БҰЙЫРАМЫЗ:
1. "Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздері бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 150, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1119, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 733, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 21 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12860 санымен тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Құқық қорғау органдардың құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен жария емес тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру қызметін жүргізу үшін, сондай-ақ өздеріне жүктелген өзге де міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты алу қағидаларында:
1-5 тарауладрдың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер.";
"2-тарау. ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алу негіздері.";
"3-тарау. ҚАО ААЖ пайдаланушыларының тіркелуі.";
"4-тарау. ҚАО ААЖ-ін пайдалану тәртібі.";
"5-тарау. ҚАО ААЖ арқылы алынған ақпаратты сақтау мерзімдерін, тәртібі мен шарттарын және оларды талап ету заңдылығын тексеруді жүзеге асыру.";
2-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алу негіздері.
2. Құқық қорғау органы қызметкерінің "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабында көзделген негіздер болған кезде, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру аясындағы қолжетімділік құқықтарына сәйкес көлемде ҚАО ААЖ-дан мәліметтерді алуға құқығы бар.
3. Құқық қорғау органының қызметкері Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 232-бабында көзделген шарттар мен негіздер болған кезде, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жария емес тергеу әрекеттерін жүргізу аясындағы қолжетімділік құқықтарына сәйкес көлемде ҚАО ААЖ-дан мәліметтерді алады.
4. Іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы қылмыстық процесті жүргізуші органның тапсырмасын орындаған кезде, құқық қорғау органының қызметкерлері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Іздестіру іс-шараларын жүргізу аясындағы қолжетімділік құқықтарына сәйкес көлемде ҚАО ААЖ-дан мәліметтерді алады.
5. Ішкі істер органдарының қызметкерлері осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ішкі істер органдарына жүктелген өзге де міндеттерді шешу барысында Қолжетімділік құқықтарына сәйкес көлемде ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алады.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының қызметкерлері осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына жүктелген өзге де міндеттерді шешу барысында Қолжетімділік құқықтарына сәйкес көлемде ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алады.
7. Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы миинстрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚМ МКК) экономикалық тергеу қызметіне жүктелген өзге де міндеттерді шешу барысында Қолжетімділік құқықтарына сәйкес көлемде ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алады.
8. Прокуратура органдарының қызметкерлері осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша прокуратура органдарына жүктелген өзге де міндеттерді шешу барысында Қолжетімділік құқықтарына сәйкес көлемде ҚАО ААЖ-дан ақпаратты алады.
9. ҚМ МКК сервистері қолжетімді болатын баптар осы Қағидалардың 8-қосымшасында сипатталған.";
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросына жүктелген өзге міндеттерді шешу барысындағы қол жеткізу құқығы" 5-қосымшасы осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасынасәйкес редакцияда жазылсын;
"ҚАО ААЖ қызметтерін негіздерге бөлу тізімі" 12-қосымшасы осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрі – Комитет):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсына және мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналасуын.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы |
өзге міндеттер | БААТЖ (МҚІСҚА) | ||
1 | 2 | ||
1. | МДҚ "Жеке тұлғалар" | + | + |
2. | МДҚ "Заңды тұлғалар" | + | + |
3. | ДҚ "Жылжымайтын мүліктің регистрі" | + | + |
4. | ДҚ "Жер учаскесі" | + | + |
5. | ДҚ "Көлік құралдары" | + | + |
6. | ДҚ "Тіркелген қару" | + | |
7. | ДҚ "Теміржол көлігі" | + | |
8. | ДҚ "Шағын өлшемді және өзен кемелері" | + | |
9. | ДҚ "Теңіз кемелері" | + | |
10. | ДҚ "Ауылшаруашылық техника" | + | |
11. | ДҚ "Зейнетақы аударымдары"* | +Қысқартылған | |
12. | ДҚ "Мүгідектік" | + | + |
13. | ДҚ "Әлеуметтік көмек" | + | |
14. | ДҚ "Еңбек нарығы" | + | + |
15. | Тұлғалардың ХҚКО-нан алынған қызметтері туралы мәліметтер | + | |
16. | ДҚ "Арнайы есептер" | + | + |
17. | ДҚ "Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе" | + | |
18. | ДҚ "Атқарушылық іс жүргізу" | + | |
19. | ДҚ "Сот органдарының" | + | + |
20. | ДҚ "Сот карточкаларының" | + | + |
21. | ДҚ "Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтары" | + | |
22. | "Талаптар" | + | + |
23. | ДҚ "Криминалдық автокөлік" | + | |
24. | ДҚ "Криминалдық қару" | + | |
25. | ДҚ "ЖКО есебі" | ||
26. | Мемлекеттік қызметкерге сұрау | + | |
27. | Халықты құжаттау жүйесінің суреті | + | + |
28. | Халықты құжаттау жүйесінен 1-нысан | + | |
29. | ДҚ "Жүргізүші куәлігі" | ||
30. | ДҚ "Е-Нотариат" | + | |
31. | ДҚ "Тұлғалар өтініштерінің бірыңғай есебі" | ||
32. | ДҚ "Азаматтық хал актісін жазу " | + | |
33. | ҚР азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі | + | |
34. | Шетел азаматтарының мемлекеттік шекарадан өтуі | + | |
35. | "Салық төлеушілердің" ДҚ | + | |
36. | Салық берешегі туралы мәліметтер | + | |
37. | Қарсы тексерулер туралы мәліметтер** | ||
38. | ҚҚС төлеушілері туралы мәліметтер** | + | |
39. | Салық есептілігі туралы мәліметтер (СЕӨЖ)** | + | |
40. | Контрагенттер туралы мәліметтер** | + | |
41. | ДҚ "Е-лицензиялау" | + | |
42. | ДҚ "Электрондық мемлекеттік сатып алу" | ||
43. | ДҚ "Сыртқы экономикалық қызметінің қатысушылары" | + | |
44. | ДҚ "Жолаушылардың кедендің декларациялары жөніндегі мәліметтер" | + | |
45. | ДҚ "Көлік құралына декларациялар жөніндегі мәліметтер" | + | |
46. | ДҚ "Шетелдік жұмыс күші" | + | + |
47. | ДҚ "Монополисттер туралы мәліметтер" | + | |
48. | ДҚ "Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары туралы мәліметтер (көмірсутегі шикізаты)" | + | |
49. | ДҚ"Жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары туралы мәліметтер (қатты пайдалы қазбалар және жер асты сулары)" | + | |
50. | ДҚ"МО тексерулерін есепке алу" | ||
51. | Бюджет түсімдері туралы мәліметтер | + | |
52. | ДҚ "Қазақстан темір жолы" | + | |
53. | ДҚ "Қазақтелеком" | + | + |
54. | ДҚ"Анықтаудан/тергеуден жасырынғандардың" | + | + |
55. | ДҚ "Хабар-ошарсыз жоғалғандардың" | + | |
56. | ДҚ "Шетелдік жұмысшалардың бұзушылықтары" | + | |
57. | Жылжымайтын мүлікке тыйым салу | + | |
58. | Заңды тұлғаға тыйым салу (филиал, өкілдік) | ||
59. | Жеке тұлғаның қатысуына тыйым салу | ||
60. | Шетел азаматтарын елден шығарып жіберу процедурасын тексеру | + | |
61. | Мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушыларын тексеру | + | |
62. | Мекенжайлар мен байланыс телефондарын іздеу | + | + |
63. | Мемлекеттік қызметшілер туралы мәлімет | ||
64. | Техникалық байқаудан өту | ||
65. | Жер учаскесіне ауыртпалық салу/босату | ||
66. | Пошталық жіберілімдер | ||
67. | ЖОО студенттері және бітірушілері туралы мәліметтер | ||
68. | Этил спирті және/немесе шарап материалын өндіру және айналымы бойынша декларация туралы мәліметтер** | ||
69. | Алкоголь өнімдерін өндіру және олардың айналымы бойынша декларация туралы мәліметтер** | ||
70. | Алкоголь өнімдерінің айналымы бойынша декларация туралы мәліметтер** | ||
71. | Мұнай өнімдері бойынша декларация туралы мәліметтер (2-нұсқалы)** | ||
72. | Мұнай өнімдері бойынша декларация туралы мәліметтер (3-нұсқалы)** | ||
73. | Борышкерлер мен жауапкерлер туралы мәліметтер | + | |
74. | Жеке тұлғаның диспансерлік есепте тұруы туралы мәліметтер ( Д- есепке алу туралы) | ||
75. | 1-деңгейдегі өзара байланыс | + | |
76. | 2-деңгейдегі өзара байланыс | + |
* Қысқартылған қызмет ЗТМО - ЗТМО кіріс мөлшерін көрсетпестен
** МКК қызметтерінің қолжетімділігі жөніндегі баптар осы Қағиданың 8-қосымшасында сипатталған
ҚАО ААЖ қызметтерін негіздерге бөлу тізімі
№ | жедел іздестіру қызметі | жасырын тергеу қызметі | іздеу іс-шаралары | өзге міндеттер | |
1 | Прокуратура қызметкері | + | + | + | + |
2 | ІІО жедел қызметкерлері | + | + | + | + |
3 | Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел қызметкерлері | + | + | + | + |
4 | ҚМ МКК жедел қызметкерлері | + | + | + | + |
5 | Азаматтық қорғау органының қызметкерлері | + | |||
6 | Көші-қон полициясының қызметкерлері | + | + | ||
7 | Пробация қызметінің қызметкерлері | + | |||
8 | Ақпараттық-талдау қызметінің қызметкерлері | + | |||
9 | Жедел жоспарлау қызметінің қызметкерлері | + | |||
10 | Лицензиялау және заңды сауда айналымының қызметкерлері | + | |||
11 | Кадр қызметінің қызметкерлері | + | |||
12 | Әкімшілік полиция қызметкерлері | + | |||
13 | Криминалды полиция қызметкерлері | + | |||
14 | Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері | + |