"Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 10 мамырдағы № 270 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 9 маусымда № 15208 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 515 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған бұйрықпен бекітілген "Шағын көлемді кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақта:

      1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) шағын көлемді кемені тіркеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      сататын ұйымның анықтама-есебі немесе сататын ұйымның тауар чегі, не сатып алу-сату немесе сыйға тарту шарты, не мұрагерлікке құқық туралы куәлік, не "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес өзге де құжаттар (бұдан әрі - кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжат);

      кеме билеті немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжат;

      егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген болса, шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжат;

      шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;";

      5-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;

      кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуге негіз болып табылатын құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);

      кеме билетінің немесе егер ол бұрын мемлекеттік тіркеу органдарында тіркелген болса, кеменің есептен шығарылғаны туралы белгісі бар басқа құжаттың электрондық көшірмесі;

      егер кеме бұрын шет мемлекеттің кеме тізілімінде тіркелген жағдайда, шет мемлекеттердің кеме тізілімдерінен (кітаптарынан) шығарылғаны туралы куәландыратын құжаттың электрондық көшірмесі;

      алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде Мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады);

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмесі;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын электрондық құжат;";

      2) аталған бұйрықпен бекітілген "Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақта:

      2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;";

      7-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында, 61-4-бабында көзделген операцияны жүргізу кезінде кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

      активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың, екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымның активтер мен талап ету құқықтарын сатып алуын көздейтін шарттың (тапсыру актісі немесе одан үзінді-көшірме қоса беріле отырып), талап ету құқықтарын (талаптарын) басқаға беру туралы талапты қамтитын шарттың нотариат куәландырған электрондық көшірмесі;

      көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын электрондық құжат;".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және

      коммуникациялар министрі

      _______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 10 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 10 мамыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады