БҰЙЫРАМЫН:
1. "Үстем немесе монополиялық жағдайға ие Нарық субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерінің бар екені туралы хабарлама беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12494 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 8 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Нарық субъектіcінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарламаны және оның нысанын беру қағидаларын бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама беру қағидалары және оның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама берудің хабарлама нысаны және оның нысаны бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарламаны және оның нысанын беру қағидаларында:
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарламаны және оның нысанын беру қағидалары 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, Кодекстің 199-бабына сәйкес әзірленді және нарық субъектісінің әрекеттерінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама және оның нысанын беру тәртібін белгілейді.
2. Хабарлама бекітілген нысанға сәйкес хабарламасы бар тапсырыс хатпен монополияға қарсы органның ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) көрсетілген белгілердің бар екені туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жіберіледі.
3. Хабарлама ведомствоның қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді және мыналарды:
1) хабарлама жасалатын нарық субъектісінің атауын;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың анықталған белгісінің (белгілерінің), сондай-ақ нарық субъектісі бұзған құқық нормаларының сипаттамасын;
3) нарық субъектісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою үшін жасауы қажет немесе оны жасаудан тартынуы қажет әрекеттерді;
4) нарық субъектісі хабарламаны алған күнінен бастап 10 жұмыс күнінен хабарламаны орындау және хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты ұсыну мерзімінен аспайтын;
5) хабарламаға қол қоюға уәкілетті адамның қолын;
6) ведомствоның елтаңбалы мөрін қамтиды.";
5-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама және оның нысандары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды, сондай-ақ осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-
бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, нарық субъектісінің
әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау
саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарлама
(шығарылған күні) (шығарылған орны)
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу туралы
мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша
____________________________________________________ әрекеттерінде (әрекетсіздігінде)
(хабарлама объектісінің атауы көрсетіледі)
______________________________________________________________________ анықталды.
(Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың
анықталған белгілері, сондай-ақ нарық субъектісі бұзған құқық нормалары сипатталады)
Баяндалғанның негізінде, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік
кодексінің 199-бабының 1-бөлігін басшылыққа ала отырып,
ХАБАРЛАЙМЫН:
1. ______________________________________________________________________________
(нарық субъектісі Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы
заңнамасын бұзу белгілерін жою үшін жасауы қажет немесе оны жасаудан тартынуы
қажет әрекеттерді).
2. Хабарлама орындалсын және хабарламаның орындалуы туралы ақпарат оны алған күннен
бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберілсін.
Осы хабарламаны орындамау, оны толық көлемде орындамау, ведомство белгілеген оны
орындау мерзімдерін бұзу 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік
кодексінің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, нарық
субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті
қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бойынша тергеп-тексеру тағайындау үшін
негіз болып табылады.
Төраға _________________ ___________________
(ведомствоның аумақтық (Тегі, аты әкесінің аты
бөлімшесінің басшысы) (болған жағдайда)
(қолдың және елтаңбалы мөрдің орны)