"Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 370 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 13 сәуірде № 20377 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 175 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10703 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Бірінші Орынбасары-Қаржы министрі
А. Смаилов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының Ұлттық

      экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ 370 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 16 наурыздағы
№ 175 бұйрығымен
бекітілген

Кәсiби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіби ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметті реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) әзірлеген және бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарын аккредиттеу (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тәртібін айқындайды.

      2. "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" және "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" деген мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетеді (бұдан әрi – портал).

      3. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымды және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк "Аудиторлық кәсіби ұйымды, бухгалтерлердiң кәсiби ұйымын, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәліктердің нысандарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 116 қаулысымен бекітілген (бұдан әрі – Қаулы) нысандары бойынша аккредиттеудi куәландыратын ресми құжат болып табылады, ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      4. Қаулымен бекітілген нысаны бойынша бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік бес жыл мерзімге, бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік үш жыл мерзімге беріледі.

      5. Атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымы және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымы аккредиттеу рәсімінен өтеді.

      6. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректер енгізу Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларында белгіленген.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне деректерді енгізу автоматтандырылған.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші sd@nitec.kz электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрау салуды жіберу арқылы "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторын (оператор) мемлекеттік қызметтің атауы, өтініштің әкімшілік құжатының нөмірі мен коды (ӨӘҚНМК), немесе өтініштің бірегей сәйкестендіру нөмірі (ӨБСН), әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (ӘҚНМК ЕД), немесе рұқсат беру құжатының бірегей сәйкестендіру нөмірі (РБҚБСН), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), немесе көрсетілетін қызметті алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) авторизациялау сәтінен бастап қатенің нақты уақытын көрсете отырып, қате туындаған сәтке дейін қадамдық скриншоттарды қоса бере отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі порталға жіберіледі және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан – әрі ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" сақталады.

2-тарау. "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің тәртібі

      9. Процестің сипаттамасын, нысанын, мерзімін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасында "Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет стандартта (бұдан әрі – мемлекеттік қызметтер стандарты) баяндалған.

      Сұрау салу және мәліметтер нысандары осы Қағидалардың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес ұсынылады.

      Кәсіби ұйымдар аккредитация алу үшін осы Қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндерінде жүгінген кезде, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттар болуы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күн мерзімі ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.

      Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы кәсіби ұйымды аккредиттеу туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар) мазмұны:

      куәлік беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы берілген құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 8-тармағы 1-қосымшасына сәйкес тексереді – бір жұмыс күн ішінде;

      3) орындаушы құжаттың мазмұнын қарастырады – бір жұмыс күні ішінде;

      4) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті беру туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – бір жұмыс күні ішінде;

      куәлікті қайта рәсімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетліген құжаттарды ұсынған көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;

      2) дайындау және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметі басқармасының басшысымен қорытынды жобасын, куәлікті қайта рәсімдеу туралы бұйрық жобасын келісу, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының бекітуі, бұйрықты тіркеу немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау және қайта рәсімдеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру – екі жұмыс күн ішінде;

      куәліктің телнұсқасын беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетліген ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бөлу үшін көрсетілетін қызметті берушінің бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқармасына береді – бір жұмыс күні ішінде;

      2) орындаушы ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды және куәлікті басып шығарады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырады және куәліктің телнұсқасын береді – бір жұмыс күн ішінде.

      12. Кәсіби ұйымдар мынадай:

      1) кәсіби ұйымның құрамында кемінде үш жүз кәсіби бухгалтердің болуы;

      2) халықаралық практикаға сәйкес келетiн және оның барлық мүшелерiне мiндеттi болып табылатын, ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген Кәсiби бухгалтерлердiң әдеп кодексiнiң болуы;

      3) өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуы;

      4) осы Қағидаларға сәйкестігі талаптарына жауап береді.

      Кәсіби ұйымдардың мынадай:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттары;

      2) бухгалтерлердің біліктілігін арттыру;

      3) этика мәселелері;

      4) дауларды қарау жөніндегі жұмыс органдары бар.

      Кәсіби ұйымдардың қосымша жарғыда айқындалған жұмыс органдары бар.

      Кәсіби ұйымдар аккредиттеу сәтінен бастап бір ай ішінде Консультациялық органның құрамына бухгалтерлік және (немесе) аудиторлық қызмет саласында кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесін, не The Assocіatіon of Chartered Certіfіed Accountants (ACCA), не Certіfіed Publіc Accountant (CPA) толық біліктілігін, не Dіploma іn the Іnternatіonal Fіnancіal Reportіng (DіpІFR ACCA) дипломын, не "аудитор" біліктілігі берілгені туралы біліктілік куәлігін, не кәсіби бухгалтер сертификатын, не экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп, аудит саласында ғылыми дәрежесін растай отырып, бір өкілін ұсынады.

3-тарау. "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      13. Процестің сипаттамасын, нысаны мен мерзімдерін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, осы Қағидалардың 4-қосымшасында "Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) баяндалған.

      Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу үшін сұрау салу, мәліметтер нысаны және материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес ұсынылады.

      Сертификаттау жөніндегі ұйымдар аккредиттеуден өту үшін осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      14. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жүгінген кезде сұрау салуды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Ұсынылған құжаттардың толық болмау және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттардың болу фактісі анықталған жағдайда қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде сұрау салуды одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.

      Сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны:

      куәлікті беру кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетліген ұсынған құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің құжат айналымы бойынша басқарма қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға бір жұмыс күні іші бөлу үшін үшін бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқарманың басшылығына береді;

      2) орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және олар толық болған жағдайда мемлекеттік және орыс тілдерінде емтихан модулін және "халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша емтихандар нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламасы бойынша материалдарына қорытынды беру үшін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесіне – бір жұмыс күні ішінде жібереді;

      3) уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің емтихан модулін және "халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша емтихан нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламасы бойынша материалдарды мемлекеттік және орыс тілдерінде – екі жұмыс күні ішінде қарауы және қорытынды беруі;

      4) орындаушының қорытынды жобасын, куәлік беру туралы бұйрық жобасын дайындауы және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, Заң қызметі басқармасының басшысымен келісуі, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бекітуі, бұйрықты тіркеуі немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындауы және аккредиттеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беруі – бір жұмыс күні ішінде;

      куәлікті қайта ресімдеу кезінде:

      1) көрсетілетін қызметті алушы қағидалардың 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартының 8-тармағында көрсетліген ұсынған құжаттарды қызметті берушінің құжат айналымы жөніндегі басқармасы қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға – бір жұмыс күні ішінде бөліп беруі үшін қызмет берушінің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқарма басшылығына береді;

      2) орындаушының қорытынды жобасын, куәлікті қайта ресімдеу туралы бұйрық жобасын дайындауы және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы басқарма басшысымен, заң қызметі басқармасының басшысымен келісуі, сондай-ақ оларды көрсетілетін қызметті беруші басшылығының бекітуі, бұйрықты тіркеуі немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындауы және қайта ресімдеу туралы куәлікті немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы туралы дәлелді жауапты – екі жұмыс күні ішінде беруі;

      телнұсқа беру кезінде:

      1) қызметті алушы ұсынған құжаттарды қызметті берушінің құжат айналымы жөніндегі басқармасы қызметкері қабылдайды және кейіннен орындаушыға – бір жұмыс күні ішінде бөліп беруі үшін қызмет берушінің бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласындағы тиісті басқарма басшылығына береді;

      2) орындаушы ұсынылған құжаттардың мазмұнын қарайды және куәлікті басып шығарады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ – мен куәландырады және куәліктің телнұсқасын – екі жұмыс күні ішінде береді.

      16. Емтихан, апелляциялық комиссиялардың құрамы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар бұл туралы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша түрде хабарлайды.

      17. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар өзара іс-қимыл туралы келісім жасалған бухгалтерлердің кәсіби ұйыммен бірлесіп емтихан өткізеді.

      18. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар мынадай:

      1) оқудан тәуелсіз емтихан жүйесінің болу;

      2) бухгалтерлердің кәсіби ұйыммен өзара іс-қимыл туралы келісімнің болу;

      3) осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген аккредиттеу үшін материалдардың мазмұнына қойылатын талаптарды сақтау;

      4) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк мәселелерi жөнiндегi заңнамасына шолуды қамтитын емтихан модульдерiнiң, оларды жаңарту жүйесiнiң болуы;

      5) емтихан өткізу үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету;

      6) осы Қағидаларға сәйкестігі талаптарына жауап береді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      19. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-тарауына сәйкес уәкілетті органның және (немесе) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына беріледі (бұдан әрi - кодекс).

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-тарауында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Кәсiптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
1-қосымша

"Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі-мемлекеттік қызметтер стандарты)

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

2

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәсілдері

Сұрау салуды қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтежиелерін беру "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі-Портал )

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

куәлік беру – 5 (бес ) жұмыс күні;
куәлікті қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
куәліктің телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәсілі

Электрондық (түгелдей автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері

Кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру, куәлікті қайта ресімдеу, бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - электрондық.

6

Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтің көрсетілуінен алынатын және Қазақстан Республикасының заңнамасында ескерілген жағдайлардан ақы алу тәсілдерінің төлем құны

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілген қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін түскі үзіліс 13.00 – 14.30 жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда.
Порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мынадай жұмыс күнінде жүзеге асырылады)

8

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

1) көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) мәліметтер нысаны;
3) оқыту іс-шараларын өткізу жоспарын көрсете отырып, өз мүшелерінің біліктілігін арттыру жүйесінің болуын растайтын құжаттың (бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау туралы келісім) электрондық (сканерленген) көшірмесі.
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін, сондай-ақ бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, телнұсқаны беру үшін көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес сұрау салуды порталда толтыру қажет.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері

Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тартудың негіздері болып:
1) аккредиттеу туралы куәлікті, қайта ресімдеуді және (немесе) деректерді (мәліметтерді) алу үшін кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдар ұсынған құжаттардың дұрыс еместігін анықтау;
2) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарға қатысты қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

10

Электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациялар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың "жеке кабинет" порталы, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде аккредиттеуге берілген құжаттарды қарау тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің (бұдан әрі – Министрлік): www.mіnfіn.gov.kz
интернет-ресурсында орналастырылған, Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:
1)Министерліктің интернет-ресурсында: www.minfin.gov.kz;
2)Порталдa: www.egov.kz, www.elicense.kz орналастырылған.

  Кәсiптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша
  Нысаны

Сұрау салу

      Аккредиттеуді (қайта рәсімдеу, телнұсқасын беру) өтінемін

      __________________________________________________________________

      Қызметті жүзеге асыру үшін кәсіби ұйымның, сертификат жөніндегі ұйымның (қажеттісінің астын сызып көрсету) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

      __________________________________________________________________

      Орналасқан жері:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      Барлық көрсетілген ақпарат, сондай-ақ қоса берілген құжаттар дұрыс және жарамды болып табылады

      "___" ___________ 20__ жыл

      Кәсіби ұйымның, сертификаттау

      жөніндегі ұйымның басшысы ____________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

  Кәсіптік ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысаны

Мәліметтер нысаны

      Халықаралық тәжiрибеге сай келетiн ұйымның жарғысына сәйкес бекiтiлген Кәсіби бухгалтерлердің Әдеп кодексі

р/с №

Күні

1

2



      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымы құрамының мүшелері ____________________

      __________________________________________________________________

      (бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы, бизнес-сәйкестендiру

      нөмiрi көрсетіледі (бұдан әрі - БСН))

      № 1 кесте

Бухгалтердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі -ЖСН)

Бухгалтердің тегі

Бухгалтердің аты

Бухгалтердің әкесінің аты

Жұмыс орны (ұйымның атауы)

Лауазымы

Почталық индексі

Ел/ облыс/аудан/елді мекен

Көшенің аты

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Кестенің жалғасы

Үй нөмірі

Пәтердің нөмірі

Телефон нөмірі

Электрондық мекенжайы

Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі

Кәсіби бухгалтер сертификатының берілген күні

Жұмыс тәжірибесі (Бухгалтерлік есеп немесе аудит саласында кемінде екі жыл жұмыс өтілі)

Кәсіби ұйымға кірген күні

Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі

10

11

12

13

14

15

16

17

18










      № 2 кесте

Бухгалтерлік ұйымның БСН

Бухгалтерлік ұйымның атауы

Пошталық индексі

Ел/ облыс/аудан/елді мекен

Көшенің аты

Үйдің нөмірі

Үйдің индексі

Пәтердің/кеңсенің нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8









      Кастенің жалғасы

Телефон нөмірі

Факс нөмірі

Кәсіби ұйымға кірген күні

Мүшелік билеттің немесе бухгалтерлердің кәсіби ұйымында мүшелігін растайтын құжаттың нөмірі

Бухгалтерлік ұйым басшысының ЖСН

Бухгалтерлік ұйым басшысының аты

Бухгалтерлік ұйым басшысының тегі

Бухгалтерлік ұйым басшысының әкесінің аты

9

10

11

12

13

14

15

16









      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының жұмыс органдарының болуы туралы мәліметтер

Бөлімшенің атауы

Бөлімше басшысының лауазымы

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Бөлімше басшысының тегі

Бөлімше басшысының аты

Бөлімше басшысының әкесінің аты

Бөлімше басшысының нөмірі

1

2

3

4

5

6

7








      Өз мүшелерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесiнiң болуы

Иә

Жоқ

1

2

      Бухгалтерлердің кәсіби

      ұйымының басшысы _________ ______________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Кәсіби ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
4-қосымша

"Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау бойынша ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты)

1

Қызмет берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті

2

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу тәсілдері

Ұсынысты қабылдау мен мемлекеттік қызметтің нәтежиесін алу веб-портал "Электроны үкімет" www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы жүзеге асады.

3

Мемлекеттік қызметтің көрсетілу мерзімі

Куәлік беру – 5 (бес) жұмыс күні;
куәлікті қайта рәсімдеу – 3 (үш) жұмыс күні;
куәліктің телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Электрондық (түгелдей автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру, қайта ресімдеу, куәліктің телнұсқасын беру немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Көрсетілген қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін түскі үзіліс 13.00 – 14.30 жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда.
Порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

8

Көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі

1) көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) мәліметтер нысаны;
3) сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу үшін материалдардың мазмұнына қойылатын талаптарға сәйкес келетін мемлекеттік және орыс тілдеріндегі "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес Бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша емтихан модульдерін және емтихан нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары бойынша электрондық құжат нысанындағы материалдар;
4) тест сұрақтарын және ахуалдық есептерді қамтитын емтихан модульдерінің құрылымдарын;
сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың кемінде үш сағат ұзақтығын;
кәсіби бухгалтерлерге кандидаттардың жұмыстарына тексеру жүргізудің күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімін;
соңғы сертификаттау пәні бойынша оң нәтиже алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен аспайтын сертификаттарды беру мерзімін;
нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі үш жыл ішінде, "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша - нәтиже бекітілген күннен бастап кейінгі бес жыл ішінде ғана жарамды деп танылатын "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша кандидаттың оң нәтиже алғанын;
кандидаттардың құқықтары, міндеттері және жауаптылықтары көрсетілген кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереженің электрондық көшірмесі;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауаптылықтарын және оның құрамын көрсете отырып, емтихан комиссиясы туралы бекітілген ереженің электрондық көшірмесі;
6) апелляция комиссиясының (кеңес) құрамын, шағымдарды беру мерзімін және қарау мерзімдері, шағым мен комиссия (кеңес) шешімінің нысандары белгілене отырып, емтихан нәтижелері бойынша шағымдарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, аппеляциялық комиссия (кеңес) туралы бекітілген ереженің электрондық көшірмесі.
Заңды мекенжайы өзгерген жағдайда бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта рәсімдеу үшін, сондай-ақ бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік жоғалған, бүлінген кезде, егер бұрын берілген куәлік қағаз нысанда ресімделсе, телнұсқаны беру үшін көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сұрау салуды порталда толтыру қажет.
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері

Аккредиттеу туралы куәлікті беруден бас тартудың негіздері:
1) аккредиттеу туралы куәлікті, қайта ресімдеуді және (немесе) деректерді (мәліметтерді) алу үшін кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдар ұсынған құжаттардың дұрыс еместігін анықтау;
2) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарға қатысты қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы аккредиттеу туралы куәлікті беруден, қайта ресімдеуден бас тарту үшін негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда ала алады.
Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың "жеке кабинет" порталы, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде аккредиттеуге берілген құжаттарды қарау тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің: www.mіnfіn.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, Бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министерліктің интернет-ресурстарында: www.minfin.gov.kz;
2) Порталдa: www.egov.kz, www.elicense.kz орналастырылған.

  Кәсiби ұйымдарды,
сертификаттау жөнiндегi
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
5-қосымша
  Нысаны

Мәліметтер Бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсiби ұйымымен өзара іс-қимыл туралы келісім*

р/с №

Күнi

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы

Жарамдылық мерзімі (үш жылдан кем емес)

1

2

3

4





      Ескертпе:

      * бірнеше келісімдер жасалған жағдайда барлық мәліметтер ұсынылады

Тәуелсіз емтихан жүйесінің құрылымы туралы мәліметтер

Бөлiмшенің атауы

Басшының жеке сәйкестендіру нөмірі

Басшының тегі

Басшының аты

Басшының әкесінің аты

Оқытушы ұйымдарға қатысы бар ма

Лауазымының атауы

Байланыс телефоны

Электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Емтихан комиссиясының құрамы**

Емтихан комиссиясының ережесі

Емтихан комиссиясына қатысушының жеке сәйкестендіру нөмірі

Емтихан комиссиясына қатысушының тегі

Емтихан комиссиясына қатысушының аты

Емтихан комиссиясына қатысушының әкесінің аты

Емтихан комиссиясына қатысушының негізгі жұмыс орны

Емтихан комиссиясына қатысушының лауазымы

Емтихан комиссиясына қатысушының байланыс телефоны

Емтихан комиссиясына қатысушының электрондық мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9










      Кестесінің жалғасы

Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі аккредиттелген ұйым жүзеге асыратын кәсіби бухгалтерді сертификаттаудан өтуге жоғары білімі және кемінде соңғы бес жылда бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, есеп-талдамалық, бақылау-тексеру салаларында немесе жоғары және арнайы орта оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс өтілі заңгерлер үшін (мемлекеттік және орыс тілдерінде): заң саласындағы жұмыс өтілі кем дегенде соңғы үш жыл

Мамандығы көрсетілген жоғарғы білімі болуын растайтын құжаттын атауы

Жоғары білімі болуын растайтын құжатты кім берді

Жоғары білімі болуын растайтын құжаттың берілген күні

Жоғары білімі болуын растайтын құжаттың нөмірі

Кәсіби бухгалтер сертификатын берген ұйымның атауы (болған кезде)

Кәсіби бухгалтер сертификаты берілген күн (болған кезде)

Кәсіби бухгалтер сертификатының нөмірі (болған кезде)

10

11

12

13

14

15

16

17









      Ескертпе:

      ** кемiнде он мүше, оның ішінде кәсіби бухгалтер куәлігі бар кемiнде 5 мүше, заңгер білімі және заң саласында соңғы 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар кемінде 1 мүше.

  Кәсіби ұйымдарды,
сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
қағидаларына
6-қосымша

Сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу үшін материалдар мазмұнына қойылатын талаптар

      1. Осы талаптар уәкілетті органға сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу үшін ұсынылатын материалдарға қойылады.

      2. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдар мыналардан:

      1) емтихандық модульден;

      2) емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібінен тұрады.

      3. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша аккредиттеу үшін материалдардың мазмұны:

      1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына" (бұдан әрі – ХҚЕС);

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес келуі тиіс.

      4. Көрсетілген пәндер бойынша аккредиттеу үшін материалдар "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша көшіріп пайдаланусыз (плагиатсыз) оларды ұсыну күніне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келеді, сондай-ақ қолданыстағы өзгерістерді және мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне ресми аудармаларды ескере отырып, ХҚЕС-ға сай болады.

      5. Жекелеген пәндер бойынша емтихандық модуль мыналарды:

      1) "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша - кемінде екі жүз тестілік сұрақтар жауаптары мен және жүз тапсырма шешімдерімен, кем дегенде әрбір ХҚЕС бойынша бір міндетті тапсырма. Бұл ретте осы пән бойынша білімді тексеру жазбаша емтихан арқылы жүргізіледі, ол бес сұрақтан тұрады, олар есеп айырысу және пікірталас бөліктерін қамтиды. Шоғырландырылған бухгалтерлік балансты не пайда мен шығындар туралы шоғырландырылған есепті дайындау жөніндегі мәселе міндетті болып табылады;

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша – "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес жауаптары мен кемінде үш жүз тестілік сұрақтары және кемінде жетпіс есеп шешімдерімен;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша – "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде екі жүз қырық тестілік сұрақтар жауаптарымен және жетпіс есеп шешімдерімен қамтиды.

      6. Көрсетілген пәндер бойынша тестілік сұрақтар барлық ХҚЕС-ті, сондай-ақ осы талаптарға тиісінше тізбелердегі тақырыптарды қамтиды. Бұл ретте "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша әрбір ХҚЕС бойынша кемінде алты сұрақ, "Салық және салық салу" мен "Азаматтық құқық" пәндері бойынша әрбір тақырыпқа кемінде он төрт сұрақ жасалады.

      Тестілердің жауаптары жалғыз дұрыс жауап болатындай етіп жасалады. Тестілік сұрақтарда "Неғұрлым дұрыс жауапты көрсетіңіз" деген үлгі бойынша тест конструкциясына және тест бойынша жауаптарда "Барлық жауаптар дұрыс" деген үлгі бойынша конструкцияларға жол берілмейді.

      Тестерілерде ахуалдық есептерді көрсетіп дұрыс жауабын талап етуге жол беріледі.

      7. Емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібі:

      1) емтихандық билеттерді қалыптастыру қағидасын;

      2) емтиханның нәтижелерін бағалау қағидасын;

      3) емтихандық жұмыстарды кодтау/кодты алып тастау қағидасын қамтиды.

      Емтихандық билет:

      1) тестілік сұрақтарды (кемінде отыз);

      2) міндетті есепті (кемінде бір);

      3) қосымша есепті (кемінде бір) қамтиды.

      Емтихан нәтижелерін бағалау қағидасы тестінің дұрыс жауаптары үшін, есептерді шешкені үшін берілетін баллдар мөлшерін, сондай-ақ емтиханды тапсыру үшін жалпы сомалық баллды ("өтпелі" баллды) қамтиды, ол жалпы балл санының кемінде елу пайызын құрайды. Бұл ретте, бағалау қағидасында міндетті есептің шешімі болмаса (бірнеше міндетті есептер болған кезде - қайсысы екені көрсетілсін) басқа тапсырмалар бойынша нәтижелерге қарамастан емтиханды тапсырудың қанағатсыз нәтижесі болып табылатынын көрсету қажет.

      8. Міндетті есеп есептің мазмұнынан және оларды шешуге арналған тапсырмалардан тұрады.

      Есептердің мазмұнында қандай кезеңге және қандай өлшем бірліктерінде ақпарат көрсетілгені және қандай нақты ахуал бойынша тапсырма қойылғаны көрсетіледі.

      Міндетті есеп кемінде 8-10 тапсырмадан құралады, бұл ретте олар бір мезгілде мыналарды қамтиды:

      1) "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша - шоғырландырылған бухгалтерлік балансты немесе шоғырландырылған пайда мен зияндар туралы есеп жасау бойынша, оған әртүрлі ХҚЕС бойынша олардың арифметикалық шешімімен кем дегенде төрт есеп;

      2) "Салық және салық салу" пәні бойынша - салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу бойынша тапсырмалар (кемінде екі түрі) немесе салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің бір түрі бойынша өтпелі тапсырма және "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес 1-5 және 20-21-тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап беру тапсырмаларын;

      3) "Азаматтық құқық" пәні бойынша – "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде он тақырып бойынша тапсырмаларды қамтиды.

      Міндетті тапсырмалардың санын ұлғайтқан жағдайда тапсырмалардың саны теңбе-тең азайтылады.

      9. Аккредиттеу үшін материалдар қателерсіз жазылады, мазмұны дәйекті қисынмен беріледі.

      10. Аккредиттеу үшін материалдарды жасау кезіндегі шарттар: көлемі кемінде 200 бет, шрифті Tіmes New Roman, шрифттің көлемі - кемінде 12.

      11. Аккредиттеу үшін материалдар жаңартылады және уәкілетті органға мыналар өзгергенде:

      1) ХҚЕС;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күн ішінде ұсынылады.

      "Салық және салық салу" пәні бойынша тақырыптар тізбесі:

      1. Салық және салық салу мәні. Қазақстан Республикасындағы салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жүйесі.

      2. Салықтық қатынастарға қатысушылар.

      3. Салықтық міндеттеме.

      4. Салықтық есепке алу.

      5. Салықтық нысандар.

      6. Корпоративтік табыс салығы.

      7. Жеке табыс салығы.

      8. Халықаралық салық салу ерекшеліктері.

      9. Қосылған құн салығы.

      10. Акциздер.

      11. Экспортқа салынатын рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық.

      12. Әлеуметтік салық.

      13. Көлік құралдарына салынатын салық.

      14. Жер салығы.

      15. Мүлік салығы.

      16. Ойын бизнесіне салынатын салық. Тіркелген салық.

      17. Арнайы салық режимдері.

      18. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Алымдар. Мемлекеттік баж.

      19. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер. Төлемдер.

      20. Салықтық әкімшілендіру.

      21. Салықтық тексерулер. Әкімшілік жауапкершілік. Тексеру нәтижелеріне шағымдану.

      "Азаматтық құқық" пәні бойынша тақырыптар тізбесі

      1. Жалпы ережелер.

      2. Азаматтық құқықтық қарым қатынастардың субъектілері.

      3. Заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары.

      4. Азаматтық құқықтар объектілері

      5. Мәмілелер

      6. Өкілдік. Сенімхат.

      7. Азаматтық құқықтағы мерзімдер

      8. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар.

      9. Міндеттемелер

      10. Шарт.

      11. Еңбек қатынастарын құқықтық реттеу.

      12. Зияткерлік меншігі.

      13. Банк ісі.

      14. Сақтандыру.

      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйым басшысының

      ____________

      (қолы)

      ______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде))

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары-
Қаржы министрінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ 370 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Бухгалтерлік есеппен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11362 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11817 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 23 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13289 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      4. "Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 280 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 2 маусымдағы № 364 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15378 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      5. "Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 58 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16334 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      6. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № 970 бұйрығының 2-тармағы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19373 болып тіркелген, 2019 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады