"Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 446 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 7 тамызда № 15451 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10486 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидаларында:

      3-тармақ алып тасталсын;

      5-тармақтың 8) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 20-1 тармақпен толықтырылсын:

      "20-1.Азаматтық авиацияның шетелдік авиациялық оқу орталықтары олардың сертификаттарын уәкілетті орган осы Қағидаларға сәйкес танығаннан кейін азаматтық авиацияның авиациялық персоналын даярлауға және кәсіптік деңгейін ұстауға жіберіледі.

      Шетелдік авиациялық оқу орталығының сертификатын тануды алу үшін уәкілетті органға оқыту бағдарламасы мен оқытылатын авиациялық персонал көрсетіліп, еркін нысанда Өтінім жіберіледі.

      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) Шетелдік авиациялық оқу орталығының қолданылу саласы жазылған сертификатының көшірмесі;

      2) Авиациялық персоналды кәсіби даярлау бағдарламасы.

      Уәкілетті орган Өтінімді алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде авиациялық оқу орталығына сертификат берген елдің Авиациялық әкімшілігіне оның түпнұсқалығы мәніне сұрау салу жібереді.

      Уәкілетті орган 5 жұмыс күні ішінде авиациялық оқу орталығының сертификаты туралы шетел мемлекетінің авиациялық әкімшілігінен растау алғаннан кейін өтінім берушіге шетелдік авиациялық оқу орталығының танылғаны туралы хат жібереді.

      Шетел мемлекетінің Авиациялық әкімшілігінен авиациялық оқу орталығы сертификатының төлнұсқасы туралы теріс жауап алған жағдайда, уәкілетті орган өтінім берушіге дәлелді жауап жібереді.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Тоқтатыла тұрған сертификат қолданысы авиациялық оқу орталығы тоқтата тұру себебін жойған, растайтын құжаттарды ұсынған және "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган қажетті тексерулер жүргізгеннен кейін қалпына келтіріледі.";

      осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4 Қосымша жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
Министрінің
2017 жылғы 5 шілдедегі
№ 446 бұйрығына қосымша
  Азаматтық авиацияның
авиациялық оқу орталығын
сертификаттау және сертификат
беру қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

ЕЛТАҢБА
Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның мекенжайы

      Авиациялық оқу орталығының

      № ________ сертификаты

      Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы

      20__ жылғы "___" _________ берілген.

      Осы сертификат _________________________________________________________________

                                    (АОО, ұйым, құрылымдық бөлімше атауы)

      _________________ ______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      авиациялық оқу орталығының Қазақстан Республикасының белгіленген талаптарына, осы

      сертификатқа қосымшада көрсетілген қолданылу саласына қатысты ИКАО стандарттарына

      және ұсынылған тәжірибесіне сәйкес келетінін куәландырады.

      Сертификат авиациялық оқу орталығын

      ________________________________________________________________________________

      ________________________ (уәкілетті органның атауы) ________________________________

      20__ жылғы "___" _____________№ _________ сертификаттық зерттеу актісі негізінде берілген.

      Инспекциялық бақылауды

      ________________________________________________________________________________

      ________________________ (уәкілетті органның атауы) ________________________________

      жүзеге асырады.

                                                20__ жылғы "___" ____________

      уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе оның уәкілетті тұлғасы

                                          ______________________________________

                                                (Т.А.Ә. (егер бар болса) (қолы)

  Авиациялық оқу орталығының
2015 жылғы 5 шілдедегі
№ 446 сертифкатына қосымша
  Нысан

Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу аясы

      ________________________________________________________________________________

                        (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшенің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

№ п/п

Кәсіби даярлау түрлері

Бағыттары (мамандығы, мамандануы, курс атауы)

Шектеулер (кезең)

1.

Авиациялық персоналды бастапқы даярлау



2.

Авиациялық персоналды қайта даярлау



3.

Авиациялық персоналдың кәсіби деңгейін қолдау



      М.О.

      уәкілетті органның лауазымды тұлғасы немесе оның уәкілетті тұлғасы

      ___________________ ________________________________

                         (қолы) (Т.А.Ә. (егер бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады