"Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 54 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 маусымда № 15277 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының м.а. 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 159 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының м.а. 10.12.2021 № 159 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13343 санымен тіркелген, 2016 жылғы 10 наурызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың қосымшасы Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізімі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ___________________ Д. Абаев

      23 мамыр 2017 жылғы

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2017 жылғы 29 мамырдағы
№ 54 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 29 кантардагі
№ 22 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізімі

Ашық деректер жиынтығының атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Негіз (ашық деректердің интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) арқылы немесе мемлекеттік органның АРІ жүйесі арқылы)

Жауапты бөлімше

1

Прокуратура органының құрылымы (бөлімшенің атауы, басшының ТАӘ (болған жағдайда), байланыстары, азаматтарды қабылдау тәртібі, заңды мекенжайы, геолокация)

ай сайын

5 күніне

ашық деректердің интернет-порталы АЖО

Прокуратура органының кадр қызметі

2

"Өтініштерді шешу және заңдарды түсіндіру бойынша прокурордың жұмысы туралы" № 8 нысанды статистикалық есеп

ай сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

3

"Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы" № 1-М нысанды статистикалық есеп

ай сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 5 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

4

"Есірткі заттардың, психотроптық және улы заттардың, прекурсорлардың, сол тектестердің заңсыз айналымына және қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелеріне байланысты құқық бұзушылықтар туралы" №1-Н нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 12 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

5

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен жүзеге асырылатын тексерулерді, бақылау мен қадағалаудың өзге де нысандарын тіркеу және есепке алу туралы" №1-П нысанды есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің арнайы есепке алу басқармасы

6

"Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы" № 1-ТӨ нысанды есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 20 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

7

"Қылмыстық қудалау органдарының жұмысы туралы" № 1-Е нысанды статистикалық есеп

ай сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

8

"Уәкілетті органдармен әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істерді қарау нәтижелері туралы" №1-ӘІ нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 20 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің арнайы есепке алу басқармасы

9

"Жол көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен адамдар туралы" № ЖКО-1 нысанды статистикалық есеп

ай сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің арнайы есепке алу басқармасы

10

"Халықаралық шарттардың қолданылуын және міндеттемелердің орындалуын қадағалау бойынша прокурордың жұмысы туралы" №7 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

11

"Прокурордың әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бойынша жұмысы туралы" №1 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8-күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

12

"Қылмыстық істер және жазаны орындау бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі прокурордың жұмысы туралы" № 2 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

13

Жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге прокурордың санкциялары туралы мәліметтерді қоспағанда, "Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау бойынша жұмысы туралы" № 3 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

14

"Қылмыстық істерді қарау жөніндегі бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы" № 1 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

15

"Азаматтық iстердi қарау жөніндегі бірінші сатыдағы соттардың жұмысы туралы" № 2 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

16

"Соттардың жеке айыптау iстерi бойынша шағымдарды қарауы туралы" № 2-Ж нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

17

"Қылмыстық істерді қарау жөніндегі апелляциялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы" № 6 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

18

"Апелляциялық сатылы соттардың азаматтық iстердi қарау бойынша жұмысы туралы" № 7 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

19

"Қылмыстық істерді қадағалау сатысында қарау бойынша соттардың жұмысы туралы" № 8 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

20

"Сот актілері шығарылған тұлғалар саны туралы" № 10 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

21

"Кассациялық сатылы соттардың азаматтық істерді қарау бойынша жұмысы туралы" № 7-К нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

22

"Қылмыстық істерді қарау жөніндегі кассациялық сатыдағы соттардың жұмысы туралы" № 6к нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 10 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

23

"Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы" № 4 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

24

"ТМД қатысушы-мемлекеттерінің аумағында шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар жасаған, сондай-ақ оларға қатысты жасалған қылмыстар туралы" № ТМД-3 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

25

"Қылмыстылық жағдайы және қылмыстық бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы" № ТМД-1 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

26

"Экстремизмге, терроризмге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалау жағдайы туралы" № 1-ЭТ нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

27

"Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот актілерінің және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау бойынша прокурордың жұмысы туралы" №5 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

28

"Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша прокурор жұмысының жекелеген көрсеткіштері" № 4 нысанды статистикалық есеп

тоқсан сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы

29

"Прокуратура органдарынан, тергеуден, анықтаудан, соттан және жазасын өтеуден жасырынған тұлғаларды, хабар-ошарсыз жоғалғандарды, атқару өндірісі бойынша борышкерлерді, мемлекеттің мүддесі үшін тағылған талаптар бойынша жауапкерлерді іздеу туралы, алимент өндіріп алу, мертігуге және басқа да денсаулықтың зақымдануына, асыраушының қайтыс болуына әкеліп соқтырған зияндарды қайтару туралы, сонымен бірге мәйіттердің, денсаулығына болмаса жас ерекшеліктеріне байланысты өздері туралы мәлімет бере алмайтын белгісіз аурулар мен балалардың жеке басын анықтау бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы" №1-І нысанды статистикалық есеп

ай сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 5 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің арнайы есепке алу басқармасы

30

Экстремистік деп танылған және шеттен әкелуге, басып шығаруға тыйым салынған діни әдебиеттің және ақпараттық материалдардың тізімі

тұрақты

ақпараттың келіп түсуіне қарай

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің арнайы есепке алу басқармасы

31

Террористік ұйымдардың тізімі

тұрақты

ақпараттың келіп түсуіне қарай

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің арнайы есепке алу басқармасы

32

Экстремистік ұйымдардың тізімі

тұрақты

ақпараттың келіп түсуіне қарай

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің арнайы есепке алу басқармасы

33

"Сыбайлас жемқорлық қылмыстар, оларды жасаған, сотталған адамдар, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жөніндегі қылмыстық істердің қозғалысы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілері туралы" № 3-К нысанды есеп

ай сайын

есептілік мерзімінен кейінгі айдың 8 күніне

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының АРІ жүйесі

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады