"Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 368 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15421 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 515 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.10.2020 № 515 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11369 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған бұйрықпен бекітілген "Кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      4-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманы беру – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтама, кемелердің командалық құрамы адамдарының аттестаттаудан өткендігі туралы анықтаманың телнұсқасы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық/қағаз түрінде.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қызмет алушының "жеке кабинетіне" қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі қажетті жағдайда басып шығарылады.

      Анықтаманың түпнұсқасын тексеру және оны басып шығару www.egov.kz порталда мүмкін.

      Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін алуға қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті органынның қолымен куәләндырады.";

      9-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы емтихан өткізу орны және мерзімдері туралы хабарлама жібереді, ал порталға өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетіне" көрсетілген хабарламаны жібереді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетің атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеуі.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Портал арқылы ұсынылған құжаттардың толық болмау жағдайы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электронды түрдегі нысанда өтінішті одан әрі қарастырудан уәждемелі бас тартуды жібереді.";

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру" мемлекеттік қызмет стандартында:

      4-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кәсіби дипломды беру – 22 (жиырма екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей;";

      6-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – кәсіби диплом, кәсіби дипломның телнұсқасы немесе осы мемлекеттік қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәждемелі жауап.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет атқарудан мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетің атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларында белгіленген талаптарға және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 19 қазандағы № 995 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12824 болып тіркелген) Кәсіби дипломды және кемелердің командалық құрамының адамдарын аттестаттаудан өткізу туралы анықтаманы беру үшін рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкес келмеу.

      Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Портал арқылы ұсынылған құжаттардың толық болмау жағдайы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні мерзімде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электронды түрдегі нысанда өтінішті одан әрі қарастырудан уәждемелі бас тартуды жібереді.";

      11-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорация қызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік корпорация басшысына Мемлекеттік корпорация www.gov4c.kz. интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жіберіледі.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) Министрліктің – www.mid.gov.kz интернет-ресурсында ("Көлік комитеті" бөлімінің "Мемлекеттік көрсетілген қызметтер" кіші бөлімінде);

      2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz.интернет-ресурсында;

      3) порталда орналастырылған.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және

      коммуникациялар министрі

      _______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 26 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 10 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады