Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді арнайы экономикалық аймақ қатысушысының орындамағаны туралы акт нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 248 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 маусымда № 15188 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.07.2019 № 522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шартта айқындалған міндеттемелерді арнайы экономикалық аймақ қатысушысының орындамағаны туралы акт нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Е. Хаиров

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2017 жылғы 28 сәуірдегі
№ 248 бұйрығымен
бекітілген
  нысан

Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы
шартта айқындалған міндеттемелерді арнайы экономикалық аймақ қатысушысының
орындамағаны туралы акт нысаны

      20__жылғы "____" __________                                    ___________

      (жасалған)

      ____________________________________________________________ басқарушы компания/

      автономдық кластерлік қор/астананың жергілікті атқарушы органы мемлекеттік мекемесі

      ________________________________ атынан, бұдан әрі "Басқарушы орган" деп аталатын,

      "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" 2011 жылғы 21

      шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-1-бабының 1-тармағына сәйкес Арнайы

      экономикалық аймақ қатысушысының __________________________________ 20__ жылғы

      "____" ________ № ___ келісімшарт бойынша мынадай міндеттемелерді орындамағаны

      туралы Акт жасады: __________________________________________.

      Акт екі нұсқада қазақ/орыс тілдерінде ____ парақта жасалды.

      Қатысып отырған Басқарушы орган жұмысшылары

      1. _________________________________________                        ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)            (қолы)

      2. _________________________________________                        ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)            (қолы)

      3. _________________________________________                        ________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)            (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады