Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 маусымда № 15200 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2019 жылғы 6 қарашадағы № 1226 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің м.а. 06.11.2019 № 1226 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 26-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрі

      Әбдірахманов Қ.Қ.

      30 мамыр 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 30 мамырдағы
№ 348 бұйрығына
қосымша

Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге
байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы
Келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалардың салық
міндеттемелерін орындау қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 26-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мыналарды:

      1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою тәртібін;

      2) салық есептілігін табыс ету нысанын, мерзімін, тәртібін;

      3) бақылау-кассалық машиналардың қолдану тәртібін;

      4) қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) қайтару мерзімін;

      5) қызметін тоқтатқан кезде салық төлеушілерді мемлекеттік деректер базасынан алып тастауын айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар пайдаланылады:

      1) аккредиттелген құжат – Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысу мақсатында тұлғаны аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жазбаша растауы;

      2) бақылау-касса машиналары – деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар электрондық құрылғы, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы ақпаратты тіркеуді және көрсетуді қамтамасыз ететiн аппараттық-бағдарламалық кешендер;

      3) Бірыңғай қызмет көрсету орталығы – Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аумағында орналасқан тәулік бойғы негізде "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсететін қызмет көрсету орталығы;

      4) жеңілдіктер мен преференциялардың бенефициарлары – Келісімге сәйкес жеңілдіктер мен преференцияларға құқығы бар тұлғалар;

      5) жиынтық ведомос (тізілім) – Секция комиссары Офисінің штаттық қызметкерлеріне қатысты аккредиттелген құжаттарды қоса бере отырып, Секция комиссары не оған уәкілеттігі бар өзге тұлға қол қойған және мөрмен куәландырған (бар болса) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосі (тізілімі), оның нысаны "Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 408 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6479 болып тіркелген) бекітілген;

      6) Келісім – Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісім (Париж, 2015 жылғы 5 қараша) Қазақстан Республикасының Заңымен 2016 жылғы 1 наурызында ратификацияланған.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын Келісімде айқындалған ұғымдар Келісімде пайдаланылатын мағынада қолданылады.

2 тарау. Мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою тәртібі

      4. Жеңілдіктер мен преференциялардың бенефициарлары Қазақстан Республикасының аумағында салық төлеуші ретінде мынадай нысандардың бірінде тіркелуі мүмкін:

      1) филиалды, өкілдікті ашпай тұрақты мекеме арқылы қызметті жүзеге асыратын резидент емес-заңды тұлға;

      2) шетелдік және (немесе) азаматтығы жоқ адам.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 1) тармақшасын қолдану мақсатында Бірыңғай қызмет көрсету орталығына Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруды бастағанға дейін инкорпорация еліндегі тіркелуін растайтын құжаттың көшірмелерін қоса бере отырып тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беріледі.

      Шетел корпорациясы елінде тіркелгенін растайтын құжаты болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасында салық төлеуші ретінде тіркеу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен ұсынған Секция комиссарларының тізімі негізінде жүзеге асырылады.

      6. Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасын қолдану мақсатында Бірыңғай қызмет көрсету орталығына резидент емес-заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш беріледі.

      7. Бірыңғай қызмет көрсету орталығы салық төлеуші ретінде тіркеуді жүргізеді және тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтінішті алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде тіркеу куәлігін береді.

      8. Тіркеу есебі туралы салықтық өтініш "Салықтық өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10175 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 604 бұйрық) 8-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша беріледі.

3 тарау. Салықтық есептілікті ұсынудың нысаны, мерзімі тәртібі

      9. Қазақстан Республикасының аумағында қызмет аяқталғаннан кейін "Астана ЭКСПО-2017" секциясы комиссарының офисіне осы Қағидаға қосымшаға сәйкес декларация (032.00 нысаны бойынша) ұсынылады.

      Осы тармақта көрсетілген декларацияны (Секция комиссары офисінен алған шетелдік немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып табылатын қызметшілер және қызметшілердің отбасы мүшелерінің табысы н декларациялау бөлігінде) Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10156 тіркелген "Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына 1 және 124-қосымшаларға сәйкес бекітілген корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның (100.00 нысаны), жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның (200.00 нысаны) орнына Секция комиссарының офисі ұсынады.

      10. "Астана ЭКСПО-2017" секциясының комиссары офисінің декларациясы (032.00 нысаны бойынша) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыруы кезеңінде және Келісімге сәйкес Қазақстан Республикасында салық салудан босатылатын табыстарға қатысты ғана жасалады.

      11. "Астана ЭКСПО-2017" секциясының комиссары офисінің декларациясы (032.00 нысаны бойынша) Қазақстан Республикасының аумағында қызмет аяқталғаннан кейін Бірыңғай қызмет көрсету орталығына келу тәртібінде қағаз тасығышта, бірақ 2018 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей ұсынылады.

      12. Секция комиссарының офисі Салық кодексінің 160-бабына сәйкес төлем көзінде салық салынатын табыстарды төлеген жағдайда, салық заңнамасында белгіленген салықтық есептілікті ұсынады.

      13. Салықтық есептілікке жеңілдік және преференция бенефициары не оның өкілі қол қояды және жеңілдік және преференция бенефициары не оның өкілінің мөрімен (ол болған кезде) куәландырылады.

      14. Салықтық есептілік екі данада ұсынылады. Салықтық есептіліктің бір данасы Бірыңғай қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісімен жеңілдік және преференция бенефициарына не оның өкіліне қайтарылады. Салықтық есептілікте қойылған күн оны Бірыңғай қызмет көрсету орталығының қабылдаған күні болып табылады.

4 тарау. Бақылау-кассалық машинаны қолдану тәртібі

      15. Қолма-қол ақша және (немесе) төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысу арқылы сауда-саттық операциялары, қызмет көрсету кезінде жеңілдіктер мен преференциялар бенефициарлары модельдері Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5453 тіркелді "Бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 635 бұйрығымен бекітілген бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген бақылау-кассалық машиналарын қолданады.

      16. Бақылау-кассалық машинасын тіркеу және оларды есептен алу мынадай ерекшеліктерді ескере отырып жүргізіледі:

      1) есепке қою және фискалды деректер операторларымен шарт жасау Бірыңғай қызмет көрсету орталығы арқылы жүзеге асырылады;

      2) есепке қою бақылау-кассалық машиналарды есепке қою туралы № 604 бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша салықтық өтініш беру жолымен жүзеге асырылады. Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-кассалық машиналарды есепке қою кезінде салықтық өтінішке қосымша "Салық инспекторының жұмыс орны" модулін пайдалану бойынша нұсқаулық қоса беріледі;

      3) есептен алу үшін бақылау-кассалық машиналарын есептен алу туралы салықтық өтініш, бақылау-кассалық машиналарын тіркеу карточкасы ұсынылады, бұл ретте Аппараттық-бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау-кассалық машиналары үшін "Салық инспекторының жұмыс орны" модуліне қолжетімділік қамтамасыз етіледі;

      4) есепке қою және есептен алу салықтық өтінішті алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде жүргізіледі;

      5) қолма-қол ақша және тауар чектерін есепке алу кітабын жүргізу жүргізілмейді.

5 тарау. Қосылған құн салығын қайтару мерзімі

      17. ҚҚС қайтару мақсатында жеңілдік және преференция бенефициары Бірыңғай қызмет көрсету орталығы арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына мына мерзімде:

      1) 2017 жылғы 1 – 20 шілдеде – 2017 жылғы 31 маусымды қоса сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша;

      2) 2017 жылғы 1 – 20 тамызда – 2017 жылғы 31 шілдені қоса сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша;

      3) 2017 жылғы 1 – 20 қыркүйекте – 2017 жылғы 31 тамызды қоса сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша;

      4) 2017 жылғы 1 – 20 қазанда – 2017 жылғы 31 қыркүйекті қоса сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша;

      5) 2017 жылғы 1 – 20 қарашада – 2017 жылғы 31 қазанды қоса сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша;

      6) 2017 жылғы 1 – 20 желтоқсанда – 2017 жылғы 31 қарашаны қоса сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша;

      7) 2018 жылғы 1 – 20 қаңтарда – 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша жиындық ведомсты (тізілімді) ұсынады.

      Шетел тілінде жасалған құжаттар болған кезде Секция комиссарының қолымен және мөрімен (ол болған кезде) куәландырылған қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.

      18. Жеңілдік және преференция бенефициары ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымы оларды алған күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік кірістер органына жолданады.

      19. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жиынтық ведомосі (тізілімді), тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төлемді (оның ішінде егер сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төлемді, осындай төлем туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымының атына жазбаша хабарламасы болған кезде үшінші тарап жүргізгенін) растайтын шот-фактуралар мен құжаттарды алғаннан кейін, сондай-ақ егер төлем шет мемлекеттің банк шотынан жүргізілсе жиырма жұмыс күнінің ішінде мемлекеттік кірістер органы жеңілдік және преференция бенефициарына ҚҚС қайтаруды жүзеге асырады.

      Жеңілдік және преференция бенефициарында Қазақстан Республикасының банктерінде ашылған банк шоттары болмаған кезде ҚҚС қайтару:

      Қазақстан Республикасында аккредиттелген, дипломатиялық және шетел мемлекетінің оған теңестірілген өкілдіктерінің банк шоттарында; немесе

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық арнасы бойынша келіп түскен хатта көрсетілген Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне ресми қатысушының банк шотында жүргізіледі.

6 тарау. Қызметі тоқтатылған кезде салық төлеушілерді мемлекеттік деректер базасынан алып тастау

      21. Салық төлеушілерді мемлекеттік деректер базасынан алып тастау Қазақстан Республикасының аумағында қызметі тоқтатылған кезде:

      1) (032.00) нысаны бойынша Декларацияның негізінде – осы Қағиданың 4-тармағының 1) тармақшасында;

      2) мемлекеттік кірістер органына банк жолдайтын, резидент еместердің банк шоттарын жабу туралы хабарламаның негізінде – осы Қағиданың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғаларға қатысты жүргізіледі.

      22. Салық төлеушілерді мемлекеттік деректер базасынан алып тастауды камералдық бақылау жүргізгеннен кейін және салық төлеушілердің орындалмаған салықтық міндеттерінің болмауы шарты кезінде "Астана ЭКСПО-2017" секциясының комиссары офисінің декларациясын (032.00) нысаны бойынша Бірыңғай қызмет көрсету орталығына ұсынған немесе мемлекеттік кірістер органы резидент еместердің банк шоттарын жабу туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей мемлекеттік кірістер органы жүргізеді.

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады