Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 09.04.2020 № 370 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бухгалтерлік есеппен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11362 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) порталға өтініш білдірген кезде құжаттар топтамасын берген сәттен бастап:
куәлікті беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
куәлікті қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
куәліктің телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді;";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, қайта рәсімдеу, телнұсқа беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4336 болып тіркелген) Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minfin.gov.kz, Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:
1) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
лицензия беру - 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта рәсімдеу - 3 (үш) жұмыс күні;
заңды тұлға-лицензиат бөліну, жеке шығу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде лицензияны қайта ресімдеу - 15 (он бес)жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттар алынған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:
көрсетілетін қызметті берушінің: www.minfin.gov.kz;
Мемлекеттік корпорация: www.con.gov4с.kz;
порталдың: www.egov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөнінде көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 71-76-56, 71-81-42, 71-81-53, 71-80-79, Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет"веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) порталға өтініш білдірген кезде құжаттар топтамасын берген сәттен бастап:
куәлікті беру - 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
куәлікті қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
куәліктің телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Қызмет беруші қызмет алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді;";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кәсіби бухгалтерлік ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, қайта рәсімдеу, телнұсқа беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген) Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minfin.gov.kz, Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3.Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет"веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.";
4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) порталға жүгінген кезде құжаттар топтамасын берген сәттен бастап:
куәлікті беру - 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде;
куәлікті қайта ресімдеу - 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
куәліктің телнұсқасын беру - 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттар фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тарту береді;";
6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, қайта рәсімдеу, телнұсқа беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.";
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
"9-1. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйекті еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) ұсынылған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген) Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы негіз болып табылады.";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.minfin.gov.kz, Бірыңғай байланыс орталығы: 8 800 080 7777, 1414.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есебі мен аудиті әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрі |
Б. Сұлтанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
__________ Д. Абаев
2017 жыл 7 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Т.Сүлейменов
2017 жыл 3 маусым