"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2017 жылғы 16 маусымдағы № 88 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15424 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2021 жылғы 24 қарашадағы № 36 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 24.11.2021 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 3) және 8) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 260) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6863 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының 2011 жылғы № 9 (тираждың шыққан мерзімі 2011 жылғы 23 қыркүйекте) және 2011 жылғы № 33 (тираждың шыққан мерзімі 2011 жылғы 1 желтоқсанда) Актілері жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      1) "Салымдар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысаны (коды 7461201, индексі 1-СБ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) "Салымдар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7461201, индексі 1-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;

      3) "Берілген қарыздар туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысаны (коды 7491201, индексі 4-СБ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;

      4) "Берілген қарыздар туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7491201, индексі 4-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;

      5) "Клиенттердің ағымдағы шоттары және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысаны (коды 7501201, индексі 5-СБ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;

      6) "Клиенттердің ағымдағы шоттары және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7501201, индексі 5-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;

      7) "Шаруа (фермер) қожалықтарына қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысаны (коды 7521201, индексі 7-СБ, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;

      8) "Шаруа (фермер) қожалықтарына қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7521201, индексі 7-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес;

      9) "Банктердің банкаралық қарыздары мен салымдары жөніндегі есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысаны (коды 7531207, индексі 8-СБ, кезеңділігі апта сайын) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес;

      10) "Банктердің банкаралық қарыздары мен салымдары жөніндегі есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7531207, индексі 8-СБ, кезеңділігі апта сайын) толтыру жөніндегі нұсқаулық осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес;

      көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Салымдар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7461201, индексі 1-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Салымдар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7461201, индексі 1-СБ, мерзімі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Салымдар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7461201, индексі 1-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулық "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және "Салымдар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанды (коды 7461201, индексі 1-СБ, кезеңділігі айлық) (бұдан әрі – статистикалық нысан) толтыру тәртібін нақтылайды.";

      3-тармақтың үшінші бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Алғашқы статистикалық деректерге Ұлттық Банкке ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, респонденттер Ұлттық Банкке бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрлерімен хабардар етеді және өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріліп түзетілген алғашқы статистикалық деректерді Ұлттық Банкке осы тармақтың екінші бөлімінде белгіленген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде электрондық түрде криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып VIDO электрондық байланысы арқылы ұсынады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Берілген қарыздар туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7491201, индексі 4-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың үшінші бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Алғашқы статистикалық деректерге Ұлттық Банкке ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, респонденттер Ұлттық Банкке бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрлерімен хабардар етеді және өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріліп түзетілген алғашқы статистикалық деректерді Ұлттық Банкке осы тармақтың екінші бөлімінде белгіленген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде электрондық түрде криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып VIDO электрондық байланысы арқылы ұсынады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Клиенттердің ағымдағы шоттары және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7501201, индексі 5-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың үшінші бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Алғашқы статистикалық деректерге Ұлттық Банкке ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, респонденттер Ұлттық Банкке бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрлерімен хабардар етеді және өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріліп түзетілген алғашқы статистикалық деректерді Ұлттық Банкке осы тармақтың екінші бөлімінде белгіленген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде электрондық түрде криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып VIDO электрондық байланысы арқылы ұсынады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Шаруа (фермер) қожалықтарына қарыздар және олар бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7521201, индексі 7-СБ, кезеңділігі айлық) толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың үшінші бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Алғашқы статистикалық деректерге Ұлттық Банкке ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, респонденттер Ұлттық Банкке бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрлерімен хабардар етеді және өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріліп түзетілген алғашқы статистикалық деректерді Ұлттық Банкке осы тармақтың екінші бөлімінде белгіленген мерзім өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде электрондық түрде криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып VIDO электрондық байланысы арқылы ұсынады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Банктердің банкаралық қарыздары мен салымдары бойынша есеп" ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысанын (коды 7531207, индексі 8-СБ, кезеңділігі апта сайын) толтыру жөніндегі нұсқаулықта:

      3-тармақтың үшінші бөлімі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Алғашқы статистикалық деректерге Ұлттық Банкке ұсынылғаннан кейін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігі болған жағдайда, респонденттер Ұлттық Банкке бұл туралы қолда бар кез келген байланыс түрлерімен хабардар етеді және өзгерістер және (немесе) толықтырулар ескеріліп түзетілген алғашқы статистикалық деректерді Ұлттық Банкке осы тармақтың екінші бөлімінде белгіленген мерзім өткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде электрондық түрде криптографиялық қорғау құралдарын пайдалана отырып VIDO электрондық байланысы арқылы ұсынады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электронды түрдегі оның көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкінің төрағасы

      ____________ Д. Ақышев

      2017 жылғы 1 шілде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады