"Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Т. Сүлейменов
"___" __________ 2017 жыл
Қазақстан Республикасы Энергетика Министрінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 164 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2018 жылғы 30 маусымды қоса алған кезеңге арналған шекті бағалар
Р/с | Өңір | Қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір мың текше метрі үшін шекті бағасы теңгемен |
1. | Алматы қаласы | 23 522 (жиырма үш мың бес жүз жиырма екі) |
2. | Алматы облысы | 23 522 (жиырма үш мың бес жүз жиырма екі) |
3. | Оңтүстік Қазақстан облысы | 21 648 (жиырма бір мың алты жүз қырық сегіз) |
4. | Жамбыл облысы | 21 197 (жиырма бір мың бір жүз тоқсан жеті) |
5. | Қызылорда облысы | 7 545 (жеті мың бес жүз қырық бес) |
6. | Батыс Қазақстан облысы | 11 987 (он бір мың тоғыз жүз сексен жеті) |
7. | Ақтөбе облысы | 5 288 (бес мың екі жүз сексен сегіз) |
8. | Атырау облысы | 6 249 (алты мың екі жүз қырық тоғыз) |
9. | Қостанай облысы | 17 938 (он жеті мың тоғыз жүз отыз сегіз) |
10. | Шығыс Қазақстан облысы | 7 563 (жеті мың бес жүз алпыс үш) |
11. | Маңғыстау облысы | 14 521 (он төрт мың бес жүз жиырма бір) |