Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 6001-17-7-6/148 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 23 мамырда № 15135 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 57-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Жоғарғы Соты аппаратының) Қаржы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың іске асырылуы тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының орынбасары Қ.О. Елібаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сотының жанындағы Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Соты аппаратының) басшысы
А. Тоқсаба

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б.Сұлтанов

      2017 жылғы "____" ________

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаменті (Қазақстан
Республикасы Жоғарғы
Сотының аппараты)
басшысының
2017 жылғы 17 сәуірдегі
№ 6001-17-7-6/148 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы халықаралық кеңестің қызметін ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы халықаралық кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) қызметін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) Кеңес – сот төрелігі жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші орган;

      2) Кеңестің жұмыс органы – уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;

      3) Кеңестің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты);

      4) уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшелері – құзыреттеріне Кеңестің қызметін талдау, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету кіретін құрылымдық бөлімшелер.

      5) халықаралық кеңес мүшелері – қазақстандық және шетелдік сарапшылар, сот жүйесіндегі, мемлекеттік басқару, салық, қаржы, кеден саласындағы және құқықтың басқа салаларындағы, экономика, менеджмент пен басқа да ғылымдар саласындағы ғалымдар мен мамандардың ішінен Кеңес мүшелері;

      3. Кеңестің қызметін қамтамасыз ету үшін бөлінген қаражатты пайдалану Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Кеңес қызметін ұйымдастыру үшін бөлінген қаражатты пайдалану тәртібі

      4. Кеңес қызметін ұйымдастыруға байланысты іс-шараға бөлінген қаражатты пайдалану Кеңес Төрағасы бекітетін Кеңес Жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Кеңестің жұмыс органы Кеңестің қызметін қамтамасыз етуге арналған қаражатты бөлу үшін Кеңестің отырысын өткізерден бұрын жеті жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның басшысына кез келген нысанда тапсырыспен жазбаша жүгінеді.

      6. Тапсырыс осы Қағиданығ қосымшасына сәйкес Кеңестің қызметін қамтамасыз ету бойынша шығындардың нормаларын ескере отырып, уәкілетті органның мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен келісім бойынша жасалады.

      Тапсырысқа тасымалдау компаниясы, уақыты және күні көрсетіле отырып, халықаралық кеңес мүшелерінің белгіленген орынға дейін және кері қарай келу (кету) бағыттары қоса беріледі.

      7. Кеңес қызметін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге байланысты шығыстарға мыналар жатады:

      1) халықаралық кеңес мүшелерінің белгіленген орынға дейін баруы (ұшуы) және кері қайтуы;

      2) халықаралық кеңес мүшелерінің тұруы (қонақ үй нөмірлерінің жартылай люкс, стандарт сыныптамасы);

      3) ресми түскі астар, кешкі астар, кофе-брейктер;

      4) кәдесыйларды, естелік сыйлықтарды сатып алу;

      5) автокөлік қызметін көрсету;

      6) аудармашылардың қызмет көрсетулері (ауызша, жазбаша, сондай-ақ кеңес отырыстарындағы ілеспе аударма);

      7) залды, құрал-жабдықтарды жалға алу;

      8) өзге де шығыстар (таратылатын материалдар, әуежайдағы VIP қызметі);

      8. Халықаралық кеңес мүшелерінің белгіленген орынға дейін баруына (ұшуына) және кері қайтуына арналған шығыстар үшін ақы төлеу "үнем" тарифі бойынша тасымалдау компаниясының шотына қаражатты аудару арқылы жүргізіледі.

      9. Халықаралық кеңес мүшелерін тартуға арналған шығыстар төлемі Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын халықаралық кеңес мүшелерінің банктегі шотына Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 20 желтоқсандағы 2012 жылғы № 562 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8265 тіркелді) 50 қосымшасына сәйкес Р-1 белгіленген нысан бойынша орындалған жұмыстардың актісі негізінде қаражатты аудару арқылы жүргізіледі.

3-тарау. Халықаралық кеңес мүшелерінің шығыстарын өтеу тәртібі

      10. Жұмыс органы, халықаралық кеңес мүшелерінің белгіленген орынға дейін баруына (ұшуына) және кері қайтуына арналған шығыстарын төлеу үшін қаражаттарды бөлуге жауапты уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне мынадай құжаттарды:

      1) халықаралық кеңес мүшесінің жеке басын куәландыратын құжатын;

      2) жол жүру құжаттары:

      жол жүру (ұшу) билеттерін;

      билетті қайтарғаны/алмастырғаны үшін айыппұл төленгендігін растайтын құжат болған кезде;

      электрондық әуе билетін ұсынған жағдайда әуе билетінің құнын төлегенін растайтын құжаттарды;

      жол жүру билеттерін немесе билетті қайтарғаны/алмастырғаны үшін айыппұл төленгендігін растайтын құжаттарды жоғалтқан жағдайда көрсетілген құжаттарды берген ұйымның жазбаша растаухатын ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
халықаралық кеңестің қызметін
ұйымдастыру үшін
республикалық бюджеттен
бөлінген қаражатты пайдалану
қағидаларына
қосымша

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы халықаралық кеңестің
қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шығыстар нормалары


р/с

Шығыстардың атауы

құны

1.

Ресми түскі астарға, кешкi астарға арналған шығындар күнiне бiр адамға арналған есеппен жүргiзiледі

13 000 теңгеге дейін

2.

Күнiне бiр адамға буфетте қызмет көрсету

2 500 теңгеге дейін

3.

Уәкілетті органның штатында тұрмайтын, (ілеспе аудармадан басқа) аудармашының еңбекақысын төлеу сағаттық төлем есебінен

3 000 теңгеге дейін

4.

Халықаралық кеңес мүшелеріне қызмет көрсетуге арналған көлік шығындарын төлеу сағаттық төлем есебінен
автомобиль көлігімен
шағын автобустар
автобустар

2 000 теңгеге
2 500 теңгеге
3 200 теңгеге дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады