Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларының 34-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса берілген "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясы әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Н.А. Байжанов) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы |
Б. Асылова |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 19 шілдедегі № 345 бұйрығына қосымша |
"Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясының әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясы әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына сәйкес әзірленді және "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясы әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтарып алуға байланысты жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) "Болашақ" халықаралық стипендиясы әкімшісі (бұдан әрі – Әкімші) – шетелде кадрлар даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың халықаралық бағдарламалары, оның ішінде "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын ұйым;
2) "Болашақ" халықаралық стипендиясы (бұдан әрі - "Болашақ" стипендиясы) - Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуы немесе Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия санаттарын айқындайтын жұмыскерлердің шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын стипендия;
3) "Болашақ" стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпазы (бұдан әрі - конкурс жеңімпазы) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларында көзделген барлық турлардан ойдағыдай өткен және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның шешіміне сәйкес "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалған үміткер;
4) "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның "Болашақ" стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі жұмыс органы ретінде құрылған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
5) "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ Әкімші алдында қаржылық берешегі бар тұлағалар мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ Әкімші алдында қаржылық берешегі бар тұлағалар өтініштерін қарау мақсатында құрылған Әкімші жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
6) борышкер – Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі – Республикалық комиссия) не "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия тұрақсыздық айыбы (айыппұл) төлемін қоса алғанда, шығындарды өтеумен "Болашақ" стипендиясынан айыру немесе "Болашақ" стипендиясынан бас тартуды қабылдау туралы шешіміне қатысты тұлға;
7) қаржылық берешегі (бұдан әрі – берешек) – Әкімшінің жабылмаған нақты шығындарды, артық есептелген стипендияларды қамтитын немесе "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия қабылдаған шешім нәтижесінде туындаған нақты шығындары.
8) қаржылық борышкер - Әкімші алдында қаржылық берешегі бар тұлға;
9) Республикалық комиссия – "Болашақ" стипендиясы мәселелері жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
10) шығындар – Әкімшінің борышкерге "Болашақ" халықаралық стипендиясы тағайындалған күннен және Республикалық комиссия не "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия "Болашақ" стипендиясынан айыру немесе бас тартуды қабылдау туралы шешімді қабылдаған күнге дейін оқытуды ұйымдастыру бойынша барлық жұмсалған ақшалай қаражатты қамтитын нақты шығындары;
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. "Болашақ" халықаралық стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ "Болашақ" халықаралық стипендиясы әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты ұйымдастыру тәртібі
3. Әкімші "Болашақ" стипендиясынан бас тартқан немесе одан айырылған, сондай-ақ Әкімшісі алдында қаржылық берешегі бар конкурс жеңімпаздарын оқытуға жұмсалған бюджеттік қаражатты қайтаруға байланысты жұмысты жүзеге асырады.
4. Қағидалардың 33-тармағына сәйкес Республикалық комиссия не "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия "Болашақ" стипендиясынан айыру туралы шешімді немесе "Болашақ" стипендиясынан бас тартуды қабылдау туралы шешімді қабылдаған жағдайда, Әкімші борышкерлерді тиісті шешім шығарылған күннен 10 (он) жұмыс күні ішінде жазбаша (еркін түрде) хабарландырады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Әкімші Республикалық комиссияның не "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның "Болашақ" стипендиясынан айыру немесе стипендиядан бас тартуды қабылдау туралы хаттамалық шешімі негізінде есептелген шығындар толықтығын, жабылмаған аванстық төлемнің бар-жоғын тексереді, борышкерлер оқуын ұйымдастыруға жұмсалған шығындарды 10 (он) жұмыс күні ішінде айқындайды.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Борышкерлер оқуын ұйымдастыруға жұмсалған шығындар сомасын қалыптастыру аяқталғаннан кейін Әкімші борышкерге жазбаша, сондай-ақ электрондық/телефон байланысы арқылы шығындар сомасын өтеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Оқуды ұйымдастыру шығындарын өтеу туралы хабарламаны Әкімші борышкерге аударылған шығындардың толықтығын, жабылмаған аванс төлемдерінің болуын тексеріп, борышкердің оқуын ұйымдастыруға жұмсалған шығыстарды анықтағаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде оның соңғы белгілі мекенжайына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Әкімші "Болашақ" стипендиясы түлектері оқуды аяқтағаннан кейін Әкімші алдында берешектің бар-жоғын анықтау мақсатында оқуларын ұйымдастыруға жұмсалған шығындар толықтығын, жабылмаған алғытөлемнің бар-жоғын 10 (он) жұмыс күні ішінде тексереді.
8. "Болашақ" стипендиясы түлектерінде, стипендиаттарда берешектің бар болғаны анықталған жағдайда Әкімші қаржылық борышкерге жазбаша, электрондық/телефон байланысы арқылы берешек сомасын өтеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Қаржылық берешегін өтеу туралы хабарламаны Әкімші қаржылық борышкерге олардың оқуын ұйымдастыруға жұмсалған шығындардың толықтығын, жабылмаған аванс төлемдерінің болуын тексергеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде жазбаша түрде соңғы оның белгілі мекен-жайына осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Борышкердің (қаржылық борышкердің) шығындарды (берешекті) бір жолғы төлеммен өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Әкімші берешекті өтеу туралы келісімді төлемдер кестесін құрастырумен жасау арқылы өтеуді қарастырады.
Шығындарды (берешекті) борышкерлерден (қаржылық борышкерлерден) өтеу туралы келісімді жасау тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Шығыстарды өтеу туралы келісім берешекті өтеу туралы шешім қабылданған сәттен бастап және/немесе "Болашақ" стипендиясынан өз еркімен бас тартқан борышкерді қоспағанда, одан әрі ұзарту мүмкіндігімен жасалатын шарттың бүкіл кезеңіне тең төлеммен шығындарды (берешекті) өтей отырып, 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімде өтеу туралы борышкер (қаржылық борышкер) хабарлама алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде Әкімші мен борышкер арасында жасалады.
Шығыстарды өтеу туралы келісім берешекті өтеу туралы шешім қабылданған сәттен және/немесе шығыстарды өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде "Болашақ" стипендиясынан өз еркімен бас тартқан борышкер мен Әкімші арасында 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге жасалады.
Борышкермен (қаржылық борышкермен), "Болашақ" стипендиясынан өз еркімен бас тартқан борышкерді қоспағанда жасалған шығыстарды өтеу туралы келісімді ұзартуға 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімде төлемдер кестесінде көрсетілген шығыстар сомасын уақтылы өтеген жағдайда рұқсат етіледі.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Борышкер (қаржылық борышкер) бар болған шығындарды (берешекті) өтеуге келіскен жағдайда Әкімшіге Келісімді жасау қажеттілігі туралы өтінішті (еркін нысанда) келесі құжаттарды қоса берумен жолдайды:
1) берешекті өтеу және Келісімді жасау туралы өтініш;
2) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының жеке басы куәлігі көшірмесі;
3) борышкердің (қаржылық борышкердің) еңбекақысы туралы жұмыс орнынан берілген анықтама;
4) неке қию туралы куәлік көшірмесі немесе борышкердің (қаржылық борышкердің) отбасылық жағдайы туралы нотариалдық куәландырылған өтініші;
5) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының соңғы жылдағы зейнетақы шотынан үзінді көшірмесі (немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан зейнетақы аударымдары туралы анықтама);
6) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;
7) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының ай сайынғы төлемдер сомалары мөлшерін белгілеу және шығындарды (берешекті) өтеудің мүмкінді мерзімі туралы шешімді қабылдау үшін маңызы бар қосымша құжаттары
11. Ай сайынғы төлемдер сомасының және/немесе осы Қағидаларының 9-тармағында көрсетілген мерзімнің мөлшерін берешекті өтеу мүмкін болмаған жағдайда, "Болашақ" стипендиясынан өз еркімен бас тартқан борышкерді қоспағанда, борышкер (қаржы борышкері) растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Әкімшіге жазбаша өтінішпен жүгінеді.
Ұсынылған құжаттармен бірге түскен өтініш ай сайынғы төлемдер сомалары мөлшерін белгілеу және шығындарды (берешекті) өтеудің мүмкін мерзімі туралы шешім қабылдау үшін Комиссия қарауына жіберіледі.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Комиссия шешім қабылдау үшін:
1) шығындардың (берешектің) өтелуге тиіс сомасын;
2) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының қаржылық жағдайын;
3) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының еңбек қызметін, еңбекақы мөлшерін және табыстарының қосымша көздерін;
4) борышкердің (қаржылық борышкердің) асырауында болған кәмелетке толмаған балалардың бар-жоғын;
5) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының меншігінде жылжымалы (жылжымайтын) мүліктің бар-жоғын;
6) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының кредиттердің, үшінші тұлғалар алдындағы ақшалай міндеттемелердің бар-жоғын есепке алады.
13. Борышкерлер (қаржылық борышкерлер) Комиссия қабылдаған шешім туралы Комиссия шешімді шығарған күннен 10 (он) жұмыс күні ішінде жабаша (еркін түрде) хабарландырылады.
14. Борышкер (қаржылық борышкер) Комиссия қабылдаған шешіммен келіскен жағдайда "Болашақ" стипендиясынан өз еркімен бас тартқан борышкерді қоспағанда, борышкер (қаржылық борышкер) мен Әкімші арасында әрі қарай ұзарту мүмкіндігімен 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге шығыстарды өтеу туралы Келісімге/келісімге қосымша келісім жасалады. Төлемдер кестесінде көрсетілген шығындар сомаларын уақытында төлеген жағдайда келісім мерзімін ұзартуға рұқсат етіледі. Ұзарту мерзімі 1 (бір) жылдан аспауы тиіс.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Алып тасталды – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Жасалған Келісім шеңберінде шығындарды (берешекті) төлеу бойынша міндеттемелер орындалмаған немесе борышкер (қаржылық борышкер) шығындар (берешек) сомасын ерікті түрде өтеуден бас тартқан немесе борышкер (қаржылық борышкер) осы Қағидалардың 6 және 8-тармақтарында көрсетілген тиісті талаптарды елемеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 180-бабының 3-тармағында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, Әкімші шығындарды (берешекті) сот тәртібінде өндіріп алады. Талап арызы төлем мерзімі 2 (екі) айдан асып кеткен жағдайда беріледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.07.2020 № 321 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Шығындарды (берешекті) борышкерлерден (қаржылық борышкерлерден) өндіріп алу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
18. Борышкер (қаржылық борышкер) қуынымды мойындаған жағдайда Әкімші осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бітімгершілік келісім жасайды.
19. Шығындарды (берешекті) борышкерлерден (қаржылық борышкерлерден) өтеу туралы бітімгершілік келісімді жасау тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Оқуды ұйымдастыру шығындарын өтеу туралы хабарлама
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрі – Республикалық комиссия) 20__ жылғы " " ________ № ______ хаттамасымен Сізді "Болашақ" халықаралық стипендиясынан оқуды ұйымдастыру шығындарын міндетті түрде өтеумен айыру шешімі қабылданғанын хабарлайды.
Оқуыңызды ұйымдастыру үшін нақты жұмсалған шығындар сомасы айыппұл шараларын есепке алумен __________ теңгені құрайды, оның ішінде:
1) нақты жұмсалған шығындар __________ теңге;
2) оқу шарты бойынша айыппұл сомасы __________ теңге.
Баяндалғанның негізінде, Орталық Сізге көрсетілген шығындарды 20__ жылғы "__" ________ мерзімге дейін Орталық шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы өтеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Шығындарды бір жолғы төлеммен өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда өзіңіз немесе сенім білдірілген адам арқылы Орталыққа Берешекті өтеу туралы келісімді жасау және оны өтеу кестесін құру үшін жүгінуіңізге болады.
Олай болмаған жағдайда, Орталық Сізден оқуды ұйымдастыру шығындарын және барлық сот шығындарын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге мәжбүр болады.
Орталық мекенжайы мен деректемелері: _________________________
_______________________________ ________________
Басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)
Оқуды ұйымдастыру шығындарын өтеу туралы хабарлама
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 31.08.2023 № 454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) "Болашақ" халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның 20__ жылғы " " ________ № ______ хаттамасымен оқуды ұйымдастыру шығындарын міндетті түрде өтеумен Сіздің "Болашақ" стипендиясынан өз еркімен бас тарту туралы өтінішіңіз қанағаттандарылғанын хабарлайды.
Оқуыңызды ұйымдастыру үшін нақты жұмсалған шығындар сомасы айыппұл шараларын есепке алумен __________ теңгені құрайды, оның ішінде:
1) нақты жұмсалған шығындар __________ теңге;
2) оқу шарты бойынша айыппұл сомасы __________ теңге.
Баяндалғанның негізінде, Орталық Сізге көрсетілген шығындарды 20__ жылғы "__" ________ мерзімге дейін Орталық шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы өтеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Шығындарды бір жолғы төлеммен өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда өзіңіз немесе сенім білдірілген адам арқылы Орталыққа Берешекті өтеу туралы келісімді жасау және оны өтеу кестесін құру үшін жүгінуіңізге болады.
Олай болмаған жағдайда, Орталық Сізден оқуды ұйымдастыру шығындарын және барлық сот шығындарын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге мәжбүр болады.
Орталық мекенжайы мен деректемелері: _________________________
_________________________________ ________________
Басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)
_________________________________
Қаржылық борышкер Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
мекен-жайы: _____________________
тел.: ____________________________
Қаржылық берешегін өтеу туралы хабарлама
"Халықаралық бағдарламалар орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Орталық) Орталық алдында _______ теңге мөлшерінде берешегіңіз бар екендігі туралы хабарлайды.
Осы берешек сомасы ____________________ нәтижесінде пайда болды.
Баяндалғанның негізінде, Орталық Сізге көрсетілген шығындарды 20__ жылғы "__" ________ мерзімге дейін Орталық шотына ақшалай қаражатты аудару арқылы өтеу қажеттілігі туралы хабарлайды.
Шығындарды бір жолғы төлеммен өтеу мүмкіндігі болмаған жағдайда өзіңіз немесе сенім білдірілген адам арқылы Орталыққа Берешекті өтеу туралы келісімді жасау және оны өтеу кестесін құру үшін жүгінуіңізге болады.
Берешекті өтеу туралы келісімді жасау үшін келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
1) берешекті өтеу және Берешекті өтеу туралы келісімді жасау туралы өтініш;
2) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының жеке басы куәлігі көшірмесі;
3) борышкердің (қаржылық борышкердің) еңбекақысы туралы жұмыс орнынан берілген анықтама;
4) неке қию туралы куәлік көшірмесі немесе борышкердің (қаржылық борышкердің) отбасылық жағдайы туралы нотариалдық куәландырылған өтініші;
5) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының соңғы жылдағы зейнетақы шотынан үзінді көшірмесі (немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан зейнетақы аударымдары туралы анықтама);
6) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;
7) борышкердің (қаржылық борышкердің) және жұбайының ай сайынғы төлемдер сомалары мөлшерін белгілеу және шығындарды (берешекті) өтеудің мүмкінді мерзімі туралы шешімді қабылдау үшін маңызы бар қосымша құжаттары.
Олай болмаған жағдайда, Орталық Сізден берешекті және барлық сот шығындарын өндіріп алу туралы қуыныммен сотқа жүгінуге мәжбүр болады.
Орталық мекен-жайы мен деректемелері: _________________________
__________________________ ________________
Басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (қолы)