БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларында:
7-тармақтын 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"17) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржыландыру көздерін (бюджеттік, қарызға алынған, меншікті, және басқа) көрсетумен іске асырылып жатқан және іске асырылуы жоспарланған инвестициялық жобалары туралы ақпаратты;";
41-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"41-1 Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстарды жоспарлау кезінде есептер 169 "Өзге де нысаналы шығыстар" ерекшелiгi бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарды іске асыруға бағытталған шығыс түрлері бойынша ерікті нысанда жасалады. Есептерге шығыстардың әрбір түрі бойынша тиісті құжаттар мен негіздемелер қоса беріледі.
Есептеулерге қосымша қоса беріледі:
1) дербес кластерлік қорға нысаналы аудару бойынша: бюджеттік бағдарламалар әкімшілігімен келісілген негізгі техникалық, технологиялық және басқа шешімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ негізгі техникалық-қаржы параметрлерін айқындай отырып, пайда мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін жобаның жүзеге асырымдылығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын құжат; дербес кластерлік қордың басқарушы комитеті бекітетін шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысуды көздейтін тәртіп;
2) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін ғана қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға нысыналы аудару бойынша техникалық-экономикалық негіздеме қоса беріледі;
3) ұзақ мерзімді активтерді иелену, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін ғана оның органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымға нысаналы аудару бойынша:
еңбекақы төлеу қоры бойынша ағымдағы қаржы жылына бекітілген штат кестесi мен жоспарлы кезеңге арналған штат кестесiнiң жобасы;
ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде – ақпараттық технологиялар салсындағы көрсетілетін қызметтерді басқа халықаралық қаржы орталықтарына енгізу тәжірибесі бар алдыңғы қатарлы халықаралық консалтингтік компаниялар қорытындысы;
негiзгi құралдар сатып алуға шығыстарды жоспарлау кезінде олардың iс жүзiнде болуы, шығарылған жылы мен тозуы туралы ақпарат пен сатып алынатын негізгі құралдардың әрбір түрі бойынша кем дегенде үш прайс-парақ;
жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде ағымдағы қаржы жылы үшін шарттардың көшiрмелерi қоса беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |