БҰЙЫРАМЫН:
1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9994 болып тіркелген, 2014 жылы 26 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерiстер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2017 жылғы "___" __________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Т. Сүлейменов
2017 жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 277 бұйрығына қосымша |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Р/с | Біліктілік талаптары | Біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі | Ескертпе | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |||
Іздестіру қызметі | ||||||
1) | Штатында іздестіру қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник жұмыскердің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник жұмыскерлердің біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
2) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен: | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
3) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуы: | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
4) | жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
5) | жауапты инженер-техник жұмыскердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
Жобалау қызметі | ||||||
1 | Жобалау қызметімен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | |||||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, аға конструтор, жобалаушы жетекші инженер. | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
2) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
3) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
2 | Жобалау қызметімен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | |||||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
2) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
3) | лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
4) | лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі жобалау қызметін (жобалау бөлігінде жобалау-іздестіру қызметін) жүзеге асыруға шетелдік тұлғалар үшін лицензия немесе өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады | лицензияның немесе "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес куәландырылған шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі | ||||
5) | бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. | |||
3 | Жобалау қызметімен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | |||||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
2) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығында, еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
3) | лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
4) |
лицензиаттың кемiнде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асырған тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжiрибесi не II санаттағы лицензиат ретiнде кемiнде бес жыл жұмыс тәжiрибесi. |
лицензияның немесе "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес куәландырылған шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі. | ||||
5) |
құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бас мердігер ретінде бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы. | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. | |||
Құрылыс-монтаждау жұмыстары | ||||||
1 | Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | |||||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
2) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен: | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
3) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
2 | Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | |||||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері, өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, учаске бастығы, жұмыс жүргізуші, мастер. | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
2) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен: | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
3) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
4) | лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия немесе шетелдік тұлғалар үшін өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады | лицензияның немесе "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес куәландырылған шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі | ||||
5) | бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. | |||
3 | Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | |||||
1) |
штатында лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша тиісті аттестаты бар және келесі бір мамандану бойынша өтініш берушіде тұрақты негізде жұмыс істейтін кемінде бір аттестатталған инженер-техник жұмыскердің болуы: жобаның бас инженері,өндірістік-техникалық бөлімнің бастығы, учаске бастығы, жұмыс жүргізуші, мастер. | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аттестатталған инженер-техник жұмыскерлердің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
2) |
меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы мыналармен: | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
3) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | ||||
4) |
лицензиаттың кемінде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі не ІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Жұмыс тәжірибесі лицензия алған күннен бастап есептеледі. Бұл ретте, лицензияның қолданылуы тоқтатылған жағдайда жұмыс тәжірибесі жойылады. |
лицензияның немесе "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес куәландырылған шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі. | ||||
5) |
бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы. | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. |
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне қосымша |
Іздестіру қызметіне лицензияға мәліметтер нысаны
Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер
(лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған кезде толтырылады)
1) Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________________________________________________________
2) Лауазымы _____________________________________________________________________
3) Осы ұйымда ______________________________________________________ жұмыс істейді
(тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтінін көрсету)
4) Жұмыс өтілі ___________________________________________________________________
(мамандығы бойынша және атқарып отырған жұмысындағы өтілін көрсету)
5) Оқу орнының атауы ____________________________________________________________
6) Бітірген жылы _________________________________________________________________
7) Дипломы бойынша біліктілігі ____________________________________________________
8) Дипломы бойынша мамандануы __________________________________________________
9) Шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын тану және/немесе
нострификациялау туралы ақпарат __________________________________________________
________________________________________________________________________________
(куәліктің нөмірін және берілген күнін көрсету)
Өндірістік база туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған
кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеген кезде толтырылады)
10) Өндірістік базаның мекенжайы __________________________________________________
________________________________________________________________________________
11) Ауданы ______________________________________________________________________
12) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі______________________________
________________________________________________________________________________
13) Жалға алу туралы шарттың нөмірі _______________________________________________
14) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған:
(болған жағдайда, "Х" белгісін қою қажет)
Өтініш берілген жұмыс түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін орындау үшін
қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және үй-жайлармен
________________________________________________________________________________
Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен ______________________

Сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы мәліметтер
15) Жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін
сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша
бекітілген нұсқаулықтың деректемелері
________________________________________________________________________________
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен
нұсқаулықтар туралы мәліметтер
16) Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен
нұсқаулықтар туралы мәліметтер ___________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
(лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған кезде толтырылады)
17) Атауы _______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
18) Өлшем бірлігі ________________________________________________________________
19) Саны ________________________________________________________________________
20) Пайдалану мерзімі ____________________________________________________________
21) Сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) ________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
22) Ескертпе _____________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Жобалау қызметіне лицензияға мәліметтер нысаны
Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған
кезде, сондай-ақ лицензияны І санатқа қайта ресімдеген кезде толтырылады)
1) Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________________________________________________________
2) Лауазымы _____________________________________________________________________
3) Инженер-техник жұмыскер аттестатының болуы ____________________________________
________________________________________________________________________________
(аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету)
Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған
кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеген кезде толтырылады)
4) Әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлар ораналасқан объектінің мекенжайы___________________
________________________________________________________________________________
5) Ауданы _______________________________________________________________________
6) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі _______________________________

7) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ________________________________________________
8) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған:
(болған жағдайда, "Х" белгісін қою қажет) Өтініш берілген жұмыстүрлерін, лицензияланатын
қызмет түрінің кіші түрін орындау үшін қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және
үй-жайлармен
________________________________________________________________________________
Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен ______________________
________________________________________________________________________________
Өзге талаптар
(лицензия алған және лицензияны І және ІІ қайта ресімдеген кезде толтырылады)
10) Жұмыс тәжірибесі _____________________________________________________________
11) Іске қосылған объектілер _______________________________________________________

12) Пайдалануға беру актілерінің және орындалған жұмыстар актілерінің деректемелері
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған
кезде толтырылады)
13) Атауы _______________________________________________________________________

14) Өлшем бірлігі ________________________________________________________________
15) Саны ________________________________________________________________________
16) Пайдалану мерзімі ____________________________________________________________
17) Сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты) ________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
18) Ескертпе _____________________________________________________________________

Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензияға мәліметтер нысаны
Инженер-техник жұмыскерлер туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған
кезде, сондай-ақ лицензияны І санатқа қайта ресімдеген кезде толтырылады)
1) Т.А.Ә. (болған жағдайда) ________________________________________________________
2) Лауазымы _____________________________________________________________________
3) Инженер-техник жұмыскер аттестатының болуы ____________________________________
________________________________________________________________________________
(аттестаттың нөмірі мен берілген күнін көрсету)
Өндірістік база туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған
кезде, сондай-ақ санат бере отырып, лицензияны қайта ресімдеген кезде толтырылады)
4) Өндірістік базаның мекенжайы ___________________________________________________
________________________________________________________________________________
5) Ауданы _______________________________________________________________________
6) Жылжымайтын мүлікті тіркеу туралы куәліктің нөмірі _______________________________
________________________________________________________________________________
7) Жалға алу туралы шарттың нөмірі ________________________________________________
8) Жалға алу туралы шарттың нөмірі мыналармен жарақталған:
(болған жағдайда, "Х" белгісін қою қажет)
Өтініш берілген жұмыс түрлерін, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрін орындау үшін
қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен және үй-жайлармен
________________________________________________________________________________
Еңбек шарттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен ______________________
________________________________________________________________________________
Өзге талаптар
(лицензия алған және лицензияны І және ІІ қайта ресімдеген кезде толтырылады)
10) Жұмыс тәжірибесі _____________________________________________________________
11) Іске қосылған объектілер _______________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
12) Пайдалануға беру актілерінің және орындалған жұмыстар актілерінің деректемелері
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы мәліметтер
(сұрау салынған санатқа қарамастан лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны алған
кезде толтырылады)
13) Атауы _______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
14) Өлшем бірлігі ________________________________________________________________
15) Саны ________________________________________________________________________
16) Пайдалану мерзімі ____________________________________________________________
17) Сапалық құрамының сипаттамасы (маркасы, қуаты)________________________________