"Ғылыми дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 166 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 маусымда № 15219 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      "Ғылыми дәрежелер беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми дәрежелерді беру қағидаларында:

      21-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге оқу үшін ұсынылатын ұйымдардың тізіміне енгізілген Ресей Федерациясының ЖОО-ларында диссертация қорғаған адамдар үшін Қағиданың 20-тармағының 2) тармақшасында белгіленген рәсімдерсіз жүргізіледі;";

      21-тармақ 4) тармақшамен мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "4) диссертацияларын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғаған тұлғалар үшін.";

      23-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) дәреженің берілгені туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе дәрежені беру туралы құжаттың нотариалды куәландырылған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы. Диссертацияларын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Еуразия экономикалық қауымдастығына кірмейтін мемлекеттерде қорғаған тұлғалар үшін апостильденген немесе қорғау мемлекетінде диссертация қорғауын легализациялайтын диплом;".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы А.А. Пірімқұловқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуроры

      Ж.Қ. Асанов _____________

      17 сәуір 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрі

      С.Ә. Жасұзақов __________

      4 мамыр 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      К.К. Мәсімов __________

      11 мамыр 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі,

      генерал-полковник

      Қ.Н. Қасымов ____________

      26 сәуір 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады