Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 31.10.2022 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Волонтерлік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Заңының 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде электрондық және қағаз данасын баспа басылымдарында ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам Министрі |
Н. Ермекбаев |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
"КЕЛІСІЛДІ" |
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам Министрінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 15 бұйрығымен бекітілді |
Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асырудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Волонтерлік қызмет туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуының мониторингін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
2. Мониторинг мақсаты – ақпаратты жинақтау негізінде волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуына талдау жүргізу, жалпы үрдістерді анықтау және волонтерлік қызметті дамыту бойынша ұсынымдар әзірлеу.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) волонтерлік акция – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын нақты әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндетті шешуге бағытталған іс-шара;
2) волонтерлік бағдарлама (жоба) – волонтерлік ұйым және (немесе) волонтерлер және (немесе) волонтерлер тобы орындайтын іс-шаралар мен күтілетін нәтижелер көрсетіле отырып, әлеуметтік бағыттағы, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі шаралар кешені;
3) волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың мониторингі (бұдан әрі – мониторинг) – волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың іске асырылуы туралы ақпаратты талдау және жинақтау процесі;
4) волонтерлік қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес волонтерлік қызметті жүзеге асыратын (волонтерлер, волонтерлер тобы, волонтерлік ұйымдар, волонтерлік қызметті үйлестірушілер) жеке және заңды тұлғалар.
4. Осы Қағидаларды іске асыру мақсатында Заңның 8-бабының 1) тармағының 6) тармақшасына сәйкес мониторинг орталық атқарушы органдармен жүзеге асырылады.
2-тарау. Волонтерлік бағдарламаларды (жобаларды) және волонтерлік акцияларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру тәртібі
5. Мониторинг бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес, соның ішінде волонтерлік ұйымдардың интернет-ресурстарында орналастырылған ақпарат, бақылаулар және әлеуметтік зерттеулер деректері, волонтерлік қызмет субъектілері туралы деректер негізінде жүргізіледі.
6. Мониторинг келесі кезеңдерден тұрады:
1) волонтерлік қызмет субъектілерімен өткізілетін волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялар туралы (атауы, күні, уақыты және өткізілетін жері);
волонтерлік қызметті ұйымдастырушылар туралы (орталық және жергілікті атқарушы органдар, жергілікті өзін-өзі басқару, волонтерлерді жеке немесе волонтерлік ұйымдар арқылы тартатын жеке тұлғалар) туралы;
волонтерлік бағдарламалардың (жобалардың) және волонтерлік акциялардың жоспарланған мақсаттардың, міндеттердің күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі туралы;
волонтерлік бағдарламалар (жобалар) және волонтерлік акциялар бағытталған адрестік топтардың атауы және саны туралы ақпарат жинақтау;
2) мониторинг қорытындылары бойынша ақпаратты өңдеу және талдау;
3) жүргізілген талдау негізінде есептік ақпарат әзірлеу. Есептік ақпарат келесі құрам бойынша әзірленеді:
волонтерлік қызметтің қазіргі жағдайын баяндау;
оң тәжірибені сипаттау;
туындаған мәселелерді баяндау;
волонтерлік қызметті ұйымдастыруға бағытталған азаматтық бастамаларды дамыту және қолдау бойынша ұсыныстар беру;
волонтерлік қызметтің ролін арттыруға бағытталған шаралар әзірлеу және қабылдау бойынша қсыныстар беру;
мәселерді шешу жолдары бойынша ұсыныстар беру.
7. Орталық атқарушы органдар жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ақпаратты волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті органға жарты жылда 1 рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне ұсынады.
8. Волонтерлік қызмет саласында уәкілетті орган мониторинг нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасындағы волонтерлік қызмет туралы қорытынды ақпаратты дайындайды және Қазақстан Республикасы Үкіметіне жарты жылда 1 рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 күніне енгізеді.