Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң кейбiр бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 21 сәуірдегі № 264 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 мамырда № 15103 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:

      7 "Қарыздар түсімі" санатында:

      01 "Мемлекеттік ішкі қарыздар" сыныбында:

      1 "Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 11 ерекшелікпен толықтырылсын:

       "11 Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет тапшылығы қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберуге шығарылатын мемлекеттiк бағалы қағаздардың шығарылымынан түсетін түсімдер";

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      3 "Сыртқы саяси қызмет" функционалдық кіші тобында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 159 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету";

      мынадай мазмұндағы 159 бюджеттік бағдарламасы бар 217 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "217 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi

      159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету";

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 159 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету";

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      073 "Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 012 және 032 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "012 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      мынадай мазмұндағы 159 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "159 Қазақстан Республикасы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайына зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету";

      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:

      9 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      221 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 065 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "065 Сот сараптамалары бойынша қызметтер";

      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

      1 "Кең бейiндi ауруханалар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 155 бюджеттік бағдарламасы мен 012 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 226 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "226 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

      155 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде техникалық көмек іс-шараларын іске асыру

      012 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламасы мен 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 373 - бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "373 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы

      010 Алматы қаласында сейсмикалық күшейтілетін денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      1 "Әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық кіші тобында:

      261 "Облыстың білім басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      015 "Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      100 "Балалар үйлері" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "100 Балалар үйлері және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтары";

      360 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      016 "Жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтiк қамсыздандыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      100 "Балалар үйлері" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "100 Балалар үйлері және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларды қолдау орталықтары";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      156 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасы:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      156 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасы:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      367 "Астана қаласының коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      005 "Коммуналдық шаруашылықты дамыту" бюджеттік бағдарламасы:

      мынадай мазмұндағы 005 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:

      1 "Отын және энергетика" функционалдық кіші тобында:

      386 "Астана қаласының энергетика басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      012 "Жылу-энергетикалық жүйені дамыту" бюджеттік бағдарламасы:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      5 "Қоршаған ортаны қорғау" функционалдық кіші тобында:

      241 "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      155 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде техникалық көмек іс-шараларын іске асыру" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "012 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 156 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "156 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму трансферттері

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      1 "Автомобиль көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      385 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Көлік инфрақұрылымын дамыту" бюджеттік бағдарламасы:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      3 "Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      155 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде техникалық көмек іс-шараларын іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "012 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      265 "Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" және 266 "Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 027 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "027 Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағадарламасы шеңберінде микрокредиттерді ішінара кепілдендіру";

      266 "Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 028 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "028 "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде ағымдағы іс-шараларды іске асыру";

      275 "Облыстың кәсіпкерлік басқармасы", 278 "Облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасы", 289 "Облыстың кәсіпкерлік және туризм басқармасы", 364 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы", 393 "Алматы қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы", 701 "Облыстың кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы" және 723 "Облыстың кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша:

      мынадай мазмұндағы 027 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "027 Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағадарламасы шеңберінде микрокредиттерді ішінара кепілдендіру";

      2) "Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған) бұйрығына:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:

      7 "Қарыздар түсімі" санатында:

      01 "Мемлекеттік ішкі қарыздар" сыныбында:

      1 "Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 11 ерекшелікпен толықтырылсын:

      "

Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет тапшылығы қаржыландыру үшін iшкi нарықта айналысқа жiберуге шығарылатын мемлекеттiк бағалы қағаздардың шығарылымынан түсетін түсімдер

7

01

1

11



100



      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады