Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2017 жылғы 25 мамырдағы № 359 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 22 маусымда № 15244 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 432 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11357 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты мен ведомстволары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      C-SV-8 - C-SV-10 деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

C-SV-8

Аса маңызды істер жөніндегі аға тергеуші (жедел уәкіл, анықтаушы) Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор Бас: криминалист, ревизор, маман-дәрігер, маман-психолог, маман-полиграфолог, маман Кезекші бөлім бастығының көмекшісі - жедел кезекші

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі сегіз жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымдардың функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік органдардағы жұмысы тоғыз жылдан кем емес. Азаматтық қорғау органдарының техникалық қызмет және құлақтандыру бөліністеріне лауазымдарға тағайындау үшін құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымдардың функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік органдардағы жұмысы алты жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

Мамандығы және біліктілігін арттыру бойынша әртүрлі курстарды бітіргені туралы сыныптық біліктіліктердің, дипломдардың, сертификаттардың болуы.

C-SV-9

Барлық атаулардағы аға: тергеуші, анықтаушы, жедел уәкіл, криминалист, ревизор, инспектор және инженер

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі жеті жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымдардың функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік органдардағы жұмысы сегіз жылдан кем емес. Азаматтық қорғау органдарының техникалық қызмет және құлақтандыру бөліністерінде лауазымдарға тағайындау үшін құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымдардың функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік органдардағы жұмысы бес жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

Сыныптық біліктіліктерінің болуы.

C-SV-10

Барлық атаулардағы тергеуші, анықтаушы, жедел уәкіл, криминалист, ревизор, инспектор және инженер

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білім

құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымдардың функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік органдардағы жұмысы жеті жылдан кем емес. Азаматтық қорғау органдарының техникалық қызмет және құлақтандыру бөліністерінде көзделген лауазымдарға тағайындау үшін құқық қорғау қызметіндегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, не осы санаттағы нақты лауазымдардың функционалдық бағыттарына сәйкес келетін мемлекеттік органдардағы жұмысы төрт жылдан кем емес.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.


      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      C-SVU-6 деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

C-SVU-8

Кезекші бөлімнің бастығы

жоғары білімі

ішкі істер органдарындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, не құқық қорғау немесе әскери қызметтегі жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда үш жылдан кем емес

Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, кәсіби қызметіне байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білуі.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер. Тиісті ұйымдастырушылық және басқарушылық дағдыларының болуы.

"Полковник" әскери/арнаулы атағының болуы.
Сыныптық біліктіліктерінің болуы.
Жоғары тұрған лауазымға орналасу үшін кадр резервіне қабылданған қызметкерлер қатарынан тағайындалады.

      ";

      C-SVU-15 деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

C-SVU-15

Азаматтық қорғау органдарының бөліністері институтының қарауыл бастығы

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі.


Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

Қарауыл бастықтары лауазымдары "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғары білімі бар адамдар жасақтайды. Сондай-ақ, олар мемлекеттік органның тиісті білім беру ұйымдарында қайта даярлаудан өткен кезде "Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау", "Төтенше жағдайлардағы қорғаныс", "Механика", "Құрылыс", "Мұнай-газ ісі", "Материалтану және жаңа материалдар технологиясы", "Машина жасау", "Көлік, көліктік техника және технологиялар", "Жылу энергетикасы", "Электр энергетикасы", "Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісі", "Көлік құрылысы", "Тасымалдауларды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру", "Химия", "Алғашқы әскери даярлық" мамандығы бойынша жоғары білімі бар адамдар жасақтайды.

      ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарында:

      C-SGU-12 деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

C-SGU-12

Азаматтық қорғау органдары бөліністерінің қарауыл бастығы

нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары білімі


Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы", "Азаматтық қорғау туралы", "Құқық қорғау қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексін, кәсіби қызметімен байланысты басқа да нормативтік құқықтық актілерді білу. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті тиісті дағдылар және басқа да міндетті білімдер.

Қарауыл бастықтары лауазымдары "Өрт қауіпсіздігі" мамандығы бойынша жоғары білімі бар адамдар жасақтайды. Сондай-ақ, олар мемлекеттік органның тиісті білім беру ұйымдарында қайта даярлаудан өткен кезде "Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау", "Төтенше жағдайлардағы қорғаныс", "Механика", "Құрылыс", "Мұнай-газ ісі", "Материалтану және жаңа материалдар технологиясы", "Машина жасау", "Көлік, көліктік техника және технологиялар", "Жылу энергетикасы", "Электр энергетикасы", "Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісі", "Көлік құрылысы", "Тасымалдауларды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру", "Химия", "Алғашқы әскери даярлық" мамандығы бойынша жоғары білімі бар адамдардан жасақталады.

      ".

      2) Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 15.07.2020 № 518 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ішкі істер министрінің 15.07.2020 № 518 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.Р. Беккер) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Ю.В. Ильинге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетіне (В.Р. Беккер) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
полиция генерал-лейтенанты
М. Демеуов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас

      жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы

      ____________ Қ. Қожамжаров

      2017 жылғы 2 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады