкін.

      6. Комиссия құрамы Органның бірінші жетекшісімен бекітіледі. Комиссия құрамына жедел-тергеу бөлімшелерінің, әкімшілік қызметтің басшылары, кезекші бөлімі, хатшылық және қажеттілік туындаған жағдайда орган басшысының шешімі бойынша комиссия құрамына қосылатын басқа да лауазымды тұлғалар енгізіледі. Осы Органда бекітілген іс жүргізу комиссиясы жөніндегі қағидаларға сәйкес комиссия отырыстарының хаттамаларын жеке журналға тіркеуді жүргізетін есепке алу-тіркеу жұмысы жөніндегі штаттық қызметкер комиссия хатшысы болып табылады.

      7. Комиссия жұмысы Органның алдын-ала тергеуді және анықтауды іске асыратын салалық қызметтерімен тығыз байланыса отырып, тоқсандық жоспарлар негізінде жүзеге асырылады. Комиссия жұмысының жоспарына аймақтағы криминогендік жағдайға, есепке алу-тіркеу тәртібінің жағдайына сапалы талдау жүргізу нәтижелері жөніндегі іс-шаралар енгізілуі тиіс. Жоспарлы іс-шаралар есепке алу-тіркеу тәртібінің бұзылғандығын ескертуге, айқындауға және жоюға, сондай-ақ соларға әсер ететін себептер мен жағдайларға бағытталуы керек.

      8. Өз құзыреті шеңберінде қабылданған комиссия шешімдері тиісті Органның барлық лауазымды тұлғаларына міндетті.

      9. Комиссия отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің ішіндегі көпшілік дауысымен шешім қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

      Егер комиссия мүшелерінің жалпы санынан қатысқандарының саны 2/3-ден төмен болмаса, комиссия отырысы құқылы болып саналады. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделінеді.

      10. Іс жүргізуді комиссия өздігінше жүзеге асырады.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      11. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) есепке алу-тіркеу тәртібіне және қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастырудың белгіленген тәртібінің сақталуына толық және жан-жақты бақылауды ұйымдастыру;

      2) төмендегідей есепке алудың толықтығы мен айқындылығына бақылауды жүзеге асыру:

      қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және ақпараттарды;

      қылмыстар және соларды жасаған тұлғаларды, қылмыстық істердің қозғалысын және материалдарды;

      3) Органдарда есепке алу-тіркеу тәртіптерін нығайту бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік басқаруды жүзеге асыру, оның бұзылуына әсер ететін себептер мен жағдайларды жою;

      4) әкімшілік құқық бұзушылық белгілері қарастырылатын, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған істер бойынша әкімшілік іс жүргізулерді уақытылы қозғау бойынша бақылауды жүзеге асыру;

      5) бас тарту материалдарын есепке алу, сақтау және беру тәртібін бақылауды жүзеге асыру;

      6) Қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қабылданған шешімнің нақтылығын бақылауды жүзеге асыру.

3. Комиссия қызметтері

      12. Жүктелген міндеттерге сәйкес, комиссия мынадай қызметтерді жүзеге асырады:

      1) ай сайын Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды және өзге де ақпаратты есепке алу кітабындағы (бұдан әрі – ӨАЕК) қылмыстар мен оқиғалар туралы ақпаратты есепке алудың толықтығына тексеру мен салыстыру жүргізеді;

      2) Органға келіп түсетін қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қарастырудың тәртібі мен мерзімдерінің мен мерзімдерінің сақталуына, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу заңдарына сәйкес, олардың шешілу мерзімдеріне бақылауды іске асырады;

      3) қызметтердегі, Органдар бөлімшелеріндегі есепке алу-тіркеу жұмыстарын тексеруді жүзеге асырады, тексеру нәтижелерін комиссия отырыстарында қарастырады;

      4) тексерілуші кезеңдегі бас тарту материалдарына апта сайын іріктелген тексерісті жүзеге асырады;

      5) мынадай сұрақтарды қарастырады:

      қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру тәртібін сақтауды;

      қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларға, шағымдар мен басқа да ақпараттарға ықпал етуді ұйымдастырады;

      есепке алу-тіркеу қызметінің басқа да сұрақтарын;

      6) талдаудың негізінде есепке алу-тіркеу тәртібін жақсарту мен нығайту үшін іс-шаралар жоспарлайды;

      7) есепке алу-тіркеу тәртібінің бұзылуын алдын алу және анықтау бойынша іс-шараларды әзірлейді;

      8) бағынышты бөлімшелердегі комиссия қызметі тексерісін жүзеге асырады;

      9) есепке алу-тіркеу тәртібін бұзған лауазымды тұлғаларды жауаптылыққа тарту бойынша, сондай-ақ анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтарды жою бойынша шараларды орындамаған немесе қабылдамаған жағдайда шаралар қолданады;

      10) есепке алу-тіркеу тәртібінің жағдайларына бақылауды жүзеге асыру бойынша оң тәжірибені қорытындылап, таратады;

      11) тоқсан сайын комиссия жұмысының жоспарын әзірлейді.

      Органның орталық аппаратының комиссиялары және облыстық деңгейдегі комиссиялар төмен тұрған бөлімшелерге де тексеру мен салыстыруды жүзеге асырады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

4. Комиссияның құзыреттілігі

      13. Комиссия өз құзыреттілігінің шеңберінде:

      1) айына бір реттен кем емес отырыс өткізуге тиісті ішкі істердің аумақтық органдарын қоспағанда, тоқсанына бір реттен кем емес өз отырыстарын өткізеді;

      2) Отырыстарда міндетті түрде мыналарды тыңдайды:

      сенім білдірілген бөлімшелердің есепке алу-тіркеу тәртібінің барлық мәселелері бойынша Органның құрылымдық және басқа да бөлімшелерінің басшыларын;

      өздерінің функционалдық міндеттерін орындау және қызметтерінің нәтижелері бойынша комиссия мүшелерін;

      қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдар мен басқа да ақпараттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарастыру қағидаларын бұзған Органның жеке қызметкерлерін;

      3) белгіленген тәртіпте өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарға, материалдарға және ақпараттарға сұрау салады;

      4) бағынышты бөлімшелердің есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау бойынша комиссия қызметтерін үйлестіріп, бақылайды;

      5) есепке алу-тіркеу тәртібін бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселені қозғайды;

      6) есепке алу-тіркеу тәртібінің бұзылуының анықталған деректері бойынша қызметтік тексерістерді ұйымдастырады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

5. Комиссия төрағасының құқықтары және міндеттері

      14. Комиссия төрағасы өзіне жүктелген құқықтар мен міндеттерге сәйкес:

      1) комиссия жұмысын ұйымдастырады, комиссияға жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуына жеке жауапкершілікте болады;

      2) комиссия жұмысының жоспарын бекітеді және оның орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асырады;

      3) комиссия отырысының күн тәртібін анықтайды;

      4) комиссия мүшелерінің әрқайсысының функционалдық міндеттерін айқындайды, олардың өз міндеттерін орындауына бақылау жасайды. Комиссия отырыстарында комиссия мүшелерінің өз қызметтік міндеттерін орындауы туралы есептерін, есепке алу-тіркеу тәртібі бойынша қызметтер мен бөлімшелер басшыларының есептерін тыңдайды және тыңдау нәтижелері бойынша шешімдер қабылдайды;

      5) ай сайын есепке алу-статистикалық, жедел-іздестіру ақпараттарын салыстыруды ұйымдастырады;

      6) тоқсан сайын жоғары тұрған комиссияға есеп береді;

      7) есепке алу-тіркеу тәртібінің бұзылу деректері бойынша қызметтік тексерістің өткізілуін ұйымдастырады.

6. Комиссия мүшелерінің міндеттері

      15. Комиссия мүшелері:

      1) функционалды міндеттерінің бөлінуіне сәйкес, бас тарту материалдары бойынша салыстырулар, қарсы тексерістер жүргізеді, комиссия төрағасы алдында салыстыру өткізудегі нәтижелер туралы отырыста есеп береді;

      2) тоқсан сайын есепке алу-тіркеу жағдайын, бұзушылықтарға әсер ететін себептер мен жағдайларды талдайды және олардың шектелуі бойынша шараларды анықтайды;

      3) кезеңді түрде, бірақ жарты жылда бір реттен кем емес қылмыс, криминогендік жағдай туралы статистикалық көрсеткіштерді талдайды.

      Комиссия мүшелері - жедел-іздеу бөлімшелер басшылары және қоғамдық қауіпсіздік қызметі - қылмыстық істің бас тартылуындағы қабылданған шешімнің нақтылығын апта сайын тексеруді жүзеге асырады.

      16. Комиссия хатшысы:

      1) күнделікті бақылау тәртібінде мыналарды тексереді:

      ӨЕК, АЕЖ - журналдарын жүргізеді;

      секретариатта (кеңседе) - кіріс хат-хабарын тіркейді;

      2) төмендегілерді бақылайды:

      тіркеу мерзімдерін;

      қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламалардың, шағымдар мен өзге де ақпараттардың шешілу мерзімдерін;

      хабарландыру-талондарының берілуін;

      3) он күн сайын комиссия мүшелерімен бірлесіп, "дерек дәлелденбеген" деген белгі соғылған ӨАЕК-нда тіркелген қылмыстар туралы кейбір ақпаратқа қайта тексеруді жүзеге асырады. Тексеру нәтижелері бойынша осы Типтік ереженің N 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша акт толтырады;

      4) комиссияның жекелеген іс жүргізуін жүзеге асырады, материалдардың дайындығын және таралымдалуын қамтамасыз етеді, отырыстар хаттамаларын жүргізеді; қабылданған шешімнің орындалуының өз уақытылығын бақылауды жүзеге асырады; комиссияның қорытынды құжаттарын дайындауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

       17. Кезекші бөлімнің бастығы ӨАЕК-ң жүргізілуіне; орган хатшылығының бастығы кіріс хат-хабары журналының және жеке, заңды тұлғалардың өтініштері мен жүгінулерін есепке алу журналының жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

7. Салыстыруды ұйымдастыру мен жүргізу

      18. Есепке алудан жасырылған қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштер, хабарламалар және өзге де ақпараттар бойынша есепке алу-тіркеу тәртібінің бұзылғандығын анықтау мақсатында, комиссия мүшелері ай сайын ӨАЕК мәліметтеріне мынадай деректермен:

      1) кіріс хат-хабарларын есепке алу журналымен;

      2) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын есепке алу журналымен;

      3) сенім телефонына жасалған қоңырауларды есепке алу журналдарымен;

      4) аумақтық тиесілігіне, тергеуге алынғандығына, соттылығына қарай жіберілген материалдар бойынша прокуратура және сот органдарымен салыстыру жүргізеді.

      Орган бастығы барлық табылған тіркелмеген деректер бойынша тексеру материалдарымен танысқаннан кейін ғана осы Типтік Ереженің N 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша ұйымдармен салыстыру актісіне қол қояды.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

       19. Ішкі істер органдары да төмендегілермен салыстыру жүргізеді:

      1) осы Типтік Ереженің N 3 қосымшасына сәйкес нысан бойынша салыстыру актісін құрастырумен медициналық мекемелермен (аудандық (қалалық) ауруханалардың қабылдау бөлмелерімен, фельдшерлік-акушерлік және травматологиялық пункттермен,"03" диспетчерлік қызметімен) - криминалдық сипатта пайда болған дене жарақаттары бар тұлғалардың ұсынған (жүгінген) деректері бойынша;

      2) мемлекеттік кәсіпорындармен және ұйымдармен - мүліктік ұрлық жасау деректері бойынша;

      3) ӨАЕК мәліметтерін оқиға болған жерлерді, тұспалдарды қарауға криминалистерді жіберуді есепке алу журналдарына тіркелген қылмыстармен және оқиғалармен салыстыру;

      4) ӨАЕК мәліметтерін хатшылықтың (кеңселердің), полицияның учаскелік пункттерінің есепке алу журналдарындағы қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштердің, хабарламалардың және өзге де ақпараттың тіркелуімен, басқа да қызметтердің құжаттарымен салыстыру;

      5) сот-медициналық сараптама бюросымен - сараптаманың талап етілмеген актілерінің затына;

      6) әділет органдарының құжаттандыру және азаматтарды тіркеу қызметтерімен - қылмыстық әрекеттер нәтижелерінде құжат жоғалту деректерін анықтау затына;

      7) жол полициясының тіркеу-емтихандық бөлімшелерімен - қылмыс туралы күдік тудыратын жағдайларда автокөлікті жүргізу құқығына берілген куәлігін және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктерді азаматтардың жоғалтқан деректерін анықтау затына;

      8) қорғаныс істері бойынша бөлімшелерімен - күдік тудыратын жағдайларда әскери есепке алу құжаттарын азаматтардың жоғалтқан деректерін анықтау затына.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

       20. Әскери-тергеу органдары және әскери полиция органдары мыналарға тексеру жүргізеді:

      1) әскери-медициналық мекемелермен - криминалдық сипатта пайда болған дене жарақаттары бар тұлғалардың жүгінген деректері бойынша;

      2) мемлекеттік бақылаушы органдармен - мемлекеттік мүліктің сақталуына тексеріс жүргізу нәтижелері бойынша.

8. Комиссия мүшелерінің жауаптылықтары

      21. Жүктелген міндеттердің өз деңгейінен төмен орындалғаны үшін, комиссия мүшелері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген жауаптылықта болады.

       Қылмыстық қудалау органдарындағы

       есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау

      бойынша комиссия туралы

       Типтік ережеге N 1 қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

Қылмыстар, оқиғалар туралы өтініштерді, хабарламаларды
және өзге де ақпаратты есепке алу кітабында
(бұдан әрі – ӨАЕК) тіркелген қылмыстар туралы ақпаратты
тексерудің нәтижесінде "дерек дәлелденбеген" деген белгі
қойған комиссияның бақылау тексерісінің ____________
жылға арналған
АКТІСІ

      Біз, төмендегі қол қоюшылар _________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (есепке алу-тіркеу жұмысының инспекторы, қызметі мен шендері көрсетілген комиссия мүшелері) ӨАЕК-нда тіркелген ақпаратқа бақылау тексерісін жүргіздік, нәтижесінде қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері "дерек дәлелденбеген" деген белгі қойды.

№ р/с

Тіркеу нөмірі және күні

Ақпараттың дерек көздері мен мазмұны

Кім барды

Комиссия мүшелерінің қайсысы тексерген

Бақылау тексерісінің нәтижесі

1

2

3

4

5

6




















      Ескерту: "дерек дәлелденбеген" деген белгісі бар ақпарат іріктеп тексеріледі.

      Салыстыру нәтижелері бойынша жасалған бұзушылықтарға түзетулер енгізілген, ӨАЕК-нда тіркеу жүргізілген.

      Бақылау тексерісін жүргізген қызметкерлердің қолдары:

      __________________________________________________________________________________________________________________________________________

       Қылмыстық қудалау органдарындағы

       есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау

      бойынша комиссия туралы

       Типтік ережеге N 2 қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

       нысан

___________________________ жылға арналған
(ұйымның, кәсіпорынның атауы) -мен салыстыру жүргізу
АКТІСІ

р/с

Жасалған қылмыстың күні мен уақыты

Қылмыстың мән-жайы, келтірілген залалдың сомасы

Органға кім хабарлаған, егер хабарланбаған болса, көрсетілсін

Хабарламаны кім қабылдаған (қызметі, атағы, тегі)

Қай органға тіркелген, тіркеу нөмірі мен күні

1

2

3

4

5

6




















      Ұйымның басшысы Орган бастығы

      (қолы, тегі) (атағы, қолы, тегі)

      М.О. М.О.

       Қылмыстық қудалау органдарындағы

       есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау

       бойынша комиссия туралы

       Типтік ережеге N 3 қосымша

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас прокурорының 2011.09.12 № 85 (4-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

       нысан

_____________ жылға арналған
(медицина мекемесінің атауы) -мен салыстыру жүргізу
АКТІСІ

р/с

Келіп түскен (жүгінген) күні, қойылған диагнозы

Жарақаттанушының аты-жөні, туған күні

Оның тұрақты мекенжайы, қайдан келіп түскен

Хабарламаны қылмыстық қудалау органына кім берген, егер берілмеген болса, көрсетілсін

Хабарламаны кім қабылдаған (қызметі, атағы, тегі)

Қай органға тіркелген, тіркеу нөмірі мен күні

1

2

3

4

5

6

7























      Ұйымның басшысы Орган бастығы

      (қолы, тегі) (атағы, қолы, тегі)

      М.О. М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады