"Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2017 жылғы 26 шілдедегі № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 31 шілдеде № 15406 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11227 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларында:

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41.Конкурсқа бекітіп беру мақсаттарына сәйкес балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттандыру негізінде балық шаруашылығын жүргізудің мына түрлері:

      1) кәсіпшілік балық аулау;

      2) әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      3) КТБШ;

      4) шарбақта балық өсіру шаруашылығы үшін перспективалы деп танылған резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері шығарылады.

      Биологиялық негіздемеге және Заңның 9-бабынаң 1-тармағының 77-4) тармақшасына сәйкес бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларына сәйкес шарбақта балық өсіру шаруашылығын жүргізу басқа барлық бекітілген барлық шаруашылығы су айдынында және (немесе) участкесінде балық шаруашылығын жүргізудің белгіленген түрлеріне қарамастан рұқсат етіледі.

      Паспорттандыру негізінде конкрустық өтінім осы Қағидаларда көзделген балық шаруашылығын жүргізудің әрбір түрі үшін қойылатын талаптарға сәйкес әзірленеді.";

      47, 48, 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Конкурстық өтінім:

      1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінішті (түпнұсқа);

      2) өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:

      жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе төлқұжатын, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды (көшірмесі);

      заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті (көшірмесі);

      Конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің Конкурсқа қатысушының банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша уақытында төленбеген берешектің жоқ екені туралы қағаз тасығыштағы қол қойылған және мөр басылған, конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеген анықтаманың түпнұсқасын (конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдың немесе бөлімшенің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда бұл анықтаманы осындай банктердің әрқайсысы береді);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген үлгі нысан бойынша өтінім берушінің басшысы бекіткен әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша барлық бекітіліп берілетін мерзіміне балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын (түпнұсқа);

      балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес аумақтық бөлімшелерден алынатын қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді (бұдан бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін);

      Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мыналарды жүзеге асыру үшін:

      бақылау үшін аулауды – ведомствоға және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;

      ғылыми-зерттеу үшін аулауды – жеке және заңды тұлғаларға;

      әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке тұлғаларға сервитут беру туралы өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттемені (түпнұсқа) қамтиды.

      48. Бір Конкурстың шегінде қатысушы екі және одан да көп су айдынына және (немесе) учаскесіне бірнеше өтінім берген жағдайда мәлімделетін тоңазытқыш қуаттылықтарының, технологиялық жабдықтардың, көліктің, аулау құралдарының санын, қаржы қаражатының мөлшерін Конкурсқа қатысушы өтінім берілетін су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша бөледі.

      49. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты өтінімге, осы Қағидалардың 47-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар қосымша беріледі:

      1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтырма, Шүлбі, Шардара, Алакөл көлдері жүйесі, Ертіс өзені, Қапшағай су қоймасы, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері үшін:

      осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау және өңдеу* жөніндегі негізгі құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтар мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама (бұдан әрі – негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама) (түпнұсқа);

      Ескертпе: *өңдеу осы тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацында көрсетілген су айдындары үшін балық шикізатын өңдеуді (оның ішінде термикалық өңдеуді) білдіреді, ол мына процестерді, не олардың бір бөлігін: бөлшектеуді (қабыршығынан аршуды, бөлшектеп бөлуді, сүбе етін алуды, басын кесіп алуды, терісін сыпыруды, етін тартуды, ішек-қарнынан тазартуды), қақтауды, суықтай және ыстықтай ыстауды, балық ұнын (майын, бар болса) консервілер мен пресервілер өндіруді қамтиды.

      Қатысушы негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама берген кезде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өңдеу бойынша өтінім жасалған технологиялық жабдықтардың қуаты балық шаруашылығы учаскесінің немесе су айдынының әлеуетті қуатынан кем болмауға тиіс, ол мына формула бойынша анықталады:

      V=VL/SY, мұнда:

      SY –су айдынындағы учаскелердің соңғы 3 жылдағы орташа саны;

      VL – су айдынында балық ресурстарын аулаудың белгіленген лимитінің соңғы үш жылдағы орташа көлемі;

      SY – мына формула бойынша анықталады:

      SY=(Y1+Y2+Y3) /3, мұнда:

      Y1, Y2, Y3 – су айдынындағы балық шаруашылығы учаскелерінің Конкурс өткізу жылының алдындағы үш жылдағы саны.

      VL мына формула бойынша анықталады:

      VL=(L1+L2+L3) /3, мұнда

      L1, L2, L3 – Конкурс өткізу жылының алдындағы үш жылда аулаудың заңнамаға сәйкес белгіленген лимиттері.

      Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бір айдан ерте берілмеген мемлекеттік кеме тізілімінен және (немесе) кеме кітабынан қатысушының атына тіркелген балық аулау және көлік флоты, оның ішінде шағын көлемді флот туралы үзінді (көшірме);

      кеменің жүзуге жарамдылығы туралы оның санаты немесе біліктілік куәлігі көрсетілген куәлік және (немесе) жүзуге жарамдылығы жөнінде кеменің жыл сайынғы техникалық тексеруден өткені туралы белгісі бар кеме билеті (көшірме);

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10466 болып тіркелген) бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша балық өнімінің экспорты үшін есеп нөмірінің болуы туралы растама (көшірме);

      тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы (жеке тұлғалар үшін);

      заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін);

      2) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);

      конкурстық өтінімдер салынған (көшірме) конверттерді ашу күнінен бір айдан ерте берілмеген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеме тізілімінен және (немесе) кеме кітабынан қатысушының атына тіркелген балық аулау және көлік флоты, оның ішінде шағын көлемді флот туралы үзінді (көшірме).

      Ескертпе: * "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы (бұдан әрі – "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Заң) 16-бабының 5 және 6-тармақтарына және "Ішкі су көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – "Ішкі су көлігі туралы" Заң) 26-бабының 6 және 6-1-тармақтарына сәйкес кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме кеме кітабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жағдайда кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу қажеттігі жоқ екенін растайтын құжат (еркін түрде жазылған анықтама) беріледі;

      кеменің жүзуге жарамдылығы туралы оның сыныбы немесе біліктілік куәлігі көрсетілген куәлік және (немесе) жүзуге жарамдылығы жөнінде кеменің жыл сайынғы техникалық тексеруден өткені туралы белгісі бар кеме билеті (көшірме);

      тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы (жеке тұлғалар үшін);

      заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін);

      3) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында жергілікті маңызы бар балықтардың қырылып қалу қаупі төнген су айдындары мен (немесе) учаскелері үшін:

      осы Қағидаларға 6-2-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы мелиоративтік жұмыстарын жүргізу үшін негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (бұдан әрі – мелиорациялық жұмыстар жүргізу туралы анықтама) (түпнұсқа);

      4) ащы-тұзды су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);

      жинау және бастапқы өңдеуден өткізу үшін меншігінде құралдардың болуы туралы құжаттар (көшірме);

      осы Қағидаларға 6-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нысаналы мақсатты (су омыртқасыздарын, салина артемиясы мен оның цисталарын терең өңдеуді дамытуды) экономикалық негіздеу бойынша бизнес-жоспар;

      балық және басқа да су жануарларын өңдеу саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);

      жергілікті жағалау маңындағы аудандарда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жұмыс орындарын құру туралы өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттеме (түпнұсқа);

      балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі орналасқан ауданда іске асыруға жұмсалатын қаржы қаражаты көрсетілген жоспарланған әлеуметтік іс-шараларды іске асыру бойынша өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттеме (түпнұсқа);

      Конкурсқа қатысушының негізгі құрал-жабдықтарға меншік құқығын растайтын, артемия цисталарын өңдеуге арналған технологиялық жабдықтарға жұмсалған қаражат көлемін куәландыратын құжаттар (болған жағдайда);

      артемия цисталарын терең өңдеу бойынша технологияларды беру және енгізу жөнінде жеке немесе заңды тұлғалармен (бұдан әрі – әріптес)жасалған және Конкурсқа қатысушы әріптесінің оларды пайдалану құқығын Конкурсқа қатысушыға бере отырып, оларды Қазақстан Республикасы аумағында енгізу бойынша міндеттемесі бар шарт (көшірмесі). Шартқа әріптестің келесі құжаттары қоса беріледі:

      Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе әріптестің ұлттық заңнамасына (егер әріптес шетелдік болса) сәйкес заңды тұлға немесе өзге шаруашылық жүргізуші субъект ретінде мемлекеттік тіркелуін растайтын куәлік және (немесе) өзге де құжат;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе әріптестің ұлттық заңнамасына (егер әріптес шетелдік жеке немесе заңды тұлға болса) сәйкес артемия цисталарын өңдеу саласындағы жұмыс тәжірбиесін растайтын құжат;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе әріптестің ұлттық заңнамасына (егер әріптес шетелдік жеке немесе заңды тұлға болса) сәйкес артемия цисталарын және су омыртқасыздарын өндіруді, өңдеуді, сақтауды нысаналы мақсат еткен жылжымайтын мүліктің меншік құқығында бар екенін растайтын құжат;

      5) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);

      жеке меншігінде немесе жалдау құқығында өтінім жасалған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскесінің болуын растайтын құжаттар (көшірме);

      әуесқой балық аулаушылар қауымдастығындағы мүшелігін растайтын құжат (болған жағдайда);

      конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген балық аулау және көлік флоты, оның ішінде шағын көлемді флот туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінен үзінді* (көшірме).

      Ескертпе:* "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Заңы 16-бабының 5 және 6-тармақтарына және "Ішкі су көлігі туралы" Заңы 26-бабының 6 және 6-1-тармақтарына сәйкес кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме кітабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жағдайда кемені, шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу қажеттігі жоқ екенін растайтын құжат (еркін түрде жазылған анықтама) беріледі;

      кеменің жүзуге жарамдылығы туралы оның сыныбы немесе біліктілік куәлігі көрсетілген куәлік және (немесе) жүзуге жарамдылығы жөнінде кеменің жыл сайынғы техникалық тексеруден өткені туралы белгісі бар кеме билеті (көшірме);

      балық шаруашылығы және туризм саласында мамандардың болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарттары мен дипломдардың көшірмелері);

      қатысушының жеке меншігінде автомобиль көлігінің немесе арнайы техниканың (кунг, тұрғын тіркемелер, квадроцикылдар және (немесе) қаршаналар болуын растайтын құжаттар (көшірме);

      аулау құралдарының болуы туралы мәліметтер (көшірме);

      6) КТБШ үшін:

      ғылыми ұсынымдар негізінде КТБШ құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу жөнінде үш жылдан аспайтын мерзімге арналған және өтінім берушінің басшысы бекіткен балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқа);

      мелиорациялық жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама (түпнұсқа);

      балық шаруашылығы саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);

      7) шарбақтық балық өсіру шаруашылығы үшін:

      шарбақтық балық өсіру шаруашылығын құру бойынша үш жылдан аспайтын мерзімге арналған балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқа);

      балық өсіру үшін меншік құқығында шарбақтың және (немесе) оларды сатып алуға арналған ниет-шартының болуын растайтын құжаттар (көшірмесі);

      балық шаруашылығы саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);

      меншік құқығында тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларында балық өсіру және оны тасымалдау өндірісінің болуын растайтын құжаттар (тірі балық тасу машиналары) (көшірме).";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Осы Қағидалардың 43, 44, 47, 48 және 49-тармақтарының талаптарына сәйкес құжаттар болмаған не тиісінше ресімделмеген, сондай-ақ Конкурсқа қатысушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мұндай қатысушы Конкурс шарттарына сәйкес келмейді деп танылады.";

      58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Егер Конкурс өтінімдердің болмауы себепті не Конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі себепті өтпеді деп хабарланса, қайталама Конкурс өткізіледі, онда:

      1) Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтарма, Шүлбі, Шардара, Алакөл көлдері жүйесі, Ертіс өзені, Қапшағай су қоймасы, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері және басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өңдеу* жөніндегі негізгі құрал-жабдықтарды, технологиялық жабдықтарды және өзге де материалдық-техникалық құралдарды жалға алуға (көшірмесі);

      2) ащы-тұзды су айдындары үшін түпкілікті өңдеу және сақтау үшін жабдықтарды жалға алуға;

      3) КТБШ үшін балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізу үшін негізгі құрал-жабдықтарды, технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдарды жалға алуға (көшірмесі);

      4) әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін жүзу құралдарын және автомобиль көлігі мен арнайы техниканы (кунг, тұрғын тіркемелер, квадроциклдер және (немесе) қаршаналарды) жалға алуға болады, өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскесінің меншік құқығында болмауы не жалға алынбауы керек.

      Осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көзделген қызметті жүзеге асыру үшін негізгі құрал-жабдықтардың жалға алынуын растайтын құжаттар берілген жағдайларда жалға алу мерзімі су айдынын (учаскесін) бекітіп беру жоспарланған мерзімінен кем болмауы тиіс.

      59. Егер Конкурс өтінімдердің болмауы себепті не конкурсқа қатысушылардың біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі себепті өтпеді деп қайта хабарланған жағдайда Конкурс өткізіледі, онда:

      1) Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтарма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері және басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау, тасымалдау және өңдеу* жөніндегі негізгі құрал-жабдықтарды, технологиялық жабдықтарды және өзге де материалдық-техникалық құралдарды жалға алуға (көшірме);

      2) ащы-тұзды су айдындары үшін өңдеу және сақтау үшін жабдықтарды және бастапқы өңдеу үшін құралдарды жалға алуға болады (көшірме).";

      67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "67. Облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі № 4 хаттамаға қол қойылған немесе ведомство өткізген Конкурстың Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі № 4 хаттаманы алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде облыстың немесе ауданның әкімшілік шекаралары шегіндегі балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін Конкурс жеңімпазына бекітіп беру туралы шешім шығарады.";

      көрсетілген Қағидаларға 6-1 және 8-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 6-3-қосымшамен толықтырылсын;

      осы бұйрықпен бекітілген Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Г. Исаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестиция және даму министрі

      ____________ Ж. Қасымбек

      27 шілде 2017 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрінің міндетін атқарушы

      ____________ Т. Савельева

      27 шілде 2017жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      28 шілде 2017жыл

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 312 бұйрығына
1-қосымша
  Аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөнінде конкурс
өткізу қағидаларына
6-1-қосымша
  Нысан

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулау мен өңдеу жөніндегі негізгі құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтар мен өзге де материалдық-техникалық құралдардың болуы туралы анықтама*

р/с

Атауы

Өлшем бірлігі

Саны

1

2

3

4

Кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында

1.

Есептік нөмірі №________көрсетілген балық шаруашылығы және басқада су жануарларының өнімін тоңазытуға, мұздатуға сақтауға арналған ыдыстар

тонна


2.

Есептік нөмірі №________көрсетілген балықты және басқа да су жануарларын терең (түпкілікті) өңдеуге арналған цехтар

тонна/тәулік


3.

Тасымалдау (балық аулау) флоты, оның ішінде:



1) қуаты 40 ат күші және одан жоғары өздігінен жүретін (тұрақты қозғалтқышы бар)

бірлік


2) шағын көлемді, оның ішінде өздігінен жүретін, аспалы қозғалтқышы бар

бірлік


4.

Аулау құралдары, оның ішінде(ащы-тұзды су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен басқа):



1) сүзекі

дана


2) құрма ау, қабада

дана


5.

Артемия қабығы мен цисталараулау(жинау) құралдары, оның ішінде**:



1) қарапайым (торлы дорбалар, шөміштер,жалпақ күректер)

дана


2) қазіргі заманғы (тұзақты еспе кемелер, бондар, скиммерлер)

дана


6.

Тауарлы балық өсіруге арналғаншарбақтар, қуаты (ащы-тұзды су айдындарынан және (немесе) учаскелерінен басқа)

тонна/жыл


жылына 100 тоннаға дейін



жылына 100 тоннадан жоғары



7.

Басқалары(көрсету)



Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында

1.

Аулау құралдары, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды ұйымдастыру үшін

дана


2.

Жеңіл құралатын құрылыс (шатыр, күрке және басқалары)

дана


3.

Арнайы техниканы(кунг, тұрғынтіркемелер, квадроциклдер және (немесе) қаршаналар) қоса алғанда, автокөлік

дана


4.

Құтқару құралдарымен жарақтанған жүзу көлігі

дана


      Ескертпе:

      * – бекітіліп жатқан балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) участкесінде балық шаруашылығын жүргізудің түрлеріне байланыстыт барлық тиісті бағандар міндетті түрде толтырылу керек;

      ** –ащы-тұзды су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде толтырылады.

      Осы анықтамада көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын растаймын.

      Толтыру күні_____________ Өтінім беруші ______________________________________

                                           (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

                                                 немесе ұйымның атауы)

      Мөр орны

      (Бар болса)

      қолы ______________

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 312 бұйрығына
2-қосымша
  Аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөнінде конкурс
өткізу қағидаларына
8-қосымша
  Нысан

Балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру кезінде және (немесе) кәсіпшілік балық аулау үшін рейтингтік бағалауды есептеу парағы

      Қатысушы__________________________________________________________________

      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) участкесі __________________________

р/с №

Көрсеткіштің атауы

Бағалау көрсеткіші

Көрсеткіштер көлемі немесе саны

50 баллдық жүйе бойынша бағалау

Қатысушының рейтингтік бағасы

1.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулауды дамытуға жоспарланған қаражат көлемі, мың теңге

5




2.

Тауарлы балық өсіру үшін шарбақтардың болуы, қуаты:





жылына 100 тоннға дейін

10




жылына 100 тоннадан және жоғары

20




3.

Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес өсімін молайту іс-шараларына жоспарланған көлем (мың дана)

10




4.

Балық аулау өнімін салқындату, мұздату және сақтау үшін ыдыстардың болуы, тонна

5




5.

Балықты терең өңдеуге арналған цехтар мен жабдықтардың болуы, тонна/тәулік

15




6.

Тасымал (балық аулау) флотының болуы, оның ішінде:





1) өздігінен жүретін (стационарлық қозғалтқышы бар), 40 ат күші бар және одан жоғары (бірлік)

3




2) шағын көлемді, оның ішінде өздігінен жүрмейтін, аспалы қозғалтқышы бар (бірлік)

2




7.

Аулау құралдарының болуы, дана

5




8.*

Балық өнімін экспорттау үшін есептік нөмірдің болуы

10




9.

Жеке немесе заңды тұлғаларды балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу орны бойынша заңды тіркеу (тиісті облыс)

15





Жиыны:

100




      Ескертпе:

      * балық өнімдерін экспорттаушылар үшін.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде рейтингілеу бағасын есептеу парағы

      Қатысушы__________________________________________________________________

      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) участкесі__________________________

р/с №

Көрсеткіштің атауы

Бағалау көрсеткіші

Көрсеткіштер көлемі немесе саны

50 баллдық жүйе бойынша бағалау

Қатысушының рейтингтік бағасы

1.

Өтінім жасалған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскесінің болуы





жеке меншікте

15




жалдау құқығында

5




2.

Жеке меншікте аулау құралдарының болуы





10-нан 50-ге дейін

3




50-ден және одан көп

7




3.

Жүзу құралдарының болуы, дана

20




4.

Арнайы техниканы (кунг, тұрғын тіркемелер,квадроциклдер және (немесе)қаршаналар) қоса алғанда, автокөлік құралдарының саны

15




5.

Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарына сәйкес өсімін молайту іс-шараларына жоспарланған көлем (мың дана)

20




6.

Жеңіл құралатын құрылыстың болуы (шатыр, күрке және басқалары)

10




7.

Әуесқой балық аулаушылар қауымдастығында мүшелікте болу

5





Жиыны:

100




Кәсіпшілік балық шаруашылығы үшін ащы-тұзды су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде рейтингілеу бағасын есептеу парағы

      Қатысушы _________________________________________________________________

      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі __________________________

р/с №

Көрсеткіштің атауы

Бағалау көрсеткіші

Көрсеткіштер көлемі немесе саны

50 баллдық жүйе бойынша бағалау

Қатысушының рейтингтік бағасы

1.

Артемия цисталарын өндеуге бағытталған технологиялық жабдықтарға салынған қаражат көлемі (мың теңге)

10




2.

Артемия цисталарын терең (түпкілікті) өңдеу саласындатехнологиялар енгізуге, технологиялық және техникалық қайта жарақтандыруға жоспарланған қаражат көлемі (мың теңге)

30




3.

Артемия қабықтарынан азық өндіру үшін технологиялар қолдануға салуға жоспарланған қаражат көлемі (мың теңге)

20




4.

Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі орналасқан жер бойынша өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған іс-шаралар (айлық есептік көрсеткіш)

25




5.

Артемия қабықтары мен цисталарын жинау үшін аулау құралдарының (жабдықтардың) болуы





қарапайым (торлы дорбалар, шөміштер, жалпақ күректер)

5




қазіргі заманғы (тұзақты еспе кемелер, бондар, скиммерлер)

10





Жиыны:

100




Көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде рейтингілеу бағасын есептеу парағы

      Қатысушы _________________________________________________________________

      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі___________________________

р/с №

Көрсеткіштің атауы

Бағалау көрсеткіші

Көрсеткіштер көлемі немесе саны

50 баллдық жүйе бойынша бағалау

Қатысушының рейтингтік бағасы

1.

Меншігінде, немесе жалға алу құқығында балық өсіру- мелиоративтік техниканың болуы:

50




қамыс шалғылары

10




жер қазатын техника

20




аэраторлар

10




тірі балық тасымалдау үшін автокөліктің және (немесе) ыңғайлы ыдыстардың болуы

10




2.

Балық шаруашылығы саласында мамандардың болуы

20




3.

Балықтың өсімін жасанды жолмен молайту жөніндегі технологиялық жабдықтар (болған жағдайда)

30





Жиыны:

100




Шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру кезінде рейтингтік бағаны есептеу парағы

      Қатысушы _________________________________________________________________

      Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) учаскесі___________________________

р/с №

Көрсеткіштің атауы

Бағалау көрсеткіші

Көрсеткіштер көлемі немесе саны

50 баллдық жүйе бойынша бағалау

Қатысушының рейтингтік бағасы

1.

Қуатымен тауарлық балық өсіру үшін шарбақтардың болуы:

50




жылына 50 тоннаға дейін

5




жылына 50 тоннадан 100 тоннаға дейін

10




жылына 100 тоннадан 1000 тоннаға дейін

15




жылына 1000 тоннадан және жоғары

20




2.

Балық шаруашылығы саласындамамандардың болуы

10




3.

2 бірліктен кем емес немесе астам тірі балықты тасымалдайтын автокөліктердің мен/немесе ыңғайлы қалталардың болуы

20




4.

Сумен жабдықтайтын бекітулі қондырғылар немесе тоғандар

20





Жиыны:

100




  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 312 бұйрығына
3-қосымша
  Аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөнінде конкурс
өткізу қағидаларына
6-3-қосымша
  Нысан

Нысаналы мақсатты (су омыртқасыздарын, салина артемиясы мен оның цисталарын терең өңдеуді дамытуды) экономикалық негіздеу бойынша бизнес-жоспар

р/с

Құрылым құраушының атауы

Өлшем бірлігі

Ескертпе

1.

Жоба мазмұны:
1. Ұсынған жобаның мәні
2. Жобаның және болжамды өнімнің сипаттамасы
3. Қазақстан Республикасындағы өндірушілер бойынша жалпы ақпарат
4. Жобаға қатысушылар туралы ақпарат
5. Жобаның орналасқан жері

тәулік


2.

Ұйымдастыру жоспары:
1. Персонал бойынша жоспар
2. Контрагенттермен өзара іс-қимыл схемасы
3. Қаржыландыру көздері, нысандары және шарттары
4. Жобаны қаржыландыру кестесі
5. Жоба бойынша жұмыстардың кесте-жоспары

тәулік


3.

Өндірістік жоспар:
1.Өндірістік үй-жайлардың сипаттамасы
2. Құрылысқұнының есеп-қисабы
3. Технологиялық процестің сипаттамасы
4. Негізгі құрал-жабдықтардың сипаттамасы
5. Шикізат, материалдар және жинақтаушылар

мың теңге


4.

Қаржы жоспары:
1. Бастапқы деректер және жорамал
2. Номенклатура және баға
3.Инвестициалық шығындар
4. Бастапқы айналым қаражатына қажеттілік
5. Салық аударымдары
6.Операциялық шығындар (тұрақты және ауыспалы)
7. Сату жоспары
8.Есептік түсімдер
9.Пайда мен шығын болжамы
10.Ақша қаражаты қозғалысының болжамы
11.Жобаның тиімділігін талдау
12.Жобаның тиімділігін бағалау әдістемесі
13. Жобаның тиімділік көрсеткіштері

мың теңге


5.

Инвестициялық жоспар:
1.Артемия қабықтарынан азық өндіруге арналғанинновациялық технологияларды қолдануға салынатынқаражаттың жоспарланған көлемі
2.Артемия цисталарын тереңқайта өндеу саласында инновациялық технологияларды енгізуге, технологиялық және техникалық қайта жарақтандыруға жоспарланған қаражат көлемі
3. Балық шаруашылығы су айдыны және (немесе) участкесі орналасқан жер бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған іс-шаралар (айлық есептік көрсеткіш)

мың теңге


6.

Жоба тәуекелдерін талдау:
1.Жобаның әсерін талдау
2.Жобаның залалсыздық нүктесі

Проценттер


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 26 шілдедегі
№ 312 бұйрығына
4-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 18-04/245 бұйрығына
2-қосымша

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

1-тарау. Аңшылық алқаптарды бекiтiп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      1. Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Конкурс):

      1) аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін оның санатына байланысты материалдық-техникалық базаның болуы (түпнұсқа немесе көшірме);

      2) аңшылық шаруашылығы саласындағы мамандардың болуы (биолог-аңшылық жүргізуші, биолог, аңтанушы);

      3) Конкурсқа қатысушының қаржылық дербестігі;

      4) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы.

2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

      2. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;

      2) Балық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша осының алдындағы жылдар үшін берешектің болмауы;

      3) конкурсқа қатысушының міндеттемелердің барлық түрлері бойынша банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдында уақыты өтіп кеткен берешектің болмауы.

      3. Өтінім жасалған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты, осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарынан басқа, Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

      1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтарма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері үшін:

      балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өңдеу жөніндегі негізгі өндірістік құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың және өзге де материалдық-техникалық құралдардың қатысушының меншік құқығында болуы;

      меншік құқығында балық аулау (ұстау) флоты мен кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;

      2) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      негізгі құрал-жабдықтардың меншік құқығында болуы;

      меншік құқығында балық аулау (ұстау) флоты мен кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;

      3) ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      жинау және бастапқы өңдеу үшін құралдардың меншік құқығында болуы;

      негізгі құрал-жабдықтардың меншік құқығында болуы;

      артемия мен оның цисталарын терең өңдеу саласында жұмыс тәжірибесі бар маманның болуы;

      4) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      меншік құқығында жүзу құралдарының және автомобиль көлігінің, өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес инфрақұрылымы бар жер учаскесінің болуы;

      5) КТБШ жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      балық шаруашылығы саласында маманның болуы;

      меншік құқығында балық өсіру-мелиоративтік техниканың болуы;

      6) шарбақтық балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

      балық өсіру үшін меншік құқығында шарбақтың және (немесе) оларды сатып алуға арналған ниет-шартының болуы;

      балық шаруашылығы саласында маманның болуы;

      тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларында балық өсіру өндірісінің және оны тасымалдау құралдарының (тірі балық тасу машиналары) меншік құқығында болуы.

      4. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу қағидаларының 58 және 59-тармақтарында айтылған жағдайларда қолданылмайды.

  Аңшылық алқаптар мен
балық шаруашылығы
су айдындарын және
(немесе) учаскелерiн
бекiтiп беру жөніндегі
конкурсқа қатысушыларға
қойылатын біліктілік
талаптарына
қосымша

Санаттар бойынша аңшылық шаруашылғын жүргізуге арналған материалдық-техникалық база

р/с

Техника атауы
(бірлік/мың гектар)

Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында (бірлік/мың гектар)

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының шөлді аймақтарында

Аңшылық шаруашылықтарының санаттары

Аңшылық шаруашылықтарының санаттары

I

II

III

IV

V

I

II

III

IV

V

1

Трактор

1/60,0

1/120,0

-

-

-

1/200,0

1/500,0

-

-

-

2

Қорапты автомашина

1/60,0

1/120,0

1/200,0

-

-

1/200,0

1/500,0

-

-

-

3

Авто-немесе мотоцистерна немесе және өрт сөндіру машинасы(орманды алқаптарда ғана)

1/100,0

1/200,0

-

-

-

1/200,00

1/500,0

-

-

-

4

Патрульдік машина

1/15,0

1/30,0

1/60,0

1/90,0

1/200,0

1/40,0

1/90,0

1/180,0

1/270,0

1/600,0

5

Мотоцикл (ат)

1/5,0

1/15,0

1/30,0

1/50,0

1/200,0

1/30,0

1/90,0

1/200,0

-

-

6

Бензин арасы (орманды алқаптарда ғана)

1/5,0

1/10,0

1/20,0

1/40,0

1/60,0

-

-

-

-

-

7

Шалғы

1/60,0

1/120,0

-

-

-

1/150,0

1/300,0

-

-

-

8

Плуг

1/60,0

1/120,0

-

-

-

1/150,0

1/300,0

-

-

-

9

Қайық

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

10

Қамыс шалғысы*

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

11

Қарда жүретін көлік**

1/15,0

1/30,0

-

-

-

-

-

-

-

-

      кестенің жалғасы

р/с

Техника атауы
(бірлік/ мың га)

барлық облыстардың орманды-дала және дала аймақтарында (бірлік/мың гектар)

Барлық облыстардың сулы-батпақты алқаптарында
(бірлік/мың гектар)

Аңшылық шаруашылықтарының санаттары

Аңшылық шаруашылықтарының санаттары

I

II

III

IV

V

I

II

III

IV

V

1

Трактор

1/200,0

1/500,0

-

-

-

1/100,0

1/200,0

-

-

-

2

Қорапты автомашина

1/200,0

1/500,0

-

-

-

1/100,0

1/200,0

-

-

-

3

Авто-немесе мотоцистерна немесе және өрт сөндіру машинасы(орманды алқаптарда ғана)

1/200,0

1/500,0

-

-

-

1/100,0

1/200,0

-

-

-

4

Патрульдік машина

1/30,0

1/60,0

1/120,0

1/180,0

1/400,0

1/15,0

1/30,0

1/60,0

1/90,0

1/200,0

5

Мотоцикл (ат)

1/30,0

1/90,0

1/200,0

-

-

-

-

-

-

-

6

Бензин арасы (орманды алқаптарда ғана)

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

7

Шалғы

1/150,0

1/300,0

-

-

-

1/150,0

1/300,0

-

-

-

8

Плуг

1/150,0

1/300,0

-

-

-

1/150,0

1/300,0

-

-

-

9

Қайық

-

-

-

-

-

1/5,0

1/10,0

1/20,0

1/40,0

1/60,0

10

Қамыс шалғысы*

-

-

-

-

-

1/5,0

1/10,0

1/20,0

1/40,0

1/60,0

11

Қарда жүретін көлік**

1/30,0

1/60,0

-

-

-

1/15,0

1/30,0

-

-

-

      Ескертпе

      * су айдынынан қашықтыққа байланысты

      ** Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарын қоспағанда

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады