"Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 мамырда № 15159 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 120-1 және 120-2-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6443 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2010 жылғы 14 қыркүйекте № 370-371 (26214) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлiк есепке алуды жүргізу қағидаларында:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Осы Мемлекеттiк мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды салықтық және салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін, трансферттерді, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін есепке алуды жүргізу тәртібін белгілейді".;
      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:
      "18-1. Салық төлеушілердің жеке шоттарының (бюджетке есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сома) қорытынды операциялары бойынша жиынтық есеп бюджетке түсетін салықтық түсімдерді есепке алу бойынша бастапқы құжаттар болып табылады.
      "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі-ИААЖ) талдау орталығы кіші жүйесі "Мемлекеттік қаржы бойынша есептілікті және статистиканы қалыптастыру, бюджеттердің атқарылуын талдау, талдау материалдарын дайындау" талдау орталығы (бұдан әрі-ТО) алынған түсімдер бойынша есептер нысаны бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерді есептеу бойынша бастапқы құжаттар болып табылады.";
      21- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "21. Тексерілген және есепке алынған құжаттар операцияларды жасау күні бойынша жүйеленеді және мемориалды ордерлермен – нысандар альбомының нысандары бойынша жинақтау ведомостерімен ресімделеді, оларға мынадай тұрақты нөмірлер беріледі:
      1-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 381 нысанды кассалық операциялар бойынша жинақтау ведомосі;
      2-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 381 нысанды мемлекеттік мекемелердің кодтарындағы қаражаттың қозғалысы жөнінде жинақтау ведомосі;
      3-мемориалды ордер – 381 нысандар альбомында ақылы қызметтердің қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - ҚБШ), демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ, ақша қаражатын уақытша орналастыру ҚБШ, шетел валютасындағы шоттағы және сыртқы қарыздар мен гранттар бойынша бюджеттік инвестициялық жобаның арнайы шоттарындағы ақша қаражатын есепке алу жөніндегі жинақтау ведомості; жергілікті өзін өзі басқару ҚБШ, нысаналы қаржыландыру ҚБШ;
      5-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 405 нысанды еңбекақы мен стипендиялар бойынша есептеу ведомостерінің жиынтығы;
      6-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
      7-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды аванстық төлемдер тәртібіндегі есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
      8-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 386 нысанды есеп беруге жауапты тұлғалармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосі;
      9-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды ұзақ мерзімді активтердің шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;
      10-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды арнайы киім-кешекті және жеке пайдаланудағы басқа да заттардың шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосі;
      11-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 398 нысанды тамақ өнімдерінің кірісі бойынша жинақтау ведомостерінің жиынтығы;
      12-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 411 нысанды тамақ өнімдерінің шығысы бойынша жинақтау ведомостерінің жиынтығы;
      13-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 396 нысанды материалдардың шығысы бойынша жинақтау ведомосі;
      14-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 406 нысанды балаларды қамсыздандыру үшін ата-аналармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомостерінің жиынтығы;
      15-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 409 нысанды айырбасталмайтын операциялардан кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;
      16-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-а нысанды тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;
      17-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-б нысанды активтерді басқарудан түсетін кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;
      18-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-в нысанды өзге операциялар бойынша кірістерді есептеудің жинақтау ведомосі;
      19-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458 нысанды операциялық шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
      20-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-а нысанды бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
      21-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-б нысанды активтерді басқару бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
      22-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-в нысанды өзге операциялар бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
      23-мемориалды ордер – Нысандар альбомының № 408-ДБ-д нысанының бюджетке түсетін түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөніндегі дебиторлық берешек жөніндегі жинақтаушы ведомосі;
      24-мемориалды ордер – Нысандар альбомының № 408-КБ-д нысанының бюджетке түсетін түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөніндегі кредиторлық берешек жөніндегі жинақтаушы ведомосі;
      25-мемориалды ордер – Нысандар альбомының № 381-д нысанындағы республикалық және жергілікті бюджеттің ҚБШ ақша қозғалысы бойынша жинақтаушы ведомосі;
      26-мемориалды ордер – Нысандар альбомының № 409-д нысанының бюджетке түсетін түсімдерінен кірістерді есептеудің жинақтаушы ведомосі;
      27-мемориалды ордер – Нысандар альбомының № 458-д нысанының бюджетке түсетін түсімдерінің азаюы бойынша шығыстарды есептеудің жинақтаушы ведомосі;
      Қалған операциялар және "Сторно" операциялары бойынша Нысандар альбомының 274 нысанды жеке мемориалды ордерлер жасалады, олар әр ай үшін 28-нен бастап жеке нөмірленеді.
      Жеке мемориалды ордерлер операцияны жасау шамасына қарай, бірақ келесі күннен кешіктірмей (алғашқы құжатты алғаннан кейін), жеке құжаттардың негізінде де, біртекті құжаттар тобының негізінде де жасалады. Мемориалды ордерде қосалқы шоттарды корреспонденттеу бір қосалқы шоттың дебеті бойынша және басқа қосалқы шоттың кредиті бойынша немесе бір қосалқы шоттың дебеті бойынша және бірнеше қосалқы шоттардың кредиті бойынша немесе керісінше бір қосалқы шоттың кредиті бойынша немесе бірнеше қосалқы шоттардың дебеті бойынша операция сипатына қарай жазылады.
      Мемориалды ордерлерге бас бухгалтер және орындаушы қол қояды.";
      23-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Салықтық түсімдердің талдамалық есебі (салықтар, өзге де бюджетке төленетін міндетті төлемдер, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар) "Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот" ақпараттық жүйесінде және интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйеде (бұдан әрі - ИСАЖ) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 622 бұйрығымен бекітілген "Дербес шоттарды жүргізу ережелеріне" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5446 болып тіркелген) сәйкес уәкілетті органның кодтары бойынша жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы 55-3, 55-4, 55-5 -тармақтармен толықтырылсын:
      "55-3. 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ" қосалқы шотында республикалық шоттағы ақша қаражаттарының қозғалысы есептеледі.
      55-4. 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ" қосалқы шотында жергілікті бюджеттегі ақша қаражаттарының қозғалысы есептеледі.
      55-5. 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ" шотында республикалық бюджетке түсімдердің түсуі есептеледі, 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ", шотында жергілікті бюджетке түсімдердің түсуі есептеледі.
      Бюджетке салықтық, салықтық емес түсімдер 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ" шотының дебеті және 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1293 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1294 "Негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер бойынша есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек" қосалқы шоттарының кредитінде көрсетіледі.
      Бюджеттен төлеушіге артық төленген соманы қайтару кезінде 3281 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3282 "ҚҚС төлеу жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3283 "ҚҚС қайтару жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек", 3284 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шоттарының дебеті және 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ" шоттарының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.";
      73-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес республикалық және жергілікті бюджетінің ҚБШ түсімдердің есептелуіне бақылауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің қамтамасыз ету үшін "Қазынашылық-клиент" АЖ 2-14 "Бір айдағы түсімдерді жинау жөніндегі есеп" және 2-43 "Бюджет сыныптамасының коды бойынша түсімдер" нысандары бойынша есептерді дербес қалыптастырады және "е-Қаржымині" ИААЖ талдау орталығы кіші жүйесі "Мемлекеттік қаржы бойынша есептілікті және статистиканы қалыптастыру, бюджеттердің атқарылуын талдау, талдау материалдарын дайындау" ТО компонентінен алынған түсімдер.";
      115- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "115. Дебиторлық берешекті есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
      1210 "Бюджеттік төлемдер бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек";
      1220 "Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек";
      1230 "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі";
      1240 "Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек";
      1250 "Алынуға тиісті қысқа мерзімді сыйақылар";
      1260 "Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі";
      1270 "Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек";
      1280 "Өзге қысқа мерзімді дебиторлық берешектер";
      1290 "Күмәнді дебиторлық берешектер бойынша резерв";
      1291 "Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек;
      2210 "Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі";
      2220 "Жал бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек";
      2230 "Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер".";
      117-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "117. Кредиторлық берешекпен жасалатын операцияларды есепке алуға мынадай шоттар арналған:
      3110 "Бюджеттен төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3120 "Бюджетке төленетін төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3130 "Бюджетпен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3140 "Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3210 "Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3220 "Ведомстволық есеп айырысулар бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3230 "Стипендианттарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3240 "Қызметкерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3250 "Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақылар";
      3260 "Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3270 "Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3280 "Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      4110 "Жеткізушілерге және мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек";
      4120 "Жал бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек";
      4130 "Бюджет алдындағы ұзақ мерзiмдi кредиторлық берешектер".";
      мынадай мазмұндағы 123-1, 123-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "123-1. Бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, мемелекеттің қаржылық активтерін сатудан түсімдер, трансферттер, бюджеттік кредиттер төлеу сомасы, Қазақстан Республикасының салықтық, кедендік және өзге де заңнамасында көзделген қарыздар бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөніндегі дебиторлық берешекті есептеу үшін 1291 "Салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша бюджетпен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының мынадай қосалқы шоттары арналған:
      1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1293 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1294 "Негізгі капиталды және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер бойынша есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек".
      Салықтық түсімдер бойынша дебиторлық берешекті есептеу салық төлеушілердің жеке шоттарының (бюджетке есептелген, азайтылған, түскен, қайтарылған сома) қорытынды операциялары бойынша жиынтық есебі негізінде жүргізіледі.
      Салықтық емес түсімдер бойынша дебиторлық берешекті есептеу "е-Қаржымині" ИААЖ алынған түсімдер бойынша есептер негізінде жүргізіледі.
      Корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі - КТС) бойынша кірістер сомасын бағалауға арналған есептеуге салыстырмалы өткен кезең үшін аванстық төлемдер есептемесіне декларация бойынша КТС сомасына қатынасы ретінде коэффицентті қолданған жөн.
      Бұл ретте, бухгалтерлік жазба жүргізіледі:
      КТС бойынша кірісті 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шот/қосалқы шот дебеті және 6081 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдерден алынатын кірістер" шотының кредиті бойынша есептеу;
      Салық төлеушілер декларация тапсырғаннан кейін уәкілетті орган кірісті дербес шоттардың мәліметтері негіздемесіне сәйкес таниды және есептелген кірістерді есепті күнге жазады.
      Бұл ретте бухгалтерлік жазба:
      6081 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдерден алынатын кірістер" шотының дебеті және 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының/қосалқы шотының кредиті бойынша декларация тапсырылғаннан кейін КТС бойынша есептелген кірістер түзетпесіне;
      1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шоты/қосалқы шоты дебеті мен
      6081 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдерден алынатын кірістер" шотының кредиті бойынша кейінгі кезеңге декларациялау негізінде кірісті есептеуге жазылады.
      Қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) бойынша кірістер сомасын бағалау үшін есептеуге салық төлеушілердің есепті кезеңінің үшінші тоқсаны үшін декларациялар бойынша ҚҚС-нан кірістерді есептеу фактісін тіркейтін жеке шоттардағы жазбалар болып табылады. ҚҚС бойынша толық жылдық соманы көрсету үшін есептеуге төртінші тоқсан бойынша өткен жылдардың статистикасын пайдалана және алғашқы үш тоқсан үшін нақты деректерді түзете отырып, төртінші тоқсандағы ҚҚС бойынша кірістер сомасына қатысты бухгалтерлік бағалау қолданылады.
      Бұл ретте:
      төртінші тоқсандағы ҚҚС кірісін есептеуге 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының/қосалқы шотының дебеті және 6081 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдерден алынатын кірістер" шотының кредиті бойынша бухгалтерлік жазба жазылады.
      Дәл осындай тәсіл салық кезеңі болып күнтізбелік ай немесе күнтізбелік тоқсан белгіленген салық түсімдерінің басқа да түрлеріне қолданылады (мәселен, акциздер, пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық, ойын бизнесіне арналған салық).
      Бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер бойынша кірістер (мемлекеттік баж, алым, төлемдер) Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес төленген сәтте танылады.
      Салықтық емес түсімдер мен негізгі капиталды сатудан, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер бойынша кірісті уәкілетті орган төленген сәтте танылады.
      123-2. Салық төлеушілердің салықтық және салықтық емес төлемдері бойынша есеп айырысулары жөніндегі кредиторлық берешекті есепке алу үшін 3280 "Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының мынадай қосалқы шоттары арналған:
      3281 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3282 "ҚҚС төлеу жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3283 "ҚҚС қайтару жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек";
      3284 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек".
      Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерге ҚҚС бойынша кредиторлық берешекті есептеу Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі) негізінде жүргізіледі, 7260 "Бюджетке түсетін түсімдерді азайту жөніндегі шығыстар" шотының дебеті және 3282 "ҚҚС төлеу жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек" кредиті бойынша ескеріледі.
      Бұл ретте, ҚҚС сомасын есептеу кезінде қайтаруға: 3282 "ҚҚС төлеу жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті және 3283 "ҚҚС қайтару жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.
      ҚҚС сомасының қайтарымы төлем тапсырмасы бойынша және салық органының өкімі бойынша 3283 "ҚҚС қайтару жөнінде қысқа мерзімді кредиторлық берешек" қосалқы шотының дебеті бойынша және 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ" қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.";
      159-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қалған операциялар бойынша Нысандар альбомының 274 нысанды жекелеген мемориалды ордерлері жасалады, олар әрбір ай үшін жеке 28-ден бастап нөмірленеді.";
      мынадай мазмұндағы 159-1-тармақпен толықтырылсын:
      "159-1. Бюджетке дебиторлық берешек бойынша төлеушілермен есеп айырысу нысандар альбомында № 408-Д3-д нысанының (23 мемориалдық ордер) жинақтаушы ведомосінде және Бюджетке түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек бойынша жинақтаушы ведомосінде № 408-К3-д нысанының (24 мемориалдық ордер) жүргізіледі.
      Жиынтық деректер "Бас журнал" кітабына көшіріледі.";
      369-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "369. Операциялық жалдауды есепке алу кезінде жалға алушы операциялық жалдау кезінде жалдау төлемдерін (жүйелі шығыс төлемге байланысты емес) өзге жүйелі негіз қолданушының пайда алудың уақытша кестесінің артық көрсетуін қамтамасыз еткен жағдайдан басқа жағдайларда жалдау мерзімі ішінде тура сызықты негізде бөлінген шығыстар ретінде көрсетеді.
      Жалдау төлемдері (жалдау бойынша шығыстар) 7130 "Жал бойынша шығыстар" шотының дебеті және 3260 "Жал бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
      Жалға алушы енгізген алдын-ала төлеу сомасы "Өзге активтер мен міндеттемелер" бөліміне сәйкес ескеріледі.
      Операциялық жалдауға алынған активтерді жалға алушы 01 "Жалға алынған активтер" баланстан тыс шотында ескереді.
      Жалға берушілер баланста осындай активтердің сипатына қарай операциялық жалдау шартындағы активтерді ұсынады.
      Операциялық жалдан жалдау кірісі (сақтандыру және қызмет көрсету сияқты ұсынылған қызметтер үшін түсімдерді қоспағанда) өзге жүйелі негіз жалдауға алынған активтен пайданың азаю уақытша кестесін артық ұсынуды қамтамасыз еткен жағдайларды қоспағанда, кірістер құрамында жалдау мерзімі бойы тура сызықты негізде танылады.
      Операциялық жалдаудан түсетін кіріс былайша көрсетіледі: 1270 "Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының дебеті және 6220 "Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер" шотының кредиті. Жалдаудан сыйақылар бойынша кірістер бюджеттің кірістері болып табылады (активтерді басқарудан түсетін кірістерді аудару "Дебиторлық және кредиторлық берешектер" бөлімінде қарастырылған).
      Жалға алу бойынша берешек төленген кезде шоттардың мынадай корреспонденциясы 3133 "Өзге операциялар бойынша бюджет алдындағы қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек" шотының дебеті және 1270 "Жал бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының кредиті бойынша жүзеге асырылады.
      Шығындар, оның ішінде жалдау кірісін алу кезінде тартқан шығындар шығыстар құрамында танылады, бұл кезде мынадай тізбек жүзеге асырылады: 7110 "Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар" шотының дебеті және 2391 "Негізгі құралдардың жинақталған амортизациясы" қосалқы шотының кредиті.";
      381-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "381. Мемлекеттік мекеменің кірістерін есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
      6010 "Ағымдағы қызметті қаржыландырудан алынатын кірістер";
      6020 "Күрделі салымдарды қаржыландырудан алынатын кірістер";
      6030 "Трансферттер бойынша кірістер";
      6040 "Субсидиялар төлемдері бойынша қаржыландырудан түсетін кірістер";
      6050 "Демеушiлік және қайырымдылық көмектен алынатын кірістер";
      6060 "Гранттар бойынша кірістер";
      6070 "Сыртқы қарыздар есебінен қаржыландырудан түскен кірістер";
      6080 "Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер";
      6090 "Қаржыландыруды бюджетке қайтару";
      6110 "Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алынатын кірістер";
      6120 "Негізгі капиталды өткізуден алынатын кірістер";
      6130 "Мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден алынатын кірістер";
      6210 "Сыйақылар бойынша кірістер";
      6220 "Активтерді басқарудан алынатын өзге де кірістер";
      6310 "Әділ құнның өзгеруінен түсетін кірістер";
      6320 "Ұзақ мерзімді активтердің шығуынан алынатын кірістер";
      6330 "Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер";
      6340 "Бағамдық айырмадан түсетін кірістер";
      6350 "Шеккен зиянды өтеуден алынатын кіріс";
      6360 "Өзге кірістер".";
      382-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "382. Айырбасталмайтын операцияларды жүргізу кезінде мекеме ресурстар алады және қандай да бір нысандағы өтемақыны айырбастауға бермейді.
      Айырбасталмайтын операциялардан түсетін кірістер белгілі шарттармен шектелмеген айырбасқа шамамен тең құнды тікелей ұсынусыз активтердің артуын білдіретін мемлекеттік мекеменің алуына жататын немесе алынған экономикалық пайдалардың немесе сервистік әлеуеттің жалпы түсімін білдіреді.
      Мемлекеттік мекемелердің кірістері:
      ағымдағы қызметті қаржыландыру;
      трансферттер мен субсидиялар алу;
      демеушілік және қайырымдылық көмек алу;
      гранттар алу;
      салықтық және салықтық емес түсімдер салықтық, кедендік және өзге де Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған;
      өзге айырбасталмайтын операциялар сияқты айырбасталмайтын операциялардан қалыптастырылады.
      Айырбасталмайтын операциялардан түскен кірістердің жалпы белгісі ақша қаражаты бір заңды тұлғадан екіншісіне айырбастау кезінде бағасы бірдей құнды қамтамасыз етусіз аударылады.
      Мемлекеттік мекеме операция нәтижесінде алынған активті ресурстар үстінен бақылау алғанда таниды (тәуекелдер мен пайдалар) ол актив анықтамасымен және тану өлшемдерімен келісіледі.
      Егер міндеттемені тану талап етілмесе, мемлекеттік мекеме айырбасталмайтын операцияның нәтижесінде активті таныса, сондай-ақ сатып алу күніне әділ құны бойынша бағаланған актив сомасына баламалы кіріс те танылады.";
      мынадай мазмұндағы 390-1 тармақпен толықтырылсын:
      "390-1. 6080 "Айырбас емес операциялардан алынатын өзге кірістер" шоты мынадай қосалқы шоттардан тұрады:
      6081 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдерден алынатын кірістер";
      6082 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерден алынатын кірістер";
      Салықтық және салықтық емес түсімдердің дебиторлық берешегін есептеу 1292 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек", 1293 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу жөнінде қысқа мерзімді дебиторлық берешек" шотының/қосалқы шотының дебеті және 6081 "Бюджетке түсетін салықтық түсімдерден алынатын кірістер", 6082 "Бюджетке түсетін салықтық емес түсімдерден алынатын кірістер" қосалқы шотының кредиті бойынша жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы 393-1 тармақпен толықтырылсын:
      "393-1. 6120 "Негізгі капиталды өткізуден алынатын кірістер" шотында Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген негізгі капиталды өткізуден алынатын кірістер есептеледі;
      6130 "Мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден алынатын түсімдер" шотында Қазақстан Респубикасының бюджеттік заңнамасында көзделген мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден алынатын кірістер есептеледі.
      Негізгі капиталды өткізуден, мемлекеттің қаржы активтерін өткізуден алынған кірістер сәйкес бюджетке аударылады және мемлекеттік мүлік саласындағы уәкілетті органның есебінде танылады.";
      409-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "409. Тексерілген және есепке қабылданған құжаттар операциялардың жасалу күніне қарай жүйелендіріледі (хронологиялық тәртіппен) және 14-мемориалды ордерде Нысандар альбомының 406 нысанды балаларды күтіп-ұстағаны үшін ата-аналарымен есеп айырысу жөніндегі жиынтық ведомостерде ресімделеді;
      15-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409 нысанды айырбасталмайтын операциялардан түсетін кірістерді есептеудің жиынтық ведомосі;
      16-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-а нысанды тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) іске асырудан түсетін кірістерді есептеудің жиынтық ведомосі;
      17-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-б нысанды активтерді басқарудан түсетін кірістерді есептеудің жиынтық ведомосі;
      18-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 409-в нысанды өзге операциялар бойынша кірістерді есептеудің жиынтық ведомосі;
      26 мемориалдық ордер – Нысандар альбомының № 409-д нысанында бюджет түсімдерінен кірістерді есептеудің жинақтаушы ведомосі.";
      413-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "413. Мемлекеттік мекеменің шығыстарын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:
      7010 "Еңбекақы төлеуге арналған шығыстар";
      7020 "Стипендиялар төлеу бойынша шығыстар";
      7030 "Қосымша белгіленген зейнетақы жарналарына арналған шығыстар";
      7040 "Әлеуметтік салыққа арналған шығыстар";
      7050 "Міндетті сақтандыруға арналған шығыстар";
      7060 "Қорлар бойынша шығыстар";
      7070 "Іссапарларға арналған шығыстар";
      7080 "Коммуналдық төлемдер мен өзге қызметтер бойынша шығыстар";
      7090 "Ағымдағы жөндеуге арналған шығыстар";
      7110 "Ұзақ мерзімді активтердің амортизациясы бойынша шығыстар";
      7120 "Бюджетке төленетін төлем бойынша шығыстар";
      7130 "Жал бойынша шығыстар";
      7140 "Өзге операциялық шығыстар";
      7210 "Трансферттер бойынша шығыстар";
      7220 "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу бойынша шығыстар";
      7230 "Субсидиялар бойынша шығыстар";
      7240 "Жалпы сипаттағы трансферттер бойынша шығыстар";
      7260 "Бюджетке түсетін түсімдерді азайту жөніндегі шығыстар";
      7310 "Сыйақылар бойынша шығыстар";
      7320 "Активтерді басқару бойынша өзге шығыстар";
      7410 "Әділ құнының өзгеруі бойынша шығыстар";
      7420 "Ұзақ мерзімді активтерді қатардан шығару жөніндегі шығыстар";
      7430 "Бағамдық айырма бойынша шығыстар";
      7440 "Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар";
      7450 "Резервтерді құру бойынша шығыстар";
      7460 "Өзге шығыстар";
      7470 "Республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ бойынша шығыстар".";
      416-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "416. 7200 "Бюджеттік төлемдер бойынша шығыстар" кіші бөлімінің шоттарында бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдерінің азаюы бойынша мемлекеттік мекеменің трансферттер, субсидиялар, зейнетақы мен жәрдемақылар, субвенциялар төлеу бойынша шығыстары ескеріледі.";
      427-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "427. Өзге шығыстар мемлекеттік мекеменің есебінде мынадай тізбектермен көрсетіледі: 7460 "Өзге шығыстар" шотының дебеті және Шоттар жоспарының "Қорлар" кіші бөлімі шотының тиісті қосалқы шотының (бұзылудан қорларды жоғалтқанда), 2610 "Жануарлар" шотының, 2620 "Көпжылдық екпелер" шотының кредиті.
      Мемлекеттік мекеме есебіндегі республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ бойынша шығыстары тiзбектермен: 7470 "Республикалық және жергілікті бюджеттердің ҚБШ бойынша шығыстары" шотының дебеті және 1046 "Республикалық бюджеттің ҚБШ", 1047 "Жергілікті бюджеттердің ҚБШ" қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетедi.";
      428-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "428. Мемлекеттік мекеме жыл аяқталғаннан кейін есепті жылдың қаржылық нәтижесіне шығыстар шоттарын жабуды жүргізеді, бұл ретте 5210 "Есепті жылдың қаржылық нәтижесі", 5230 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі" дебеттеледі және шығыстардың тиісті шоттары кредиттеледі.";
      431-1-тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:
      "431-1. Бюджетке түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешек бойынша жинақтаушы ведомосі Нысандар альбомының № 458-д нысанында 27 мемориалдық ордерде жүргізіледі.";
      432-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "432. Шығыстарды есепке алу 19-мемориалды ордер - Нысандар альбомының 458 нысанды операциялық шығыстарды есептеудің жиынтық ведомосінде жүргізіледі;
      20-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-а нысанды бюджеттік төлемдер бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
      21-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-б нысанды активтерді басқару жөніндегі шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
      22-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 458-в нысанды өзге операциялар бойынша шығыстарды есептеудің жинақтау ведомосі;
      27 мемориалдық ордерде – Нысандар альбомының № 458-д нысанында бюджетке түсімдер бойынша төлеушілермен есеп айырысу бойынша дебиторлық берешек бойынша жинақтаушы ведомосі.";
      470-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "470. Қағидалардың осы бөлімі Шоттар жоспарының "Таза активтер/капитал" бөлімі шоттарындағы операцияларды есепке алу тәртібін анықтайды:
      5010 "Күрделі салымдарды қаржыландыру";
      5110 "Резервтер";
      5210 "Есепті жылдың қаржылық нәтижесі";
      5220 "Өткен жылдардың қаржылық нәтижесі";
      5230 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі";
      5240 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша алдынғы жылдардың қаржылық нәтижесі".";
      475-1-тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:
      "475-1. 5230 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі" шотында есепті кезеңдегі мемлекеттік мекеменің кірістері мен шығыстарының жабылу сомасының нәтижесі көрсетіледі, бұл ретте корреспонденция жүзеге асырылады:
      5230 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі" шотының дебеті және Шоттар жоспары шығыстарының тиісті шотының/қосалқы шотының кредиті;
      Шоттар жоспары кірістерінің тиісті шотының/қосалқы шотының дебеті және 5230 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі" шотының кредиті.";
      476-1-тармақ мынадай редакцияда толықтырылсын:
      "476-1. 5240 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша алдынғы жылдардың қаржылық нәтижесі" шотында есепті жылды қоса алғанда мемлекеттік мекеме қызметінің бүкіл кезеңі үшін өспелі жиыны бар қаржы нәтижесі көрсетіледі және мынадай жазбалармен:
      5240 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша алдынғы жылдардың қаржылық нәтижесі" шотының дебеті және 5230 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі" шотының кредиті есепті жылдың теріс қателерінің нәтижесі болған кезде;
      5230 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңнің қаржылық нәтижесі" шотының дебеті және 5240 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша алдынғы жылдардың қаржылық нәтижесі" шотының кредиті есепті жылдың оң қаржы нәтижесі болған кезде бейнеленеді.
      Өткен жылдардың қателерін түзету ағымдағы кезеңде 5240 "Бюджетке түсетін түсімдер бойынша алдынғы жылдардың қаржылық нәтижесі" шотын қолдана отырып жүзеге асырылады.".
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есебі мен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрі
Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады