"Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сактау министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 424 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 шілдеде № 15315 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-194/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 № ҚР ДСМ-194/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодек Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 № ҚР ДСМ-194/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.сінің 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 маусымда № 11268 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 22 маусымда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Халықтың ақпараттандырылуы мен сауаттылығын арттыру, сондай-ақ, МСАК мамандарына саламатты өмір салтын қалыптастыру, тамақтану және денсаулықты сақтаудың басқа да өзекті мәселелері бойынша консультация беру жөніндегі іс-шараларды саламатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану саласында қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдары өткізеді. МСАК пен саламатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының жұмысын үйлестіруді "Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Е. Біртанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады