Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының 2017 жылғы 26 маусымдағы № 15/165 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 тамызда № 15440 болып тіркелді

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ашық деректер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының сайлау процесін ұйымдастыру және ОСК мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.Ж. Сүлейменге жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға Б. Имашев
      Хатшы Б. Мелдешов

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 28 маусым

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2017 жылғы 26 маусымда
№ 15/165 қаулысымен бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ашық деректер тізбесі

Ашық деректер жиынтығының атауы

Өзектендіру кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөзі

Жауапты бөлімше

1

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларының орналасқан жерлері мен байланыстары туралы, сондай-ақ округтік және учаскелік сайлау комиссияларының саны туралы мәліметтер

Жылда 1 рет

15 қаңтарға

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Сайлау процесін ұйымдастыру және ОСК мүшелерінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі (бұдан әрі - Бөлім)

2

Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің саны туралы мәліметтер

5 жылда 1 рет

5 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

3

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттер мен ауылдардың сайланатын әкімдерінің саны туралы мәліметтер

4 жылда 1 рет

4 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

4

Қазақстан Республикасында болған сайлау мен референдумдардың тізбесі

Жыл сайын

4-тоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

5

Соңғы 10 жыл ішінде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудың нәтижелері

5 жылда 1 рет

5 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

6

Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына кандидаттар туралы мәліметтер

Сайлау кезеңінде

5 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

7

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатысатын саяси партиялар туралы мәліметтер

Сайлау кезеңінде

5 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

8

Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттардың деректері

Сайлау кезеңінде

3 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

9

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың деректері

Сайлау кезеңінде

5 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

10

Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаттығына кандидаттардың тіркелген партиялық тізімдері

Сайлау кезеңінде

5 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

11

Соңғы 6 жыл ішінде өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау нәтижелері

3 жылда 1 рет

3 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

12

Соңғы 10 жылда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың нәтижелері

5 жылда 1 рет

5 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

13

Соңғы 10 жылда өткен Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлаудың нәтижелері

5 жылда 1 рет

5 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

14

Соңғы 10 жылда өткен Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін сайлаудың нәтижелері

4 жылда 1 рет

4 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

15

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ақпарат

Жыл сайын

4-тоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

16

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық актілерінің тізімі

Жыл сайын

4-тоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Бөлім

17

Президент лауазымына кандидаттардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы мәліметтер

Сайлау кезеңінде

5 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі

18

Саяси партиялардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және осы қаражаттың жұмсалуы туралы мәліметтер

Сайлау кезеңінде

5 жылда 1 рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі

19

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясымен ынтымақтас халықаралық ұйымдардың тізбесі, ынтымақтастық мәні

Жыл сайын

4-тоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Талдау - сыртқы байланыс және протокол бөлімі

20

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанындағы Сарапшылық-әдістемелік кеңестің құрамы

Жыл сайын

4-тоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Талдау - сыртқы байланыс және протокол бөлімі

21

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құрамы

Жыл сайын

4-тоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі

22

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының құрылымы

Жыл сайын

4-тоқсан

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі

23

Бос лауазымдар туралы ақпарат

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі

24

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі

25

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілінің азаматтарды қабылдау кестесі

Тоқсан сайын

Тоқсан сайын

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Ішкі әкімшіліктендіру бөлімі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады