Консулдық мекемелер басшыларының олардың қызметкерлері барған елде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 38 және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2017 жылғы 3 мамырдағы № 11-1-2/158 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 15 маусымда № 15227 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 61-бабы 2-бөлігінің 8) тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 24-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Консулдық мекемелер басшыларының олардың қызметкерлері барған елде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурстарында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры Сыртқы істер министрі
      ___________ Ж. Асанов __________Қ. Әбдірахманов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 5 сәуірдегі
№ 38 және
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2017 жылғы 3 мамырдағы
№ 11-1-2/158
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Консулдық мекемелер басшыларының олардың қызметкерлері барған елде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды жүргізу қағидалары

      1. Болу елінде өз қызметкерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылық туралы істер бойынша Консулдық мекемелер басшыларының анықтау жүргізу қағидалары Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 61-бабының 2-бөлігінің 8) тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 24-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Консулдық мекемелер басшыларының олардың қызметкерлері болу елінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Консулдық мекемелер басшыларының олардың қызметкерлері болу елінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтауды жүргізу қағидаларында мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:

      1) Консулдық мекеменің басшысы – Қазақстан Республикасының консулдық мекемесін басқаратын Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қызметкері;

      2) консулдық мекеменің қызметкері – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының консулдық лауазымды адамы, консулдық мекеме персоналына қызмет көрсететін жұмыскер;

      3) құқықтық өкілетті адам – қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпаратты қабылдауға және есепке алуға жауапты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкері;

      4) прокуратура басшысы – Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оны ауыстыратын тұлға, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары.

      3. Жасалған, дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар, арызданушы тікелей жүгінген (өзі келген) кезде, консулдық мекеменің Басшысы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларының (№ 9744 нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізілімінде тіркелген) 5 және 6-қосымшасына сәйкес қабылданады (бұдан әрі – Қағидалар).

      Кінәсін мойындап келу осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес үлгілі үлгі бойынша қабылданады.

      4. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәлімет, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түскен кезде, консулдық мекеменің Басшысы Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша баянат жасайды.

      5. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себептер бар болған кезде Консулдық мекеменің басшысы консулдық мекеме шегінде ҚПК 196-бабының бірінші бөлігінде көзделген кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізеді: алайда қарап-тексеруді, алуды, куәландыруды, ұстауды, күдіктілерден жәбiрленушiлерден, куәлардан жауап алу және басқа да қылмыстық құқықбұзушылықтың мән жайын бекітіп iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi тергеу әрекеттерін.

      6. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін тікелей бекіту мүмкіндігі болмағандығын ескеріп консулдық мекеменің Басшысы, кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жұргізу мен бір мезгілде жазбаша, байланыс құралдарын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын бар материалдарды қоса бере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабардар етеді.

      Үш тәуліктен кешіктірмей жиналған құжаттар анықтауды әрі қарай жалғастыру үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратураға жолдану қажет.

      7. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына Консулдық мекеме басшысының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламасы мен тиісті материалдар келіп түскеннен кейін, құқықтық өкілетті адам қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда баянат жасайды және прокуратура басшысының бұрыштамасы бойынша оны Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеп, тиісті материалдарды қоса бере отырып қылмыстық істі тергеулік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін жібереді.

      8. 2002 жылғы 7 наурыздағы "Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабына сәйкес Консулдық мекеменің қызметкері қылмыстық құқық бұзушылық фактісі анықталғанан кейін үш күн ішінде Консулдық мекеменің басшысы дипломатиялық қызметтің қызметкерін Қазақстан Республикасына шұғыл кері қайтару туралы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне хат жолдайды.

      9. Іс бойынша одан әрі іс жүргізу ҚПК-де көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады