Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 маусымдағы № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 шілдеде № 15396 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 4 тамыздағы № 289 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 04.08.2021 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 27-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялау үшін көшірмесін жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ________________Ж. Қасымбек

      29 маусым 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ________________Т. Сүлейменов

      30 маусым 2017 жыл

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 маусымдағы
№ 222 бұйрығымен бекітілген

Парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенттерінің тізбесі

Өнім

Өнімнің өлшем бірлігі

Өнім түрлері бойынша парниктік газдар шығарындыларының үлестік коэффициенті

1.

Электр энергиясы (қолданылатын отын түрі – көмір)

тСО2/Мвт-сағ

0,985

2.

Жылу энергиясы (қолданылатын отын түрі – көмір)

тСО2/Гкал

0,484

3.

Электр энергиясы (басқа отын түрлері)

тСО2/Мвт-сағ

0,621

4.

Жылу энергиясы (басқа отын түрлері)

тСО2/Гкал

0,310

5.

Мұнай өнімдері

тСО2/тонна

0,181

6.

Мұнай коксы*

тСО2/тонна

0,689

7.

Техникалық күкірт

тСО2/тонна

0,243

8.

Мұнай және газ (тасымалдау)

тСО2/ТДж

56,72

9.

Мұнай және газ (өндіру)

тСО2/тонна

0,065

10.

Цемент (клинкер)

тСО2/тонна

0,961

11.

Аммиак

тСО2/тонна

1,800

12.

Кокс

тСО2/тонна

0,482

13.

Агломерат

тСО2/тонна

0,307

14.

Фосфор

тСО2/тонна

4,065

15.

Натрий триполифосфаты

тСО2/тонна

0,734

16.

Сұйық шойын

тСО2/тонна

1,877

17.

Көміртекті болат

тСО2/тонна

0,161

18.

Алюминий

тСО2/тонна

1,492

19.

Күйдірілген анод

тСО2/тонна

0,397

20.

Мыс

тСО2/тонна

0,618

21.

Күкірт қышқылы

тСО2/тонна

0,008

22.

Аммофос

тСО2/тонна

0,248

23.

Азықтық трикальцийфосфат

тСО2/тонна

1,116

24.

Натрий монохроматы

тСО2/тонна

1,832

25.

Металлургиялық хром тотығы

тСО2/тонна

1,480

26.

Пигментті хром тотығы

тСО2/тонна

1,504

27.

Хром сульфаты

тСО2/тонна

0,093

28.

Мырыш сульфаты

тСО2/тонна

1,094

29.

Вельцвозгондар

тСО2/тонна

5,730

30.

Хромдық ангидрид

тСО2/тонна

0,214

31.

Ферроқорытпалар

тСО2/тонна

1,695

32.

Кальций карбиді

тСО2/тонна

0,105

33.

Гипсо-қатырма

тСО2/тонна

0,164

34.

Әк

тСО2/тонна

1,112

35.

Силикат кірпіш

тСО2/тонна

0,074

36.

Керамзит

тСО2/тонна

0,211

37.

Глинозем

тСО2/тонна

2,225

38.

Тазартылған қорғасын

тСО2/тонна

2,913

39.

Қорғасын қоқымы

тСО2/тонна

0,142

40.

Мырыш күйігі

тСО2/тонна

0,004

41.

Алтын қоспасы бар кен

тСО2/тонна

0,0000032

42.

Металлургиялық кремний

тСО2/тонна

5,689

43.

Этил спирті

тСО2/тонна

10,122

44.

Хром жентегі

тСО2/тонна

0,137

45.

Құбыр

тСО2/тонна

0,486

46.

Сұйық металл

тСО2/тонна

0,033

47.

Ыстық жаймаланған болат илемдеу

тСО2/тонна

0,146

48.

Арматура илемдеу

тСО2/тонна

0,159

49.

Болат шарлар

тСО2/тонна

0,142

50.

Теміркенді жентек

тСО2/тонна

0,039

51.

Көмір (өндіру)

тСО2/тонна

0,062

52.

Байытылған көмір

тСО2/тонна

0,018

      *мұнай өңдеудің жанама өнімдері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады