"Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 26 тамыздағы № 271 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 17 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 10 мамырда № 15107 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 52) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 627 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары қызметкерлерінің арнаулы киім нысандарының түрлері мен сипаттамаларының 5-тармағына сәйкес, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасының 5-тармағына іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 26 тамыздағы № 271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9769 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 20 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ҰҚК Академиясының магистратурасын бітіргені туралы белгі алтын жиекті ақ түсті ернеудің периметрі бойынша шектелген көктікен (көк) түсті алаңы бар ромб нысанындағы негізден және ҰҚК Академиясының эмблемасы түріндегі алтын түстес барельфі бар жапсырмадан тұрады (8-сурет).".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады