Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін және оларға қатысты алдын ала салықтық тексерудің актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушілердің санаттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 334 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 маусымда № 15278 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 12.01.2018 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.07.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 636-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін және оларға қатысты алдын ала салықтық тексерудің актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлердiң санаттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның электрондық және қағаз түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануға жолдануын;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2017 жылғы 24 мамырдағы
№ 334 бұйрығымен
бекітілген

Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық
тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осындай
қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін және оларға қатысты алдын ала
салықтық тексерудің актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлердiң
санаттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Салық төлеушіге салықтық тексерудің алдын ала актісін табыс ету, салықтық тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін және оларға қатысты алдын ала салықтық тексерудің актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлердiң санаттары (бұдан әрі - Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 636-1-бабын іске асыру мақсатында әзірленді.

      2. Қағидалардың ережелері мыналарды:

      1) Салық кодексінің 627-бабының 5-тармағына сәйкес қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша тақырыптық тексерулерді және мыналардың:

      қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша қосылған құн салығы бойынша декларациясындағы салық төлеуші талабының;

      Салық кодексінің 273-1-бабының 1 немесе 2-тармақтарын қолдануға байланысты салық төлеуші өтінішінің негізінде салық төлеушіге қатысты жүргізілетін тексерулерді;

      2) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес бюджеттен немесе шартты банктік салымнан төленген табыс салығын қайтаруға бейрезиденттiң өтiнiшi негізінде тексерулерді қоспағанда, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелуі, ұсталуы, аударылуы, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың және (немесе) жарналардың және өсімпұлдардың есептелуі және төленуі бойынша сомаларды есептеуге, шығындарды азайтуға әкеп соқтыратын салықтық тексерулерге қолданылады.

      3. Қағидалардың шеңберінде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алдын ала салықтық тексеру актісі – алдын ала нәтижелері бар салықтық тексеру актісі;

      2) жазбаша қарсылық – алдын ала салықтық тексеру актісінің нәтижелері бар жазбаша келіспеу.

2-тарау. Оларға қатысты алдын ала салықтық тексеру актісі бойынша нормалар қолданылатын салық төлеушiлердің санаттары

      4. Алдын ала салықтық тексеру актісі бойынша нормалар мониторингке жататын ірі салық төлеушiлерге, сондай-ақ инвестициялық келісімшарттар жасасқан салық төлеушілерге қолданылады.

      5. Мониторингке жататын ірі салық төлеушiлерге Салық кодексінің 623-бабының 3-тармағында көзделген тізбеге енгізілген салық төлеушiлер жатады.

      6. Инвестициялық келісімшарттар жасасқан салық төлеушілерге Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 285-бабына сәйкес инвестициялық келісімшарттар жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары жатады.

3-тарау. Салық төлеушіге алдын ала салықтық тексеру актісін табыс ету тәртібі мен мерзімі

      7. Салық төлеушіге (салық агентіне) алдын ала салықтық тексеру актісі салықтық тексеруді жүргізу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 5 (бес) жұмыс күн бұрын жеке қолын қойдырып табыс етіледі.

      Алдын ала салықтық тексеру актісімен бір уақытта Салық кодексінің 629-бабының 4-тармағына сәйкес салықтық тексеруді тоқтата тұру туралы хабарлама табыс етіледі.

      8. Салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты алдын ала салықтық тексеру актісін оған табыс ету мүмкін болмаған кезде Салық кодексінде белгіленген тәртіппен куәгерлерді тарта отырып, салықтық зерттеп-қарау жүргізіледі.

4-тарау. Алдын ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық беру, сондай-ақ осындай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдері

      9. Алдын ала салықтық тексеру актісіне жазбаша қарсылық салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына алдын ала салықтық тексеру актісін табыс еткен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде, келу тәртібімен ұсынылады.

      Бұл ретте, тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы қарсылықты алған күні жазбаша қарсылықтың берілген күні болып табылады.

      10. Осы Қағидалардың 13, 14, 15 және 16-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жазбаша қарсылық онда көрсетілген мәселелер шегінде, оны алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

      Жазбаша қарсылықта:

      1) мемлекеттік кірістер органының атауы;

      2) жазбаша қарсылықты беруші тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты ( ол болған жағдайда) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);

      3) сәйкестендіру нөмірі;

      4) салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша қарсылыққа қол қойған күні;

      5) жазбаша қарсылықты берген тұлғаның осы мән-жайларды растайтын өзінің талаптары мен дәлелдемелері негізделген мән-жайлар;

      6) қоса берілген құжаттардың тізбесі қамтылады.

      11. Салық төлеуші (салық агенті) алдын ала тексеру актісіне бұрын берген жазбаша қарсылығын кері қайтарып алуға құқылы.

      12. Мынадай:

      осы Қағидалардың 9-тармағында белгіленген мерзімде, оның өткен күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылықты ұсынбаған;

      жазбаша қарсылықты кері қайтарып алуды мемлекеттік кірістер органы алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылықты кері қайтарып алған;

      осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген салықтық зерттеп-қарау актісі жасалған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде салықтық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша салық төлеуші орналасқан жерінде болмаған жағдайларда, салықтық тексеру Салық кодексінде белгіленген тәртіппен аяқталуға жатады.

      Бұл ретте осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген жағдайларда, салықтық тексеру аяқталғанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) Салық кодексінің 629-бабымен белгіленген тәртіппен салықтық тексеруді жаңарту туралы хабарлама табыс етіледі.

      13. Салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы алдын ала актіге жазбаша қарсылықты қарау кезінде, қажет болған жағдайда, жазбаша нысанда қосымша ақпарат не жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша түсіндірмелер беру туралы сұрау салуды салық төлеушіге және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға және (немесе) өзге де ұйымдарға жолдайды.

      14. Салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы салық төлеушінің алдын ала тексеру актісіне жазбаша қарсылықта жазылған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеумен байланысты қарсылығымен келіспеген жағдайда, салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы мұндай қарсылықты қарау мерзімі ішінде мыналарды:

      алдын ала тексеру актісіне салық төлеушінің жазбаша қарсылығын;

      салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының ұстанымын;

      салықтық міндеттемелерді есептеуге байланысты басқа да құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (бұдан әрі - Комитет) сұрау жібереді.

      15. Комитет салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын, қарсылықты берген тұлғаның өз талаптары мен дәлелдемелерін негіздейтін мән-жайлары шегінде, сондай-ақ салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының ұстанымында көрсетілген дәлелдемелер мен негіздемелердің шегінде қарайды.

      Салықтық тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының сұрау салуына жауап оны алған сәттен бастап Комитеттің тиісті актісімен уәкілеттік берілген лауазымды адамының қолын қойып, 10 (он) жұмыс күні ішінде ұсынылады.

      16. Осы Қағидалардың 13, 14 және 15-тармақтарына сәйкес сұрау салу салық төлеушіге және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға және (немесе) өзге де ұйымдарға, сондай-ақ Комитетке жіберілген жағдайда, жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ұзартылады, бірақ күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

      Жазбаша қарсылық мерзімінің ұзартылғаны туралы салық төлеушіге сұрау жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      17. Жазбаша қарсылықты қарау қорытындылары бойынша тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы:

      1) салықтық тексеру мерзімдерін жаңарту туралы хабарламаны;

      2) жазбаша қарсылықта жазылған мәселелерге жауаптарды негіздей отырып, салықтық тексеру актісін;

      3) тексеру нәтижелері туралы хабарламаны (бұзушылықтар болған кезде) табыс ету жолымен Салық кодексінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеруді аяқтайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады